Әдістеменің куәлігі



жүктеу 22.73 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі22.73 Kb.

Әдістеменің куәлігі


  1. 1. Әдістеменің атауы

Мәйітті табылған орнынан қарап-тексеру әдістемесі.

  1. 2. Арнайы әдістеменің белгісі

Сот жалпы сарапшылық зерттеу 23.1

  1. 3. Автор туралы ақпарат (құрастырушы туралы)

Құрастырушы:В.В.Васильчиков - ҚР ӘМ Сот медицина орталығы ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жоғары біліктілік санатты сот-медициналық сарапшысы.

  1. 4. Әдістеменің мазмұны

Тергеу әрекеттеріне – оқиға болған жерді және мәйіттің табылған жерін қарауға қатысқан сот-медицина саласында маманның алгоритм әрекеті

4.1.Әдістемемен шешілетін сарапшылық тапсырмалар

1) Өлімнің фактісін көрсету;

2) Мәйітті қарау;

3) Айналадағы жағдайды қарау;

4) Заттай дәлелдемелерді анықтауда, алуда (биологиялық объектілерді, биологиялық объектілермен салынған заттар) тергеушіге көмек көрсету;

5) Тергеушімен құрастырылған оқиға орнын қараудағы хаттамада мәйітті қарау мәліметтерін жазу;

6) Тергеушіде пайда болған және мәйітті табумен байланысты медициналық сұрақтар қарауға қатысқандардың рұқсаты (ауызша!)



    1. Зерттеудің объектілері

Мәйіт және заттай дәлелдемелер

    1. Зерттеудің әдістемелері

Айналадағы жағдайды және мәйітті көзбен шолып қарау; өлшеу әдісі; антропометрия; термометрия; мәйіт тіндерінің механикалық, электрлік, химиялық тітіркендіру амалдары.

    1. Әдістеменің қысқа кезең-кезеңмен сипатталуы

  1. 1. Бағдарланған және анықталған немесе өлімнің абсолютті белгілерінің негізінде өлімнің фактісін анықтау.

  2. 2. Мәйітті, айналадағы жағдайды, қылмыс іздерін және басқа да аталған тергеулік әрекеттер өндірісінің орнында анықталған заттарды қарау, куәгерлердің қатысуымен (қараудың статистикалық және динамикалық сатысын сақтау, мәйітті қарау мәліметтерін жазу, тергеушімен құрастырылған оқиға орнын қарау хаттамасы (денесінің қалпы, киімі, антропометриялық мәліметтер, мәйіттік өзгерістер, жарақаттар).

  3. 3. Зерттеліп жатқан фактіге қатысты заттай дәлелдемелерді анықтауда, алуда, қаптауда тергеушіге көмек көрсету.

  4. 4. ООҚ қатысқан тұлғалардың, тергеушіде пайда болған, мәйітті анықтаумен байланысты, медициналық сипаттағы сұрақтарға кеңес беру рұқсаты (ООҚ хаттамасына кеңес беру жауаптарының енгізілуінсіз, ауызша).




  1. 5. ҚР ӘМ Сот медицина орталығы Ғылыми кеңесімен әдістемені мақұлдау күні

2016 ж. 5 желтоқсандағы №2 хаттама.

6. Әдістеме төлқұжатын құрастырушы тұлға туралы ақпарат

Әдістеме төлқұжатын құрастырған: В.В.Васильчиков - ҚР ӘМ Сот медицина орталығы ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жоғары біліктілік санатты сот-медициналық сарапшысы.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет