Егемен Қазақстан. – 2014. №209. – 25 қазан Егемен-ақпарат Ақын қолымен жазылған өлең «Сәкеннің қоштасуы»



жүктеу 22.14 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі22.14 Kb.

Егемен Қазақстан. – 2014. - №209. – 25 қазан

Егемен-ақпарат



Ақын қолымен жазылған өлең

«Сәкеннің қоштасуы» деп аталатын бұл қолжазба жыр сұңқары есімін иеленген оқу ордасында тұруға лайықты деп есептелуде

Кеше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ақиық ақын, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары-10: Мемлекеттің индустриялық-инновациялық саясатын құрудағы бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау келешегі мен ғылымның рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өз жұмысын бастады.

Осы алқалы жиын бары­сын­да елдің аграрлық-өнер­кә­сіптік кешенін дамытудың ин­дус­трия­лық-инновациялық жол­­­дары, ғылым мен білім са­ласындағы зерттеу универ­ситеттерін құру туралы алыс және таяу шетелден арнайы келген ғалымдар пікірі тыңдалып, нақты мәселелер төңірегінде қызу пікірталастар өрбімек. «Зерттеу университетіне транс­формациялаудағы алғашқы қадамдар» атты баяндамасында университет ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев білім ордасының болашақтағы даму бағытына кеңінен тоқталып өтті. «Еуразия кеңістігінде өзі­нің ғылыми жаңалықтарымен танылған оқу орны биыл В.И.Блин­ников атындағы Ал­тын медальді иеленді және көп тілді білім беру үрдісі жан-жақ­ты қолға алынды. Сонымен қа­тар, университетіміздің про­фес­сорлық-оқытушылар құ­ра­мы­ның да біліктілігін көтеру ба­­ғы­­тында ке­шенді жұмыстар ат­қарылуда. «Болашақ» бағ­дарламасымен 45 ұстазымыз бі­лік­тілігін көтеріп, әлемге танымал ғылыми-зерт­теу институттарымен және орталық­тарымен берік ын­тымақтастық әріптестік байланыс орнатылды», деді өз сөзінде ректор.



Парламент Мәжілісінің депутаты, университет түлегі Жамбыл Ахметбеков: «С.Сейфуллин атын­­­дағы ҚазАТУ еліміздегі жоғары оқу орындарының ішіндегі шоқтығы биік жоғары оқу орны болып табылады. Ол тек аграрлық сала мамандарын даярлайтын жетекші оқу орны ғана емес, сонымен қатар бүгінгі таңда техникалық сала бойынша да заманауи, әмбебап мамандарды даярлайтын зерттеу орталығына айналып үлгерді»,  деп атап өтті.

Сондай-ақ, Назарбаев Уни­вер­­ситетінің провосты Сай­ман Джонс­тың ғылымды әлем­дік деңгейге шығарудың мүмкін­діктері туралы сараптамасы тың­далып,  «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-тың корпоративтік даму жө­нін­­дегі басқарушы директоры Б.Айтілеу индустриялық-инновациялық дамудағы инно­вациялық саясат жайлы баяндады, ал Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев Қа­зақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың келешегі туралы әңгімеледі. Еуразия Ұлт­тық университетінің ректоры Е.Сыдықов С.Сейфуллиннің 120 жылдығына орай танымал сәкентанушылардың зерттеу жұмыстарына тоқтала келе, қазір Қазақ агротехникалық уни­верситеті қарышты дамуда деді. Сәкен атын иеленген уни­верситет ұжымы қашанда биіктерден көріне берсін деп сөзін түйіндей келіп, университетке жаңадан табылған Сәкен қолжазбасының түпнұсқасын тарту етті. «Сәкеннің қоштасуы» атты бұл өлең ақынның өз қолымен жазылып, бүгінгі күнге дін аман жетіп отыр. Конференцияда Германия, Польша, Италия, Эс­тониядан келген танымал жандар мен отандық ғалымдардың да соны, сүбелі баяндамалары тыңдалмақ. Екі күнге созылатын «С.Сейфуллин оқулары-10» халық­аралық конференциясының алғашқы күні осындай құнды олжаның құтты орнына оралуымен есте қалып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет