Әдістің ТӨЛҚҰжаты



жүктеу 31.71 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі31.71 Kb.

ӘДІСТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ


1

Әдістің атауы

Механикалық жарақатта жұмсақ тіннің өзгерісінің мерзісі мен тірі кезіндегі өзгерісін анықтау әдісі

2

Құрастырушы туралы ақпарат

Құрастырған: Оспанова К.Е., сот-медицина сарапшы-гистолог, м.ғ.к. (ҚР ДСМ Сот медицинасы орталығы). Рецензент: Манекенова К.Б., м.ғ.д., профессор, АМУ патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі.


3

Әдіс мамандығының шифры


24.1 Сот–гистологиялық зерттеу (медициналық)

4

Әдістің мәні

Механикалық жарақатта жұмсақ тіннің өзгерісінің мерзісі мен тірі кезіндегі микроскопиялық өзгерістерді анықтау

4.1

Әдістің сараптамалық мақсаты

Сот-медициналық диагнозды растау немесе қою

4.2

Зерттелген нысандар

Аутопсиялық материал (мәйітті ашу кезінде алынған ішкі ағзалары)

4.3

Зерттеу әдістері

Гистологиялық

4.4

Әдістің қысқаша сипаттамасы

Зақымданған ошақта (қан құйылған) вазоматорлы, қабыну және пролиферативті реакция түрінде реактивті үрдістер дамиды.

Бірінші реакция ретінде ісіну, тарылу және тамыр толыққандылығы түрінде тамыр реакциясы болып табылады. Бұл өзгерістер нақты бір уақытта пайда болмайды, сондықтан қан құюлудың тірі кезінде болған критериі ретінде қоладнылады. Бұл өзгерістердің болмауы, қан құюлудың өлгеннен соң болғанын дәлеледемейді. МЕРЗІМІН анықтау үшін белгілі мерзімде пайда болатын өзгерістерде ескере отырып, морфологиялық өзгерістерді пайдалану қажет. Мұндай морфологиялық өзгерістерге клеткалық реакция жатады. Клеткалық реакцияның біреуі – ол 1 сағат маңайында пайда болатын лейкоцитарлы реакция. Осы периодта қан құйылған аймақта, оның шетінде орналасқан тамыр ішінде және тамыр айналасында лейкоциттер шоғырланады. Уақыт өте келе лейкоцитарлы реакцияның интенсивтілігі артады. Оның динамикасы санына ғана емес сапалы озгерістеріне де байланысты. Ядросының пикнозы мен рексисімен сипатталып, клеткалы детрит құрайды, клетка ыдырайды. Бұл морфологиялық өзгеріс 6-8 сағаттан соң байқалады. Лейкоциттердің ыдырауымен қатар жұмсақ тіннің некрозы белгісі қатар жүреді. Уақыт өте келе ыдыраған лейкоциттер көбейеді, лейкоцитарлы реакция азаяды. Бір тәуліктің соңына қарай лейкоциттер жоғалады. Осы кезеңнің морфологиялық суреті ақпаратты болмуы мүмкін.

Бұзылу үрдісімен қатар орныны келу үрдісі қатар жүреді. Қалпына келу үрдісінің бастамасы болып макрофагальді реакция болып табылады. Алғашқы макрофагтар лейкоцитарлы инфильтратта 12 сағаттан соң пайда болады. Лейкоциттер кеткен соң реактивті аймақта макрофагтар саны көбейеді. Қан құйылған ошақта 2-3 тәулікте адвентициальді пролиферациясы бар тамырлар мен фибробласттар анықталады. Осы клеткалар кейін қан құюлудың организация үрдісіне қатысады.

3-4 тәулікте қан құюлу ошағанда Перлс бояуымен бояғанда макрофаг- гемосидерофагтар байқалады. Олардың цитоплазмасында темір түзгіш пигмент- гемосидерин дамиды. Зақымдалған ошақта гемосидерофагтардың болуы резорбция үрдісінің басталғанын дәлеледейді.



Кейін гемосидерофагтардың цитоплазмасы қанық боялып, жасуша ішілік гемосидерин түйіршігі пайда болады. Үшінші аптада ( 17-18 күн Н.А. Митяева бойынша) пигменті бар макрофаг бұзылып, сыртқа шығады. Резорбция үрдісімен бірге организация үрдісі қатар жүреді. Организация үрдісінің алғашқы морфологиялық белгілері 4-7 тәулікте, зақымдалған ошақта фибробласттар жиналып дәнекер талшықтары түзелгенде анықталады.

5.

Ғылыми кеңестің әдісті мақұлдаған күні

№ 2 хаттама «5» желтоқсан 2016 ж.

6.

Сараптамалық әдістің төлқұжатын құрастырған міндетті тұлға

Имамбаева Н.Е., РМҚК «ҚР ӘМ Сот медициналық орталығы» жоғары санаттағы сот-медициналық сарапшы



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет