Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева өміріндегі өзгерістер туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Бүгінде әнші Еуропа аралап жүр. Жеке парақшасына түрлі фото жүктеп, қалай демалып жатқанын көрсетті. 

“Алматы ақ қарға оранып әбігерге салып жатыр ма?! Бұл жақта қар жоқ. Бір айдан бері шетелде жүрмін. Менің Еуропада жүргенімді көріп, қонаққа шақырып жатқан оқырман қауымға мың алғыс! 3-4 күннен кейін Стамбұлға барып, денсаулығымды тексертемін. Елге келгеннен кейін авторлық курсымды бастаймын”, – деп желі қолданушыларын қызықтырып қойды. 

  • Ауыр еңбек пен мардымсыз жалақы: Алматылық көше тазалаушылардың халі қалай

  • "Қазақстан темір жолы" басшысының жалақысы қанша екені белгілі болды

Өнер иесінің айтуынша, осы күнге дейін студенттерге сабақ беріп, ұстаздық қызмет еткен. Алайда мардымсыз жалақыдан кейін, жұмысынан өз еркімен шығып кеткен.  

“12 жылдан бері ЖОО-да ұстазбын. Сахна тілі, көркем сөз, вокал, актер шеберлігі сабағынан беріп келдім. Осы күнге дейін менен дәріс аламын деген адам көп болды. Бірақ 156 мың теңге жалақы алып, университетте сабақ беріп жүре бердім. Биыл 3-4 ай АҚШ-та, одан кейін Ресей мен Еуропада тұруға тура келді. Сондықтан өз қалауыммен жұмыстан шықтым. Енді елге оралып, осы күнге дейін жинаған тәжірибемді бөлісемін”, – деп жазды актриса. 

Еске салайық, өнер иесі ҚазҰУ студенттерінің "пәктігі" туралы деректердің жарияланып кеткеніне ашуланғанын жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.