«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»



жүктеу 65.43 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі65.43 Kb.


Кұлмаханова Фарида Қанатбекқызы Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

«Әсем моншақтар» үйірмесінің жетекшісі



«Өнерлі отбасы»-тәрбие бастауы.

Мақсаты: Бір саламен айналысатын өнерлі отбасылардың жетістіктерімен оқушыларды таныстыру. Әке ұлағаты мен ана тағылымын дәріптеу. Оқушыларды халық өнерін, мұрасын қастерлеуге және салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер,слайдтар,нақыл сөздер.

Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар құрметті, қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Өнерлі отбасы» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Сыр елі–ежелден тарихы мен мәдениеті қалыптасқан өнер өлкесі. Осы бір қасиетті жерде дүниеге келген, ұлтымыздың рухани қазынасын адамзаттың, жас ұрпақтың бойына сіңіруде өз үлестірін қосып жүрген өнер иелері бүгінгі «Өнерлі отбасы» тақырыбындағы тәрбие сағатының қадірлі қонақтары.

Ұстаздар мен оқушылар, сіздерге арнайы шақырылған қонақтарымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер:



Мұхамеджановтар жанұясы және Жаңабаевтар жанұясы.

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, бүгінгі кездесуде сіздер мен біздер ашық әңгімелесіп, өнер туралы, өмір туралы ой бөліспекшіміз.



Жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге өнерлі шаңырақ - Оқушылар сарайы «Вокал» үйірмесінің оқушысы «Ертегілер» әнін орындайды, қабыл алыңыздар.

(қонақтардың құрметіне ән орындалады)



Жүргізуші: Отбасы –шағын мемлекет. Ол-тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Сондай өнегелі де, өнерлі отбасының бірі – Мұхамеджановтар жанұясы.

Мұхамеджановтар жанұясының отағасы - Асанәлі Бұрханұлы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің үрмелі-соқпалы аспаптар бөлімінің оқытушысы және Қызылорда облыстық «Дидир»ансамблінің мүшесі.



-Қызылорда Облысы әкімінің стипендиаты.

-2008 жылы фольклоры-этнографиялық «Дидар» ансамблінің мүшесі ретінде Шабыт ХІ Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде «Халық аспаптар ансамблі» номинациясы бойынша бас жүлдегер атанған.

-Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған фольклорлы-музыка фестиваль –конкурсының лауреаты.

-Сыр елінің мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет Облыс Әкімдігінің дипломына ие болған.



-Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет Грамотасымен және Қызылорда музыкалық колледжінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Жұбайы Бейжанова Сауле Әділбекқызы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің халық аспаптар бөлімінің оқытушысы.

-Республикалық Олимпиадаға «Дәстүрлі музыка өнері» домбыра номинациясы бойынша жоғары деңгейде оқушы дайындағаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің алғыс хатына ие болған.



-Сыр елінің мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет Облыс Әкімдігінің дипломына ие болған.

-Жастарға кәсіби білім берудегі ерен еңбектері үшін Қызылорда музыкалық колледжінің алғыс хатымен бірнеше рет марапатталған. Балалары Бұрхан Әлинұр Асанәліұлы №5 мектептің 2 сыныбында оқиды.



(Отбасылық суреттерді, жетістіктерінен, өмірбаяндарынан дайындалған слайд-шоуды көрсету.)

Жүргізуші: Құрметті Асанәлі Бұрханұлы, сіздің ата-анаңыз, бауырларыңызда да өнерлі жандар екен, бір әулетті музыкалық әулет деп айтсақ та болады. Енді осы жайында өзіңіз әңгімелеп, айтып берсеңіз.

(Өзінің жанұясының өнер жолымен таныстырып,өзімен ала келген үрмелі –аспаптарымен оқушыларға өнерін тамашалап көрсетті).



Жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Ұрпақ жалғасы балаларын өз өнерлеріне баулып жүрген жанұяның бірі

- Жаңабаевтар жанұясы.



(Отбасылық суреттерді ,жетістіктерінен,өмірбаяндарынан дайындалған слайд-шоуды көрсету)

Жаңабаевтар жанұясының отағасы - Дархан Иниятұлы Облыстық филормонияның Ақмешіт фольклорлық этнографиялық ансамблінің мүшесі және қалалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы домбыра үйірмесінің жетекшісі.

-Оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен.

-2008 жылы Беларусия республикасында өткен ІІІ халықаралық «Шоу беларусь» фестиваль – конкурсында құрмет грамотасына ие болған.

-«Түрксой» Түркі мәдениетінің интернационалдық ұйымының алғыс хатына бірнеше рет ие болған.



-Облыс әкімінің алғыс хатымен бірнеше рет марапатталған.

Нұротан» республикалық саяси партиясының алғыс хаттарымен марапатталған.

-Жұбайы Шорабаева Нүргүл Мейірімжанқызы қалалық Өнер мектебінде оқытушы. Қыздары - Жаңабай Ақерке Ж.Кизатов атындағы №23 мектепте оқиды және Оқушылар сарайы вокал үйірмесінің оқушысы.



Жүргізуші: Бұл өнерге қалай келдіңіз, осы өнеріңіз арқылы қандай жетістіктерге жеттіңіз?

Жүргізуші: Біздің тәрбие сағатымызға қатысып отырған жас жеткіншектердің сіздерге қоятын сұрақтары бар екен.

(Оқушылардың сұрақтары)



1-оқушы: Осы өнеріңіз арқылы қандай жетістіктерге жеттіңіз?

2-оқушы: Қандай шет мемлекеттерде болдыңыз,шет елдерде сапарда болғаныңызда ол елдің қандай ерекшелік, артықшылықтарын көрдіңіз?

3-оқушы: Музыкадан басқа қандай іспен айналысқанды жақсы көресіз немесе жеке хоббиіңіз туралы айтсаңыз?

4-оқушы: Іс сапарларыңыз жайлы ,ондағы қызықты оқиғалар,қызықты жағдайларыңызды да айтып берсеңіз?

Жүргізуші: Құрметті Асанәлі Бұрқанұлы, енді өзіңіздің өнеріңізді тыңдауға құштар болып отырмыз. Өнеріңізді тамашалайық.

(Әйеліне)Бұл өнер жолына түспегенде ,басқа қандай мамандықты таңдар едіңіз?

(Ақеркеге сұрақ)-Өскенде ата-анаңның өнер жолын жалғастырғың келе ма?

Жүргізуші: Құрметті Дархан Иниятұлы, енді сіздіңде өнеріңізді тамашаласақ.

Жүргізуші: Нүргүл Мейірімжанқызы бізге қандай шығарма орындап береді екен.

Жүргізуші: Кездесу – сұхбатымыз қызықты болу үшін келген қонақтарды ортаға шақырып, ойынға тартқымыз келіп тұр.

(Ойын ұйымдастыру)

Суретте бейнеленген бейненің атауын айтпай, іс-қимыл арқылы көрерменге түсіндіру. Көрсетілген іс-қимылға қарап оқушылар зат атауын толық айту керек. Жасырылған заттар атауы: күн нұры, сазсырнай, сезім, ауа, пойыз, тігін машинасы, судағы балық, бесік, бұлт, балмұздақ, соль кілті, компьютер, киім ілгіш. Осы заттардың атауын іс-қимылдар арқылы оқушыларға көрсетіп, олар жасырылған зат атуын табады.

Жүргізуші: «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Ата-анасының өнерін жалғастырып жүрген Ақерке Дарханқызын ортаға шақырып өнерін тамашаласақ.

( «Балдәурен» әні орындалды).



Жүргізуші: Тәрбие сағатынан алған көңіл күйіңіз қалай? Әр түрлі көңіл-күй бейнеленген суреттердің ішінен қалағанын таңдап көрсетіңіздер.

( көңіл-күй смайликтер)



Жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатының мақсаты бір саладағы өнермен айналысатын отбасылардың жетістіктерімен оқушыларды таныстыру еді. Ата – бабадан үрдіс болып келе жатқан өнерді дәріптей отырып, алтын уақытын қиып келген қонақтарымызға алғыс білдіру үшін қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы директорының орынбасары

Алтынай Асылбекқызына сөз кезегін берейік.

(Шақырылған қонақтар жанұясына Қолданбалы қолөнер бөлімінің атынан «Домбыра» қазақ домбырасының құрылымы мен жасалу технологиясы жайлы энцоклапедиясы сыйға тартылды).



Жүргізуші: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай бүгін осы тәрбие сағатына қатысып отырған барлық оқушыларға өмірден таңдаған мамандықтарыңыздың жемісін көріп, игіліктеріңізге пайдалана беріңіздер демекпіз.

Ісім оңсын десеңіз

Сол істің маманы болыңыз,

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз- деген ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Каталог: uploads -> doc -> 0f57
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0f57 -> Сабақтың тақырыбы: Тайкелтірдің төрелігі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет