Экономиканыѕ дамуы кґбінесе мемлекеттіѕ ќаржы жїйесініѕ жаєдайына байланысты



жүктеу 1.15 Mb.
бет6/6
Дата11.11.2018
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6

Тұтыну бағаларының индексі. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2006 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағалары республиканың барлық өңірлерінде өсті.

Бағалардың барынша өсуі Оңтүстік Қазақстан (12,9 %-ға), Шығыс Қазақстан (10,5 %-ға), Жамбыл (10,3 %-ға), Павлодар (10,0 %-ға), Солтүстік Қазақстан (9,9 %-ға), Алматы, Қызылорда және Манғыстау (әр қайсында 9,7 %-ға) облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында (тиісінше 12,6 %-ға және 16,1 %-ға) тіркелді.

Өткен ғасырдың 90 жылдарындағы құлдырау мен тұралау кезеңінен кейін Қазақстан экономикасы 2000 жылдан бастап негізінен қалпына келтіру сипатында болған жоғары экономикалық өсу кезеңіне аяқ басты.


ЖІӨ мен өнеркәсіптің нақты көлемінің индекстері (1990=100)

2000-2007 жылдары орташа 10,1 %-ды құрайтын Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің тұрақты өсуі байқалды.

Өткен жылдары мыналар өсудің негізгі ішкі факторлары болып табылды:

ішкі жиынтық, оның ішінде тұтыну және инвестициялық сұраныстың кеңеюі;

мемлекеттік инвестициялар рөлінің күшеюін қоса алғанда, инвестициялар көлемінің өсуі;

елге тікелей шетелдік инвестициялардың ағынын ынталандыратын қолайлы инвестициялық ахуал.

Өткен жылдарда салық заңнамасындағы өзгерістер экономикаға салық жүктемесін азайтуға, елдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге, жаңа техникалар мен озық технологиялар ағынын және оларды енгізуді ынталандыруға, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталды.

Мұнайға әлемдік бағалардың жоғары болуы, қарыз ресурстарының қолжетімдігі, тікелей шетелдік инвестициялар ағыны ішкі нарыққа шетелдік валютаның орасан ағынына ықпал етті. Бұл төлем теңгеріміне оң әсер етті. 2000-2006 жылдар аралығында төлем теңгерімінің сальдосы оң болып қалыптасты. Бұған 2005 жыл қосылмайды, өйткені ағымдағы шоттың тапшылығын (негізінен қызметтер теңгерімі мен кірістер теңгерімінің болмауынан) капитал мен қаржымен жасалатын операциялар шоты бойынша профицит жаппады.

Елге шетелдік валютаның едәуір ағыны жағдайында теңгенің ішкі нарықтағы айтарлықтай нығаюына жол бермеу халықаралық резервтердің ұлғаюымен қатар жүрді. Халықаралық резервтердің өсуі өз кезегінде ақша агрегаттарының ұлғаюымен қатар жүріп отырды.

Экономиканың өсу факторының бірі ретінде ішкі жиынтық сұраныстың кеңеюі үй шаруашылықтарының тұтынуына арналған және мемлекеттік сектор шығыстарының ұлғаюына ықпал етті. 2005 және 2006 жылдары жалпы тұтыну, оның ішінде үй шаруашылықтарының шығыстары орташа нақты мәнде жылына 11 %-дан аса өсті.

Жиынтық сұраныстың өсуіне экономика секторларына кредит берудің кеңеюі ықпал етті.

2001 жылдан бастап кредит нарығының жай-күйін «кредиттік дүмпу» деп сипаттауға болады. 2002 жылдан бастап кредит берудің өсу қарқыны
37,3 %-дан 2006 жылғы 81 %-ға дейін ұлғайды.

Экономикаға кредит беру көлемінің өсуіне тартылған депозиттер есебінен де және сыртқы нарықтардан қаражат тарту есебінен де банктердің ресурстық базасының өсуі ықпал етті.

Сыртқы қарыздарға қол жеткізу екінші деңгейдегі банктердің экономикаға белсенді түрде кредит берудің және экономиканың жоғарғы қарқынмен өсуін қамтамасыз етудің маңызды факторы болды.

2001-2007 жылдар аралығында негізгі капиталға инвестициялардың көлемі нақты мәнде 3,7 есе ұлғайды.

Тұтастай 2000 жылдан бастап тікелей тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі 52,2 млрд. АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар макроэкономикалық дамудың теріс үрдістері де күшейді.

Соңғы жылдары экономиканың өсуі негізінен шикізат секторының дамуына байланысты болды. Инвестициялардың көп бөлігі экономиканың шикізат саласына жіберілді. Елдің жалпы экспортындағы мұнай мен газ конденсаты экспортының үлесі өсті.

Қаржы ресурстарының едәуір ағыны жағдайында экспансивті бюджет саясаты орташа өсуі 2000-2007 жылдары жылына 9,5 %-ды құраған мемлекеттік тұтынудың өсуіне ықпал етті. Мемлекеттік тұтыну мен халықтың тұтыну шығыстарының кеңеюі инфляцияның өсуінде көрініс тапты.

Сыртқы қарыз алудың ұлғаюы жағдайында инвестициялауға арнаған құралдардың шекті болуы жылжымайтын мүлік нарығының «қызып кетуіне» және құрылыс пен басқа да қызметтер саласындағы кірістіліктің және бағалардың артуына алып келді.

Сыртқы қарыз алудың ұлғаюымен қамтамасыз етілетін кредит берудің өсіп отырған көлемі негізінен құрылыс саласы мен жылжымайтын мүлік нарығына жіберілді, бұл аталған секторлардың сыртқы қаржыландыруға айтарлықтай тәуелді болуына алып келді.

Экономика секторларының ЖІӨ-нің өсуіндегі үлесі айтарлықтай өзгерді.

Салалардың ЖІӨ-нің өсуіндегі үлесі, %



Салалар

2003

2004

2005

2006

2007

Өнеркәсіп

29,0

32,3

14,4

20,5

15,6

Құрылыс

6,5

9,4

24,5

26,2

18,9

Сауда

12,9

12,5

12,4

11,2

13,4

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

17,2

14,6

14,4

12,2

13,4

Өзге де салалар

34,4

31,2

34,3

29,9

38,7

Жиыны

100

100

100

100

100

Дамудың «голланд ауруының» белгілері пайда болды, экономика құрылымындағы теңгерімсіздік мұнай-газ секторының немесе сектордың мұнаймен «саудаласу» үлесінің артуы жағына қарай ұлғайды.

2003 жылдан бастап инфляциялық үдерістердің жеделдеуі байқалды.
2007 жылы инфляцияның өткен жылдар ішіндегі ең жоғары деңгейі қалыптасты (орташа жылдың мәнде 10,8 %, жыл соңында 18,8 %).

Инфляцияның өсуі өзінің әсерін сақтап қалған іргелі (ұзақ мерзімді) факторлардың да және қысқа мерзімді әсері бар факторлардың да әсерімен жүрді.

Инфляцияның іргелі факторлары арасында жиынтық сұраныс пен тұтынудың жоғары өсу қарқынын, еңбек өнімділігі өсуінің нақты жалақының өсуінен қалып қоюын, жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жеткіліксіз дамуын, ақша ұсынысының айтарлықтай өсуін атап өтуге болады.

Теңгенің Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдерінің валюталарына айырбас бағамының нығаю үрдісі байқалды, бұл экономиканың шикізат емес салаларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне ықпал етті.



2007 жылғы сыртқы күйзелістер экономикадағы жүйелі проблемалардың бетін ашты, күшейтті және экономиканың өсу қарқынын азайтты.

Әлемдік экономикаға барынша ықпалдасқандықтан банк жүйесі басқа секторларға қарағанда сыртқы күйзелістердің әсеріне көп ұшырады.

2007 жылы ЖІӨ өсу қарқыны 108,5% дейін төмендеді. 2007 жылдың екінші жартысынан бастап экономикадағы кредиттер көлемінің өсу қарқынының азайғандығы, төлем балансының ағымдағы есебінің тапшылығының өсуінен көрініс тапқан төлем балансы сапасының нашарлағаны, байқалды, инфляция импортына байланысты инфляциялық процестер тездеді.

Көрсетілген үрдістер 2008 жылдың басында да жалғасын тапты. 2008 жылғы қаңтар-ақпан айланының қорытындылары бойынша өнеркәсіптегі өсім 3,4% құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегіден 9,6% төмен. Өсім қарқынының төмендеуі сондай-ақ құрылыста, ауыл шаруашылығында, байланыс қызметтерінде, бөлшек сайда тауар айналымында байқалды. 2008 жылғы қаңтардағы ЖІӨ нақты өсу қарқыны 5,1% құрады.

2008 жылы, әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы конъюктураға және Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингінің сақталғанына қарамастан, экономика теріс факторлардың әсеріне ұшырайтын болады;

2008 жылы сырты нарықтарда қарыз алудың қатаң жағдайларының сақталуы. Ағымдағы жылы банктердің сыртқы қарыз алу көлемі бағалау бойынша олардың сырты борышты қайта қаржыландыру қажеттілігінің 25-30% аспайды;

Экономиканы кредиттеу көлемінің төмендеуі және ЕБД экономика беретін қарыз қаражаты ставкасының жоғарылығы. Банктердің сыртқы борышты төлеу қажеттілігін ескере отырып экономикаға кредиттер жылдың соңында төмендеуі мүмкін.

Экономикаға кредит берудің өсу қарқынының болжамды төмендеуіне байланысты негізінен кредиттеуден тәуелді құрылыс пен сауда сияқты салаларда өсу қарқынының едәуір төмендететін белгілі бір қаупі бар. Бұл ЖІӨ барынша төмен өсуіне әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, кредитке тәуелді секторларды даму институттары арқылы қолдау бөлігінде Үкімет Ұлттық Банкпен және Қаржылық қадағалау агенттігімен бірлесіп қабылдайтын әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақтандыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ холдингтердің, ұлттық компаниялардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру, концессиялық саясатты дамыту сыртқы күйзелістерді жұмсартуға және үстіміздегі жылы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, ел экономикасы күрт бәсеңдемейді және оның дамуы «жайлы қону» сценарийі бойынша жүзеге асырылатын болады.

Барлық факторларды ескере келе нақты ЖІӨ өсуі 5-7% бағалауды құрайды.

Бағалау бойынша ағымдағы есепшот тапшылығы 2007 жылғы 7 млрд. АҚШ долларымен салыстырғанда 2008 жылы 5,3 млрд. АҚШ долларын құрайды (немесе ЖІӨ 5%).

Инфляция деңгейі 2008 жылы 7,9-9,9% арлығында болады деп болжануда.



ҰСЫНЫСТАР
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талдау, бақылау іс-шаралардың нәтижелері және жекелеген мемлекеттік, сала­лық бағдарламалардың іске асырылуын бағалау мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Республикалық бюджеттің 2006 жылғы өзекті өлшемдері атқарылды. Үкімет Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның дүние жүзінің бәсекелестікке аса қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолда­уында көрсетілген іс-шараларды негізінен іске асырды.

Сонымен бірге, есепті жылда респуб­лика­лық бюджеттің кірістері мен шығыстарын қа­лып­тастыру кезінде пайдаланылатын макроэко­но­микалық көрсеткіштердің болжамын төмен­дету болжамы сақталып отыр, атқарылу бары­сында оның көрсеткіштерін нақтылау және бірнеше рет түзетуге тура келді. Нәтижесінде, 2006 жылы мемлекеттің бюджеттік ресурстарын пайдалану толық көлемінде қамтамасыз етілмеді, ол белгілі бір дәрежеде республикалық бюджеттің шығыстары экономиканың өсуіне әсер етуінің тиімділігін кемітті.

Сөйтіп, 2006 жылы атқарылу барысында республикалық бюджеттің 18,5 млрд. теңгесі игерілмей қалды, 5,9 млрд. теңге аккредитивтік шотқа салынған. Бұдан басқа, республикалық бюджет қаражатының басы бос қалдықтары есепті жыл ішінде 110-140 млрд. теңгені және 2007 жылғы 1 қаңтарға 151,0 млрд. теңгеге жетті. Бұл, Есеп комитетінің бағалауы бойынша ЖІӨ көлемінің 1,5-2,0 пайыз мөлшердегі өсімін жоғалтуға алып келді.

Республикалық бюджет кірістерінің атқа­рылуы 2006 жылы негізінен корпоративтік та­быс салығына, қосылған құн салығы мен таби­ғат ресурстарын пайдаланудан түскен түсімдерге тәуелді болды. Бұл ретте салық түсімдерін бол­жаудағы кемшіліктер мен Қазақстан Республи­ка­сының Ұлттық қорын қалыптастыру тетігінің пы­сықталмауы бюджетке есепке алынбаған са­лықтар мен басқа да түсімдердің түсуіне ықпал етті.

Қолданылып жүрген салықтық әкімшілік жүргізу тетігі – салық төлеушілерді есепке қою­дан бастап салықтық тексерулер жүргізуге дейін, олардың нәтижелеріне шағым жасау рәсімдері және мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары көпдеңгейлі және тиімділігі аз болып табылады. Нәтижесінде бюджетке артық төлеу және республикалық бюджеттен қайтарып алу мен орнын толтыру сомалары, сондай-ақ салықтық берешек артып отыр. Сөйтіп, 2006 жы­лы тексерулердің нәтижелері бойынша бюд­жетке қосымша есептелген 114,9 млрд. теңгенің тек 14,9 млрд. теңгесі, яғни 13,0%-ы бюджетке өндіріп алынған, бұл салықтық әкімшілік жүргізудің тиімсіздігін көрсетеді.

Республика экономикасының секторлары бойынша салық жүктемесі коэффициенттерінің біркелкі болмауы сақталып келеді. Атап айтқан­да, осы коэффициент мұнай өнімдерімен сауда­ны жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін 6,5%, екінші деңгейдегі банктер үшін – 6,6%, ал сақ­тандыру және аудиторлық компаниялар үшін – 26,4 пайызды құрады. Соның салдарынан, са­лық салудың әділдік қағидаты бұзылып, рес­публикадағы рыноктың түрлі сегменттерінің да­муына салықтардың әсер ету тиімділігі азаяды.

Салық және бюджеттік заңнаманың кейбір нормалары бір біріне үйлеспейді, бұл оларды екіұшты түсіндіруге алып келеді. Мәселен, салық қызметінің органдары кейбір жағдай­ларда артық төленген салық сомаларын респуб­ли­калық бюджетке немесе жергілікті бюджетке есептейді. Сондай-ақ олар жергілікті бюджет­тердің түсімдері болып табылатын салықтар жө­ніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің салық берешегінің есебіне нөлдік ставка бой­ын­ша ҚҚС-ның орнын толтыруға жол береді.

Негізгі салықтар және республикалық бюд­жетке төленетін басқа да төлемдерді орталық­тан­дыру жалғасып келеді. 2006 жылы респуб­ли­калық бюджетке 1725,3 млрд. теңге түсті не­месе жиналған түсімдердің 73,8%. Бұл ретте бюд­жет­аралық қатынастарды реттеудің қолда­ныс­тағы тетігі жергілікті бюджеттердің кіріс ба­засын нығайтуға және республикалық бюджетт­ен бөлінетін трансферттерді азайтуға ықпал жасамайды.

Үкімет 2006 жылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметіне олардың мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруын, бюджеттік қаражаттардың игерілуі мен жол берілген қаржылық бұрмалаушылықтарын ескере отырып, кешенді бағалау жүргізбеген.

Есеп комитеті жүргізген жекелеген мемле­кеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуын бағалау мемлекеттік органдардың – осы бағдарламаларды үйлестірушілердің ара­сында нақты іс-қимыл жүзеге асырылмайтын­дығын, олардың атқарылуына тиісті дәрежеде мониторинг өткізілмейтіндігін көрсетті. Сол се­бепті, көптеген жағдайларда мемлекеттік және салалық бағдарламалардың күтілген нәтиже­леріне қол жеткізілмеді.

Республикалық бюджеттен бөлінетін транс­ферттерді пайдалану барысында жекелеген жағ­дайларда бюджеттік заңнаманың талаптарын бұ­зу­шылық болып табылатын жергілікті бюд­жет­тік бағдарламаларды қаржыландыруға жол берілген.

Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Бюджет кодексінің өңірлерде инвес­тициялық жобалардың іске асырылуына жауапты болу туралы талаптарын орындамауда. Өз кезегінде, нормативтік құқықтық актілерде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің трансферттерді пайдаланудағы жауапкершілігі жеткілікті түрде анық белгі­ленбеген.

2006 жылғы республикалық бюджет нақ­тыланған тапшылығы 126,2 млрд. теңге болған­мен 54,7 млрд. теңге профицитпен орындалды. Осы ауытқу республикада қор нарығын дамытуға жәрдемдеспеді, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік саясатына белгілі бір дәрежеде әсер етті. Бұл ретте есепті кезең ішінде республикалық бюджеттің тапшылығы (профицит) Бюджет кодексінің 21-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленбеген.

Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде қаражаттарды қарызға алу үшін ша­руашылық жүргізуші субъектілер мемлекеттің кепілдіктерін пайдаланбайды. Осы мақсаттар үшін шет елдің қаржы институттарымен тікелей жасалатын шарттар бойынша негізінен сыртқы займдар тартылады, бұл еліміздің жалпы сырт­қы қарызының өсуіне байланысты тәуекелді арттырады.

Республикалық бюджеттің атқарылу бары­сында 2006 жылы қаржылық тәртіптің жақ­сарғаны байқалмайды, бұл республикалық бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің мақсатсыз, тиімсіз және негізсіз пайдалану көлемдерінің ұлғайғандығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай ұсыныстар беріледі:

- республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының өлшемдерін айқындау кезінде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің негізділігін арттыру;

- республикалық бюджеттің қаржылық жылы атқарылуы барысында оны түзету прак­ти­касын алып тастау;

- салықтық әкімшіліктендірудің тиімділігін арттыру жөнінде толыққанды шаралар қабылдау;

- республикалық бюджеттен ҚҚС-ның орнын толтыру рәсімін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;

- берілетін салықтық және кедендік жеңіл­діктердің негізділігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органның талабын күшейту;

- экономиканың әртүрлі секторлары мен қаржы институттарының шаруашылық жүр­гізуші субъектілерінің салық жүктемесін біре­гейлеудің мақсаттылығын қарау;

- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін олардың тиісті мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруын ескере отырып, бағалаудың кешенді тетігін әзірлеу;

- мемлекеттік қорғаныс тапсырысын оны қаржыландыру көздерінің нақты түрлерін белгі­лей отырып, қалыптастыру тетігін жетілдіру;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің ре­зервінен бөлінетін қаражаттардың қаржылық негізінің сапасын арттыру;

- республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы бюджеттік бағдар­ламаларды іске асыруға трансферттер бөлудің мақсаттылығын қарау, сондай-ақ мақсатты инвестициялық трансферттерді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейту;

- мемлекеттік активтерді мемлекеттің бірың­ғай қаржы балансын әзірлеу жолымен басқа­ру жүйесін жетілдіру;

- сыртқы рыноктан мемлекеттің қаты­суымен жеке компаниялар мен акционерлік қоғамдар тартатын кредиттік ресурстарды қоса, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар кешенін қабылдау;

- бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың ашықтығын, жеделдігін және тиімділігін арт­тыру мақсатында Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріндегі қаржылық құжаттарды қарау рәсімін тездету;



- мемлекеттік қаржылық бақылау стан­дартт­ары талаптарының сақталуы және респуб­ли­калық бюджеттің атқарылуына ішкі бақы­лаудың тиімділігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қолдану.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. - Алматы: Юрист, 2004.

  2. Салық кодексі - «Бюджетке салыктар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде» ҚР Заңы. - Алматы: Юрист, 2003.

  3. Қазақстан Республикасының заңдары.

  4. Указ Президента Республики Казахстан «Об утверждении Положе-ния о Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета» от 05.08.2002 г. №917.

  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары.

  6. Министрліктер мен ведомстволардың нүсқаулык материалдары.

  7. Бюджетная система Российской Федерации: Учебник / М.В. Романовский и др.; Под ред. М.В. Романовского, О.В. Врублевской. - 2-е изд., исп. и перераб. - М.: Юрайт, 2000. - 615 с.

  8. Годин А.М., Подпорина И.В. Бюджет и бюджетная система Российской Федерации: Учебное пособие. - М.: Дашков и К, 2002. - 340 с.

  9. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. - Алматы: Қаржы-Қаражат, 1995. -124 с.

  10. Иванова Г.Г., Маковник Т.Д. Казначейская система исполнения бюд-жетов. - СПб: Питер, 2001. - 208 с.

  11. Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник. - Алматы: РЖ, 1994. - 268 с.

  12. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан: Сборник нормативных правовых актов. — Астана: 2002. — 132 с.

  13. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Проблемы эффективности использования средств государственного бюджета Республики Казахстан в условиях развития рыночных отношений / Под общ. ред. д.э.н. Серикбаева А.С. - Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2003. - 194 с.

  1. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. - Алматы: Қаржы-қаражат, 2001.-311 с.

  2. Рудый К.В. Финансово-кредитные системы зарубежных стран: Учебное пособие. — М.: Новое знание, 2003. — 301 с.

  3. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2005.-416 бет.

  1. Утибаев Б.С., Жунусова Р.М. Бюджетное устройство и бюджетная система: Учебное пособие. - Ақмола: 1997. - 103 с.

  2. Комментарии к Стандартам внешнего и внутреннего контроля ис-полнения республиканского и местных бюджетов: Счетный комитет по контролю исполнения республиканского бюджета - Астана: 2003 -24с.

  3. Положение о Комитете Казначейства Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24.05.1999 г. №626.

  4. Положение о Комитете финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19.05.2002 г. №674.

  5. О Среднесрочной фискальной политике Правительства Республики Казахстан на 2005-2007 гг. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31.08.2004 г. №918.

  6. Правила разработки проектов республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 29.05.2002 г. №592.

  7. Правила исполнения республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением правительства Республики Казахстан от 05.02.2005 г. №110.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет