Octagon тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сүндет Айтқұл (7-1) келесі жекпе-жегінде 14 нокауты бар қытайлық спортшымен жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Octagonleague.com

Талантты аралас жекпе-жек шебері Сүндет Айтқұл келесі жекпе-жегін Octagon 57 турнирінде өткізеді. 61 келі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 14 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған қытайлық Хайтао Тиге (14-5) қарсы өнер көрсетеді. Бұл Octagon 57 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ. Octagon 57 турнирі 19 сәуір күні, “Балуан Шолақ” спорт сарайында өтеді.

Айта кетейік, Сүндет Айтқұл соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Клаудечи Брито де Соузаны уақытынан бұрын жеңіп, Octagon тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін жеңіп алған еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.