Сот Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің үкімін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz 

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Самат Әбішке билігін асыра пайдаланды деген айыппен үкім шығарды.

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған жарияланымдарға байланысты Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билікті асыра пайдаланды деген айып тағылған Ә-ге қатысты қылмыстық іс (Қылмыстық кодекстің 362-бабы, 4-бөлігі) қаралғанын хабарлайды. "Құпия" белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өтті", – делінген хабарламада.

Сотта прокурор айыптауды қолдап, соттан Самат Әбішті 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл ретте қылмыстық кодекстің 63-бабы негізінде жаза пробациялық бақылауды белгілей отырып, сол мерзімге шартты түрде айқындалады.

“Сотталушы кінәсін толық мойындады және өз ісіне өкінді. Сот үкімі бойынша, Самат Әбіш Қылмыстық кодекстің 362-бабы, 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы қаулы шығарылды", – деп толықтырды сот.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Самат Әбіштің шартты түрде сотталғанын растаған еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.