Егемен Қазақстан. – 2014. №176. – 10 қыркүйек Біржан С. Елім менің – Қазақстан



жүктеу 20.03 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі20.03 Kb.

Егемен Қазақстан. – 2014. - №176. – 10 қыркүйек

Біржан С.

Елім менің – Қазақстан
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялау туралы Жарлығына орай елдікке, бірлікке, ынтымаққа үндеген «Елім менің – Қазақстан» атты патриоттық іс-шара өтті.

Еліміздегі агротехника саласында кешенді білім беретін оқу ордасында өткен шара барысында сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс барысына тоқтала келіп, алдағы жылы аталып өтілмек шараларға дайындық барысы туралы жан-жақты айтып өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков студенттер алдында елдегі халықтар достығы туралы қазақстандық дәстүрлерді тілге тиек етті.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры, Астана қалалық мәслихатының депутаты Ақылбек Күрішбаев: «Біздің университеттегі 29 ұлт өкілі оқитын 10 мың студент, 20 ұлт өкілі қызмет ететін мыңнан аса ұстаз Елбасының осы салиқалы саясатын бірауыздан қолдайды. Бүгінде ғылыми-зерттеу университетіне қадам басқан оқу орны тек білім мен ғылымның ордасы ғана емес, тәрбиелі ұрпақтың мекеніне айналды. Татулық пен бірлікті насихаттайтын «Достық» клубы кеңейіп, кафедраға айналып отыр. Енді ол Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы деп аталады. Бұл кафедра болашақта татулықтың жаршысы болып отырған сіздермен, құрметті қонақтар, Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз жұмыс істейді деп сенім білдіремін!», - деп сөзін қорытындылады.



Осы орайда айта кетер жайт, биылғы оқу жылында ҚазАТУ-ға 2 364 студент қабылданса, оның 1 238-і – мемлекеттік грант иегерлері. Бүгінде ҚазАТУ ұлттық университеттер деңгейімен теңесіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Қазақстанның жаңа индустриялануы» бағдарламасын жүзеге асырушы республика бойынша 4 ғылыми-зерттеу университеті мәртебесіне ие болды. Бұл оқу орнынан басқа аталған университеттер қатарына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеті және Қазақ ұлттық аграрлық университеті кіреді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында экономиканың әр саласын кадрлармен қамтамасыз ететін базалық 10 университет анықталған еді. Бұл бағ­дарламаға кірген университеттердің мате­риал­дық-техникалық базасы мемлекеттік қолдауға ие болады.

Салтанатты шара барысында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да Қазақстан халқы Ассам­блеясы кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен С.Сей­фул­лин атындағы ҚазАТУ арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет