Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары



жүктеу 58.24 Kb.
Дата19.04.2018
өлшемі58.24 Kb.


Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары-

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің

2013 жылғы «6» желтоқсандағы

№ 558 бұйрығына

47-қосымша

 

Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (570.00-нысан)

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (570.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»


2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және экспортқа рента салығын есептеуге арналған экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Экспортқа рента салығы бойынша декларацияны шикi мұнай, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

4. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.

5. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

6. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

7. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

8. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

2. Декларацияны жасау (570.00-нысан)

 

9 «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:



1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;

2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі – декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

3) салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы көрсетіледі;

4) декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып белгіленеді;

5) хабарламаның нөмірі мен күні.

Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген декларация түрі тапсырылған жағдайда толтырылады;

6) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешімімен (бұдан әрі – шешім) бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

7) өлшем бірлігі.

Шикі мұнайдың, газ конденсатының, көмірдің өлшем бірлігі (тоннада, текше метр және т.б.) көрсетіледі;

10. «Төленуге экспортқа рента салығы» деген бөлімде:

1) 570.00.001 жолында салық кезеңі үшін экспортқа өткізілген шикi мұнайдың көлемі көрсетіледі;

2) 570.00.002 жолында Салық кодексінің 334-бабы 3-тармағына сәйкес шикi мұнайдың әлемдік бағасы көрсетіледі;

3) 570.00.003 жолында 570.00.001 және 570.00.002 (570.00.001 х 570.00.002) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын экспортқа өткізілген шикi мұнай көлемінің құны көрсетіледі;

4) 570.00.004 жолында салық кезеңі үшін экспортқа өткізілген газ конденсатының көлемі көрсетіледі;

5) 570.00.005 жолында Салық кодексінің 334-бабы 3-тармағына сәйкес газ конденсатының әлемдік бағасы көрсетіледі;

6) 570.00.006 жолында 570.00.004 және 570.00.005 (570.00.004 х 570.00.005) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын газ конденсатының экспортқа өткізілген көлемінің құны көрсетіледі;

7) 570.00.007 жолында 570.00.003 және 570.00.006 (570.00.003 + 570.00.006) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын экспортқа өткізілген шикі мұнай, газ конденсаты көлемінің құны көрсетіледі;

8) 570.00.008 жолында Салық кодексінің 303-бабына сәйкес шикі мұнай мен газ конденсатының экспортқа рента салығының ставкасы көрсетіледі;

9) 570.00.009 жолында 570.00.007 және 570.00.008 (570.00.007 х 570.00.008) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын шикі мұнай мен газ конденсатының экспортқа рента салығының сомасы көрсетіледі;

10) 570.00.010 жолында салық кезеңі үшін экспортқа өткізілген көмір көлемі көрсетіледі;

11) 570.00.011 жолында көмірдің нақты өткізу бағасы көрсетіледі;

12) 570.00.012 жолында 570.00.010 және 570.00.011 (570.00.010 х 570.00.011) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын көмірдің экспортқа өткізілген көлемінің құны көрсетіледі;

13) 570.00.013 жолында «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу туралы Заң) сәйкес айқындалған экспортқа өткізілген көмір құнының ауытқу сомасы көрсетіледі;

14) 570.00.014 жолында 570.00.012 және 570.00.013 (570.00.012 + 570.00.013) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес түзету ескеріле отырып, экспортқа өткізілген көмір көлемінің құны көрсетіледі;

15) 570.00.015 жолында Салық кодексінің 303-бабына сәйкес көмірдің экспортқа рента салығының ставкасы көрсетіледі;

16) 570.00.016 жолында 570.00.012 және 570.00.015 (570.00.012 х 570.00.015) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын көмірдің экспортқа рента салығының сомасы көрсетіледі;

17) 570.00.017 жолында 570.00.013 және 570.00.015 (570.00.013 х 570.00.0015) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын көмірдің экспортқа рента салығының сомасы көрсетіледі;

18) 570.00.018 жолында 570.00.009, 570.00.016 және 570.00.017 (570.00.009 + 570.00.016 + 570.00.017) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын экспортқа рента салығының сомасы көрсетіледі.

11. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) «Салық төлеушінің Т.А.Ә.» жолында:

декларацияны заңды тұлға табыс еткен кезде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде деректер жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;

2) декларацияның тапсырылған күні.

Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы беретін құжаттың тіркеу нөмірі көрсетіледі.

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

___________________________



 



Каталог: sites -> default -> files -> npa -> fno -> 2014 -> pravilakaz
pravilakaz -> Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
pravilakaz -> Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravilakaz -> Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravilakaz -> Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
pravilakaz -> Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravilakaz -> Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravilakaz -> Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110. 00-нысан) Жалпы ережелер
pravilakaz -> Корпорациялыќ табыс салыєы
pravilakaz -> Корпоративтік табыс салыєы
pravilakaz -> Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет