Экономика



жүктеу 169.61 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі169.61 Kb.
түріСабақ

Орал қаласы, А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназия

Пән: Экономикалық білім негіздері

Пән мұғалімі: Ирменова Ляззат Мутигуллиевна

Сынып: 9


І. Сабақтың тақырыбы: Банк жүйесі (қорытынды қайталау сабағы)

ІІ. Сабақтың мақсаты: а) білімділік оқушылардың банк жүйесі бойынша алған білімдерін байқап, тексеру.

б) дамытушылық: осы тақырып аумағында білер істерін қалыптастыру, дағдыларын жетілдіру.

в) тәрбиелік: оқушыларды банкпен жұмыс істеу білуге бағыттау, өзін - өзі, өзгені бағалай білуге тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың типі: қорытындылау, жинақтау.

ІV. Сабақтың түрі: Топтық, жеке жұмыстар.

V. Сабақтың көрнекілігі: Банк дипозиттері, Банк тақырыбына жазылған рефераттар, слайдтар

VІ. Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. «Банктер не істейді?» топтастыру

  3. Үй тапсырмасын сұрау

  4. Топтық тапсырмалар

  5. «Бетпе – бет» студиясы, Банк қызметкерлерімен кездесу қорытындысы

  6. «Қазақстандық банктер 5 жылдан кейін...»

  7. Банктің түрлері (топтық, тапсырма)

  8. Тест – индекс

  9. 4 жол өлең шығару

  10. Қорытындылау, бағалау

3. Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру бөлімі.
2) Қызығушылықты ояту.

Банк сөзіне топтастыру жасау


3) Үй тапсырмасын сұрау

Фронтальді сұрау



  1. Банктердің пайда болуы, рет – ретімен

  2. Банк қызметтері

  3. Банк дегеніміз

  4. Банк түрлері

  5. Банк операциялары

  6. Жұмылдырылған қаражаттар

  7. Депозиттер, түрлері

  8. Банк несиелері

  9. Борышкер кім?

  10. Несие шарты?

  11. Несиелеу прициптері?

4). Топтық тапсырмалар.

1 топ.


Банктік депозиттер, несиелер беріледі, оларды бөліп қарастырулары керек

-кімдер үшін ыңғайлы

-қарапайым халыққа қайсысы ыңғайлы?

2 топ.


Банктен кімдер несие алады? /схема сызу/

3 топ.


Қолма – қол емес ақшалардың артықшылықтары чек, түрлі төлем карталары

4 топ.


Қолма – қол емес ақшалардың кемшіліктері, қосымша тапсырмалар )есептер)
5). «Бетпе – бет» студиясы

(3 минут)

Банк қызметкерлерімен кездескен оқушының сұхбатынан үзінді.
6) «Қазақстандық банктер 5 жылдан кейін...» (3 минут, оқушылардың ойлары)
7) Банктер қандай түрге бөлінеді?

1- деңгейлік 2- деңгейлік

Орталық банк Коммерциялық банк

қызметтері →І, ІІІ топ қызметтері → ІІ.ІV топ


8). Тест – индекс

(6 сұрақ → 4 топ әрқайсысына)

І, ІІ, ІІІ, ІV топтар (оқушылар бірін – бірі бағалайды)
9). 4 жол өлең

(мұғалімнің жалпы бағасы)


10). Бағалау, үйге тапсырма

Экономикалық эссе

Тақырыбы: «Банктер – экономиканың негізгі құраушысы»

Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия

Пән: Экономикалық білім негіздері

Пән мұғалімі: Ирменова Ляззат Мутигуллиевна

Класы: 5 «б»
Сабақтың тақырыбы: Тұтынушылық несие, сақтандыру.

Мақсаты:

Білімділік: тұтынушылық несие, процент, сақтандыру сияқты тұтынушының іс - әрекеттеріне сипаттама беру;

Дамытушылық: «процент дегеніміз не?», «кредитті алу жолдары қандай?», «сақтандыру не үшін қажет?» деген сұрақтарды қоя отырып, оқушының логикалық дамытушылық қабілетін дамыту. Әрбір оқушының ой - өрісінің терең дамуына ықпал ету.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тапқырлыққа, іскерлікке, ізденушілікке үйрету.Тұтынушының экономикадағы орны, құқын білуге бағыттау.

Типі: Жаңа білімді игеру

Түрі: Аралас.

Әдісі: Сұрақ – жауап, топтық, жеке жұмыс.

Көрнекілігі: Сызбалар, қанатты сөздер, карточкілер

Техникалық құралдар: компьютер, проектор, белсенді тақта.

Сабақтың құрылымы;


  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа тақырыппен жұмыс (Алтын қақпа» ойыны)

  4. Жаңа тақырыпты бекіту.

  5. Үйге тапсырма.

  6. Бағалау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру, оқушыларды түгендеу.



Миға шабуыл

  1. Шашыңызды қыйдырып, дүкеннен тамақ алып көрдіңіз бе?

  2. Мектепке автобуспен бардыңыз ба?

  3. Аяқ киіміңізді жөндеуге бердіңіз бе?(Егер іс - әрекеттерді істесеңіздер тұтынушы ролін атқарасыз)

  4. Тұтынушы деген кім?

ІІ. Білім тексеру:

І «Алтын қақпа» ойыны (белсенді тақтаның көмегімен ашылып, жабылу арқылы)

1) Бартер дегеніміз не?

2) Тауар дегеніміз не?

3) Ақша дегеніміз не?

4) Эквивалент дегеніміз не?

5) Сауда дегеніміз не?

6) Тұтыну дегеніміз не?

7) Тұтыну түрлері қандай?

8) Өмірлік қажеттілік дегеніміз не?

9) Күнкөріс шамасы дегеніміз не?

10) Тұтынушы дегеніміз кім?



ІІ. «Шыңға шығу»

«Сөзді біл»

Есепті шеш, кестеден әріптің орнын тап. Сөзді оқып, түсіндір.

АЙЫРБАС


СҰРАНЫМ

Біздің бүгінгі жаңа бағамыз. /Тақтаға: кредит, процент, сақтандыру/


Тұтынушылық несие, сақтандыру

Жоспар:


І топ тапсырмасы. 1. Кредит дегеніміз не? Оны алу жолдары

ІІ топ тапсырмасы. 2. Процент дегеніміз не?

ІІІ топ тапсырмасы 3. Сақтандыру, қауіпсіздендіру жолдары,түрлері

І-ІІ қорытынды.


Тұтынушы мүмкіндігінің шектеулілігі оны қолында бар қаражатын ойланып, үнемдеп ұстауға мәжбүр етеді. Үнемделген қаражаттан жинақ жасайды. Тіпті бала да ақша жинау үшін жинақ сандықшасын ұстайды. Үлкендер өз ақшасын банктегі өз шот есептерінде сақтайды. Адамдар процент түрінде табыс табу үшін банкте шот есептерін ашады. (Теледидардағы жарнамаларды еске түсіріңдер). Банктер оларға салымдары бойынша процент төлейді.

Жинақталған қаражат келешекте тұтынуға бөлінген қаражат деп аталады.Қаржының осы түрде жинақталғаны үлкен сауда жасауға (жихаз, машина және т.б.) немесе табысты іске (бизнеске, акциялар сатып алуға) жұмсау үшін қажет.

Егер адам қажетті тауарды (жихаз, машина, үй) сатып алу үшін ақша жинақтай алмаса немесе оның жинақталғанын күткісі келмесе, онда ол банктен кредит ала алады немесе тауарды фирмада, дүкенде қарызға ала алады.

Кредит – қайтару және пайдаланғаны үшін төлем шартымен нақты мерзімге банк қарызға берілетін белгілі бір ақша сомасы.

Кредитті алып, тұтынушы қажетті тауарын сатып алады, ал кредит сомасын, яғни несие сомасын және бұл кредитті пайдаланғаны үшін төлейтін процентті қарызды қайтару үшін белгіленген уақыт ішінде (белгілінгін мерзімде) бөліп – бөліп қайтарады. Яғни алғанынан көп қайтару керек.



Процент – басқалардың ақшасын пайдаланғаны үшін ақы.

ІІІ корытынды.


Адамдардың қаржы мәселесін тек кредит қана шешпейді, күтпеген жағдайларда (ұрлық, өрт, бақытсыз жағдай, ауру) бұл проблеманы шешудің тағы бір ыңғайлы жолы бар, бұл – сақтандыру немесе қауіпсіздендіру.

Сақтандырудың басты мақсаты –күтпеген жағдайлардың нәтижесінде туындайтын шығындардан қорғау.

Сақтандырудың әр түрлі түрі бар: өміріді сақтандыру, мүлікті сақтандыру, медициналық сақтандыру, төлей алу мүмкіндігін сақтандыру және басқалар.



ІІІ Сабақты бекіту.

І. Көрініс көрсету:

І топ Кредитке байланысты көрініс

1 оқушы: «Қандай әдемі естіледі! Рок концертте бірінші қатарда отырғандай сезінесің! Бірақ бұл өте көп ақша тұратын болар. Ақшаны қайдан алдың?»

2 оқушы: « Мен мектептен кейін жұмыс істеп ақша таптым және банкте маған кредиттік есеп ашты. Тек, енді мен ай сайын келісілген соманы төлеп тұруым керек».

1 оқушы: «Ал қазіргі уақытта плеер сенікі ме?»

2 оқушы: «Әрине»

ІІ топ: Процент негізінде несие алу.

1.Амандасу.

1. Мен сіздің банкте шотесеп ашқым келіп отыр. Мен 100 доллар салғым келеді, 5 пайыздық несие процентімен, 1 жыл уақытқа.

- 1 жылдан кейін мен қанша ақша аламын?

Банк қызметкері: - Сіз 1 жылдан кейін 105 доллор аласыз, яғни процент ретінде 1 жылдан 5 доллор аласыз.

Оқушы: - қызметінізге рахмет.

ІІІ топ: Сақтандыру

1 оқушы: « Менің құрбымның кеше жаңа велосипедің ұрлап кеттті. Оны ол 200 доллорға сатып алып еді»

2 оқушы: Әттеген – ай! 200 доллор – көп ақша ғой».

1 оқушы «Иә, бірақ оның жолы болды, ол сақтандырылған болатын. Сондықтан да, құрбым жаңа модельді велосипед іздеп жүр.

Тұтынушының құқы туралы айтылады.

ІІ. «Рөлдік ойын»

Әр түрлі ситуациялық жағдаяттарды шешу.( топтар бір – бірінен қателерді тауып, айтуға болады)



1 топ.

- Дүкеннен тамақ сатып алу.Сатушы да сатып алушы да жіберетін қателерді көрсетіңдер, «Сатушы – сатып алушы» көрінісін көрсетіп (дүкеннен сүт сатып алыңыз)



2 топ.

- Дәріханадан дәрі сатып алу. Сатушы да сатып алушы да жіберетін қателерді көрсетіңіздер, «Сатушы – сатып алушы» көрінісін көрсетіп (дәріханадан дәрі сатып алыңыз, қате жіберіңіз)



3 топ.

- Теледидар сатып алу. Сатушы да сатып алушы да жіберетін қателерді көрсетіңіздер, «Сатушы – сатып алушы» көрінісін көрсетіп (дүкеннен теледидар сатып алыңыз, қате діберіңіз)



ІІІ. «Қарлы кесек»

Шарты: әрбір топ өздері дайындаған сұрақтарды бір – біріне кояды.



2, «Тауарлар қалай сатылады?»

Келесі сауда орындарында тауарларды сатып алудың артықшылықтары мен кемшіліктерін айт.

1 топ. Өз - өзіне қызмет көрсететін дүкендердің (супермаркет) артықшылықтары мен кемшіліктері

2 топ. Дәстүрлі қызмет көрсететін дүкендердің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? (жай дүкен)

3 топ. Базарда тауар сатып алудың артықшылықтары мен кемшіліктері.

ІІІ. «Қарызға өмір»

1. Қарыз беріп, бірақ екінші жақтың қарызды қайтаратынына күмәндаңған адам не істеуі керек деп ойлайсың?

2. Қалай ойлайсың бір – біріне аз көлемде қарызға ақша алып тұратын достардың арасында кепілдік деген түсінік болама?

3. Тұтынушылық несиенің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Н.Ә. Назарбаевтіың сөзімен сабақты қорытындылау.

IV. Үй тапсырмасы.

1) 5.2 стұтынушылар және олардың мінез – құлықтары.

2) 57 – беттегі 7 – сұраққа жазбаша жауап.

3) осы тақырып қа сөзжұмбақ құру.



V. Бағалау.

Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия

Пән: Экономикалық білім негіздері

Пән мұғалімі: Ирменова Ляззат Мутигуллиевна


Сынып: 9 «а»

Сабақтың тақырыбы: Сұраным мен ұсыныстың тепе-теңдігі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сұраным мен ұсыныстың тепе-теңдігі оның нәтижесі туралы білім беру, сұраным мен ұсыныс қисықтарын графикте құруды үйренту, таныстыру; аналитикалық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы нарық мәдениетінің негізі туралы оқушыларға түсінік беру; өзінің шешіміне экономикалық тұрғыдан сауатты жауап бере алатын тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, бірлескен ұжымдық әрекет.

/актив студио бағдарламасы көмегімен/

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, есептер, суреттер, түсті жетондар, смайликтер
Негізгі түсініктер: Тепе-теңдік, артық тауарлар жағдайы, тапшылық.

Практикалық жұмыс:



  • есептер;

  • проблемалық тапсырмалар;

  • графиктер;

  • сурет-ассоциация;

  • іскерлік ойын

СЛАЙД1 Оқушылар бүгін сіздер сабақтың барысында «Өмірде экономикалық білім қажет (қажет емес)» деген мәселе бойынша нақты жауап беруге дайындалу керексіңдер. (Менің ойымша...)
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі Нарық еліне саяхат

Оқушылар екі топқа бөлінеді: сатушылар, сатып алушылар


  1. І –тур: «Білгенге маржан, бімегенге арзан» СЛАЙД2 Үй тапсырмасын сұрау

А) Тест орындайды /7 сұрақ/ тестировшик құрылғысымен тест орындайды.

/жауабы бірден шығарылады/


СЛАЙД3: Біз ерін далабын шығарумен айналыспаймыз,

Тұтынушыларды сатып алумен айналысамыз.

Фабрикада опа-далап жасасақ, дүкенде үміт сенімін сатамыз

Ч.Ревлон, «Ревлон косметикс» корпорациясы

Не туралы айтылып тұр деп ойлайсыздар? /ұсыныс/

ә) терминологиялық сергіту: «Білім тірегі» СЛАЙД 4

фигураның астында жасырылған терминдердің анықтамасын айту керек.

- сұраныс

- сұраныс өлшемі

- сұраныс заңы

- сұранысқа бағадан басқа әсер етуші факторлар

- субститутты тауарлар


- комплементарлық тауарлар

- ұсыныс

- ұсыныс өлшемі

- ұсыныс заңы

- ұсынысқа бағадан басқа әсер етуші факторлар

б) «Сұраным. Ұсыныс» тақырыбы бойынша жағдайды талдау: СЛАЙД 5

Фронтальді жұмыс:



  1. Магнитофондар нарығы. Кассетаның бағасы өсті. Магнитофонға деген сұраныс қалай өзгереді? Бұл қандай тауарлар?

  2. Қой етінің бағасы өсті. Сиыр етіне сұраным қалай өзгереді?

  3. Үстелге даген баға өсті. Орындықтардың ұсынысы туралы не айтуға болады?

  4. Құрымның бағасы өскендіктен, аяқ киім сататын дүкендердің басшылары, сатушылардың бір бөлігін жұмыстан шығарды. Неге?

  5. Тұрғындардың табыстары өзгергенде тұзға деген сұраным қалай өзгереді?

  6. Ал тұзға деген сұраныс қисығын не өзгерте алады?

  7. Минералды тынайтқыштардың бағасы өсті. Бидайдың ұсынысы қалай өзгереді?

  8. Болат өндірісі. Мәселен болат өндірісінде шығындарды үнемдейтін жаңа технология енгізілді. Нарықта болат ұсынысы өзгере ме?

  9. Жаңа жыл мерекесінің алдында сұранысқа байланысты шампанское сусынының бағасы шарықтайтыны белгілі. Қазан-қараша айларында шампанское сусынын өндірушілерге не істеуге болады?



  1. Мұғалім: Оқушылар, енді 1630ж. Голландияда болған қиялғажайып оқиға назар аударайық. Бұл тарихи оқиға «Ессіз қызғалдақ»деп аталды. СЛАЙД6

Оқушылардың сөйлеуі / «ессіз қызғалдақ» туралы/ Нүргүл


    1. 3.1 Жаңа тақырыпты түсіндіру. «Сұраным мен ұсыныстың тепе-теңдігі»

    2. Іскерлік ойын: «Тұтынушы- сатушы».СЛАЙД7

    3. Оқушылар топқа бөлінеді: тұтынушылар, сатушылар, сауда жүпгізушісі

    4. Тапсырма: Сауда ұйымдастыру. Сұраным ұсыныспен қалай «келісетінін» анықтау, жауап беру.Екі жақтың іс-әрекетінен кейін қандай баға қалыптасады?



    5. Тақтада кесте: СЛАЙД8

        1. тұтынушылар

      қымбат болмау керек

      сатушылар

        1. арзан болмау керек

        1. А1

        1. 3000

        1. В1

        1. 1000

        1. А2

        1. 2800

        1. В2

        1. 1100

        1. А3

        1. 2600

        1. В3

        1. 1500

        1. А4

        1. 2400

        1. В4

        1. 1700

        1. А5

        1. 2200

        1. В5

        1. 2000

        1. А6

        1. 2100

        1. В6

        1. 2150

        1. А7

        1. 2000

        1. В7

        1. 2500

        1. А8

        1. 1800

        1. В8

        1. 2600

        1. А9

        1. 1700





        1. А10

        1. 1500









Сауда жүргізушісі:
Демалыстың таң сәрісімен N қаласының сауда алаңында бір топ адамдар жиналды. Сүйікті «Кешю» тобының компакт-дискісін алу үмітімен біреулері (10 адам) қалың қалтамен, бірақ бос қолдарымен, ал екіншілері (8 адам) осы компкт- дискіні сатуға келді.

Тұтынушылар да сатушылар да осы келісімнен барынша көп пайда табуға тырысады. Сауда екі жаққа да тиімді болуы шарт.


Мұғалім: Мұндай жағдайда компакт-дискінің бағасы қалай тағайындалады?

Сауда жүргізушісі: Назар аударыныз! Нарық ашық! Сауда басталды.

К-дискінің бастапқы бағасы 1300 теңге. Нарықта қандай жағдай болады?


В1және В2 сатушылар: Біздер таңдау үстіндеміз.Егер тауарды қазір сатсақ, онда біз аз пайда табамыз. Біздер әзірге сатпаймыз.

Сауда жүргізушісі: тұтынушылар уайымдап бастап жатыр.Олар ұсынылған бағаға дискіні алуға бәрі дайын, бірақ сатушылар пайдалы келісім үшін дискіні ұстап отыр. Кім көбірек береді?

Тұтынушылар: Ал, біздер өзіміздің қызығушылығымызға қайшы келетін болса да, жоғары баға тағайындаймыз-1600 теңге.

Сауда жүргізушісі: к-дискінің бағасының өсуі неге алып келеді?

Оқушылар: -Нарықта бағалардың бәскелестігі, кейбір тұтынушыларды ығыстырып шығарады. 1600 теңгеде А10, тек 3 сатушы аз ғана табысқа қанағаттана алар еді, бірақ олар топтың жанкүйерлерінің саны көп болғандықтан, күтуде. Баға-1800 теңге-А9, 2000теңге-А8. Сауда жалғасуда. Дискті алам деушілер /тұтынушылар/саны-7. ал 2000 тг. бағасына ұсынушылар саны-5

Алина: Сатушылар өздерін қалай ұстайды?

Сатушы/Айнара/: бағаның өсуі, біздің тауарды сатуға мүмкіндігімізді күшейтеді: 1500тг. бағасы сатушы В3 тиімді,1700тг. -В4, 2000тг.- жоғары В5 пайдалы.

Ойынның соныңда тепе-теңдік баға 2100бен 2150 теңге арасында тағайындалатыны анықталады, пайда тапқан ойыншылар А1,А2,А3,А4және сатушылар В1,В2,В3,В4.


3.2. Оқушының сөзі: «А.Маршаллдың қайшысы» /Айнара/СЛАЙД9
3.3 Мұғалім: Оқушылар нарықтық тепе-теңдік қалай қалыптасатының көру үшін мына кестедегі мысалға назар аударайық.

Апта ішіндегі шабдалы шырынына сұраныс пен ұсыныс шәкілі СЛАЙД10



P, баға, теңге/л

Qd,л

Сұраныс шамасы



Qs,л

Ұсыныс шамасы



Qd-ның Qs,л-ден асып кетуі

Нарықтағы жағдай

100

400

80

Qd Qs(320л)

Тапшылық

110

360

120

Qd Qs(240л)

Тапшылық

120

320

160

Qd Qs(160л)

Тапшылық

130

280

200

Qd Qs(80л)

Тапшылық

140

240

240

Тең

Тепе-теңдік

150

200

280

Qd Qs(80л)

Артылып қалу

160

160

320

Qd Qs(160л)

Артылып қалу

170

120

360

Qd Qs(240л)

Артылып қалу

180

80

400

Qd Qs(320л)

Артылып қалу

190

40

440

Qd Qs(400л)

Артылып қалу

200

0

480

Qd Qs(480л)

Артылып қалу

/Графикті көрсетем/







СЛАЙД11 Тапшылық дегеніміз сол нарықтағы сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан асып кететін нарықтық жағдай: Qd Qs

СЛАЙД12 Артылып қалу дегеніміз сол нарықтағы ұсыныс шамасы сұраныс шамасынан асып кететін нарықтық жағдай: Qs Qd.

СЛАЙД13 Нарықтағы тепе-теңдік дегеніміз нарықтық жағдай, мұнда:

1) сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық мүддесі теңеседі, демек сұраныс пен ұсыныс көлемі өзара тең: Qe= Qd = Qs

2)Нарықта тепе-тең баға (Ре) қалыптасады,бұл кезде сатушылар ұсынған тауарлар саны мен тұтынушылар сатып алатын тауарлар саны өзара сәйкес келеді.

3.4 СЛАЙД14 Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді графикте таба аламыз, сонымен қатар 2-жолы бар: Айталық шабдалы шырынына сұраныстың функциясы Qd = 800-4p формуласымен берілді, ал ұсыныс функциясы Qs= 4P -320 формуласымен берілді дейік.

Шешімі: Нарықта тепе-теңдік қалыптасқан жағдайда сұраныс пен ұсыныс функциялары тең болғандығынан екі функцияны өзара теңестіру арқылы тепе-тең баға мәнін табамыз:

Qd=Qs = 800-4P= 4P- 320; Pо=140.

Тепе-теңдік мөлшерін табу үшін (Qо) функциялардың кез-келгеніне нарықтың тепе-теңдігі жағдайында сұраныс пен ұсыныс бағасына тең тепе-тең баға мәнін (Ро= 140) қоямыз:

Qo= 800-4*140 не Qo= 4*140-320; Qo =240 Сөйтіп шабдалы нарығынды сұраныс пен ұсыныс функциялары берілген жағдайда баға 140 теңге/л болып,240 л сатылатын және сатып алынатын кезде нарық тепе-теңдік жағдайға келетін болады.


4. Бекіту:
4.1 Проблемалық сұрақ.СЛАЙД15

Тұтынушыларға сұрақ

Сіздер үшін нарықтағы тапшылық жағдайыны несімен жаман? Осындай жағдайға мысал келтіріңдер



Сатушыларға сұрақ

Сіздер үшін нарықтағы артық жағдай несімен жаман? Осындай жағдайға мысал келтіріңдер


4.2 Мұғалім: Нарықтағы тепе-теңдік жағдай – бірсәттік б/т. Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылу себептері қандай?

«Есептей білгеннің есесі кетпейді, есептей білмеген қыр басына жетпейді» СЛАЙД16

Есеп № 1 «Қызанақтар нарығындағы жағдайды зертте»


Баға, 1кг. (тг)

Сұраныс өлшемі,кг

Ұсыныс өлшемі,кг.

100

10

3

120

9

4

140

8

5

160

7

6

180

6

7

200

5

8

Табу керек:

А) қызанақтар үшін сұраныс, ұсыныс қисықтарын сыз және тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді тап.

Б) 120 теңге; 200 теңге бағасында нарықта қандай жағдай орын алады: тапшылық па әлде дефицит пе?

В) Денсаулық сақтау Министрлігі қызанақтан көзі қызарып, терісіне зиян келетінін ескертті, енді осы жағдайдан кейін т-т көлем мен т-т баға қалай өзгереді?
4.3 Есеп №2 СЛАЙД17

Банан жемісінің сұраныс функциясы: Qd= 2400-100P, ал ұсыныс функциясы

Qs= 1000+250P , мұндағы Q бананың мөлшері,кг., Р-баға, 1кг.банан (жүз.тг.)

Табу керек:- банан нарығындағы т-т көлем мент-т бағаны тап,

- егер баға 300 теңге болған жағдайда қанша банан сатылады?


    1. Сіздің ассоциацияныз қандай?СЛАЙД18

Слайдта бірнеше суреттер, түсініктер, есімдер көрсетілген, сіздер өзініздің ассоциацияларыңды келтіру керексіздер.

  • маятник («нарық»3 жағдай)

  • карета /арба/ (төлейалу мүмкіндігі бар сұраныс туралы Адам Смиттің сөзі)

  • қайшы (А.Маршаллдың нарықтың тепе-теңдік графигі)

  • тотықұс («экономистердің әзілі»)




    1. СЛАЙД 19 Ал енді 2 топқа тапсырмалар Сұраным және ұсыныс сөздеріне синквейндер құрастыру

Мысалы: Сұраным

Тұтынушылар, төмен баға, өзгермелі, өседі ,түседі,

Ұсыныс

Сатушылар, жоғары баға,



Смайликтермен жұмыс СЛАЙД20

Смайлик «Өзіңді бағала»

Сұраным мен ұсыныстың тепе-теңдігі /смайлик таңда/

Тапшылық /смайлик таңда/

Артылып қалу / смайлик таңда/

Барлығын графикте орналастыру


Рефлексия С21

Оқушыларға сабақтың басында берілген проблеманы талдау, дәлелдеу қажет. «Өмірде экономикалық білім қажет (қажет емес)» деген проблеманы талқылау (Менің ойымша...)


Үйге тапсырма: «Ақшаны жинау-батылдық, сақтау-данышпандық, ал оны шебер жұмсау-өнер» (Б.Ауэрбах) тақырыбында эссе жазу. /С22/

«Сұраныс пен ұсыныс» тақырыбы бойынша бақылау жұмысына дайындық.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет