Егер жұмыс іздеп жүрген болсаңыз Алматы қаласының еңбекпен қамту орталығына келіңіз



жүктеу 45.01 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі45.01 Kb.
түріБағдарламасы

Егер жұмыс іздеп жүрген болсаңыз

Алматы қаласының еңбекпен қамту орталығына келіңіз

2017 жылдан бастап 2017-2021 жж. арналған жаппай кәсіпкерлік пен өнімді еңбекті жандандыру бағдарламасы жұмысын бастады.


Бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие адамдар:

- Жұмыссыздар

- Өзіне-өзі жұмыс жасаушылар

- Жастар


- Аз қамтылғандар

- Мүгедектер

- Студенттер мен оқушылар

- Еңбек келісім шарты бойынша жұмыс істеушілер


Бағдарламаға қатысу үшін:

- тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-на

- Алматы қаласы Назарбаев даңғылы, 50-ші үйде орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына

- «электронды үкімет» -веб-порталына


Бағдарламаға қатысу үшін не істеу керек?

  1. Жұмыссыздар, тұрақты табысы жоқ, жұмыс іздеп жүрген адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына, ХҚКО-на, болмаса «электронды үкімет» веб-порталына келесі құжаттармен тіркеле алады:

- жеке бас куәлігі

- еңбек кітапшасы (бар болса)

- білім туралы құжат (бар болса)


  1. Он күн ішінде ол адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері қарастырылады және тегін кәсіби кеңестер беріледі. Жұмыс іздеген адамдар үш күнде бір келіп тіркелуден өтіп тұру қажет.




  1. Он күннен соң орталық ол адамды жұмыссыз ретінде тіркеуге алу немесе алмау туралы шешім шығарады.




  1. Тіркеуге алынған жұмыссыздар он күнде бір мәрте Жұмыспен қамту орталығына келіп белгіленіп тұруы қажет.



Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы



ЕСКЕРТПЕ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА

2017-2021 жж. аралығында жаппай кәсіпкерлік пен өнімді еңбекті жандандыру Бағдарламасы

Алматы 2017


Қоғамдық жұмыстар

Қатысуға құқығы бар:

- жұмыссыздар

-студенттер және жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары, жазғы демалыс кезінде.

- уақытша жұмыс орындарының жабылуына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген.

Қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбекақысы екі ең төменгі айлықты құрайды (ең төменгі айлық 24459 теңге).


Әлеуметтік жұмыс орындары

Жұмыссыздар үшін арнайы құрылады. Пайдалануға құқылы:

- балалар қалашығының тәрбиеленушілері
- балалар үйінің түлектері, балалардың мектепке дейінгі мекемелері, жетім балаларға арналған мектеп-интернат түлектері

- зейнеткерлік алдындағы адамдар

- мүгедектер

- пробация қызметінде болғаны үшін тіркеуде тұрғандар

- бас бостандығынан айрылу орындарынан босағандар

- 7 жасқа дейінгі баланың, мүгедек баланың және 1, 2 топ мүгедегінің күтімімен отырғандар

Әлеуметтік жұмыс орындарында істейтіндерге субсидияның көлемі белгіленген жалақының 35% құрайды, бірақ, ең төменгі жалақы көлемінен аспауы тиіс.
Жастар тәжірибесі

- 29 жасқа дейінгі жастар мен жұмыссыздарға арналған еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар; шәкіртақымен, жолақымен қамтамасыз етіледі. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың жалақысына субсидия көлемі 25 АЕК-ті немесе 56 725 теңгені құрайды


Бағдарламаға қатысу не береді:

  • Жұмысқа орналасу мүмкіндігі

  • Колледжде тегін оқу

  • Кәсіптік оқытудың қысқа мерзімді курстарына оқуға

  • Уақытша жұмыстарға орналасуға (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыстар)

  • Жоғары оқу орындары және колледждердің түлектері үшін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша тәжірибеден (стажировка) өтуге

  • Жағдайы төмен жандарға «Өрлеу» бағдарламасына қатысуға

  • Бизнес-жоспарын бекіткен немесе жоспарлап отырғандарға шағын несиелер алуға


Колледждерде тегін оқыту

Оқу орындарына түспеген және жұмыс іздеп жүрген 9-11 сыныпты бітірген, өмірлік қиын жағдайдағы отбасынан, көпбалалы отбасынан, жағдайы төмен отбасылардан, атаулы әлеуметтік мекен-жай (адресная социальная помощь) жәрдемақысын алатын отбасынан шыққан балалар, интернат мекемесінен шыққан балалар, мүгедек балалар, жетім балаларға арналған жоба. Бір реттік ыстық тамақпен, шәкіртақымен қамтамасыз етіледі


Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

29 жасқа дейінгі, өз-өзіне қызмет көрсетуші (самозанятых) жұмыссыздарға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 16759 теңге көлемінде стипендиямен қамтамасыз етіледі.


Шағын несие беру

Жұмыссыздар мен өзіне-өзі қызмет көрсетушілер бизнес ашу үшін немесе кәсібін жандандыру үшін шағын несие ала алады. Қызығушылық білдірушілердің кәсіпкерлік негізінде оқытудың курсынан өткені туралы сертификаты болуы тиіс. Сертификаты болмаған жағдайда толық курстан өтіп келуге жолдама беріледі. Микрокредиттің ең жоғары сомасы АЕК - 8 мың. АЕК (18 млн. теңге)

Кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін




Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы

Назарбаев даңғылы, 50 Гоголь көшесінің қилысы

Аудандық ХҚКО-ның мекен-жайлары:

Алатау ауданы, Алғабас ы.а-1, 5/17 үй (Атлетикалық қалашық) тел.300 7 0 69

Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр к-сі, 221 үй, тел.378 04 44

Әуезов ауданы, Жандосов к-сі, 51 үй, тел. 276 09 58

Бостандық ауданы, Алмагүл ы.а., Ходжанов к-сі, 9 «А», тел. 396 42 45

Жетісу ауданы, Серіков к-сі, 6 «А» үй, тел. 234 95 24

Медеу ауданы, Марков к-сі, 44 үй, тел.386 90 69

Наурызбай ауданы, «Шұғыла» ы.а. № 5 пятно, тел. 370 01 37



Түрксіб ауданы, Рихард Зорге к-сі, 9 үй, тел. 223 68 13
Каталог: upload
upload -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
upload -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
upload -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
upload -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
upload -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет