Егемен Қазақстан



жүктеу 23.42 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі23.42 Kb.

Егемен Қазақстан.- 2012.- №769-770.- 23 қараша

Еділқызы Л.


Этикалық қағидаттарды сақтау –

қоғам алдындағы жаупкершілік
Астанадағы Қазақ аграрлық университетінде осы оқу орнының студенттерінің қатысуымен флеш-моб өтті. Бұл іс-шара биыл алғаш рет 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні қарсаңында және «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бір­лестігінің 5 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жиын­ға тәуелсіз мемлекет тарихында тұңғыш рет қабылданған «Қазақстан Республикасы журналисінің Этикалық кодексі» өзек болды.

Іс-шараға Қазақ аграрлық уни­верситетінің ректоры Ақыл­бек Кү­рішбаев, «Бас редакторлар клу­бы» қоғамдық бірлес­ті­гінің президенті Кенжеболат Жол­дыбай, қоғамдық бірлестік­тің вице-президенттері Бибігүл Жексенбай мен Шолпан Сыз­ды­қо­ва, сондай-ақ бірқатар бұқара­лық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен белді журналистері қатысты.


Сөз бостандығы мен ой-пі­кірін ашық білдіру журналистің ажырамас құқығы десек, екінші жағынан бұқаралық ақпарат құ­ралдары өкілдеріне жүктелетін негізгі жауапкершілік – халықты объективті ақпаратпен қамта­ма­сыз етудегі өз миссиясы мен рө­лін қалтқысыз сезіну, адами құн­дылықтар мен моральдық-эти­калық қағидаттарды сана иіріміне мықтап бекіту екендігі даусыз.
Қазақстанның журналистері мен бұқаралық ақпарат құрал­да­ры қызметкерлерінің мораль­дық-этикалық қағидаттары мен кәсіби қызметінің нормаларын қа­лып­тас­тыратын Қазақстан Рес­пуб­ли­касы журналисі Эти­калық коде­к­сі­нің қабылдануы – осын­дай бір ізгілікті ойлардың нәти­жесі десек, артық айтқандық болмас.

Бұл күнгі басқосуды ашқан А.Күрішбаев осындай іс-шара­ның маңызына тоқталып, студенттер мен «Бас редакторлар клу­бы» қоғамдық бірлестігі ара­сындағы әріптестік байланысты орнатудың қажеттілігі жөнінде баяндап берді. Оқу ордасы рек­торының сөзін К.Жолдыбай да қуаттай түсті. «Мұндай басқо­су­лар сендерге де, бізге де қажет. Көп нәрсеге ойландыратын, та­ғы­лымды істерге жетелейтін бұл шаралардың екінші жағынан тәрбиелік те мәні бар», деді бұл орайда К.Жолдыбай. Осылай дей келе, ол «Бас редакторлар клу­бы» қоғамдық бірлестігінің 5 жыл ішінде атқарған қызметінің нәтижесіне тоқталды. «Қоғам, мемлекет жақсы өмір сүру үшін азаматтық қоғам ашық болуы керек. Ашық азаматтық қоғам болуы үшін онда сөз бостан­дығы, ақпаратқа қолжетімділік деген болуы керек. Біз, осы ба­ғытта жұмыс жасап жатырмыз. Жалпы, сөздің құдіретін түсіну, түйсіну, ұғыну ең басты мәселе десек, сол сөздің төңірегінде биыл үлкен бір жақсы шешім қабылданды. Сол шешімді қа­был­дауға Журналистер одағы­мен бірлесе отырып, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі атсалысты. Яғни, тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстан тари­хын­да «Қазақстан Республикасы эти­калық кодексі қабылданды. Бұл үлкен жеңіс деп есептеймін», деді қоғамдық бірлестік президенті.



Кездесу барысында аталған шараны өткізуге Қазақстанды жуырда өзінің әріптесі ретінде қатарына қабылдаған, бас офисі АҚШ-та, ал өкілдіктері Лондон мен Брюссель қалаларында ор­на­ласқан Халықаралық медиа­лық этика орталығы мүдделілік танытып отырғаны атап өтілді. «Флеш-моб қорытындысы бо­йын­ша дайындалатын ақпарат­тар­дың барлығы осы орталыққа жіберіледі және оның көмегімен Интернет арқылы Еуразия және Америка елдеріне таратылатын болады», деді бұл жайында жи­ынға қатысушылар.
Басқосу соңында «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігімен әріптестік байланыс ор­ната отырып, шеберлік сағатта­рын және өзге де әдістемелік тұр­ғыдағы шараларды өткізу үшін «Жас түлек» шығарма­шы­лық бірлестігі мен «Бас редакторлар клубы» ҚБ арасында меморандумға қол қойылды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет