Белгілі актриса, сатира саңлағы Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өміріне қатысты әңгімеге нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдызды weekend” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: бағдарламадан скриншот

Өнер иесінің айтуынша, жолдасы көп көзіне түскісі келмейді екен. 

“Жолдасым үлкен әулеттен шыққан. 3 ұл, 3 қыз. Ұлдың үлкені. Сарыағаштың тумасы. Бірақ мектепті бітіргеннен, Алматы қаласында тұрақтаған. Поли-тех-тың геодезист мамандығын бітірген. Болмысынан көп көзіне түсе бермейтін, өзімен-өзі жүретін адам. Бір уақытта Өмір-Серік Шымкент жаққа келісімшартпен жұмысқа кеткен еді, сол кезде “Жұлдызай ажырасып кетті” деген өсек шықты. Ол екі әйелдің іші пысып, шығарған әңгімесі. Міне, қызы отыр. Ажырасқан жоқпыз. Аянат үшін деп бірге өмір сүре алмаймыз. Біз бір-бірімізге керекпіз. Ештеңе мәңгі емес. Сондықтан мен барлық нәрсеге дайынмын. Өзіме еш нәрсеге өкпелемеуге уәде бергенмін. Ол жұмыста. Мен әлеуметтік желіге "Міне, күйеуім Сарыағашта жұмыс істеп жатыр" деп салмаймын. Мен біреуге дәлелдеу үшін өмір сүрмеймін. Айтса, айта берсін. Мейлі, қырық күн айтар, төрт күн айтар. Маған жұрттың әңгімесі қызық емес", – деді актриса.

Сондай-ақ актриса енесінің қандай адам екенін де айтты. 

“Енемді “анамдай болса екен” деп тілеп едім. Тура сондай болды. Алла мені естіді. Жалпы мен отбасым мен әулетімді көрсете бермеймін. Бірақ осындай кезде айтып қалатыным бар”, – деп шынын жасырмады өнер иесі. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.