Белгілі әнші Индира Расылхан коуч-психолог Роза Әшірбаеваға шүйлікті. Оның сөзінше, коуч көп әйелдің ойын бұзып, отбасының ажырауына себепкер болып жатқан көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж: ашық дереккөз

Коуч та әншінің пікіріне қатысты ойын айтты. 

“Қыздар, өзімнің ойымды білдіргім келіп тұр. Бүгін Роза коучтың парақшасын қарадым. Айтары бар деп ойлаймын. Дегенмен, көбіне біздің әйел адамдардың мықты болып кеткенін байқап жүрміз. Әйелдерге нәзік, әлсіз екенін айту керек сияқты. Қыздардың бәрі мен күштімін деп кетті. Жақында бір досым Розаны тыңдап, әйелім үйден кетіп қалды дейді. Сол талай қазақ қыздарына кесір болып жатыр дейді. Ол ер адамға не дәлелдеймін? Олар бұған дейін ажырасқысы келді, бірақ Роза себеп болған. Еркектердің көбі Розаны айыптап, әйелдерді бұзып жатыр екен деп айтып жатыр, – дейді әнші. 

  • "Қанішерді қоғам болып жазалауымыз керек": Блогер Айжан Байзақова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді
  • "Қыңыр мүдделі" топтардың араласуымен зорлық-зомбылыққа қатысты заң нормаларын үкімет қолдамай отыр – Депутат

Тұрмыстағы зорлық-зомбылықты болдырмауға ат салысып жүрген коуч әншінің сөзін жариялап, пікір білдірді. 

“Нәзік, жұмсақ Салтанат Нүкеновадан ата-анасы, бауыры айырылып қалды. Күйеуі оны бағалаған жоқ. Статистика бойынша Қазақстанда жылына 400 әйел күйеуінің қолынан, соғысқа бармай, үйінде өледі. Күніне бір әйел сүйген жарының соққысынан жан тапсырады деген сөз. Дәл қазір сіз әйел нәзіктігі туралы әңгіме айтып тұрғанда бір нәзік жан күйеуінен таяқ жеп жанталасып жатқан болуы мүмкін… Ал оған басқалар шыда, сен әйелсің, сен нәзік болу керексің деп ақыл айтады… Еркектер құтырған иттей әйелді жан-жақтан талап, оның жаны мен тәнін қинауды норма көретін қоғамда әйелге нәзік болу қауіпті…Еркектер мені “ажырастырдың” деп кінәласа, олардың әйелдері маған жанымды құтқардың деп алғыс айтады”, – деп жауап берді психолог. 

Бірақ Роза Әшірбаева ешқандай қыз-келіншекке “күйеуіңнен ажырас” деп кеңес бермегеніне сенімді. 

“Әйел расында қорған болып отырған еркектен кетпейді. Кетсе езгідей езіп, қол көтеретін еркектен кетеді. Ажырасудың себебі мен емес, әйелін адам құрлы көрмеген еркекте. Еркектер ажырасудың аз болуын қаласа әйелге мейірімді болсын, әйелді сүйсін. Мен ешкімге ажырас деп үгіттемеймін, мен әйелге өзіңді қорға деп ақыл айтамын. Қазіргі заманда әйелдің қорғаны мен қауіпсіздігі еркегі емес, оның білімі, ақшасы мен мықтылығы. Солай болуына өкінішке орай еркек кінәлі! Бұл менің ойдан тапқан фантазтиям емес, еркектен қорлық көрген әйелдердің шындығы”, – дейді коуч. 

Сондай-ақ танымал коучқа көмек сұрап шоу-бизнес өкілдері де жазады екен.

“Маған ғана емес, әйелдер өз қиындығын барлық блогер, әнші, актриса әйелдерге жазады. Бірақ олар үнсіз, еркектің сөзін сөйлейді, нәзік бол, кінәні өзіңнен ізде дейді. Мен ешкімге ұнауға міндетті емеспін, бірақ шырылдаған әйелдерге жаныңды сақта деп айту – азаматтық миссиям!”, – деген пікірде психолог. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.