Экономика және бизнес Экономика и бизнес



жүктеу 52.31 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі52.31 Kb.

Экономика және бизнес



Экономика и бизнес




ӘОЖ: 2.11:522
Жергілікті аймақта туристік қызмет Көрсету аясындағы

кәсіпкерліктің даму бағыттары
Жусанбаева А.М., Сексенбаева А.Б.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
"Қазакстан-2030" стратегиясына негізделе отырып кұрылған Казакстан Республикасындағы туризм индустриясының даму концепциясында туризм еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бір саласы ретінде карастырылады. Туризм индустриясы мемлекеттік әлеуметтік және экономикалык дамудын негізгі факторы және кең көлемді бизнес түрі бола алады. Дүниежүзінде жыл сайын туризмнен түсетін кіріс мөлшері шамамен 3 трлн. АҚШ долларын құрайды[1].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туристік индустрия және туристік инфрақұрылым кызметін мемлекет казынасына айтарлықтай кіріс әкелетін, болашағы бар экономика саласы ретінде көре алатындығы туралы стратегиялык бағдарламаларда атап өткен болатын.

Еуразияның жүрегінде орналасқан Қазакстан үшін, болашақта әлемдік туризмнің орналасуы мен дамуының маңызы зор. Туристік фирмалардың дамуы -туристік инфрақұрылымның дамуына байланысты. Ал туристік инфрақұрылым – туристерге жеткізу, қабылдау, орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық танымдық қызметтер ұсыну және көңіл көтеру бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындардың біртұтас кешені болып табылады.

Туристік қызмет көрсету аясындағы кәсіпкерліктің дамуы олардың клиенттерге ұсынатын қызметтерінің сапасына, бағасына қызметтерінің түрлеріне және ұйымдастырылатын саяхаттарының қызықтылығы мен тартымдылығына байланысты болады.

Бірақ туризм саласының еліміздің кейбір аймақтарындағы баяу қарқында дамуы кәсіпкерлер мен бизнес саласындағы инвестициялық ұйымдардың бұл салаға сенімсіздігін тудырады. Ал шет мемлекеттерде туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігінің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімділікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондықтанда туризмді дамытуға осы саладағы қызметті ұйымдастырушы туристік фирмаларды дамытудың маңызы зор. Себебі, туристік фирмалардың тиімді жүргізілген қызметтері, туристік өнімдердің сапалылығы мен қызмет көрсету мәдениетінің жоғарылығы және ұсынылатын өнім түрлерінің жан- жақтылығы арқылы клиенттердің көп санын тартып жоғары нәтижеге ие болады [2]. Туризм саласының қызметін ұйымдастыратын кәсіпкерлік субъектілер қызметі ерекшеліктеріне байланысты туристік фирмалар, туристік агенттіліктер, тур операторлар және тур агенттіліктер болып бөлінеді. Туристік фирма дегеніміз – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субьект болып табылады [3]. Өзінің тарихи, географиялық және мәдени ерекшеліктеріне қарай, аймақтар арасында Жамбыл облысы ерекше орынға ие.

Аймақта туризм дамуының ахуалын бағалау үшін Жамбыл облысы бойынша талдау жүргізейік. Жамбыл облысы бойынша туристік қызмет көрсету аясындағы кәсіпкерлік субъекітлерінің даму динамикасын келесі сурет мәліметтерінен көруге болады.




Сурет 1. Жамбыл облысы бойынша туристік қызметті көрсететін кәсіпкерлік

субъектілерінің өзгеру динамикасы, бірлік


Жамбыл облысы бойынша тіркелген туристік қызметті көрсететін кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2003жылы 13 фирманы құраса, 2005жылы олардың саны 11 фирмаға жеткен. Ал 2007-2009жылдары олардың саны қатарынан 3 жыл арылығында 21 фирма болса, 2012 жылы олардың саны 24 туристік фирманы құраған. Туристік фирмалардың санының артуы туризм аясының баяу да болса дамуын байқатады. Жергілікті аймақтағы туристтік фирмалары келесі қызметтерді көрсетеді:

  • Таяу және алыс шетел туристерін қабылдау және орналастыру;

  • БАӘ, Турция, Қытай, Германия және т.б. елдерге шоп- турлар;

  • Виза қызметі және басқа да құжаттарды рәсімдеу;

  • Қазақстанның тарихи жерлеріне саяхаттар ұйымдастыру;

  • Қазақстандағы пансионаттарда емделу және демалуды ұйымдастыру;

  • Авиабилеттерді сату.

Кәсіпкерліктің бір түрі ретінде тіркелген туристік фирмалар санының өсу қарқыны орын алғаны мен елімізде шығу туризмімен салыстырғанда келу туризмінің төменгі көрсеткіште қалып отырғандығын байқауға болады.

Сурет 2. 2012жылы жергілікті аймақтағы келу және шығу туризмінің қалыптасуы,%
Бұл мәліметтерден жергілікті аймақта шығу туризмінің басым көрсеткішке ие болып, келу туризмінің және ішкі туризмнің төменге деңгейде қалып отырғандығын көруге болады. Бұл өз кезегінде жергілікті туристік индустрияның төменгі деңгейін және туристік бизнестің басты табыс көзін- шығу туризмін ұйымдастырудан түскен табыс құрайтындығын көруге болады. Жергілікті аймақта туристік фирмалардың қызметін дамытудың қажеттілігінің бірі - аймақта туризмді дамытатын көптеген тартымды туристтік ресурстар бар. Жамбыл облысы арқылы Ұлы Жібек жолының Сайрам- Тараз- Ақшолақ- Ақыртөбе- Құлан- Меркі- Шу- Аспара- Қордай жолдары өткен. Бұл жолдарда көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан. Облыс «Ұлы Жібек жолындағы тарихи орталықтарды қалпына келтіру, түркі тілдес халықтардың мәдени мұрасы сабақтастығын дамыту және сақтау, туризм инфрақұрылымын құру» атты Мемлекеттік бағдарламасына қосылған. Таңғажайып табиғи ресурстар, тарихи база, бай мәдени мұра, әр түрлі флора мен фаунасы бар 4 қорық, үлкен су қоймалары Жамбыл облысында мәдени- танымдық, экологиялық туризмнің дамуына зор мүмкіндіктер бар. Туристік бизнесті дамыту арқылы біз келесі экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізе аламыз:

  • туристтік рекреациялық орындарды жандандыру;

  • туристік инфрақұрылымда жұмыс атақаратын бизнес субъектілерінің қалыптасуы;

  • келу туризмі деңгейінің жоғарылауы және т.б.

  • туристік фирмалардың табыс көздерінің артуы;

  • аймақтық ішкі жалпы өнімнің ішінде туризм аясының алатын үлесінің артуы;

  • жергілікті аймақта инфрақұрылымның дамуы және т.б.

Жергілікті аймақта туристік қызметті көрсететін кәсіпкерлікты дамытудың негізгі бағыттарына келесілер жатады:

  1. Жергілікті аймақта инфрақұрылымды дамыту;

  2. Туристік бизнес субъектілеріне субсидия мен жеңілдетілген түрде несие жүйесін қалыптастыратын арнайы мемлекеттік бағдарламалар дайындау;

  3. Туристік ресурстарды-туристтік маршрут объектісі қалпына келтіру;

  4. Қоғамның туристер мен туристік орындарға деген оң көзқарастарын қалыптастыратындай қоғамдық түсіндірме жүргізу;

  5. Жергikкті аймақтағы туристік ресурстармен, тарихи ескерткіштер туралы интерyет желісі арқылы жарнамалау жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыру және т.б.


Әдебиеттер


  1. ҚР Туристік қызмет туралы заңы : Алматы «Юрист», 2002 ж .-

  2. ҚР Президентінің Қазақстан -2030 стратегиялық даму жоспары

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1213жылғы 14қыркүйек 2001жылғы бекітілген «Туристік қызметті лицензиялау туралы Өкімі

  4. ҚР Статистика Агентілігінің мәліметтері www. stat.kz.







Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2014 I
konf 2014 I -> Әож 340. 141 ДӘСТҮрлі қазақ ҚҰҚЫҚ ЖҮйесін қайта қолданудың маңызы
konf 2014 I -> Қазақстан республикасының заңнамасы бойынша арал теңізінің Қоршаған ортаға келтіретін экологиялық Әсерін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жунисалиев А. Т., Махан Т. У., Қожахметова А. А
konf 2014 I -> Нєзір т¤РЕЌ¦ловтыњ Ќазаќтан шыќЌан т¦ЊЃыш елші ретінде
konf 2014 I -> Әож 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының жаңа конструкциялары
konf 2014 I -> Жұрымбаева Р., Қожамқулова Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Исследование влияния технологических факторов на прочность склеивания клеевых соединений
konf 2014 I -> Әож 903/904(574)(092) талас өҢіріндегі қалалар туралы парсы деректері шолпанқұлова Қ. А. Тармпи, Тараз қ
konf 2014 I -> ҚҰрамы рыскелдіұлы Е. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ,Тараз қ
konf 2014 I -> Д., Шилібеков С.Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Қазақстанның экологиялық ЖҮйесінің климаттың Өзгеруіне байланысты табиғи географиялық ареалының Өзгеру мүмкіншілігін бағалау рсалиева А. М., Асатова Е. С.,Асқанбек А. А


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет