Танымал актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылды Катар елінде қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актриса төрт баласын алып, шетелге демалуға кетті.

“Жалпы саяхат туралы менің ойым былай: Шама жетсе жиһанды кезбек керек. Ел танып, мәдениетін көріп, ғылымын алмақ мақұл.Бірақ өз туған топырағыңнан артығы да, асылы да болмайды. Соны балалардың санасына сіңіру абзал”, – деп жазды өнер иесі. 

Сонымен қатар актриса Катар еліне жол түссе білуі керек қатаң заңдарын да бөлісті. 

“Жазда Катарда ауа температурасы кейде +50 градусқа дейін көтеріледі.
Мұнда саяси партиялар жоқ, оларға қатаң тыйым салынады. Катарда кез келген митинг немесе шеру өткізгеніңіз үшін түрмеде отыруыңыз мүмкін. Елді әмір басқарады, оның қолында абсолюттік билік шоғырланған. Бұл елде жылына бірнеше рет жаңбыр жауады. Катарда ішімдік атымен жоқ. Иә, тіпті туристер үшін де сатылмайды. Катарлық ерлі-зайыптылар қонақүйге кіру үшін неке туралы куәлікті талап етеді. Мұндағы ауыз су газдалған судан да қымбат. Қоғамдық көлік іс жүзінде жоқ. Әркім өз көлігімен немесе таксимен жүреді. Катарда іс жүзінде қылмыс жоқ. Елде тұтынылатын өнімдердің барлығы импортталады. Катарлықтар ауылшаруашылығымен мүлдем айналыспайды”, – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары актрисаның хиджаб киген образын сынады. “Біресе шешіп, біресе оранып жүр”, “Арабқұлдарға еліктеп, абырой таппайсың”, “Бірде қысқа киесің, бірде оранып аласың” деп негатив пікір жазып жатқан жандар көп. Кейбір оқырмандар актрисаның саяхатының сәтті өтуін тілеп жатыр. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.