«Экономика» мамандығының 4-курс студенті



жүктеу 61.64 Kb.
Дата26.04.2018
өлшемі61.64 Kb.

Кадирова Наргиз

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ


«Экономика» мамандығының 4-курс студенті


Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Корабаева Н.Б.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА

ЖЕРДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жер меселесі ежелден ерекше мәнге ие.

Жер - адамзаттың басты тіршілік көзі бола отырып, бүкіл материалдық өндірістің базистік негізі және экономикалық фактор болып табылады. Сондықтан жерге дұрыс қарап, оның ресурстық мүмкіншіліктерін бағалай және тиімді пайдалана білу керек, сол кезде ғана Қазакстан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе алады. Экономикалық түрғыдан жедел дамып, өркениетті коғам құру үшін жер мен ауа-райы факторы орасан зор ықпал етеді.

Ұлттық экономикамыздың оңды дамуында ауыл шаруашылығының ерекше орны барлығын ел Президенті 2010 жылдағы өзінің халыққа жолдауында атап көрсетті: "Біздің міндетіміз – 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру. Әлемдік тәжірибені пайдалану, оны біздің ауыл шаруашылығымызға жедел ендіру керек. 2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80 %-дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс"[1]. Елімізде жер ресурстарын қорғау саласында халықаралық стандарттар және әлемдік тәжірибелерді жүзеге асырудың жолдарының бірі әртүрлі конвенцияларға қосылу және көптеген келісімдерді ратификациялау – Қазақтан Республикасы 19 халықаралық табиғатты қорғау конвенцияларға қосылғандығына келісімін берді. Сонымен қатар бүгінгі таңда республика аумағында 30-ға тарта қоршаған ортаны қорғауға қатысты өз күшінде заңдар мен заңдылықтар бар.

Таңдаған тақырыбымның мақсаты – жердің алда тұрған негізгі өзекті мәселелерін шешу жолындағы шараларын қарастыру.

Біздің ауыл түрғындарының ескі түсінік бойынша мәселенің шешімін жоғарыдан күткен көңіл күйі мені қатты алаңдатты. Ескі дәстүр бойынша, біздің елімізде ауыл шаруашылығына қашанда баса назар аударылып келген. Бұл көп жағдайдан көрініс тауып еді: тың жерлерді игеру жөніндегі бүкілодақтық науқанның қанат жаюынан бастап, Қазақстанның кеңес елінің «ырысты өлкесі» деп аталуына дейін, демек, бүкіл кеңестік кезең бойында мемлекет тарапынан әрдайым ауыл шаруашылығын қолдау мен дамытуға айтарлықтай қаржы салу жүзеге асырылып келген. Алайда орталықтандырылған жоспарлы экономиканың күйреуі салдарынан ауыл шаруашылығына капиталдың құйылуы тоқтатылды. Соның нәтижесіндей болып, өндіріс көлемі қысқарды, ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі төмендеді, ауылдық жерлерде әлеуметтік шиеленіс күшейді [2].

Жер ресурстарын пайдалану ауқымды, кешенді мәселе, мұндағы атқарылатын жұмыс ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың барлық жақтарына тиеселігімен анықталған. Оны шешу қолдағы жер ресурстарын ұқыпты түрде зерттеуді, қолданыстағы жерлердің нақты деңгейін обьективті әдістер және көрсеткіштер жүйесімен негіздей отырып талдау. Осының негізінде нарық жағдайында пайдалана алатын қолданыстағы жерлердің құнарлығын арттыру және пайдалануды жақсартудың нақты шараларының жалпы жолдары және жүйесін жасау жатады.

Елімізде жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын адамдар:


  1. Қазақстан Республикасының жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор;

  2. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;

  3. жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар.

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның функциялары:

  1. мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңдарын, жер учаскілерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;

  2. жер учаскілерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуге;

  3. жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;

4) жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;

5) жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өздерінде жердің бар-жоғы, олардың жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға уақтылы беруіне;

6) жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын жай және өндірістік обьектілердің жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;


  1. жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздану, қоқыстану, ластану және жердің тозуын туғызатын басқа да процестердің салдарларын болдырмау мен жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

  2. азаматтардың өздеріне жер телімдерін беру туралы арыздарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;

  3. межелік белгілердің орнында болуына;

  4. жергілікті атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердің уақтылы қайтарылуына;

  5. бүлінген жердің жаңғыртылуына;

  6. жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;

  7. жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына;

  8. жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңдары саласындағы қабылдаған шешімдерінің заңдылығына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.

Жер ресурстарының құнарлығы адамдардың іс-әрекетіне тікелей тәуелді, яғни неғұрлым қоршаған ортаға зиянсыз технология қолданылса, соғұрлым топырақ ластанбайды. Бірақ, топырақ құнарлығы жылдан-жылға төмендеуде. Негізінен топырақты ластаушылар, келесі топтарға бөлінеді:

  • пестицидтер;

  • тыңайтқыштар;

  • мұнай және мұнай өнімдері;

  • өнеркәсіп кәсіпорындарының айнала ортаға тастаған заттары;

  • үй-тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтары.

Мемлекет енді ауыл шаруашылығын бұрынғы көлемде қаржыландыра алмайтын халде болды, оның үстіне, жаңа нарықтық қатынастар агроөнеркәсіп кешенін түбегейлі қайта құруды талап етті. Бірінші кезекте мұндай экономикалық тетікті құру, бір жағынан, ауыл шаруашылығы құрылымдарының тиімді жұмыс істеуін ынталандырса, екінші жағынан, ескі өндірістік қатынастардан бас тартуға мәжбүр ететін еді.

Біз дағдарыстар ахуалынан шығу жолдарын үнемі іздейміз және табамыз да: бірақ ауылдық тауар өндірушілердің тек тиімді жұмыс істейтіндеріне мемлекеттің берген қаржысын қайтара алатындарға ғана барынша көмектесетін боламыз. Үнемі шығынға батқан кәсіпорындарды өз мойнында ұстауға мемлекеттің мүмкіндігі де, ықыласы да жоқ [3].

Жерге жеке меншік - бұл нарықтық экономиканың жұмыс істеуінің міндетті бір шарты. Меншіктің принциптік маңызы бар, өйткені ол тұрақтылық пен сенімділік әкеледі. Кімге не тиесілі деген сұрақтың жауабына келгенде күмәнданатын қоғам ұзақ уақыт табысты түрде дамуға үміт арта алмайды. Оның үстіне жеке меншік адамның өзін-өзі қожайын ретінде сезінуін қалыптастырады және жекелеген бизнесті инвестициялау үшін кепілдік береді.

Қазақстанда жерге жеке меншікті енгізу туралы идеялар, іс жүзінде, тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап айтылумен болды. Бірақ реформалаудың алғашқы жылдары жерге жеке меншік құқығын заңды түрде бекіту бірқатар себептерден мүмкін болмады.

Қазақстанда ауылдық жерлерге адамдардың қоныс аударуы тарихи тұрғыдан алғанда, әсіресе, кеңестік әміршілдік-әкімшілдік экономика дәуірінде өте сәтсіз болды, мысалы, бұл қазіргі нарықтық экономика тұрғысынан алып қарасақ та, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық түсініктер бойынша да тым жайсыз еді. Нәтижесінде көптеген ауылдық жерлерде экономикалық тоқырау үйреншікті жағдай болды.

Жерге жеке меншік енгізу, жер базарын қалыптастыру талай тұста қауіпті саяси сауданың нысанына айналып кететіні бар, олар бұл мақсаты үшін қоғамды ыдыратуға апарып соқтырудан да тайынбайды. Мұндайда «халықтың жанашырлары» болып көбіне-көп ауыл түрғындарынын өзі емес, ауыл-село проблемаларына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын адамдар суырыла сөйлеп жатады [4].



Міне, сондықтан да біздің зандарымызды ұлттық экономика талаптарына сәйкестендіретін уақыт жетті. Жеке меншік құқымен бірге жалға алу институтының да сақталатыны өте орынды болды. Жер төлімдерін сатып алудың барынша икемді жүйесін жасау, сондай-ақ жерді тиісінше өндемесе немесе ұсынақсыз пайдаланса, оны қайта алу, қайтадан сатып жіберу жөніндегі іс-шаралар да жүзеге асырылуда.
Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері// ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы 2010 жыл 30 қаңтар.

  2. Назарбаев Н. Қазақстан жолы. - Астана, 2007 – 372б.

  3. Назарбаев Н. // Жер тағдыры – ел тағдыры. – Ақиқат.-№1.-2003. - 13-16 б.

  4. Ашимбаева А. Жерді тиімді пайдалану ерекшеліктері. // Қаз ҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3 (55). 2014 – 85 б.

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Шыны өндірісі үшін қажетті шикізаттарды жіктеу
2016-04 -> Ағылшын жане қазақ тілдеріндегі сленгтік лексиканы ауызекі сөйлеуде қолдану ерекшеліктері
2016-04 -> Қазақ ЖӘне ағылшын тілдеріндегі архаизмдер
2016-04 -> Алматы облысы алакөл ауданы бойынша туристік сала қызметін қаржыландыру аспектілері
2016-04 -> Қазақ журналистикасындағы термин сөздердің Қолданылу аясы
2016-04 -> Adobe After Еffect cs3 бағдарламасын оқу процесінде қолдану


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет