7 ақпаннан бастап Қытай 2005 жылдан бері Қазақстаннан құс етін импорттауға тыйым салуды және екі жылдан бері аусыл ауруына қойылған шектеуді алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gastronomiavasca.net

Елімізге құс етін әкелуге тыйым салу 2005 жылдан бастап жалғасып келеді. Ал аусыл бойынша шектеулер 2022 жылы енгізілген болатын. 

"Шектеулерді алып тастау Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға мұздатылған сиыр және шошқа етін, сондай-ақ, құс шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік береді", — делінген хабарламада.

  • Қазақстанда құс етін сумен толтырып қатыруға тыйым салынды
  • Уақыт сынынан мүдірмей өте ала ма: Қытайлық көліктердің басты кемшіліктері аталды

Тыйым салуларды алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапарынан кейін қабылданды. 2023 жылы Қытай тарапы Қазақстанда құс тұмауы мен аусыл бойынша қауіп-қатерге бағалау жүргізді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытайға экспортқа бағытталған кәсіпорындардың тізілімін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті. Бұл шара қазақстандық агробизнес үшін Қытай нарығына өз өнімдерін экспорттауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде жұмыртқа мен құс етінің бағасы тағы жиырма пайызға өсетіні айтылған еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.