Егемен Қазақстан



жүктеу 9.4 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі9.4 Kb.
түріКонкурс

Егемен Қазақстан. – 2013. - 24 наурыз

Студенттер Қазақстанның үздік ректорларының есімдерін анықтап б ерді

Астанада отандық жоғары оқу орындарының үздік ректорларына құрмет грамоталарын табыс ету салтанаты болып өтті. Оған танымал интернет порталы ұйымдастырған конкурстың қорытындысы бойынша алдыңға қатардан табылған басшылар шақырылды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты хабарлады.



«Басқа конкурстардан айырмашылығы сол, үздік ректорлар студенттердің бағалауларының негізінде анықталды. Саладағы ең үздіктерді анықтауға студенттердің таңдаулары көмектесті», – деді  конкурсты ұйымдастырған Univerlife.kz порталының әкімшісі Әсет Оспанов.

Ұйымдастырушылардың шешімі бойынша, алғашқы үздіктер үштігіне Қазақтың С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков, «Сымбат» сән бизнесі академиясының президент-ректоры Сабыргүл Асанова енген.

Аталмыш конкурс бұдан былай жыл сайын өткізіліп тұрады. Осындай тәсілмен енді еліміздің үздік жоғары оқу орындарының рейтингі де анықталатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет