«Егемен Ќазаќстан» газетіне



жүктеу 101.57 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі101.57 Kb.
түріКонкурс

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

      жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

      1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

      3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттiк қызмет өтiлi орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау органдарының кiшi басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттiк органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кiшi сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегi, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;


      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес;*

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



      7) ғылыми дәрежесiнiң болуы.*
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санаты

Еңбек сінірген жылдарына байланысты




min

maх

С-О-5

83282

112431


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы,

Индекс:160019, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 4 үй, электрондық мекенжайы: itk.uko@mid.gov.kz, анықтамалар үшін телефондар 8(7252) 56-29-59, факс 56-29-59.

  1. Темір жол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы, (С-О-5 санаты, 1 бірлік).


Функционалды міндеттері: Жолашылар мен жүктерді, ауыр жүктерді және қауіпті жүктерді теміржол көлігінде тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қағидалардың тасымалдаушылармен сақталуын және жеке және заңды тұлғалармен Инспекцияның Ережесіне сәйкес теміржол және су көлігінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуын бақылау жасайды. Теміржол көлігі саласындағы шаруашылық субъектілерінде тексеру жүргізеді. Магистральді, стансалық, кіреберіс жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талапатарының сақталуын және жолаушылар поездарын тексереді. ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою, шаруашылық субъектілердің жұмысын тоқтату бойынша шара қолдану үшін ұйғарым береді. Испекцияға басқа мемлекеттік органдардын келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өндірісті жүргізеді, соттарға қарасты әкімшілік құқықбұзушылық істерін әзірлеу және жолдау жұмыстарына бақылау жасайды. Жолашылар мен жүктерді су көлігінде тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау, жеке және заңды тұлғалардың инспекцияның Ережесіне сәйкес су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарды сақтауына бақылау жасайды. Ішкі су жолдарындағы кемелердің (оның ішінде кіші), салдардың, жүзетін объектілер мен құрылыстардың қауіпсіз кеме қатынасын қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін қарайды. Кіші кемелерді техникалық куәландырудан өткізуді жүргізеді. ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұйғарым береді. Бақылаудағы кемелердің тізілімін жүргізеді, кеме құжаттарын және мемлекеттік борт номерлерін береді. Тиісті тиісті құжаттарды беру құқығымен кемелерді мемлекеттік тіркуге алады және «КДБ АТЖ» (ИАСТБД) бағдарламасы бойынша мониторинг жасайды. Атқарылған жұмысының есептерін және талдауларын әзірлейді. Инспекция басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Көлік, көліктік техника және технология, автоматтандыру және басқару, теңіз техникасы мен технологиясы, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, құқық, экономика және бизнес мамандықтары бойынша.


  1. Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеніне 25.04.2018 ж дейін), (С-О-5 санаты, 1 бірлік).


Функционалдық міндеттері: Инспекцияның Ережесіне сәйкес автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының көлік, лицензиялау заңнамаларының, нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісімдердің жеке және заңды тұлғалармен сақталуына бақылау жасайды. ҚЕБ АЖО (АРМ БСО), ЭСЖ (ЭПЗ), ТБЕ АЖО (АРМ ЕУП), СТССОТ (РНИОН), ХҚКО БАЖ (ИИС ЦОН) бағдарламаларын жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетеді: «1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктi тасымалдауға арнайы рұқсат беруге», «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беруге», «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсаттар беруге». Салық төлеушілер мен берілген рұқсат құжаттар бойынша салық салу объектілерінің тізімін жүргізеді және ҚР ИДМ Көлік комитетінің серверіне мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұйғарым береді. Атқарылған жұмысының есептерін және талдауларын әзірлейді.тҚазақстан Республикасының аумағындағы автомобиль жолдары желісінің сақталуын қатамасыз етілуне бақылау жасайды. Транзиттік әлеуеттің қолданылуы туралы ақпаратты жинақтайды, автокөлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын есептейді, бекітілген нысанда есептілік құжаттар түріндегі жинақталған ақпараттың берілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады, Автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау жасайды, халықаралық қатынастағы тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын жылжымалы құрамға қойылған талаптарының тасымалдаушылар тарапынан сақталуына бақылау жасайды, халықаралық және облысаралық қатынастағы жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалына рұқсаттың болуын тексереді және автомобиль көлігі саласындағы шаруашылық субъектілерінде тексеру жүргізу барысында қозғалыстың маршруты мен кестесінің сақталуына бақылау жасайды, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел тасымалдаушыларымен жасалынатын каботажды тасымалдауды анықтауды және алдын алуды жүзеге асырады, белгіленбеген өткізу бекеттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шетел автокөлік құралдарының кіру фактілерін анықтайды, рұқсат етілген салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн асырып, автоматтандырылған өлшеу жүйесі арқылы өткен автокөлік құралдарына бақылау жасайды, Кеден одағының сыртқы шекарасында берілген хабарландырулардың орындалуын тексереді, автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салады, ұстап, стационарлық көліктік бақылау бекеті жанындағы арнайы алаңдарда, тұрақтарда олардың уақытша сақталуы үшін жеткізеді, белгіленген тәртіппен жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалын жасауға рұқсат куәлігін, автокөлік құралына рұқсат карточкаларының болуын тексереді. Көлік саласындағы (әуе көлігінен бөлек) шаруашылық субъектілерін тексереді, ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұйғарым береді. Атқарылған жұмысының есептерін және талдауларын әзірлейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Көлік, көліктік техника және технология, автоматтандыру және басқару, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, құқық, экономика және бизнес мамандықтары бойынша.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар – оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде өтеді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің ресми сайты: www.transport.mid.gov.kz

___________________________________


      (мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________


______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет