Әдістеменің куәлігі



жүктеу 24.54 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі24.54 Kb.

Әдістеменің куәлігі


1.Әдістеменің аталуы

Жыныстық қылмыс кезінде еркек пен еркектің жыныстық қатынастарының (қызтекелік) белгілерін анықтау үшін еркек жынысты тұлғаларды сараптамалық зерттеу әдістемесі.

2. Мамандық әдістемесінің шартты белгісі

Соттық жалпы сарапшылық зерттеу 23.1

3. Автор туралы ақпарат (құрастырушы)

Құрастырушы: Иксымбаева Д.С. – ҚР ӘМ Сот медицина орталығының ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жоғары біліктік санатты сот-медициналық сарапшысы.

4. Әдістеменің мәні

Жыныстық қылмыстар кезіндегі қызтекеліктің белгілерін анықтау мақсатын көздеген, ер жынысты тұлғаға сот-медициналық сараптаманың жүргізу алгоритмі.

4.1. Әдістеме арқылы шешілетін сарапшылық есептер

1) Жәбірленушіні қарау;

2) Денесіндегі, жыныстық ағзалардағы, артқы тесік пен тік ішек аймақтарындағы дене жарақаттарын анықтау. Олардың сипатын, орналасуын, пайда болу механизмін, денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын, пайда болу мерзімін анықтау. Сонымен бірге зерттелген фактының уақытымен іс-жағдайында алыну мүмкіншілігін белгілеу;

3) Қызтекелік жағдайдағы, активты және пассивты серіктестіктің объективті белгілерін анықтау;

4) Қойылған сұрақтарға жауап беру мақсатын көздеген, күәландіруші тұлғаның қарау мәліметтеріне, іс материалдарының мәліметтеріне, зертханалық тексерулердің мәліметтеріне, тартылған мамандардың тұжырымдарына жиынтық бағалау беру.



4.2. Зерттеу объектілері

Күәландіруші тұлға, (тұлғалар), ұсынылған құжаттар.

4.3. Зерттеу әдістері

Тікелей визуальды қарау, қосымша зертханалық және аспаптық зерттеулер, ұсынылған материалдар мен құжаттарды зерттеу.

4.4. Әдістеменің қысқаша кезеңді сипаттамасы.

1) Қаулыда көрсетілген істің мән-жайы туралы алдынала мәліметтерімен танысу, ұсынылған медициналық құжаттарды зерделеу ;

2) Күәландіруші тұлғаның қарауының жүргізуін және қосымша зерттеу әдістерін шамалы жиынтығын жоспарлау;

3) Күәландіруші тұлғаның жеке басымен танысу, орын алған факттың анамнезінің мәліметтерін жинау;

4) Күәландіруші тұлғаның тікелей визуальды қарауы;

5) Жарақаттарды сипаттау;

6) Керекті іс құжаттарды, медициналық құжаттарды беру туралы, қажетті арнайы профильды мамандарды сарапшылық комиссия құрамына кіргізу туралы, күәландірушіні керекті зертханалық-аспаптық тексерулерге жіберу туралы сұраныстарды жолдау;

7) Күәландіруші тұлғаның зерттеу-аспаптық тексеру әдістерінің нәтижелерін алып оларға бағалау жүргізу;

8) Сарапшының қорытындысын құрастыру



5. ҚР ӘМ Сот медицина орталығының Ғылыми Кеңесінің мақұлдау күні.

2016 ж. 5 желтоқсандағы №2 хаттама.

6. Әдістеме паспортын құрастырған тұлға туралы ақпарат

Әдістеме паспортын құрастырған: Иксымбаева Д.С. – ҚР ӘМ Сот медицина орталығының ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жоғары біліктік санатты сот-медициналық сарапшысы.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет