Егемен Ќазаќстан



жүктеу 100.63 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі100.63 Kb.


Егемен Қазақстан. – 2010. - №111-112. – 27 наурыз

Айтбайұлы Т.


Біз білетін Базархан
Біз бір ауданда туып-өстік. Кейін Алматыда білім алдық. Бірақ, бір-бірімізді білмейді екенбіз. Содан тоқсаныншы жылдардың бас кезінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтіп, республикалық "Дәуір" баспасын басқаратын елге танымал бір кісі баламалы жолмен депутаттыққа үміткер болып қатысты. Фольклоршы-ғалым Мардан Бәйділдаев екеуміз сол азаматқа жанашырлық ниетпен Алматы ауылшаруашылығы институтының сайлау учаскесіне бардық. Ол бас оқу корпусында екен. Бізді бұйра шашты, дөңгелек жүзді жігіт күлімдей қарсы алды. Сөзі де ширақ, қимылы да шалт көрінді. Сөйтіп, жастығына қарамай, үлкен-кішімен араласып әбден ысылғанын аңғартты.

- Мардан аға, сізді танымайтын қазақ жоқ, шығар, — деді күліп.

- Ал, өзің кімсің, айналайын? — деп марқайып қалды Мардан ағамыз.

Базархан Ергешұлы Рүстембаев дейтін балаңызбын. Осы оқу орнында жастардың ғылыми орталығын басқарамын. Сайлау учаскесінің басшы-лығы маған жүктелгендіктен, үзақты күн осыңда жүремін, аға, — деді.

- Базархан деген атыңның өзі сирек қой. Оңтүстіктің қай жеріненсің, ай­налайын?! — деді Мөкең ешкімді жатырқамайтын әдетімен.

- Батыр Баукеңнің ауылынанмын.

- Ә, жуалылық болдың ғой.

Міне, біз осылай танысқан едік. Сол таныстықтан кейін жиі-жиі жүздесетін болдық. Мектепті орысша бітіріпті. Бұрынғы Бурно-Октябрьское дейтін үлкен ауылда, немістер мен орыстардың балалары арасыңда өскен. Бір жылы, ұмытпасам, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы кезі болу керек, аудан орталығында Бауыржан Момышұлына арналып мұражай ашылатын болып, соған шақырылдық. Астымызда жеңіл машина. Рульде Базарханның өзі. Күйік асуынан өтіп, қыр басына көтерілген кезде, көлігін тоқтатып, жерге түстік. Алдымызда ақ басты Алатау асқақтап тұрды.



  • Шіркін, туған жердің ауасы-ай! — деді тамсанып. — Түс көрсем Терістің жағасында жүремін. Бала кезімдегі оқиғалар қайталанатын түстерді көп көремін.

Асудың үстінде, күре жолдың жиегінде бірер минут аялдап, айналаға асықпай көз жүгіртіп, көлігімізге қайта отырған кезде ол он екі-он үш шамасында бастан кешкен қызық оқиғаны еске алды. Айтуынша, өте жақсы оқыпты. Сыныптастардың ішінде бес-алтауы қазақ та, қал-ғандарының бәрі немістер мен орыстардың ұл-қыздары екен. Бір жағы балалықтары шығар, кейде басқа ұлттың балалары бұларды өздерінше басынып, тиісетін көрінеді. Оқу жылы аяқталуға азақ күн қалғанда Базархан әлімжеттік жасағысы келген әлгілердің бірімен ұстаса кетеді. Арты төбелеске ұласады. Көптен бері кептелген ыза бойын буғаннан ба, ол әншейінде мықтымси беретін сыныптасынан өшін алады. Алайда бір мұғалім келе қалып, не керек, оны кінәлі етіп шығарады. Ертеңінде директор әкесін шақыртады. Әрине, мектептегілердің тектен-текке мазаламайтынын білетін ол кісі ат арбасымен түске таяу жетіп келеді. Таяқ жеген баланың әке-шешесі кикілжіңнің неден шыққанын

сұрамайды. "Оңбағансың. Бұзықсың. Сендей баланы колонияға жіберу керек!" деп, мектепті басына көтеріп айқайлап тұрған үстінен шығады да:

- Әй, бұның не сенің? Әкең момын, шешең жуас кісі. Мұндай бұзақылық қайдан келді саған? — дейді булығып. Әкесі баласына бірден дүрсе қоя берген соң, аналардың үні бірден басылып қалады.

- Әке, мен емес, әуелі өзі ғой тиіскен, — дейді бұл.

- Әй, "өзің" не сенің, а?! — дейді тістене ызғарланып. Жанындағылар бірдеңе десе де тындайтын түрі жоқ. — Қане, жүр, аддыма түс!..

Енді Базархан бірдеңе деп ауыз ашса, аяйтын түрі жоқ. Жан-жағына қарамай, сүйретіліп әкесінің алдына түсіп сыртқа шықты. Ал ана кісі болса, ашуын баса алмай келеді. Содан арбаға отырып Терістен өтетін көпірге жеткен.

"Жетесіз бала ата-анасын жерге қаратады, жетелі бала елге қаратады" деген. Мені "Ергештің баласы бұзық" деген сөзге қалдырдың, — дейді әкесі тағы да көзімен ата түйіліп.

- Әке, жаңа да айттым ғой, бәрін бастаған өзі деп. Мен... — дей беріп еді. "Тағы да ақталғысы келеді ғой. Сен өйтіп ақтала алмайсың. Бірге оқыған парталасының бет-аузын бұзатын сен сияқты баланың керегі жоқ!" — деген ол мұны өзеннің ортасына қарай аспандатып лақтырды да жіберді. Ал өзі сол бұрылмаған күйі зулатып кете барды. Базархан жақсы жүзетін еді, ағыспен біраз жерге дейін ығып барып, әйтеуір жиекке ілінді...

Иә, содан бері қаншама жылдар өтті.

Алайда сол оқиғаны өлі күнге дейін ұмытқан емес. Үсті-басы малмандай боп тұрып, қатты жылаған. Өзін түсінбеген, түсінгісі келмеген әкесіне өкпелеп жылаған. Кейін ашу-ызасы сейілгенде, әкем өстіген еді деп достарына айтып, күлетін болды.


  • Ана шіркіннің жүрегі нәзік қой. "Әкесі-ау, бас жоқ-көз жоқ балаңа ұрсып, одан қала берді долы Терістің суына сүңгіткенше, "кім кінәлі, не болды?" деп сұрасаң қайтетін еді? Базархан бұрын да қайсыбір балалардың бірігіп ұратынын айтып жүретін. Сен соны естімедің бе? Неге өйтесіндер деудің орнына... Эй, сен де!.. Базархан қашанғы таяқ жесін, дұрыс жасаған. Азаматқа мінез керек қой, — деп еді.

"Кірсіз Күн мен Ай, мінсіз бір Құдай" демей ме қазақ. Лажы болса, барынша таза, ақ-адал тірлік кешкенге не жетсін! Бір жағы әлгі оқиға оған өмірлік сабақ болды. Өтірік айтпауға, ешкімге қиянат жасамауға, барын береке етіп тірлік кешуге келгенде ата-ана тәрбиесі де үлгі-өнеге еді.

Соғыстың сіңірген әсері де аз емес-ау, әсте, әкесінің мінезі тік, қаталдау еді. Есесіне анасының жүрегі жұмсақ, тұла бойы тұнған мейірім шуағы. Әттең, екеуі де алпысқа жетпей бірінен кейін бірі көз жұмды. Ол уақытта Базархан Алматы ауыл шаруашылығы институты механика факультетінің соңғы курсында оқитын. Артынан ілескен інілерінің бар машақаты мойнына артылды. Соларға әке орнына әке, шеше орнына шеше бола білді. Тағдыры солай болар, өзінен бірер жас қана үлкен әпкесі Роза да қырықка жетпей, дауасыз аурудан қайтыс болды. Бұл кезде ол канди-даттығын қорғап, доцент атағын алып, өзі оқыған оқу орнында тәрбие ісі жөніндегі проректор еді. Әпкесінің өтініші бойынша сүйегін әке-шешесінің жанына апарып жерледі. Сонда ауылдағы ағайын-тумалар: "Айналайын, жаспын демей, азаматтың ісін атқардың. Ата-анаңның да, әпкеңнің де алдындағы қарызың мен парызынды жақсы өтедің. Еңді алдыңда тұрған үлкен міндет — ізіңнен ерген інілерінді қатарынан қалдырмай адам ету", — деп еді. Базархан ол міңдетті де өтеді. Екеуін де оқытты, үйлеңдірді, үйлі-жайлы етті.

— Көне Элладада әйгілі жеті данышпанның бірі болған, тапқыр ой, шешендігімен данқы қалған Бианттан біреу: "Ең жақсы ақылшы кім» деп сұраса, "Уақыт" деп жауап беріпті. "Ең тәтті не?" десе, "Үміт " депті. "Рахат іс не?" дегенге, "Тапқан табыс", ал "Не қиын?" деген сауалға "Басқа іс түскенде сабырмен төзу " деген екен. Өмір шіркіннің өрі көп қой. Соның бөрін көру керек, көтеру керек. Оның мәні де сол емес пе? — дейді біз білетін Базархан Ергешұлы.

"Адамда бір жақсы қасиет болса, бақ та, бақыт та қонады", — дейді Жүсіп Баласағұни. Аталарымыз оны одан да терендетіп, "Әрекет — пендеден, әділдік — Алладан" — дейді. Шынында, әр іске талап, ұмтылыс керек. Әйтпесе, жатқанға жан жуый ма?.. Базархан өз-өзін қамшылауы, қайрауы, жігерлендіруі арқылы қызмет сатысымен өрлеп, Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм жене спорт министрлігінің Жастар саясаты басқармасының бастығы дөрежесіне дейін көтерілді. Одан кейін, қой, өзіме етенелеу ғылымға қайта оралайын деп, Қазақ ауылшаруашылық академиясына ғылыми хатшы әрі кадр бөлімінің бастығы боп барды. Академия тараған кезде Қазақ Мемлекеттік агротехникалық университетіне жұмысқа шақырылып, ректордың көмекшісі, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, инженерлік оқу-ғылыми өндірістік кешен директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Кандидаттығын техника саласынан қорғаса, экономика жене халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша жеті-сегіз жыл жалықпай ізденіп, 2005 жылы докторлық диссертациясын қорғап шықты. Бүгінде С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетте технологиялық үрдістерді механикаландыру кафедрасының профессоры, осы оқу орнында құрылған диссертациялық кеңестің төрағасы. Әріптестері мен оқытып жатқан шәкірттері көптеген оқулықтар мен әдістемелік құралдардың, біраз елдердің ғылыми басылымдарында жарияланған 180-нен астам ғылыми мақалалардың авторы ретінде жақсы біледі. Базарханның жетекшілігімен екі докторант және төрт кісі кандидаттық дәреже алу мақсатындағы іздену жұмыстарын аяқтау үстіңде. Таяуда ғана бір шәкірті кандидаттық диссер-тациясын сәтті қорғап шықты.



— "Жақсы ниет — тәуір істің бастауы, жаман ниет — ізгіліктің қас жауы" демей ме аталарымыз. Мені ізгілікке баулыған әкем ғой, — деп күліп қояды Базекең. Әсте, есіне ол кісінің өзін Терістің суына бір малып алғаны түсетін болса керек...




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет