Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы германияның ксро-ға шабуылы шыраева Жанар Зейнуллақызы Тарих пәні оқытушысы



жүктеу 73.85 Kb.
Дата24.03.2018
өлшемі73.85 Kb.
түріСабақ

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ ГЕРМАНИЯНЫҢ КСРО-ҒА ШАБУЫЛЫ
Шыраева Жанар Зейнуллақызы

Тарих пәні оқытушысы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжі, Қазалы қаласы, Қызылорда облысы
Сабақтың мақсаты :

а)білімділік: Екінші дүниежүзілік соғыстың себебі, мақсаты соғыс жылдарындағы Кеңес Одағының, Қазақстанның, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаушы жау-фашизммен, ерлікпен қорғағаны ерлік істері туралы оқушыларға түсінікті етіп баяндау .

б) дамытушылық: Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығармашылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.

в) тәрбиелілік: Отанға деген шексіз махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу достық, бірлік, татулық ,ынтымақтастық, жауапершілік сезімдерін ұялату.

Сабақ түрі: Қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, ауызша түсіндіру, топтық жұмыс, видео фильм, венн диаграммасы, картамен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: География

Көрнекілігі: интерактивтк тақта, карта венн диаграммасы, тірек- сызба

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут

  1. Оқушылармен сәлемдесу

  2. Топ оқушыларын түгелдеу


II. Үй тапсырмасын сұрау қорытындылау: 5 минут

  1. Жапония қай жылы Ұлттар Лигасынан щықты ?

  2. Испания Республикасы қай жылы құлады?

  3. Германияның ең басты міндеті ?

  4. Туркияда Ұлтты қорғау заңы қашан қабылданды?

  5. Ауғанстан елінің Конституциясы қай жылы қабылданды?


III. Үй тапсырмасын бекіту: 3 минут

  • Әділетсіздікке негізделген Версаль –Вашингтон жүйесі

  • 1929-1933жж дүниежүзінде экономикалық дағдарыс болып елдердің нашарлай бастауы

  • Соғысты жақтаушы өкімет әлемді қайта бөлуге бел буды

  • Бұл дүние жүзілік соғыстың басталуына алышарттары болды



IV. Жаңа сабақты түсіндіру: 15 минут


  1. Екінші дүниежүзілік соғыстың сипаты, кезеңдері;

  2. Германияның Польшаға шабуылы;

  3. КСРО-ның Филяндияға қарсы соғысы;

  4. Германияның КСРО-ға шабуылы;

  5. Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың қосқан үлесі.

1. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ірі жанжал ең ірі шиеленіс болды

Соғысқа жер жүзі халқының 80%-ын құрайтын 61 мемлекет қатысты Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылды Бұл соғыс ең қырғын соғыстардың қатарында болды Соғыс жылдарында адам шығындарының саны шамамен 65-67млн-ға жеткен Соғсы жылдарында аса зор материалдық байлықтар және құнды тарихи мәдениет ескерткіштер қиратылды Екінші дүниежүзілік соғыс Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда өзінің жылжымалы қимыл әркекеттерімен сипатталады Екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері бір топ соғысқұмар мемлекеттердің әлемді қайта бөлісу әрекеттерімен байланысты болды

1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде КСРО –Германия арасында шабуыл жасаспау шартына қол койылды. Бұл құпия хаттама Риббентроп –Молотов пактісі деп аталды.


Екінші дүниежүзілік соғысты үш үлкен кезеңге бөлуге болады
Бірінші кезең -1939 ж 1 қыркүйегінен бастап 1942ж шілдесіне дейін Бұл кезеңде соғыс ауқымы барынша кеңейіп басқыншылардың соғыс әрекеттері басымырак болып, сәттілігімен көзге түсті

Екінші кезең 1942жылдың маусымы 1944жылдың қаңтары бұл кезеңде антигитлерлік одақтағы елдердің басымдылығы айқындалып, соғыс қимылдары басқыншы елдердің шекарасына жақындады.

Үшінші кезең 1944жылдың қаңтарынан 1945жылдың 2 қыркүйегіне дейін. Бұл кезеңде антигитлерлік коалициядағы елдер басымдықпен жеңіске жетіп, басқыншылар тізе бүкті.
2. Германияның Польшаға шабуылы

Польшаға шабуыл жасаудың Вайс атты жоспары 1939 жылың көктеміеде дайындалды. 1939 ж 3 қыркүйекте Германияға қойылған ультиматизм мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлыбританиямен Франция қарсы соғыс жариялады. 1939ж 17 қыркүйекте Кеңес әскерлері алдын ала кесілген жоспар бойынша польшаның шығыс шекарасынан өтіп азат ету жорығын немесе Польшаның батыс аудандарын Батыс Украинаны және батыс Беллруссияны әскери басып алу шараларын бастады. 1940ж көктеміне дейін батыс майданда әскери іс-қимылдыр жүргізіледі. Польша, Франция және Ұлыбритания арасындағы әскери өзара көмек туралы шартқа қарамастан Батыс елдері апатқа ұшыраған Польшаға әскери көмек көрсетіледі .


3. КСРО-ның Филяндияға қарсы басқыншылығы

1939ж 30 қараша Кеңес Одағы кеңес –фин шекарасын көшіру туралы келісімді бір жақты негізде бұзып, арандату нәтижесінде Финляндияға қарсы соғыс қимылдарын бастады. Осылай кеңес –фин соғысы басталды. 1940ж 12 наурызда КСРО мен Финляндия арасында бейбітшілік шартына қол қойылды. Финляндия өзінің бірқатар аудандарын Кеңес Одағына берді. Кеңес –фин шекарасы Ленинград, Мурманскіден және Мурманск темір жолынан Фин аумағына ілгері қарай жылжытылды 1940ж 22 маусымда Компьен орманында Франция мен Германия арасында бітімге келу туралы шартқа қол қойылды. Ол фашистік Германияның шабуылына жалғыз өзі тойтарыс берді.


4. Германияның КСРО-ға шабуылы

1940жылы 18 желтоқсанда А Гитлер құпия кеңесте Барбаросса жоспрын бекітті. Герман күштері қысқа мерзім ішінде КСРО-ны талқандауға тиіс болды. Батыстағы жеңістеріне мастанған гитлерлік басшылық 6-10аптаның ішінде Кеңес Одағын тас талқан етуді көздеді. Кеңес Одағына шабуыл жасау үшін немістер солтүстік, Орталық және Оңтүстік армия топтарын жасақтады 1941ж 22 маусымда сенбіден жексенбіге қараған түні гитлерлік Германия шабуыл жасаспау туралы келісімшартты бұзып соңыс жарияламастан тұтқиылдан Кеңес Одағына қарсы соғыс бастады. Таң сәріде фашист ұшақтарының тізбегі шығысқа қарай ұмтылып Каукас, Киев, Минск, Одесса, Севастаполь және басқа қалаларға әуеден соққы берді. 1941жылы 30 тамызда И В Сталиннің төрағалық етуімен



  • Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті (МҚК)

  • Дұшпанның сан жағынан басым болуы

  • Гитлерлік армияның жаңа соғысты жүргізуге дейін екі жылдық тәжірибесі болған

  • Кеңес басқыншылығының соғыс соғыс техникасы жөнінен үлкен қателіктері жекелеп алатын болсақ механикаландырылған тетіктердің рөлін жете бағаламауы

  • 1939ж жалпыға бірдей міндеткерлік тураы заң қвбылданды

  • Неміс армиясының қолында күшті қару жарақ болуы немесе ұрыс қимылдарында да тәжірибесі мол болуы


5. Ұлы Отан соғысында Қазақстандықтардың қосқан үлесі

Мәскеуді алу үшін Тайфун операциясын дайындады Қазан айының ортасында үлкен шығынға ұшырата отырып, неміс әскерлері Мәскеуге тап келді. Мәскеуді қорғау үшін тылда көп ұлттан құралған дивизия жасақталды. Қазақстанда жасақталған 316 атқыштар дивизиясын 40% қазақ, 30% орыс, 25% украин, 5% басқа ұлттың өкілдері құрады Алматыда жасақталған генерал И В Панфилов қолбасшылық 316 атқыштар дивизиясы көп ұлтты құрамымен ерекшеленді .Отан соғысының майдандарында мыңдаған Қазақстандық қыздармен жігіттер жанқиярлық пен шайқасып, қазақстандықтардың есімдері Брест қамалын қорғаушылардың арасында Эстония және Латвия, Ленинград шайқастарында аталды Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары-- Т. Бигелдиновтың, С. Луганскийдің, Ә. Молдағұлованың, М Мәметованың, С. Раахимовтың, Б. Момышұлының есімдері бүкіл дүние жүзіне мәлім болды. Қазақстан майданға 1 млн 200 мың ұлдары мен қыздары аттанды Отанын қорғаушы Қазақстандықтардың есімдері әрбір отбасында Қазақстан қалаларымен ауылдарында құрметпен еске алынады.


V. СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС: 8 минут

I.Топ 1- тапсырма. Дұрыс жауабын белгілеу

Семантикалық карта

Дұрыс жауапқа + қою керек

Соғыс қимылдары

1940 ж

18 желтоқсан

1939 ж

1 қыркүйек

1939 ж

30 қараша

1941 ж

30 маусым

1939 ж

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
















Кеңес – фин соғысы
















Барбаросса жоспарын бекіту
















Мемлекеттік қорғаныс комитетін құрау
















Жалпыға бірдей әскери міндеткерлік заңы

















II топ 2- тапсырма. «Ретін тап» ойыны

  1. Ұлт азаттық қозғалыс

1916ж

  1. Азамат соғысы

1918-1920жж

  1. Ұлы Отан соғысы

1941ж

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс

1914-1918жж

  1. Аңырақай соғысы

1729ж

  1. Ақпан революциясы

1917ж


III. топ III тапсырма Тұлғаны таны

Тұлғаларға сипаттама беру
Суреттегі жасырынып тұрған тұлғаларды тауып оларға сипаттама беру.

VI. Жаңа сабақты бекіту : 5 минут

Венн диаграммасы арқылы студенттердің түсінігін тексеру.

Ұқсастығы



Бірінші дүние жүзілік соғыс


Екінші дүние жүзілік соғыс




VII. Сергіту кезеңі: 2-3 минут

Видео көрсетіледі

Ой толғам сәті

Студенттерге парақшалар таратылады олардың соғысқа деген ой – пікірлері тыңдалады


VIII. Студенттерді бағалау: 1 минут
IX. Үйге тапсырма: 1 минут

  1. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.

  2. Германияның КСРО-ға шабуылы тақырыбында реферат жазу

  3. Соғысқа деген көзқарасының қандай? (эссе жазу)

Каталог: uploads -> doc -> 001d
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
001d -> Сабақтың тақырыбы : Аласа таулы өлкелер


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет