Екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады



жүктеу 0.76 Mb.
бет1/3
Дата22.09.2018
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3

АЙГӨЛЕК

Айгөлек




Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халык арасына ең көп тарағандарының бірі осы айгөлск ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемдс, күн үясьша отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күздс де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардың саны неғұрльш көп болса, кеш те соғұрлым қызыкты өтеді. Халық арасына кең тараған бұл ойынға ба-лалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бой-жеткендер де қатыса алады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15—20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары бар-лығы бір дауыспен өлеңдетіп:

Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жузі дөңгелек. Теміршідем дем шығар, Үзекгіден т^р шығар Ақтерек пен көктерек Бізден саған кім керек?^— десе,

екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:

Айгөлек-ау, айгөлек, Айдьщ жүзі дөцгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар Ақтерек пен көктерек Бізге мұнда Бекбай керек.

Осы аты аталған ойыншы жүгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардьң біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек. Егср бүзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтык қатарында қалады, ал бүзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қай үнатқанын өз тобын'а алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойын-

шылары таусылғанша ойнай береді, болмаса белгіленген уакыт аралығында қай топтың ойыншы-лары көп болса, сол жағы женіске жетті деп есеп-телінеді.



Айгөлек ( Ақсерек-көксерек )

Халық арасында айгөлек ойынының екінші түрін аксерек-көксерек деп атайды. Ел ішінде көп та-раған бұл ойынды жасөспірімдер мен бозбалалар, жігіттер мен бойжеткендер ашық аспан астында ойнай береді.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнаушылардың өзара келісуі бойынша топ тең екіге бөлінеді, Әр топтағы жастар 20—30 адым қащықтыққа барып, қолдарын мықтап ұстап карама-қарсы катарға тұрады. Екі топ-тың да қатарының оң жак басында топ басқарушылар тұрады. Өзара келісім бойынша топ басқарушылардың біреуі:— ақ серек — көк серек, біздсн сізгс кім керек — дейді. Екінші топ баскарушы:—сізден бізге бәленшс керек,^- деп кез-келген бір ойыншынын атын атап шакырады. Шакырылған ойыншының максаты сол, түрған жерінен жүгіріп шыққаннан екпіндеп келіп ағынымен ұстасып тұрған екі колды үзіп өтуі (қай жерде, кай қолды барып үзеді — еркі өзінде) керек. Егер үзіп өтіп кетсе, онда сол екі ойыншының қай көңіліне жакқанын өз тобына алып келеді. Ал қолды үзіп кете алмай қалса, онда барған тобында қалады. Қай топ өз қарсыластарын, өз тобына бұрын қосып алса, сол топтың ұтқаны. Сөйтіп өздері күні бұрын тағайындаған жүлдені алады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

Айгөлек (Мәлке-тотай)

Айгөлектің үшінші түрі осылай аталады. Бүл ойынды да жастар ерте кезден-ак сүйіп ойнап кел-гсн. Өйткені. әдетте той-думан жүріп жатқан үйге жастар көбірек жиналмай ма, міне сол кезде мәлке-тотай ойыны да басталып кетеді.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Жастардың бас-аяғы түгел жиналып болғаннан кейін өзара келісімдері бой-ынша тең болып екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары ара қашықтығы 20—30 адымдай жер-дегі өздері белгілеген көмбелеріне барады. Әр топтың өз ойыншылары бір қатарға тұрып, бір-бірінің қолдарынан мықтап керіп ұстап түрады.

Екінші жақтың ойыншылары бәрі бірден шулап: «Мәлке-тотай» дейді. Бірінші жақ «кімді қалай» де-генде, екінші жақ «жаман-жаман пәленшені қалай»— деп атын атайды. Аты аталған Бекбай қолын қусырып, аналарға қарсы жүгіріп, өзіне ұнаған ба-ланы алып келуге қам қылып қатты соғады. Соққанда қолын үзіп кетсе жеңген ер бенде болып қолы үзілген екеудің бірін өзіне апарып қосады. Егер үзе алмай қалса, жеңілген ер бенде болып, өзі сол жаққа қосылады.

Енді «Мәлке-тотай»-ды бірінші жақ айтып, екінші жақ қол ұстасып тұрады. Сөйтіп жоғарыдағы жолмен бір жағы таусылғанша ойнай береді. Ең соңғы бала басын тырнап немесе үш ауыз өлең, не күлдіргі сөз айтып құтылады. Содан соң балалар тағы да екі топқа бөлініп, ойынды басынан қайта бастайды.

Ақбайпақ

Бұл ойын да айгөлек секілді жасыл көгалдарда, аландарда ойналады. Ойнаушылардың саны неғүрлым көп болғаны дүрыс. Өйткені ойын өте қызықты өтеді. Жасына, жынысына қарамай ойнағысы кел-гендердің бәрі ойынға қатыса алады.

ОИЫН ЕРЕЖЕСІ. Жиналғандар жүресінен
дөңгелене отырады. Ал орталарына бір баланы
көрсетпей жауып тастайды. Осы кезде інген бота-
сын іздеп боздап келген бетінде ойыншының иығына
отыра кетеді. <

Сол сәтте ойыншы:— Ақ иығымның үстіндегі кім?— дейді.

Інген:—Ақбайпақ!

Ойншы:— Нең жоқ?

Інген:— Ботам жоқ. .

Ойыншы:— Ботаң көлде бетін жуып жатыр.— Орнынан тұрып 4—5 адымдай жерге барып келіп бө-ө-ө-ө жоқ қой деп иығына қайта тағы бір отырып кетеді. Екіншісіне барып отырады. Ол да солай:— ботаң шөпшек теріп жүр,— дейді. Келесі ойыншы:— ботаң үйықтап жатыр,— дейді. Осылайша барлық ойыншының иығына отырып болған кезде, ойнаушылар ботаны тастай беріп, әркім өзінің ботаға бергенін айтып, бірі:— су бердім,. екіншісі:— бу бердім, үшіншісі:— таяқ бердім, тағысы-тағы, солай деп... жан-жаққа бытырап қаша жөнеледі. Сонда

ғана жаны жай тауып ботасын көрген інген енді кім не берді деп одан сұрай бастайды. Сөйтіп ботаның айтуымен оған жөндеп тамақ бермегендер, інгеннің әмірімен жазалана бастайды. Яғни, ән салып, би билейді, әйтеуір өнер көрсетеді. Осылайша жаза біткеннен кейін ойын қайта басталады. Енді інген мен ботаның ролін басқа біреулер ойнайды.





Аңшылар

Атына қарағанда бұл ойын жазық далада, немесе қыратты төбеде өтетін сияқты. Ал шындығында тіпті де олай емес. Есік алдында, аула ішінде, кейде кең бөлмеде де ойнауға болады. Тек үлкен киіз үй орнындай дөңгелек шеңбер сызып алса, сол орын әбден жетіп жатыр. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының ойнап жүрген үш добы қажет. Бұл ойын әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге қолайлы-ақ.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойын іс үргізуші күні бүрын белгіленген шеңбердің бойына үш жерге қолдарына доп беріп үш баланы түрғызады. Бүлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болады да, ойын жүргізушінің берген белгісіңен кейін шеңбердің ішіне жамырай кіреді. Сол сәтте басқарушы тоқта деген бүйрық береді. Бүйрық берілген кезде бәрі орында-рында қозғалмай түрып қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректер» доптан тек денелерін ғана қозғап бұлтара алады, ал тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. Өлген «үйректер» «аңшыны» алмастырады, ал үйректерге тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды.

Осылайша үш аңшы бір минут уақыт аралығында қанша үйрек атып алады. Ойын соңында оқ тигізбей орнында қалған үйректер аңшының ролін ойнайды. Ойын осылайша бірнеше рет қайталанады.



Аңшылар (екінші түрі)

«Аңшылардың» екінші түрі жоғарыда көрсетілген ойынға әбден үқсас. Бұл ойынньң бір айырмашылығы - үш доп емес, бір-ақ доп та жетіп жатыр.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнаушылар тең болып екі топқа бөлінеді. Бір тобы «үйректер»— шеңбердің

ішінде қалады да екінші тобы «аңшылар»— шеңбер бойымен қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша «аңшылар» «үйректі» атып ала бастайды. «Аңшылардың» бұл екінші түрі тек уақытпен ойна-лады. Берілген уақыт өткеннен кейін «аңшылар» мен «үйректер» орындарымен ауысады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында қай көп «үйрек» атып алған «аңшылар» тобы ұтқан болып есептелінеді.'



Арынды арқан

Ойын жастар кешінде ойналады. Оған ұзындығы 2—3 метрдей жіп керек. Кешке келген үлкенді-кішілі адамдардың бәрі де ойнай алады. Ойнаушы-лардың саны неғүрлым көп болса ойын соншалықты қызықты өтеді.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнаушылар дөңгелене шеңбер бойына тұрғаннан кейін қолында арқаны бар жүргізуші топ ортасына шығады. Ол ойынды баста-дым деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар секіріп-секіріп арқанды аяқтарының ас-тарынан жіберіп тұрады. Кімде кім арқанды жібере алмай аяғымен басып қалса, онда сол адам жаза тартады. Оның жазасы — көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді. Не ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп болған соң ойың жүргізушімен орнын ауыстырады. Осылайша ойын жалғаса береді.

Арынды арқан (екінші түрі)

Жастар көп жиналған жерде ойынның осы екінші түрін ұйымдастыруға болады. Қолды қимайтын 2—3 метрлік жібек арқан немесе үзіліп кетпейтін жуан бас жіп керек. Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Алғашқыдай бұл жолы шеңбер бойында жағалай тұрған адамдар енді арқанды аяқтарымен басып қалса жаза тартпайды, ол жігіт немесе қыз-келіншек ойыннан шығып отырады. Дәл осылай шеңбер бойында бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруі керек. Сонымен, шеңбер бойында қалған ең соңғы адам жеңімпаз атанады. Ол ойыншы алдын ала белгіленген сыйлыққа ие болады.













Бұрыш
Жастар кешіне жиналған жастар ішінен бұл ойын-ды ойнауға тілек білдірген бес немесе он адам жеке бөлініп шығады. Егер он адам ойнағысы келсе, онда бес-бестен екі топқа бөліну керек. Бұл ойынға балалардан бастап ересек адамдарға дейін қатыса алады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойын жүргізушінің бұйрығы-мен белгілі бір ара қашықтықты сақтап (3—5 м.) 4 бала төрт бұрышқа тұрады. Ойын жүргізушінің мақсаты-осы төртеуінің ортасында жүріп олар екі-екіден орындарын ауыстырып тұрған кезде, тезірек бос орынға тұра қалу. Ойын анығырақ болу үшін әрбір ойыншының тұрған жерін бормен немесе таяқпен сызып белгілеп қою керек. Орнынан айрылған ойыншы ойын жүргізушіні ауыстырады, сөйтіп ол да бос орын іздей бастайды. 10 ойыншы болғанда екі топқа бөлініп ойнауға болады.



Дауыста — атыңды атап

Ойын көбінде жастар кешінде ойналады. Ойынға көз байлайтын бір бет орамал, үзындығы бір-бір жарым метр таяқ керек. Ойнаушылардың саны неғүрлым көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Жиналғандар қол ұстасып дөңгелене шеңбер бойында тұрады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады. Сөйтіп ол қолындағы таяғын өзіне қарсы қарай тұрған ойын-шылардың кез келгеніне ұсынады да дауыстап — атыңды ата — дейді. Таяқтың екінші басынан үстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін дауысын бүзып ды-быс шығарады. (Қол үстасып, шеңбер бойында түрған ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста бо-лады), Көзін байлаған ойыншы кімді түрткенін та-уып алса, сол ойыншымен орнын ауыстырады. Таба алмаса кез келген ойыншыға үсынады, оны таба ал-маса келесіге үсынады, осылайша үш ойыншының атын айтады. Анықтай алмаса ойын басынан қайта басталады, осылайша қайталана береді.

Домалақ агаш (Қазан)

Бұл ойынды қыс уақытында мұздың үстінде де, ал жазда тақыр жерде, таза алаңдарда да ойнауға

болады. Ойынға қатысушылардың әрқайсысының өзінің басы қайқыш қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек. Ойынға 8—10 бала қатысады.

ОЙЫН КЕСТЕСІ. Әркім өздеріне топ ортадан қазан және шеңбер сызады. Егер ойнаушылардың саны көп болса, шеңбер де соғұрлым үлкен сызылуы қажет. Ойнаушылар шеңбердің бойымен қатарға тұрып, арасы бір-бір адымдай жерден, яғни өзінің алдынан қазан қазып, домалақ ағашын соған қояды. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос қазанды күзетіп тұрады, яғни басқа шеңбер бойындағы тұрған ойыншылардың мақсаты — әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос қазанға түсіруге тырысады, ал ортадағы бос қазанды күзетіп түрған ойыншы басқалардын домалақ ағаштарын өзі күзетіп тұрған қазанға түсірмеуге тырысады. Егер оратадағы қазанға дома-лақ ағашын кім түсірсе сол екеуі бір-бірімен орын-дарымен ауысады. Ойын осылайша жалғаса береді



Жаяу көкпар




Ойын күні бүрын белгіленген жерде бозбалалар
қатысуымен өтеді. Ойнаушылардың санына шек
қойылмайды. Әдетте, бұл ойынды ер балалар ойнайды. 'ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Балалар көмбедегі белгілен-ген түзу сызықтың бойына қаз-қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден бір мезгілде тұра ұмтылған балалар 10 адымдай жерде жатқан көкпарды қай бұрын жеткені алып қашады. Қолында көкпары бар бала арасы бір шақырымдай екінші көмбеге бұрын жетуге тиіс. Сөйтіп көкпарды ешкімге бермей әкелсе, сол ойыншының ұтқаны. Бұл ойында көкпардың орнына бөрік не-месе басқа бір затты қолданады

Жаяу көкпар (екінші түрі)

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Жаяу көкпардың бұл түрінде ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Енді көкпарды көмбеге бұрын әкелген жалғыз ойыншы жүлдегер аталмайды, сол ойыншының тұтас тобы жеңімпаз атанады. Озып келген топтың ойыншылары жүлдені өзара бөлісіп алады. Ойын қайталанбайтындай жағдай болса, онда басқа балалар көмбеге шығады.





Қара сиыр

Он жастағы баладан отыз-қырық жастағы жігіт ағасына дейінгілер қопалы, жыңғылды жерге жина-лады. Ну орман іші болса тіпті жақсы

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Әлгі жиналған топ өздерінің іштерінен бір адамды жеке шығарып алып, оны алыстау жерге таман барып бөркін немесе басқа бір белгілі затты жасыруға жібереді. Оның өзі де сол маңайда жасырынуы керек. Қалған ойьшшылар-дың барлығы жасырынған ойыншының тыққан затын іздеуге кіріседі. Кімде кім тығылған бөрікті көріп қойып, алуға қам жасаса, онда иесі оны бермеуге тырысады. Бермеу дегенде екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, оған қай бұрын жеткені алады. Ал көрген ойыншы ала алмай қалса онда иесі қорып бөрікке жібермеуге тырысады. Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсай алмайды. Қайткенде де алдап жүріп алып, оны ойын жүргізушіге ертіп келулері керек. Келесі жолы бөрікті әкелген ойын-шы барады да, ойнаушылардың уақыттары жеткенше қайтадан ойын жалғаса береді.

Қамалды қорғау

Ойынға мосы, болмаса орындық және жүннен істелген бір доп керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды, жасөспірімдердің барлығы ойнай ала-ды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнауға тілек білдіргендер үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады. Шеңбердің ортасына «қамал», яғни мосыны немесе орындықты қояды, ал бір ойыншы оны қорғайтын болады. Шеңбер бойындағы тұрған ойыншылар қамалды доп-пен атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты «қамалға» тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты «қамалға» тигізсе сол қорғаушымен орнын алмасты-рады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Лек жалау (Шөлдік)

Бұл тақыр алаңдарда ойналатын балалар ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген, ұзындығы бір қарыс шөлдік (ағаш) керек. Ойынға күні бұрын үлкен қазан аузындай шеңбер сызылып, ортасына шөлдік



қойылатын шұңқыр қазылады, шөлдік шұңқырдың ішінде емес үстінде жатуы керек. Бұдан басқа әр ойыншының өзінің ұзындығы бір метрдей таяғы болу керек. Ойнаушылардың санына шек койылмайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнаушылар кезек алысып, біріншіден бастап әрқайсысы өз кезінде шөлдікті қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да таяғьн шеңбердің үстіне тастайды Ал екінші кезектегі ойыншы шөлдікті түскен жерінен алып қайтадан соққан ойыншының таяғын көздеп шеңберге қарай лақтырады Лақтырған кезде таяққа тигізсе не болмаса шеңбердін ішіне түсірсе, онда соққан ойыншы ойыннан шығып қалады, ал егер бірінші шөлдікті жерден көтеріп, жерге түсірмей соққан кезде де тигізе алмаса, онда да ойыңнан шығып қалады. Ал лақтырған ойыншы не таяққа тигізе алмай, я болмаса дөңгелек сызықтың ішіне түсіре алмаса, онда бірінші ойыншы шөлдікті шекіп соғады, әр соққанда үш реттен соғады. Сөйтіп қай жерге апарып түсірсе сол жерден дөңгелек сызыққа дейін таяғымен өлшеп санап келіп, екінші ойыншыға ұпай салады. Бірінші ойыншы жоғарыдағыдай себептерден ойнай алмай, ойыннан шығып қалса онда екінші ойыншы соғушы болады, ол шығып қалса онда үшінші ойыншы соғушы болады. Ойын осылайша бәрі ойнап біткенше жалғаса береді.



Орамал тастау

Ойын көгалдарда, үлкен бөлмелерде өткізіледі. Ойынға екі бүктеліп есілген орамал ке-рек. Той-думанға, кешке келгендердің бәрі қатыса алады. Ойнаушылардың саны неғүрлым көп болса, ойын да соғүрлым Кызықты өтеді.

ОЙЫН КЕСТЕСІ. Ойнаушылар тең екІ топқа бөлінеді де арасы он адымдай белгіленген екі сы-зықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қа»~ деп да~ уыстайды, ол қағып алып «ғаз»— дейді болмаса, «ла»— дейді. Сонда «қағаз», «қала», тағы басқа сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы: «са»-— деп дауыстаса —«са-дақ», «сақа», «сабын», «сарын» сияқты сөздер айты-луы керек. Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай екінші буынын

уақытында тауып айтылмай қалса, онда ортаға шығьіп өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Осылайша ойнаушылар ора-малды бір-біріне лақтырып, ойынды жалғастыра бе-реді.


Ұшты-ұшты

Ойынды жастардың сауық кештерінде, көгал-дарда, ашық алаңдарда ойнауға болады. Ойнау-шылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді. Ұшты-ұшты ойынына ересектер-мен қатар балалар да қатысса, өте қызықты өтеді.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Бір жігіт ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, не болмаса өзіне каратып бір қатарға отырады Содан кейін, ойын-ның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды (ойын жүргізуші өзіне барлық ойын-шыны көріп түратындай жағдай жасауы керек). Ойын жүргізуші — ұшты-ұшты-ұшты, бөдене ұшты деп қолын көтереді, сол кезде ойнаушы-лар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді, ал ұшпайтын затты ұшты деп қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойнаушылар жаза тартады, ал үшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса, онда да жаза тартады, сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек. Ойын жүргізуші ұшатын зат-пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойын-шыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көлшілікке таныс емес құстардың атын айтып та ұшатын жәндіктердің атын айтып та, жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты — кекілік ұшты, ізінше, кекіл ұшты, қарға ұшты — сырға ұшты, көбелек үшты — ебелек ұшты, тауық үшты, уық ұшты, қаршыға ұшты — қанжыға ұшты... деп жалғаса береді.

Алданған ойыншылардың жазасы сол, олар көпшіліктің үйғаруымен өлең айтып, би билеп, домбыра тартады, тіпті болмаса мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбей-ген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдушылық та күшейе түсіп, отырғандардың ішек-сілесі қатып күлкіге көміледі.



Шымбик е
Шымбикені жастар кешінде, көгалдарда, алаңдарда ойнаған жөн. Ойнаушылардын саны 10 адамнан кем болмаулары керек және жігіттер мен қыздардың саны бірдей болғаны жөн.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ/ Арасы 5 метрден екі түзу сызық сызылады. Бір түзу сызықтың бойына қаз-қатар ойнаушылар тізіледі, ал екіншісіне ойын жүргізуші, яғни ақсақ кемпір, немесе жалмауыз ойнаушыларға қарсы қарап түрады. Қатардағы ең бірінші ойыншы немесе топ басқарушы аксак кемпірге қарап:



  • Шым-шым, шымбике!

  • Шымылдығынды қүр, бике!

  • Ақсақ кемпір тоңқылдақ,




  • Бұрама темір солқылдақ, мына судан қайтіп
    өтемін,— дейді.

Ойын жүргізуші (ақсақ кемпір):-— Ақсақ кемпір тоңқылдайды, Бүрама темір солқылдайды — көйлегіңді салып өт,— деп әмір етеді. Осыны естіген ойыншы екі аяқтап алдыға бір рет секіреді де, тағы да: мына судан қайтып өтемін,— дейді. Сонда ақсақ кемпір: тоныңды салып өт!— Тағы секіреді. «Мына судан қайтіп өтемін». «Қалпағыңды салып өт». Төртінші рет секіргенде ақсақ кемпір қолынан үстап өткізіп алады да: «Неше аяқ көжс ішесің»— деп сүрайды. «Төрт аяқ». «Отыр!» Отырғызып қояды.

Енді қатарда түрған ойыншылардың екіншісі шым-шым Шымбике деп айқайлайды/ Дәл жоғарыдағыдай ойын қайталанады. Әбден болғаннан кейін ақсақ кемпір нөкерлерінің бірін шақырып алып — адамзаттың баласы жалмауыздың қолына түсті, жазалайсың деп бүйрық береді. Нөкер «топ басқарушы» бүйрық бойынша, неше аяқ көже ішем деді, сонша рет маңдайдан шертеді. Бәрін жазалап болғаннан кейін ақсақ кемпір ролін ауыстырады да, ойын қайта жалғаса береді.



Шымбике (Қоғайгөк)

Ойын алаңда, болмаса спорт залда өтеді. Ойнау-шылардың санына шек қойылмайды. Ойынға жіңішке сым темір керек (сым «жалмауыз кемпірдің» инесінің орнына пайдаланылады). Ойын басқарушы балалардын арасынан біреуін «жалмауыз кемпір» етіп сай-лайды, болмаса бұл рольді өзі ойнайды. Қалғандары каздардың рольдерін ойнайды.

ОИЫН ЕРЕЖЕСІ. Каздар бір-бірінің белдерінен ұстап тізбек құрады да кемпірге жақындап:

Қоғай гөк, гөк, гөк,

гөк, гөк, гөк, Қоғай

— деп хормен әндетеді.

«Жалмауыз кемпір»—- алдыңғы қазға ине берсді де, жоғалтып алма,— дейді. Ине орнына сіріңкснін шиін колдануға болады. Каздар әндетіп енді ксйін кайтады. Сол кезде «жалмауыз ксмлір>>-

Әлгім, әлгім қайда?

Әлгім, әлгім қайда?
— деиді. Каздар:

Әлгің, әлгің қайда?

Әлгің қалды сайда.

— дсп жауап қайтарады.

—- Ә, солай ма, онда ісім ссндсрмсн болсын,— дсп «жалмауыз кемпір» қаздарды ұстауға әрекет жа-сай бастайды. Ойын тәртібі бойынша «жалмауыз кемпір» тізбсктің ең соңында тұрған қазды ұстауға міндстті. Тізбсктің алдында түрған қаз оған қаздарды ұстатпауға әрекет жасайды.

Ойынның барысында әрбір ойыншы «жалмауыз ксмпір> ролін атқаруға міндтті. Сондыктан класс екі топқа бөлініп. Әр топ өз беттеріншс ойнағаны жөн. Кебінесе ойынға 6—8 адам қатысып, әрқайсысы 3—5 минуттан «жалмауыз кемпір» ролін ойнағанда балаларға ойын түсінікті болады.

Ойынды баскарушы ойын соңында жеңімпазды анықтайды». «Жалмауыз кемпір» ролін ойнағанда 3—5 минут аралығында кай окушы көп қаз ұстаса, сол женімпаз атанады. Осылайша бслгіленгсн уақыт аралығында ұсталған каздардың санына байланысты ойынға катыскан ойыншылардың барлығының жекс алған орындарын анықтап шығуға болад.

Шерптек

Көбінсе жастар кешіндс ойналады. Оның қызықты өтуі үшін ойнаушылардың саны неғұрлым көбірек болғаны жөн. Ойынға екі қабатталып есілген бет орамал керек. Кешке жиналғандардың арасында қыз-келіншектср болса да кызықты өтсді






ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Жастарды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, бір жігіт ортаға шығып орамалды иығына салады. Сөйтіп отырғандардың артында айнала жүреді де, кез келген бір ойыншы-ның екі көзін екі қолымен баса қояды, сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайына шертіп кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере са-лып, иығындағы орамалды алып арқасынан тарта бастайды да: «шертпегімді тап»,— деп дауыстайды. Орындықта отырған жігіт немесе қыз таяқты көп жемеу үшін әлгі көзін басқан адамның атын тезірек айтуы керек. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, жыр жырлайды, ал егер тауып алса, шерткен адам жазаны өзі тартады. Жалпы, бүл осындай тәртіппен ойын қайта жалғаса береді.

¥жымақ-тозақ

Әсіресе, жаз күндері ашық аспан астында өтетін бұл ойынға бес адам қатысуы тиіс. Егер тілек білдірушілер көбейіп кетсе, онда екінші топқа бөлінуі керек. Онда да бес адам болғаны дұрыс.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойын жүргізуші бірден екі тас алып біреуін ұжымақ, екіншісін тозақ етіп белгілейді де, о дүниеге кетіп бара жатқан «кемпірдің» көзін байлап тастардың қасына алып келіп, біреуін алуды өтінеді. «Кемпір» айырмашы-лығы жоқ екі тастың біреуін алады да ойын жүргізушіге береді. Ол ұжымақ пен тозақтың қайсысы екенін анықтайды. Ал қалған төрт ойыншы «жан алғыш» болып «кемпірдің» роліндегі ойыншының төрт аяғынан алып тербетіп: егер тозаққа баратын болса онда барлығы бір дауыспен:

Алдың ор, артың да ор,

Ортасында қыл көпір.

Оңыңда от, солыңда су,

Өтсең кеттің, өтпесең қалдың.

— деп жсрге қояды. Ал үжымаққа баратын болса


онда:

, Жақсылығың жаныңда, адалдығың алдыңда, Бара жатқан жағыңда — Көрер қызық алдыңда,

  • деп оны аяғынан тұрғызады. Сөйтіп «кемпірдің»
    ролін басқасы ойнайды. Барлығы «кемпірді»
    біткенше ойын жалғаса берсді.


Сиқырлы таяқ





Жастар кешінде ойналатын сиқырлы "таяққа ұзындығы бір-бір жарым метр таяқ керек. Жи-налғандар бала-шаға демей-ақ, жасына қарамай ойнай берулеріне болады. Қатысқандардың саны 8— 10 адамнан артық болмауы керек.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСі. Ойнаушылар қол үстасып дөңгелене шеңбердің бойына тұрады. Ойын жүргізуші қолында таяғы бар, шеңбердің ортасына шығып, ойынның жағдайын тусіндіреді:— ойнаушы-ларды бірден бастап ең соңғы адамға дейін нөмірлеп шығады. Таяқты тігінен жерге қойып ұстап тұрады да, қоя беріп кез келген бір нөмерді шақырады, шақырған нөмер (ойыншы) таяқты жерге құлатпай қағып алса, өз орнына барып тұрады, ол ұстай алмай таяқ құлап қалса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортада өнер көрсетеді, Осы-лайша ойын жалғаса береді. Барлық ойыншы бір-бір реттен міндетті түрде ойнаулары керек, ал одан ары ойынның жалғасуы ойнаушылардың өз еркінде.



Түйілген орамал (түйілген шыт)

Ойын көгалдарда, алаңдарда ойналады. Ойнау-шылардың санына шек қойылмайды. Ойынға орта-сынан бір-екі түйілген орамал, немесе шыт керек. Ойынды түнде де ойнауға болады, ол үшін орамал ақ болуы керек.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Өжеттеу бір жігіт ортаға шығып ойын бастайды. Ең алдымен ойнаушылар-ды өзінің айналасына жақынырақ жинап алады. Содан бір, екі, үш-деп дауыстайды. Осы кезде ойнаушылар жан-жаққа бытырап қаша жөнеледі. Ал ойын .жүргізушінің өзі қолында түйілген ора-малы бар ойыншыны қуалап, қолындағысын тар-тып алуы керек. Ол ойыншы ойын жүргізуші жете бергенде қолындағы орамалды басқа ойын-шыға лақтырады, орамалды қағып алған ойыншы басқаға лақтырады. Осылайша ойын жүргізуші біреудің қолынан түйілген орамалды тартып алғанша қуа береді. Ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Болғаннан кейін түйілген орамалды ойын жүргізушімен бірігіп қуалайды, болмаса ойын жүргізушіні ауыстырады. Осылайша ойын жалғаса береді.

Түйе—түйе


Бұл ойынға ықылас білдірген жастар көгалға не алаңға жиналып алып, екі топқа бөлінеді. Бірінші топта ойнаушылардың үштей екісі болуы, екінші топта үштен бірі болуы керек. Екінші топтың ойнау-шыларының бірі інген болады. Ал қалғандары сол інгеннің боталары.




ОЙЫН ЕРЕЖЕСі. Бірінші топтың ойыншылары ойын жүргізушінің хабарлауымен бытырап-бытырап жан-жаққа тарап кетеді, жаңағы ботасын бағып жүрген інгеннің боталарын бір-бірлеп ұрлай бастай-ды. Содан ұрлай-ұрлай ақыры бір бота қалады. Інгеннің ақырғы ботасы қалғанда құдайға жалбары-нып, тәубә айтып, намаз оқып отырған сәтті пайда-ланып ұрылар ақырғы ботасын ұрлап алып кетеді. Содан намазын оқып болған інген тұрып жан-жағына қараса жалғыз ботасы ол да жоқ екеніне көзі жетеді. Енді боталарының барлығынан айрылған інген жоқта у айтып, айналасын іздеп, әбден шаршайды. Содан іздей-іздей жүріп, ақыры ботасын ұрлаған ұрыларға, яғни топқа тап болады. Ойнаушылардың барлығы бір жерге жиналады Осы кезде топ ортасынан ботасын көрген інген қуанышқа қойны толып ағынан жа-рылады. Содан інген ботасынан кім не берді, деп сұрай бастайды: ол кімнің не бергенін атап-атап ортаға шақыртып алып айта бастайды. Інген ботасын кімнің қалай қарсы алғандығы бойынша жазалай бастайды Ойнаушылардың қай-қайсысы болмасын өзінің еңбегіне қарай жазасын алады. Осылайша інген мен ботаны басқа ойыншылар алмастырады да, ойын қайта жалғасады.

Тұтқын алу

Балалардың ертеден сүйіп ойнап келе жатқан бұл ойынына бозбалалар мен бойжеткендердің де қатысуына әбден болады. Қатысушылардың саны неғүрлым көп болса, кеш те соғүрлым көңілді өтеді.

Ойын көгалдарда өткізіледі. Ойнаушылар жас-тарына, жыныс ерекшеліктеріне қарамай-ақ ойнай береді. Ойнаушылардың саны неғүрлым көп болса, ойын соншалықты қызық болады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы ортаға шығады да теріс қарап тұрып, қолдарын




айқастырып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп: алал-ай, бұл-ал-ай, солай-ай,— деп, әндетіп көпірдің ас-тынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың басшысы бірінші топтың ойыншыларын көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысына көпірден өте бергенде бір-бір тастан немесе бас киімнен ұста-тады да тастың белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы тастың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен: алал-ай; бұлал-ай; солай-айдың біреуі. Егер тастың атын тапса онда көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса онда ойын жүргізуші көзін байлап, қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластардың тобына жібереді. Осылай бірінші топ көпірдің астынан өтіп болғаннан кейін қолға түскен тұтқындар топ ортасында өнер көрсетеді. Ойын қайталанған кезде көпірдің астынан екінші топ өтеді де, тұтқындарды бірінші топ ұстайды. Осылайша ойын қайта басталады.

Тепе-теңдік

Жұмыр ағаштың үстіне тақтай қойылады. Ойын-ды жүргізуші екі қолына екі тостаған алады. Біріне толтырып құм салынған, екіншісі бос.

ОИЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойынды бастауға кезек алған
бала тақтайдың үстіне шығып, салмағын тепе-теңдік
жағдайға келтірген соң, оң қолындағы тостағандағы
құмды сол қолдағы бос тостағанға шашыратпай құюы
керек. Ойынды екінші рет қайталағанда бұл жат-
тығуды тақтайдың үстімен жүріп бара жатып орын-
дау керек. '

Лақша секіру

Бұл ойынды қазіргі сырықпен биіктікке секірудің ертедегі түрі десек те болады. Әр ер бала өзінің 3 метрлік сырығын ала келгені жөн. Тереңдігі 2—3 метрлік ор қазылады. Жиналған балалар бір жағада тұрып сырықтың көмегімен келесі жағаға секіріп түсуі керек.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Балалар басқарушының бұйрығымен өздері секіретін арықтың жағасына қатарға тұрады. Ойынды қатардың бірінші түрған ойыншысы бастайды. Ол ойын басқарушының
белгісінен кейін қолындағы сырығымен секіретін орыннан он метрдей жерге барып жүгіріп келіп, сырығын ордың жағасына тіреп шамасы келгенше ордың ар жағына түсуі керек.

Ойынның шарты бойынша кім ең алысқа түссе, сол жеңімпаз атанады.



Күзетшілер

Қанша бала болса да.қатыса беруге болады. Екі


бала қақпаның күзетшілері міндетін атқарады.
Екеуінің де көзі орамалмен байланады да, аралығы
бір қадамдай қашықтықта қол үстасып қарама-қарсы
тұрады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Басқа балалар бір-бірлеп күзетшілер түрған қақпадан білдірмей өтіп кетуге тиіс. Күзетшілердің сыртынан айналып өтуге бол-майды. Егер күзетшілердің біреуі өтіп бара жатқан ойыншыны сезіп қалып, қолын тигізсе, сол ойыншы күзетшілікке тұрады. Қақпадан үш рет білдірмей өткен ойыншыға бәйге беріледі.



Кірпіше қарғу

Он шақты бала іріктеліп жеке бөлініп шығады. Ойынға тек ұлдар қатысады. Балалар бірінен кейін бірі 3—4 метр аралықта сапқа түрады. Әр ойыншы басын ішке салып, бір аяғын алға созады да, созған аяғының үстіне қолдарын қойып, еңкейіп түрады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойынды қатардағы ең соңғы бала бастайды. Ол еңкейіп тұрған алдындағы баланың арқасына қолын тіреп, аяғын тигізбей, үстінен қарғып өтеді. Содан кейін алдына келіп, өзі де еңкейіп тұрады. Қарғи алмаса, ойыннан шығып қалады. Кезек бастапқы қарғыған балаға қайта айналып келгенде ойын бітеді. Ойын екі бала қалғанша жалғасады да, бұлар жеңімпаз атанады. Енді ойынды қайта бастауға болады.

Үй үстіндегі кім?

Столды жағалай тұрған балалар бір-бір жүды-рығын түйеді де, столдың үстіне қояды. Басқа балалар да жұдырықтарын түйген күйі стол үстіне қоя бастайды. Бірінің үстіне бірі қойылған қолдар бірнеше қабат үй сияқтанып биіктей түседі. Егер ойнаушы аз болса, әр ойыншы қос жұдырығын қоюға болады.


Ең үстіңгі қолдың астындағы жұдырықтың иесі бастап,
қалғандары қоштап мынандай сөздерді айтып
шығады:

  • Үй үстінде кім бар?
    : Мұсамын.

  • Неғып жүрсің?

  • Ұшамын.

  • Тезірек ұш!

  • Қорқамын.

  • Кешігіп ұш!

  • Асығамын.

  • Секіріп түс!

  • Жығыламын.

  • Астыңдағы не?

  • Келі.

  • Ішіңдегі не?

  • Тары.

  • Жүзің неден сары?

  • Жас шіркіннің кәрі.

Осы сөздерді айтып болғаннан кейін ойнаушы-лар түгелдей:
Атта жымпи,

Көжені іш те тымпи!—

деп, қолдарын алады да тым-тырыс бола қала-ды.

Осы кезде кім бүрын күліп, не болмаса қозғалып қойса, сол айып тартады. Ойын бастаушы айып тартушы баланың алақанын жазып, қолын ұстап отырады да:



  • Кімнің үйіне қондың,— деп сұрайды.
    Айыпты бала ойланбастан:

  • Әсеттікіне қондым,— деп жауап береді де:

Әсет атам ет асатар,

Ет асатса бес асатар,

Бесбай етті неше асатар?—

деп, тез-тез бірнеше рет қайталайды, жаңылмаса, айыбын өтеген болып есептеледі. Егер жаңылса, ойын бастаушы тағы да:

— Кімдікіне қондың?— деп қайталап сұрайды,
Айыпты бала бұл жолы өзі білетін үйлердің

ішінен біреуін атайды. Ойын бастаушы күліп қойған ойыншының алақанын қаттырақ шымши отырып ет асата бастайды. Ет асатуды үйде неше кісі болса,- сонша рет қайталайды. Ең соңында ойын бастаушы:

— Енді жақсылап тұрып өзім де бір асай-ын,— деп батыра шымшып, өзі де ет асайды. Бұл ойын барысында ұтылған ойыншыларға қолданған шара.

Атқаума

Ортаға алты бала шығып, олар үш-үштен бөлінеді. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін ұстайды. Қарама-қарсы тұрған бала да дәл осылай істейді. Содан кейін бос қалған қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды. Үшінші баланың орамалмен көзі байланады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Үшінші бала көзі таңулы екі баланың айқасқан қолына отырады. Қолдасып тұрған балалар: «атқаума, атқаума»— деп, әлгі қолда отырған баланы көтеріп, басқа ойынға қатыспаған балалар қаумалап, белгіленген жерге дейін жүреді. Көтеріп келе жатқан екі баланың бірі:

— Ақ сандық, ақ сандық,— дейді.


Оған көзі байлаулы бала:

— Көк сандық, көк сандық,— деп жауап


береді.

  • Аспанда не бар?

  • Жұлдыз бар.

  • Жерде не бар?

  • Қүндыз бар.

— ■ Көлде не бар?

— Балық бар.

Қаумалап келе жатқан екі бала:

— . Мына жерде шөл бар


Мына жерде ел бар,

Мына жерде көл бар,—

деп қолдарын босатып жібереді. Отырған бала қүлап түссе, үпай береді. Құламай тіке түрып қалса, екі бала үпайға жығылады. Енді қай үтқан ойыншының талабы орындалады. Ойын шарты бойынша үтылған ойыншы еш қарсылықсыз қойылған талапты орын-дауға міндетті. Ойын осылай тағы да қайталана бе-реді.
Ордағы қасқыр

Алаңның ортасынан арасы — бір, үзындығы он метрдей екі түзу сызық сызылып, қасқырдың оры жасалынады. Ойынға қатысушылардың үштен бірі

қасқырдың ролін ойнап, орға барып отырады. Қалғандары алаңның бір жағына шығады. Олар — қозы, лақтар.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойын жүргізушінің берген белгісімен алаңның бір жағында жүрген қозы, лақтар қасқырдың орынан секіріп, алаңның екінші жағына қарай өте бастайды. Осы кезде қасқырлар өздерінің орынан секіріп жатқан қозы, лақтарды ұстауға кіріседі.




Ойын шарты бойынша, қасқырлар қозы, лақтарды ұстағанда белгіленген сызықтан шығып кетулеріне тиым салынады. Ал ордан секірген кезде қозы, лақтар белгіленген сызықтың ішіне, яғни орды басуларына болмайды. Егер орды ба-сып қалатындай жағдай болса онда, ұсталған бо-лып есептеледі. Олардың қолына түскен қозы, лақтар да қасқырларға көмектеседі. Осылайша ойын барысында қасқырлар мен ойнаушылардың саны теңескенде ойын тоқталып, орға енді басқа ойыншылардың үштен бірінің ёкінші тобы кіреді, соңында үшінші тобы қасқырдың ролін ойнайды.

Үй артында қол агаш

Балалардың бүл ойынына шағын жазық алаң жетіп жатыр. Балалардың санына шек қойылмайды. Ойынға белдік немесе есілген**орамал керек. Ойын басқарущы балалардың бірін «қасқыр» сайлайды. Ойынға қатысушылар бір-бірінің қолынан үстап шеңбер қүрады. «Қасқыр» ролін ойнайтын оқушының қолына есілген орамал беріледі.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Қасқыр:

Үй артында қол ағаш:

Жел, бау тартам есік аш,—

деп үш рет қайталайды. Ойыншылар оны шеңбердің ішіне жібермейді, Сол кезде «қасқыр» өз қалауынша ойыншының біреуін қолындағы түйілген орамалымен үрады да, оны тастай салып, өзі қаша жөнеледі. Белбеу тиген ойыншы оны жерден көтеріп алып, әлгі ойыншыны қуа' бастайды. Егер ол қуып жетіп, «қасқырға» белбеуін тигізсе, онда ол мүны қайта үрады. Егер «қасқыр» қуғыншыға жеткізбей шеңберді айналып келіп қуған ойыншының орнына түрса, онда «қасқыр» ролін қуып жете алмай қалған ойыншы ойнайды. Ойын барысында әлі «қасқыр» ролінде бол-маған ойыншыларды ұруға міндетті.



Асау мәстек
Ойын жазық аланда өтеді. Ойынды өткізу үшін күні бұрын арасы 1,5—2 метр, биіктігі бір метр екі бөрене жерге қағылады. Енді екі бөре-нені үш-төрт рет айналдыра тартып арқан керіледі. Жерге бір-екі тақия тасталады. Осы жасалған құрал «асау мәстек» деп аталады. Арқан үстіне көрпешік төселеді. Ойнаушылардың сан-ына шек қойылмайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойынды басқарушы ойыншы-ларды шақырып:

Ер екеніңді білейін,

Ешкі сойып берейін.

Тақия алсаң еңкейіп,

Қүламасаң теңкейіп,

Ерлігіңе сенейін




,

— деп қайталайды.

Енді, ойын басқарушының белгісінен соң, кез-келген ойыншыға асау мәстекке мінуге рұқсат етіледі. Ойын басқарушы асау мәстекке мінетін ойыншыға ойын шартын түсіндіреді. Ол асау мәстекке атша мініп отырып, рұқсат берілгеннен кейін, енді жерден тақияны алуға бағын сынайды. Басқарушы ойын қорытындысын шығарғанда, қай ойыншы ережені бұзбай, үш қайталымның қорытындысында тақияны жерден көп рет көтеріп алса, сол ойыншы жеңімпаз атанады. Және одан кейінгі ойыншылардың жүлделі орын-дарын анықтап береді.


Тапшы, кімнің дауысы?

Ойын алаңда, спорт залда өтеді. Ойынға көз байлайтын орамал керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойын басқарушы бір баланы шеңбер бойымен қатарда тұрған балалардың ор-тасына алып шығып, оның көзін байлайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Осы кезде барлық ойыншылар хормен:

Секір-секір деген кім, Білгіш болсаң таба ғой, Тауып ал да, өзің кеп, Сол орынға тұра ғой,

— деп, өлеңдетіп шеңберді айнала қозғалып тұрады.

Хор айтылып біткен соң, ойын басқарушы елгілеген оқушы «секір-секір»— дейді. Айтылып болған соң, басқарушы ортадағы тұрған баланың көзін шешеді. Ол «секір» деп айтқан баланы іздеуге, кіріседі. Тапса, айтқан бала ортаға шығып, ойын басқарушы көзін байлайды. Егер таба алмаса, өзінің көзі қайта байланады. Осылайша ойын жалғаса береді.



Түйе мен бота

Ойын көгалды жерде немесе спорт залда өтеді. Балалардың санына шек қойылмайды. Бұл ойын орыс халқының «мысық-тышқан» ойынына ұқсас. Ойын басқарушының нұсқауымен бір бала түйе болады, екіншісі ботаның роліне сайланады. Қалған ойын-шылар өзара қолдарынан ұстап, шеңбер бойына қатарға тұрады. Түйе шеңбердің сыртында, ал ботасы ішінде қалады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Түйе шеңбердің сыртында жүріп ботасына үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге бармаймын дейді. Түйе ботасын әкетпек болып қуа бастайды. Ал бота шеңбер бойымен айнала қашады. Ойын шарты бойынша бота шеңбердің ішіне кіріп-шығып, еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені аса еркіне жібермей, кей кездерде шеңбердің ішіне еркін кіріп-шығуына әртүрлі кедергілер жасалады, яғни шеңбер бойындағы ойыншылар қысып қалады. Ақырында түйе алдап жүріп ботасын қолға түсіргенде, бота жібер дейді. Түйе жібермеймін дейді. Осы сәтте шеңбер бойында тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып:— «шөк, шөк» деп түйені шөгеруге тырысады. Түйе оған көнгісі кел-мегенімен көпшілік болып шөгереді, яғни жүресінен отырады.

Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезек-тесіп ботадан бастап шөккен түйенің үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын шарты бойынша түйе жүресінен екі қолын жерге тіреп отырады да, үстінен секіргендерді орнынан қозғалмай қолымен ғана ұстай алады. Осы кезде түйе үстінен секірген ойыншылардың қайсысын бірінші ұстаса, сол түйенің ролін ойнайды да, екінші ұстағаны ботаның ролін ойнайды. Осылайша ойын-ды қайта жалғастыруға болады.

Түйенің үстінен секірген ойыншы оған қолымен, болмаса аяғымен тиюіне болмайды. Түйенің үстінен секіргенде мүмкіндік болғанша алысқа түсуге тыры-сады.




Әріп таңдау




Ойынды көгалды алаңдарда, не болмаса спорт залда ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Басқарушы ортаға шығып, ойын шар-тын түсіндіреді. Әр бала өзіне әріп тандап алады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойын басқарушы шеткі ба-лаға келіп:

— Сен қандай әріпті алдың?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет