Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы және оның сыбайластарына қатысты жаңа екі айыптау бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысында "Дипломат" қонақүйін тартып алу және "Алтын адам шеруі" көрмесін өткізу кезінде билігін асыра пайдалану, рейдерлік әрекет бойынша екі іс қаралып жатыр.

Алайда бүгінгі отырыс Алмаз Нұразханның келмеуіне байланысты кейінге қалды. Судья Кемеңгер Имашев бүгінгі отырысқа келмеген Алмаз Нұразханның түсініктемесін оқыды.

"Денсаулығымның нашарлауына байланысты сот отырысына қатыса алмаймын. Жүрек кризімен ауруханаға кардиологқа бару қажеттігі туындады. Ауруханаға жатқызуы да мүмкін. Түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенемін. Анықтама және түсініктеме, ауруханаға жатқызуға жолдама қоса беріледі", — деп жазылған түсініктемеде.

Осылайша, келесі сот отырысы 2024 жылы 8 қаңтар таңғы 10:00-ге ауыстырылды.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлына Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру) және 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (заңсыз иелену немесе талан-таражға салу, яғни сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқыру) бойынша айып тағылған.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.