TikTok әлеуметтік желісінде қыздың жігітке бірінші болып үйленуге ұсыныс жасаған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Скриншот: https://www.tiktok.com/@timur_no_ne_tokaev/video/7321736120721624325

Қос ғашықтың дос болып жүргеніне 5 ай толған. Олардың жеке басын анықтайтын ақпарат жоқ. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қыздың батылдығына таңдай қағып жатса, енді бірі “атың шықпаса…” мәтеліне теңеп жатыр. “Дінде қыздың бірінші сезім білдіруі құпталады”, “Қыздың қадамы дұрыс” деп жатыр жақтап жатқандар да аз емес. “Жігіт мәхрге не сұрады екен?”, “Еркек бақытын тілейміз”, “Жігіттің ұзатылу тойы қашан?!” деп әзілге балап жатыр оқырмандардың дені. 

@timur_no_ne_tokaev #махаббатқызықмолжылдар ♬ Amalym qansha ALIKHAN — ALIKHAN


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.