Эх, жастар, жастар! ӨЙ, жастар, жастар!



жүктеу 14.42 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі14.42 Kb.

Эх, жастар, жастар!

ӨЙ, ЖАСТАР, ЖАСТАР!

Жастар жүрген жерде ылғи осылай: олар өз шектерін өздері қойғысы келеді, тіпті өз ағзаларын да тыңдай алмайды. Ал ағза шыдай береді.

Паоло Коэльо

Шығыс Қазақстан облысында «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорының Сорос-Қазақстанның қаржылай қолдауымен жүзеге асырған «Оқимын-Көремін-Жасаймын» жобасы мәресіне жетті.

Жоба жастарды өз қалалары мен ауылдарының әлеуметтік-экономикалық дамуына тартатын алаң болып қана қойған жоқ, сонымен қатар жастарды «Ал мен өз қалам үшін не істей аламын?» деп ойлантатын «қозғаушы күш», жастар бастамасының «генераторы» болғаны анық.

Әрине, бір қарын майды шірітетін құмалақ әркез табылады. Кей жерлерде жастардың өздері пәс көңіл-күй танытса, кей кездерде ересектер жағы тиісті қолдауды көрсете алмады, мүмкіндіктердің де орайы келмеген тұстар болды, бір сөзбен айтқанда, «көш жүре түзеледі». Сонымен, нәтижелер жоқ емес, бар және біз жастарды өз аумақтарын көркейтуге тарту идеясын құптайтын жандарды жоба нәтижелермен таныстыруға дайныбыз.

Назарларыңызға «Оқимын-Көремін-Жасаймын» әдістемелік құралын ұсынамыз. Біз мұнда жастарға, жастар үшін және жастардың қолында жұмыс істеп кететін, кәдеге жарайтын барлық шын әрекет ететін және ТЕКСЕРІЛГЕН әдістер мен технологияларды жинауға тырысып бақтық. Біреулер кітаптан өздері жасаған комикстарды көрсе, басқалары «Жарқыл» ойынына қалай қатысқанын, «Кемеге» отырып алып, өз қала/ауылының болашағы туралы пайымдаған кездерді есіне алар. Ал жобаға қатысып үлгермегендер, егер өз қала/ауылдарында осындай шаралардың өткізілуін қаласа, өздері үшін түсінікті де қарапайым құралдар мен технологияларды тауып алады.



Кітапшаны мына сілтемеден көшіріп алуға болады http://zubr-consulting.kz/node/123. Кеңес қажет болса, zubr-kz@mail.ru электрондық поштасы немесе 8 (7232) 26-22-20, 57-83-74 телефондары арқылы хабарласыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет