Экономикаға жекешелендіруден болатын макроэкономикалық әсерді талдау



жүктеу 93.5 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі93.5 Kb.

Экономикаға

жекешелендіруден болатын макроэкономикалық әсерді талдау
Жекешелендіру процессін жеделдету мақсатында 2015 жылғы 4 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оның шеңберінде (1) объектіні нақты нарық бағасымен сату рұқсат етілді, (2) аукцион мен тендерде сауда-саттық максималды саны үшке дейін қысқартылды, (3) стратегиялық инвесторге тікелей атаулы сату енгізілді, (4) тендердің жалғыз шарты болып қызмет бейінің сақтау белгіленді.

Жекешелендіруде қазақстандық пен шет елдік инвесторлардың максималды қатысуын қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы 22 сәуірде мемлекеттік немесе квазимемлекеттік ЖШС-тің иеліктен шығарылатын үлестерін қатысушылардың басым сатып алу құқықтары алынып тасталған Заң қабылданды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2015 жылғы 30 желтоқсандағы Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарын қабылдады және бәсекелі ортаға берілуге жататын 781 ұйымы белгіледі.

Кешенді жоспарын іске асыру нәтижесінде 2021 жылға қарай республикалық меншік бойынша ұйымдарының саны 15%-ға, коммуналдық меншік ұйымдары 5%-ға, олардың жалпы санынан қысқарады.



1-кесте

Жекешелендіруге жататын ұйымдар саны


Меншіктің түрі

2014 -2016 жж

жоспар

Сатуға шығарылды

2014 -2016 жж

сатылды

Республикалық меншік

35

35

25

Коммуналдық меншік


308

291

201

ӘКК


138

121

97

Ұлттық холдингтердің активтері


148

131



71

БАРЛЫҒЫ:

629

578

394

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сатуға жоспарланған 629 ұйымның 394-і сатылды, жоспар 62,6% орындалды. 2014-2016 жылдарға арналған жоспардың орындалмауының негізгі себебі объектілерді сату алдындағы дайындықтың осал болуы, мәселен 629 ұйымның сауда-саттыққа шығарылғаны - 578, шығарылмағаны – 51 (1-кестені қараңыз) 1.

Бұл ретте жекешелендіру процесі жеделдетілді - 2016 жылы 2015 жылға қарағанда 40 объекті артық сатылды.

Есепті (2016) жылы 30,7 млрд.теңге сомасына 147 объект :

- республикалық меншік бойынша – жалпы 3,2 млрд.теңге сомасына 11 объект;

- коммуналдық меншік бойынша –13,1 млрд.теңге сомасына 83 объект;

- ӘКК - 3,6 млрд.теңгеге 31 объект;

- ұлттық холдингтар бойынша - 10,8 млрд.теңгеге 22 объект жекешелендірілді.

Жекешелендірілген ұйымдардың ең көп саны мына салаларға жатады (2-кестені қараңыз) 2:

өнеркәсіп – 88 объект (22,9%), (темір рудалары мен түсті металдардың басқа да рудаларын өндіру, ет, сүтті өңдеу, ұнды қайта өңдеу, темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу);

кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 51 объект (13,3%) (ғылыми зерттеулер, сәулет саласындағы көрсетілетін қызметтер, білім берудің қосымша ұйымдары);

ақпарат және байланыс - 49 объект (12,8%) (аудандық газеттер мен радио, ақпараттық қызмет орталықтары және т.б.);


Жекешелендірілген ұйымдар бойынша жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) – 163 831,3 млн. теңгені құрады, яғни бәсекелі ортадағы мемлекеттің қатысу үлесі 0,4%-ға азайды (ЖҚҚ- 3 197 258,9 млн. теңге).

2-кесте.

Жекешелендірілген ұйымдардың салалық құрылымы

(млн. теңге)

Экономикалық қызметтің түрлері

Ұйымдардың саны

2015 жылдағы жалпы қосылған құн (ЖҚҚ)




Тауарлар өндірісі 130

108 448,1




Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

29

722,3




Өнеркәсіп

88

90206,7




Құрылыс

13

17519,1




Көрсетілетін қызметтер өндірісі 246

55 383,2

55 383,2

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

9

3528,9




Көлік және қоймалау

18

8482,8




Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер

8

1693,4




Ақпарат және байланыс

49

16974,9




Қаржы және сақтандыру қызметі

18

187,7




Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

14

633,2




Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

51

10644,3




Әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласындағы қызмет

15

3726,4




Білім беру

16

4070,8




Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

19

1479,9




Өнер, сауықтар мен демалыс

22

3868,7




Көрсетілетін қызметтің өзге де түрлерін ұсыну

7

92,2




Жалпы қосылған құн

163 831,3

163 831,3



2015 жылы жекешелендірілген ұйымдардағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 116 305 теңгені құрады, бұл мемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдардан (85 515 теңге) 27 790 теңгеге жоғары және республика бойынша бір қызметкердің осыған ұқсас кезеңдегі орташа айлық атаулы жалақысынан 9 716 теңгеге төмен (126 021 теңге) 3.

Жекешелендірілген ұйымдар бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылы 20 761 млн теңгені (3-кесте) 4 құрады, оның ішінде бюджет қаражаты – 3,3 млн. теңге, өз қаражаты – 8 175,2 млн. теңге (39,4%) және қарызға алу қаражаты – 12 582,5 млн. теңге (60,6%).

3-кесте

2015 жылы негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру көздері

(мың теңге)


Атауы

Жекешелендірілген ұйымдар

Бюджет қаражаты

3 328

Жеке қаражат

8 175 226

Қарызға алу қаражаты

12 582 530

Барлығы:

20 761 084

206 жекешелендірілген ұйымның (шағын, ірі және орта) қаржы-шаруашылық қызметі көрсеткіштеріне жүргізілген іріктеу нәтижелері бойынша 2015 жылғы қаржылық нәтиже 98 шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі 23 456 млн.теңге сомадағы пайда ретінде айқындалды, 108 субъектіде 38 992 млн.теңге сома көлемінде шығын орын алды (4-кестені қараңыз) 5.


4-кесте

2015 жылы шығын немесе пайда алған жекешелендірілген

ұйымдардың саны


Көрсеткіштер

Шағын кәсіпорындардың (ұйымдардың) саны

Ірі және орта кәсіпорындардың (ұйымдардың) саны

Жалпы саны, бірлік

151

55

Пайда алған кәсіпорындар

65

33

Пайданың сомасы (млн. теңге)

1 234

22 222

Шығынға ұшыраған кәсіпорындар

86

22

Шығынның сомасы (млн. теңге)

-3 237

-35 755

Жалпы, Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша (2014 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы желтоқсанды қоса алғанда) 105,7 млрд. теңге сомасына 394 объект сатылды, оның ішінде:

- республикалық меншік бойынша – жалпы сомасы 8,4 млрд. теңгеге 25 объект;

- коммуналдық меншік бойынша - 16,9 млрд. теңге сомасына 201 объект;

- ұлттық холдингтер бойынша - 73,6 млрд. теңге сомасына 71 объект;

- ӘКК меншігі бойынша 6,8 млрд. теңгеге 97 объект сатылды (5-кестені

қараңыз) 6.

Квазимемлекеттік сектор объектілері барынша қымбаттырақ сатылуда.

«Транстелеком» АҚ (акциялардың 49%) 9 млрд.теңгеге, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ (акциялардың 100%) –7,5 млрд. теңгеге сатылды.

Сатылған мемлекеттік объектілердің ішіндегі ең қымбаты сату бағасы 1,6 млрд теңгені құрайтын «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» (акциялардың 100%) және сату құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын «№1 Автобус паркі» (100% қатысу) болып табылады.

1 теңгеге жекешелендірілген ең арзан объектілер (ЖШС қатысушысының артықшылықпен сатып алу құқығы) болып табылады: «ATC BROK» ЖШС(49,0%), «Әлем Тағам» ЖШС (9,9%), «Полимер Мұнай Газ» ЖШС (9,0%), «Паркинг Сервис НТ» ЖШС (51%).



5-кесте

Жекешелендірілген ұйымдарды сатудан түскен кірістер
(млрд. теңге)

Кірістер

Сатылған ұйымдардың саны

Сату сомасы

1

2




Республикалық бюджет


25

8,4

Жергілікті бюджет


201

16,9

ӘКК


97

6,8

Ұлттық холдингтер


71

73,6

Барлығы

394

105,7

Жалпы жекешелендірудің екінші толқыны шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа серпін береді, мемлекет, ұлттық холдингтер мен компаниялар инфрақұрылымдық жобаларды дамыту үшін қажетті қаржыландырудың қосымша көзін алады. Жекешелендіру бір жағынан, бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер береді, ал екінші жағынан мемлекеттік бюджетке жүктеме азаяды.




1 Қаржы министірлігінің ақпарат деректері бойынша

4 Статистикалық ақпарат

5 Статистикалық ақпарат

6 Мемлекеттік мүлік тізбесінің деректері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет