Егемен еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерле де батыл, өзіне өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше



жүктеу 409.3 Kb.
бет1/3
Дата26.11.2018
өлшемі409.3 Kb.
  1   2   3



КІРІСПЕ.

Егемен еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерле де батыл, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.

Соңғы жылдары еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі – білім беру саласында жүргізілген реформалар екені белгілі. Соның ең бастысы тез арада білім кеңестігіне ену, еніп қана қоймай өзіндік орнымызды алу екені анық. Қандай да бір заманда, қандай бір реформа жағдайында болмасын білім ордасы – мектептегі басты тұлға – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты ең алдымен осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Ал мұғалімдер қауымының алдында тұрған басты мақсат – рухани жан дүниесі бай жан – жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болмақ.

Баланың өз - өзіне деген сенімін қалыптастыру, өз бойынан қасиет іздеуге дағдыландыру оның өмірден өз орнын табуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы білім беру ісінің негізгі күре тамыры – осы болуы тиіс. Өмірден өз орнын таба алмай, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай, өзін - өзі тұншықтырып, ай жарықта адасып жүрген жас ұрпақ үшін ең алдымен тәрбие ордасы - мектеп, сондағы ұстаздар қауымы жауапты. Дәл қазір адамның ақыл – ой мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылуда.

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Осыған сәйкес белгілі көлемдегі білік, білім дағдыларын меңгерту, оларды жан – жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

Әр адамның күнделікті тіршілік сарынына ерекше бет бұрыс енгізе қоймаған 21 ғасыр қоғам өмірінде жаңа дәуір басталғандарының белгілерін

байқатып тұр. Көкжиегі көрініп тұрған болашағымызға жету жолдарының нышандары бүгінгі қоғам тіршілігінің сан қырларында көрініс табуда. Солардың бірі әлеуметтік орнымен атқарар қызметінің сыбағалы салмағы бойынша ерекше болып табылатын сала – білім беру жүйесі. Өйткені бұл саладағы әрекет бір жеке мүшесінің тағдырына қатыстығында ғана емес, сонымен қатар білім берудегі істердің кешендігімен еліміздің ертеңгі күндегі әлеуметтік күйіне, тұрмыс деңгейіне, өркениеттігіне әсер етеді. Сондықтан, білім беру саласында жеке адамның немесе ат төбеліндегі топтың ой - өрісінен кеңірек мағынадағы келеі мәселелер туындайды. Ал сол мәселелерді көпшіліктің қабылдауы, оның көкейістігін мойындауы белгілі дәрежеде қиындау болғанымен, бұл құбылыс қоғамның жаңа сапалық деңгейге көтерілуге ұмтылуының белгісі, іздену нышаны деуге болады. Бүгіндер әр қоғам мүшесінің назарынан тыс қалмайтын көкейісті мәселенің бірі жалпы білім берудегі 12 жылдық оқуға өту болып табылады. «Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіруге білім беру жүйесінің халқаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғарғы сатыда бейімді оқытуды көздейтін 12 жылдық білім беруге көшу қажет» деп еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен.

Біздің елімізде 12 жылдық оқуға ауысудың алғы шарттары мынадай. Біріншіден, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуға байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туып отыр. Бұл деген білім берудің әлемдік деңгейде даму үрдісінің басты сипатына сай бола білу.



Екіншіден, еліміздің әлеуметтік әкономикалық деңгейі көтеру үшін білім беру жүйесін, оның ішінде білім беруді жаңа сапалық деңгейге көтеру қажет екені көпшілікке мәлім. Демек, елемездің болашағына үлес қосып оның жаңа биікке көтеретін дара тұлғалар бүгінгі оқушылар екенін ескерсек, олардың тұлға болуға жетерлік білімнің негізін қалауға мектеп қабырғасында

оқылған жылдары жағдай жасасақ, әлеуметтік жағдайымыз жақсарып, экономикамыз өркендеуге мүмкіндік туады.



Үшіншіден, жаңа экономикалық ситуацияда нарықтық қатынастардың

қоғам тіршілігінің барлық салаларында орнығуы кең өріс алып тұрған жағдайда білім беруден құрылыммен құрамындағы өзгерістер жаңа қырында көрінуі қажет болып тұр.

Төртіншіден, ғылыми техникалық прогрестің темпін, оның адамзат дамуына қосқан үлесін және бұл үрдістің алдағы уақытта шығар биіктіктерін мойындап қана қоймай, оны білім беру ісінде ескеру.

Аталған алғы шарттар білім беру жүйесін жаңа сапалық нәтижелерге бағыттайды. Бұл санамызға үйреншікті болып қалған әрекеттер ауқымынан әлде қайда кең мәселелер.

Егемендік алғаннан бергі еліміздің білім беру саясатында азды – көпті істер жүзеге асырылып та жатыр. Бүгіндер 1-8 сыныптар деңгейінде мектептің жаңа құрылымы, жаңа мазмұн, жаңа буын оқулықтар енгізіліп отыр. Әр адамның назарынан тыс қалмаған бұл үлкен істің кемшілігі болғанымен ұмтылып отырған өркениеттік деңгейге жетудегі заңды қадамдардың бірі. Өйткені, дара тұлғаға бағытталған білімді ұйымдастыру, білім беруді гуманизациялау, деффиренциялау мәселелерін 11 жылдық мектептің жаңа құрлымымен мазмұнын анықтау барысында бір дәуір шешуге тырысып, аз да болса тәжірибе жинақталды.

Қазақстан Республикасында бастауыш білім беру жүйесінде білім сапасын арттыру мақсатында оны инновациялық технологиялармен байытуға, оқытудың интесивтік сипатын арттыратын құралдар мен әдіс – тәсілдерді айқындауға және күтілетін нәтижеге бағдарлап оқыту арқылы жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етуге назар аударылуда.


Зерттеу объектісі – бастауыш сыныпта шығарылатын шығармашылық жаттығулар орындау .

Зерттеу пәні – математиканы оқыту әдістемесі.

Зерттеу нысанасы – бастауыш сынып оқушыларын жазбаша есептер шығаруға үйрету.

Зерттеу мақсаты – бастауыш мектеп оқушыларын шығармашылық жаттығулар орындау технологиясы шығаруға үйретуде қолданылатын тиімді әдістемені ұсыну.

Зерттеу міндеттері.

  • Мемлекетіміздің алдағы өмірде түбегейлі тұтқасын ұстайтын азаматын тәрбиелеп оқыту, интеллектуалдық деңгейі биік тұлғаны қалыптастыру.

  • Шығармашылық жаттығулар орындау технологиясы бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейіне және дамытуға ықпалы.

  • Қазір баспадан шығып жатқан әдістемелік құралдармен танысу.


Зерттеу әдістері. Бастауыш сыныпта шығармашылық жаттығулар орындау технологиясы жайында бұрын мерзімдік баспаларда жарық көрген мақалаларды іздестіру және оларды сыни көзқараспен оқып тану.

  • Зерттеу нәтижесінде анықталған дәйектерді ойлаған ұсыныстық пікірлер, сондай – ақ әзірленген дайындамаларды көру, яғни әдістемелік эксперименттер жүргізу.

  • Зерттеу объектісіне сәйкес қорытындылар жасау және практикалық ұсыныстар айту.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы – баланың өз - өзіне деген сенімін қалыптастыру өз бойынан қасиет іздеуге дағдаландыру оның өз орнын табуға жол ашады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы – жинақталған материалдарды жас ұстаздар мен тәлімгер – студенттерге әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу құрылымығылыми жұмыс; ғылыми теориялық әдебиеттермен жұмыс жасауды 2012-2014 оқу жылдары тақырып бойынша эксперименттік зерттеу жұмыстары жүргізілді, нәтижелер өңделді, қорытынды жасалды.
Зертеудің ғылыми жаңалығы – бастауыш мектепте шығармашылық жаттығулар орындау технологиясы ұйымдастыру және өткізудің педагогикалық негізі жасалды.

Математиканы оқыту барысындағы шығармашылық іс-әрекеттің мәні мен маңызы.
мысалға, шығармашылық тапсырма бүкіл класқа беріледі. Әр оқушы оны орындау барысында өзінің жеке тапсырмасын пайдалана отырып, қазіргі алған білім деңгейінде жұмыс істейді. Өздік жұмыс ұйымдастыру барысында мұғалім оқушыға арнайы тапсырма береді. Осы кезде оқушы тапсырманың қажеттігі жөнінде ой тұжырымдайды. Бірінші қадам берілген тапсырманың мазмұнына талдау жасау, оны осыған дейін алған білім деңгейімен салыстырып оқушылар тапсырманың мақсаты мен түсінеді. Орындауға қандай амалдар қолдану керек екендігін ойластырады. Қандай нәтижеге жету керек екендігін болжайды. Екінші қадам – ойластырған жоспарды іске асыру. Бұл сатыда оқушылар тапсырманы орындайды. Үшінші қадам - алған нәтижеге талдау жасау, оны берілген жобамен салыстыру. Оқушы тапсырманың орындалу нәтижесін, өзін- өзі бақылайды, танымдық ынтасы артады, өз бетімен жұмыс жасау қабілеті дамиды. Егер жобаланған нәтиже мен алынған нәтиже сәйкес келсе, онда бұл оқушыға оң әсер береді. Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысына қорытынды жасайды. Қазіргі кезде, ғылыми информацияның жедел өсуіне байланысты оқушылардың өздігінен біліп алып, өз бетімен жұмыс жасау қабілетінің дамыу өте маңызды болып отыр.

Негізінен өзіндік жұмыстар дидактикалық жағынан мынандай үш түрге бөлінеді:



  1. білім алуға арналған өздік жұмыс

  2. алған білімді өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамытуға арналған өздік жұмыс

  3. теориялық материалды тексеруге арналған өздік жұмыстар

Жаңа материалды оқушылардың өз бетінше оқуы. Бұл іскерлікті қалыптастыру үшін, жұмысты сабақ барысында, сыныпта бастау керек. Мұғалім оқулықтың кейбір материалдарын оқушыларға үй тапсырмасы ретінде беруіне болады. Мұндай жұмысты өткізерде мұғалім әрбір оқушының осындай жұмысты істауге дайын екендігіне көзі жетуі керек. Жаңа материалды оқығанда сұрақ жауаптары белгілі болып, олар тоқтата жазылуы керек. Өзіндік жұмысқа оқушыларды үйрету үшін оларды өткен материалға байланысты сұрақтарға өздігінен жауап беруге үйрету керек. Мысал ретінде жаңа материалды мұғалім оқушыларға түсіндіргеннен кейін, оны оқуды мұғалім оқушыларға түсіндіргеннен кейін, оны оқушылар қалай ұққандарын тексеруге арналған сұрақтар түйсін келтірейік.

4-сыныпта «Бұрыш. Тең бұрыштар» тақырыбын өткенде жаңа материалды оқу сапасын тексеруге арналған сұрақтар мынадай болауы мүмкін:

1. Бұрыштарды атаңдар (берілген сурет бойынша).

2. Суретте берілген бұрыштарды белгілеңдер. (үш әріппен, бір әріппен)

3. Жоғарыды келтірілген суреттерден бұрыштың қабырғаларан артаңдар

4. Бұрыштың төбесін атаңдар

5. Бұрыштардың теңдігі қалай тексеріледі?

6. Бұрыштардың биссектрисасы дегеніміз не?

Бастапқы деңгейде сұрақтардың бәрі оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін тексеруге бағытталуы керек. Бұл біртіндеп оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, дайындалған сұрақтарға жауап қайтаруға, оқулықты берілген материалды өздігінен оқып игеруге үйретеді. Егер сұрақтар оқулықтың текстінде бар болса онда қандай сурақтарға жауап дайындаулару керек екендігін көрсету керек. Ұсынылған сұрақтардың ішінде оқулықта тура жауабы жоқ сұрақтар болғаны абзал. Себебі мұндай сұрақтар оқушыларды ойлауға үйретеді.

Өздік жұмыстардың тағы бір түрі оқушылар оқулықтың текстін өздері оқып шығу. Бұның екі түрі болуы мүмкін. Мұғалім түсіндіргеннен кейін оқып шығуға және оқушылардың өздігінен оқып шығуға арналған тест. Бұл екі тесттің бір- бірінен айырмашылаға болуы керек.

Бірінші жағдайда тест тұтас, ықшамды, мұғалімнен алған мәліметті тұжырымдайтындай, екінші жағдайда ол тест көлемділеу, түсіндірме мысалдары, түсініктемелері айқын болуы қажет. Мұндай материалды мұғалімнің өзі белгілеуі керек. Оқушылардың оқулары үшін бүтіндей бір параграф алу міндетті емес. Ол парграфтың бір бөлігі, жекелеген теорема немесе жеке бір тұжырым болуы ықтимал. Математикалық тиісті өзіндік оқуға өте күрделі мәселе. Сондықтан әсіресе мектептің орта буындағы оқушылары үшін кейбір нұсқаулар беру, жекелей сұрақтар беру артық болмайды. Себебі, математика сабағында өздік жұмыс ұйымдастырудың кемшіліктері де бар. Егер оқушы алдына қойған тапсырманы орындауға дайын болмаса, онда оқушының еңбегі далаға кетеді де, ол өзінің жұмысынан ешқандай нәтиже алмайды. Оқушының өздік жұмысын орындау барысында жіберген қатесі тек қана жұмыс аяқталғаннан кейін, оның сапасын тексеру барысында ғана анықталады. Сондықтан оқушы жаттығуларды өз бетінше орындағанда бір қатені мысалдан мысалға қайталауы мүмкін. Сөйтіп , міне осыдан барып дұрыс емес ереже оқушының сана сезіміне сіңіп қалады.

Оқушылар өздік жұмыс істегенде оладың материалды толық игеру деңгейі өте маңызды талап. Теориялық материалды толық игеріп алмай, оқушыларға өздік жұмыс ұсынуға болмайды. Өздік жұмысжақсы нәтиже беру үшін оның мазмұны мен көлемі дұрыс анықталуы керек. Әрі ол тым ауыр да, жеңіл де болмауы керек. Сондықтан тапсырма әрбір оқушының дайындық деңгейін, іскерлігін, қабілетін ескере отырып жеке- жеке берігені жөн.

Өздік жұмыстың нәтижелі болуының міндетті шарттарының бірі- оның қорытындысын тексеруді дер кезінде және дұрыс ұйымдастыру, тексеру. Көптеген жағдайда жабық жақтарды күні бұрын дайындалған немесе пленкада жазылған тапсырманың дұрыс шешілуі киноскоп арқылы оқушыларға көрсетіледі. Оқушылар өздері шығарған есептерді тақтадағымен салыстырады. Есепті осылай тексеру оны орындағандар үшін немесе қате жібергендер үшін пайдалы. Ал есепты қалай шығаруды білмейтін оқушылар үшін дайын есепті нөмірімен оның шығару әдісін игеруге беретін пайдасы шамалы. Сондықтан тексеру есептің шығару жолын көрсетумен шектелуге болмайды. Есеп шығару барысында жасалған түрлендірулерге, қосымша сауалдарға түсінік беру керек. Егер варианттар көп болса, онда олардың біреуіне түсінік беріп, ал қалғандарының жауапарын тексеріп өтуге болады.

Оқушыларға қажетті ескерліктің бірі- алған мәліметтердің негізгі маңызды жерлерін бөліп ала білу. Ол өзік жұмысты орындаудағы жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оқушылар жаңа материалдардың маңызды түсініктерін бөліктеп алуды үйренгеннен кейін, енді жаңа мәліметті өздігімен еске түсіру қабілетін қалыптастыруына болады. Мұны сұрақтардың жауабының жоспарын құрудан бастайды. Әбден қалыптасып болғаннан кейін жоспарларды оқушылардың ауызша да құруына мүмкіншілік беру керек. Оқушылардың өздігінен оқып шықан материалды қалай ұққанын тексеру үшін, оны түгел басынан аяғына дейін айтып шығуы міндет емес. Ол үшін олардың оқыған тест туралы сұрақтарға жауабын жоспарын немесе бірнеше бақылау сұрақтарға жауабын тексеру жеткілікті.

Мысалы: 2- сыныпта


    1. Оқулықтың текстін өздерің оқып шығыңдар

    2. Жауап берудің жоспарын құрыңдар

    3. Құрылған жоспарды оқып шығып талқылаңдар.

    4. Жоспардың әрбір пункті бойынша кеңейтілген жауаптың сызбы- нұсқасын беріңдер.

    5. Жоспардың кейбір пунктеріне жауап беріңдер.

Оқушылар жоспар құруға кірісер алдында оларды осы тақырыптардың маңызды түсініктерін атап өтуді талап етуге болады.

Оқушылар мынандай мәселелерді бөліп шығаруға тиіс:



  1. анықтамасы

  2. қасиеттері

  3. шарты

Оқушыларды оқыту барысында ұсынатын өздік шығармашылық жұмыстардың ішінде сөзді есептер маңызды орын алады. Себебі сөзді есептер біраз оқу тәрбиелік фукциялар атқарады. Математикалық сөзді есептер оқушылардың өзіндік жұмыс істеу қабілетін шыңдап қана қоймай, бұл есептерді шығару барысында математиканың практикалық қолданбалы ролін ашып көрсетіп, оқушылардың математикалық білімін жіне білігін қалыптастырады. Оқушылар сөзді есепті шығарғанда мынандай үш кезеңнен өту керек екндігін түсінеді:



  1. Есептің шартын математикалық тілде жазу.

  2. Есептің шығарылуын оның шартымен салыстыру.

Оқушы есепті шығару барысында жұмысты өздігінен жоспарлап іске асыруды үйренеді

Логикалық есептер



  1. Қоймадағы шегені жәшіктерге 24,23,17,16 килограмнан ораналастырылған. Қоймашы жәшіктерді ашпай –ақ 100 килограмм шегені қалай босата алады?

  2. 22 сіріңке таяқшасыман ауданы мейлінше үлкен тіктөртбұрыштың пішінін қалай жасауға болады?

Ауызша есептер! Халық есептерінің бәрінің де ауызша шешу, терулер мен алмастырулар санын табу, сандарды өзара салыстыру, бөлінгіштік пен прогрессияның қасиеттерін, ықтималыд шарттарын ескеру секілді математикалық амалдарды қолданып та шығаруға болады. Мұның өзі халық есептерінің негізінде осы заманғы математикалық ойлау жүйесінің көптеген элементтерінің барын дәлелдейді.

  1. «Құтты қазақтар» есебі.

Бір қарияның ер жеткен үш ұлы болыпты. Қартайған шағында малын балаларына еншіге бөліп бергісі келіп, он екі жерге қаз қатар қазық қағады да, бірінші қазаққа қой, екіншісіне - екі қой, үшіншісіне – үш қой, осы ретпен ең соңғы он екінші қазыққа он екі қой байлайды.

- Ал, балаларым, осы қойларды өздерің тең бөліп алыңдар,- дейді.

- Қазықтағы қойлар саны тең емес қой, сонда қалай тең бөліп аламыз?- деп қалады үлкен ұлы

- Әрқайсысың төрт қазықтағы қойды ағытып аласыңдар еңшілерің тепе- тең олады, - дейді қария

Есептің үш шешуі бар: Жауабы 26 қой.


1.2 Бастауыш сыныпта шығарылатын есептер және есептердің түрлері.

Математиканы оқытудың жалпы жүйесінде есептер шығару тиімді жаттығулардың бірі болып табылады.

Есеп термині және оның элементтермен оқушыларды айқын түрде алғаш таныстыруға дейінгі уақытты мазмұнды есептерді енгізудің дайындық кезеңі деп айтуға болады. Осы уақытта оқушылардың мектепке дейінгі игерген білім, білік және дағдыларды толықтыра түседі және бір жүйеге келтіреді ., сондай-ақ номерацияны оқып үйренуге көшуге қажетті жағдайлар жасалады, әрі қарай 10 көлемендегі сандардың номерациясы қарастырылады. Бұл кезеңде мазмұнды арифметикалық есеп арнайы оқытылып үйретілетін обьекті болып табылмайды, яғни ол қандай да бір құрылысы әлі де анықталмаған (шарты, сұрағы, берілген және ізделінді сандар, олардың арасындағы байланыс) күрделі ұғым ретінде оқушылар санасының санасының орын алмайды. Жазбаша есептер сандармен және амалдармен оқушыларды таныстыруда , сәйкес ұғымын мән- мазмұнын нақты көрсетіп берудің құралы ретінде пайдаланылады.

Дегенмен осы кезде мазмұнды суреттер ретінде ұсынылатын жай есептер 10 көлеміндегі әрбір санмен оқушыларды таныстыруда және әрбір 1-ді қосу және 1-ді азайту арқылы шығарып алуда көрнекті құрал сипатында пайдаланылады. Демек, жазбаша жай есептер алдымен айқын емес түрде математикалық ұғымдардың мән-мазмұнын ашудың әдістемелік құралы ретінде енгізіледі. Сондай-ақ басқа материалдарды қарастыру барысында есеп шығару білігінің құрамына енетін көптеген мәселелерді дайындық деңгейінде беруге болады.

Заттарды санау және оларды салыстыру (түсі, өлшемі, формасы бойынша немесе бірнеше мәнді белгілеріне қарай) кезінде оқушылар сурет бойынша «қанша?» деген сұрақты қоюға жаттығады және «бірдей», «үлкен-кіші», «биік-аласа», «ұзын-қысқа» т.с.с. ұғымдар жайында түсінік алады., сондай-ақ әрбір заттың өзіне тән мәнді белгіні анықтауға үйренеді.

Ары қарай заттар тобын салыстыру барысында «қанша болса сонша» сөз тіркесінің мән-мазмұнын игереді, «артық-кем» ұғымы жайындағы түсінікті қабылдайды. Әрине осы кезде-ақ көрнекіліктің нақты және біршама абстрак

ты түрлері қолданыла бастайды. Мысалы,

а) тақта алдына үш оқушы шақырылады;

ә) әрбір оқушыға бір-бірден санау шыбықтары үлестіріліп беріледі;

б) оқушылар мен шыбықтағы салыстырылады;

в) сәйкес қорытынды жасалады, яғни біз «оқушы санақ шыбығы» парларын құрдық, «оқушылар қанша болса , шыбықтар да сонша». Осы сияқты жұмыс дидиактикалық кесте материалдар бойынша жүргізіледі. Қалталы полотноның бір қатарында үш дөңгелек (шаршы) қойылды. Салыс- тыру нәтижесінде қорытынды жасалады.

Сонан кейін суреттерді пайдаланып сәйкес парлар құру арқылы «қанша болса, сонша» ұғымының мән-мазмұнын игеруді тиянақтай түсетін жұмыс жалғастырылады.

Осындай көрнекіліктерге сүйене отырып заттар тобын салыстыру кезінде «артық-кем» ұғымының мәнді ерекшілігі артыла бастайды. Мысалы :

а) қалталы полотноның бір қатарында үш дөңгелек , ал екінші қатарында бір қатарына үш шаршы қойылады да сәйкес қорытынды жасалады;

ә) тағы бір дөңгелек біррінші қатарға қойылады да, парлар құру арқылы дөңгелектердің артық екені , ал үшбұрыштардың кем екені тағайындалады;

б) екінші қатарға тағы бір шаршы қойылады да, парлар құру арқылы әрбір топтағы заттардың санынының бірдей екені анықталады (дөңгелектер қанша болса , үшбұрыштар сонша);

в) бірінші қатардан бір дөңгелек алынып тасталады да , парлар құруға негіздей отырып, әрбір топтың заттар саны салыстырылады да «дөңгелектердің шаршыдан кем, ал шаршылардың дөңгелектерден артық екені жайында» қорытынды жасалады.

Сонымен бірге практикалық жұмыстар орындау кезінде оқушылар парлар құрудың әртүрлі (айталық, әрбір топтағы заттарды бірінің астына бірін дәл келтіріп екі қатарға орналастыру , бір топтағы заттардың сәйкес парларын сызықтармен қосу, әрбір топтан бір-бірден зат алып кету сияқты) тәсілдерімен танысады.

Осы сияқты ұғымдар жайындағы оқушылардың түсінігі әрі қарай қарапайым кеңістік және уақыт ұғымдарымен , қозғалыспен байланысты мәселелерді , сондай-ақ 10 көлеміндегі сандардың аталуын , реттік қатарын және затттарды санауды, әрбір санды шығарып алуды оқып үйренуде тиянақтала түседі.Әсіресе осы кезеңде өте жиі қарастырылатын қосарланған суреттердің мәтінді арифметикалық есептерді енгізуге дайындықты жүзеге асыруда барынша тиімді екендігіне ерекше назар аудару жөн.Мұндай суреттер «қаанша болған еді?» , «Не өзгерді?» сұрақтарының жауабын таба білуге оқушыларды үйретеді. Сондай-ақ сәйкес суреттер бойынша берілген жазулар есепті шығару үшін сандарға арифметикалық амлдарды қолданудың қажеттігін оқушыларға аңғартады және есеп шешуін жазудың сәйкес формасын енгізуге дайындық болып табылады.

Мысалы, алдымен қосарланған үш сурет беріледі. Айталық , бірінші суретте бір-ақ балапан , ал екінші суретте оған жақындап келе жатқан бір қоңыр балапан , үшіншісінде ақ және қоңыр балапан қосарланып жем шоқып тұр. Осы суреттер бойынша мұғалімнің басшылығымен жұмыс ұйымдастылады.

Осындай суреттерді және әралуан практикалық жұмыстарды орындау арқылы оқушылар ненің болғанаын, ненің өзгергенін сонда қанша шыққанын көрнекі түрде қабылдайды, сонымен бірге заттарға сандарды және өрнектерді

(әрине ол термин айтылмайды) сәйкес қоюдың қажеттігін сезінеді. Бұл мәтінді арифметикалық есептерді шығарудағы басты мәселе.

Әр есептің ш а р т ы мен с ұ р а ғ ы бар. Есептің шартында берілген сандардың арасындағы , сондай-ақ берілген сандар мен ізделіп отырған сандар арасындағы байланыс көрсетіледіҮ бұл байланыстар сәйкес арифметикалық амалдарды қалай таңдап алуды аынқтайды. Сұрақ қандай сан ізделіп отырғанын көрсетеді. Мысалы,

Жеңіл машина сағатына 56 км жылдамдықпен жүре отырып , жолда 4 сағат болды. Машина қанша жол жүрді?

«Жеңіл машина сағатына 56 к жылдамдықпен жүре отырып , жолда 4 сағат болды.»- бұл есептің шарты, ал сұрағы : «Машина жолда қанша болды?»

Е с е п т і ш ы ғ а р у- есептің шартында берілген сандар мен ізделінді арасындағы байланысты ашып көрсету, соны негізге алып арифметикалық амалдарды таңдап алу, содан кейін орындау керек және есептің сұрағына жауап беру болып табылады.

Барлық жазбаша есептер , оларды шешу үшін орындалатын амалдар санына қарай , жай есептер және құрама есептерге бөлінеді. Бір ғана амалмен орындалатын есеп жай есеп деп аталады. Шығару үшін бірнеше амал (әр түрлі немесе бірдей амалдар болатындығына қарамай) орындалатын есеп құрама есеп деп аталады.

Жай есептерді , не лоарды шығару үшінқолданылатын амалдарға байланысты( қосу, азайту ,көбейту, бөлу амалымен шығарылатын жай есептер ) немесе оларды шығару үстінде қалыптасатын түсініктерге байланысты түрлерге бөлуге болады.

Құрама есептер үшін классификациялаудың іске пайдалы болу үшін белгілі бір топтарға бөлуге мүмкіндік беретіндей, бірдей негізі жоқ. Алайда әдістемелік тұрғыдан алғанда барлық әртүрлі есептерден не математикалық құрылысы жағынан ұқсас (мысалы, қосындыны санға бөлу керек болсын), не шешу тәсілі жағынан ұқсас ( мысалы, тұрақтың шаманың мәнін табу тәсілі-

мен шығарылатын есептер) , не нақты мазмұны жағынан ұқсас (мысалы, қозғалысқа байланысты есептер) кейбір топтарды бөліп алуға болады.

Бастауыш сыныпта жазбаша есептердің жай және құрама түрлері қарастырылады.

Есептермен тығыз байланыста есеп сұрақтар деп аталатын жаттығулар болады. Есеп- сұрақтарда , есептердегі сияқты , шарты да (онда сан болуы да, болмауы да мүмкін), сұарғы да болады. Алайда есептен айырмашылығы – есеп- сұрақты шығару үшін берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы сәйкес байланыстарлы тағайындаса жеткілікті , ал арифметиаклық амалдарды орындаудың керегі жоқ.



Каталог: ebook
ebook -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
ebook -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
ebook -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
ebook -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
ebook -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
ebook -> Тест сұРАҚтары мемлекеттік кәсіпорынның ақша қорларының ең басты- сы?
ebook -> Ќазаќстан республикасы
ebook -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
ebook -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет