Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Петропавл әкімдігіне қарасты "Тазарту, су бұру және су өткізу құрылымдары" кәсіпорнының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Павел Булаевтың ұсталауына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото әлеуметтік желіден

Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, Петропавл қаласы әкімдігінің "Тазарту, су бұру және су өткізу құрылымдары" кәсіпорнының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Лауазымды тұлғалар 2020-2022 жылдар аралығында жаңбыр су желілерін реконструкциялау, сорғы станцияларын жөндеу және арнайы техниканы жалға беру қызметтерін көрсету бойынша еншілес кәсіпорындармен жалған келісім-шарттар жасау арқылы жалпы сомасы 258 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді", – деді Тілеукенов.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынған. Тергеу жалғасуда.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.