Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ертіс орманы" мемлкеттік орман табиғи резерватының басшысының пара алу фактілерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан скриншот

Резерват басшысы орманды заңсыз кескен және сатқан кәсіпкерлерге пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны белгілі болды. Биыл 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет резерват директорының аудиожазбасы, пара берушімен жазысқан хаттарын да жариялады. 

Видеодан скриншот

Бұдан бөлек резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

  • Қарағанды облысында шенеуніктер жоқ жолды жөндеуге 328 миллион теңге жұмсамақ болған

  • Алматы облысында аурухана қаржысын қолды еткен бухгалтер 7 жылға қамалды

Есепшілер 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің картадағы шоттарына, сонымен қатар мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 миллион теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.

"Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мониторингі барысында Сырым ауданының педагогтеріне 259 миллион теңге сомалық белгіленген міндетті үстемақы төлемеу фактілерін анықтағанын жаздық.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.