Елімізге танымал ММА шебері, Арман Әшімов үш жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

М-1 тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Арман Әшімов әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын Rizin тұжырымымен келісімшартқа отырды.

"Мұстафа Өзтүрік" 23 наурыз күні Жапонияның Кобе қаласында жергілікті спортшы Юсаку Накамурамен жұдырықтасады. Накамура спорттық мансабында 28 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жетсе, 10 рет ұтылып, 1 мәрте тең түскен.

Арман Әшімов соңғы жекпе-жегін 2021 жылы Naiza 34 турнирінде өткізіп, әзірбайжандық Серхан Валилиді нокаутпен ұтқан болатын.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.