Элективті курс тақырыбы: «Ұбт-ге дайындық кезінде өзін-өзі басқарудың сыры» ( 11 сыныптарға арналған) Кіріспе



жүктеу 209.9 Kb.
Дата06.07.2018
өлшемі209.9 Kb.

Элективті курс тақырыбы: «ҰБТ-ге дайындық кезінде өзін-өзі басқарудың сыры»

( 11 сыныптарға арналған)



Кіріспе

Өзектілігі: Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық өзектілігін бағаламау мүмкін емес. Қандай емтихан болмасын балада күйзеліс тудырады, себебі ҰБТ-ның ережелері тапсырмалары жылдан жылға өзгеріп отырады, міне сондықтан бұл көптеген оқушыда қорқыныш сезімі пайда болады. Емтихан сөзі латын тілінен аударғанда «сынақ» деген мағына береді.

Дәл осы сынақтан өту, қиындықтан аттау, сол кезеңде түлектерге осы емтихан үлкен сынақ болып табылады. Емтихан немесе тест тапсыру әр адамның жекелей ісі екені сөзсіз, бала ҰБТ тапсыру кезінде жеке қалады, ол кезде ата-аналары мен мұғалімдері жанында болмайды. Сондықтан балада қорқыныш туады. Осы кезеңде балаларға психологиялық дайындық қажет.

Мұнда ҰБТ-ге байланысты жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, өзін-өзі басқару, ҰБТ-ге дайындық үрдісін ғана көтеріп қоймай, сонымен бірге емтихан, яғни ҰБТ кезінде оқушының өзін-өзі эмоционалдық тұрғыдан ұстауын, ойлау қабілетін, жеке кезеңде өз білімін реттей алуына көмек беріледі.

Біз құрастырған бағдарлама оқушыларда ҰБТ-ға байланысты туындаған күйзеліс, қайғыру, жағымсыз сезімдерді реттеуге көмектеседі, сонымен қатар, бұл бағдарламаның көмегімен тақырыптарды еске сақтау мен ҰБТ-ға дайындалудың әдіс-тәсілдерімен танысады. Бұл бағдарламаның негізгі бөлімі оқушыларға релаксациялық жаттығулар мен жүйке-бұлшықеттерінің қозуын төмендетуге арналған жаттығуларды меңгеруге көмектеседі.

Бағдарламада оқушылардың қарым-қатынасын дамыту үшін тренингтер қолданылады. Тренингтер оқушыларға адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясын меңгеруіне, іскерлік сапаларын шындауға, ұжым мүшелерінің арасында бірін-бірі түсіну арқылы жағымды психологиялық ахуалды құруға көмектеседі.

ҰБТ-ге психологиялық дайындық өте қажетті болып табылады, сондықтан да мектеп психологтары үшін 11-сынып оқушыларында қобалжуды төмендету негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені емтихан кезінде көптеген оқушылардың білім сапасы жоғары болса да, емтиханмен байланысты туатын қобалжу жүйке жүйесінің жұмысы мен танымдық үрдістеріне әсер етіп, дұрыс жауап бермегендіктеріне байланысты оқушыда ақталу пайда болып, яғни «ұмыттым», «түсіңбедім» деген тәрізді жауаптар береді. Шынында, емтихан кезінде түлектерде қобалжудың жоғарылуына әр түрлі себептер себеп бола алады.

Бойында қарым-қатынас жасау және өзін-өзі таныстыру дағдыларының қалыптаспағаны, өзінің эмоционалды қалпын басқара алмауы, өзін-өзі төмен бағалау және тағы да сондай сияқты жағдайлар әр түлегінде кездесуі мүмкін.

Сондықтан да түлектерге арнайы өткізілетін емтихандар алдындағы психологиялық көмектің маңызы зор болып табылады.


Мақсаты: оқушылардың өзінің психикалық жағдайын өз еркімен реттеу нышандарын қалыптастырып, өзінің мінез-құлқын және эмоцияларын басқара алуына үйрету, өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.

Міндеттері:

  • Оқушылардың өзіндік психикалық жағдайлары туралы білімін арттыру.

  • Жағымды эмоционалды жағдай қалыптастыру.

  • Оқушылардың ерік сферасын дамыту.

  • Стресті жеңу.

  • Сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру.

  • Ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.

  • Іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу.


Сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер

  1. Мини дәрістер

  2. Диагностикалық әдістер

  3. Психологиялық түзету жұмыстары:

  • Пікір- талас

  • Метафора

  • Денеге бағытталған тәсілдер

  • Релаксация және медитация

  • Арттерапия тәсілдері

  • Рөлдік ойындар

  • Талдау



Жүргізілу талаптары:
Сынып немесе басқа да жақсы жарық түсетін, ауа желдетілетін бөлме қажет. Бір сыныпта оқитын оқушылардан топ құрау. Бұл жаттығулардың реті он сағатқа есептелген, аптасына екі рет 1-1,5 сағаттан.

Қажетті құрал-жабдықтар: әсерлі әуен, қағаз, қарындаш, қалам, орындық, май шам, жұмсақ көрпешелер.

Тренингті өткен оқушыларда өзіндік және мектеп ішілік қобалжу деңгейі төмендегені байқалады. Есте сақтау қабілеті және сөздік логикалық ойлауы жоғарлайды. Келе жатқан емтиханнан қобалжуы төмендейді, өтілген тренингте үйренген дағдылары емтиханда көмектеседі.
Жорамалданатын нәтиже:

Бағдарлама қорытындысы бойынша:



  • Оқушылардың өзіндік психикалық жағдайлары туралы білімі артады

  • Жағымды эмоционалды жағдай қалыптасады.

  • Стресті жеңіп өз-өзін реттей біледі.

  • Сенімді мінез-құлық дағдысы қалыптасады.

  • Ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдылары қалыптасады..

  • Іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінеді


1 сабақ «Өз-өзіне сенімділік»



Мақсаты:

  • Сенімділік нышандарына үйрету

  • Өз-өзіне сенімділікті жоғарылату

1.Сергіту

«Бәрінің назары» жаттығуы

Мақсаты: Өзін-өзі көрсете білуге үйрету.

Барлық оқушыға бір тапсырманы шешу ұсынылады. Ешкімге физикалық күш көрсетпей өз-өздеріңе көңіл аударуға тырысу. Барлық оқушы тапсырманы орындау барысында қиындай түседі. Кім бұл тапсырманы, қандай тәсілмен орындай алды пікірлерін тыңдау. Бастаймыз! Ойын соңында кім көп өзіне назар аударта алды соны анықтаймыз.



Негізгі бөлім

Кіріспе сөз.

Егер сіз қоғамда өз-өзіңізге сенімсіз болсаңыз, әрине неге сенімсіз сезінемін деген ой келген шығар. Мүмкін сіз кішкентай кезіңізден ұялшақ, тұйық болған шығарсыз. Сол кезде сіз өз-өзіне сенімді адамдарға қызығып қараған шығарсыз. Неге сіз олай бола алмайсыз? Бұл сұраққа тек өзіңіз ғана жауап бересіз.

Қане қазіргі уақытта сіз өзіңізге қаншалықты сенімдісіз соны анықтап алайық.






Пікірлер

Келіспеймін

Келісемін



1

Мен үнемі әр нәрсені дұрыс істей алмаймын деп қорқамын

0 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100

2

Маған «жоқ» деп айту қиын

0 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100

3

Көбінесе мен өз талабымды орындата алмаймын

0 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100


4

Мен жиындарда, ешкімді танымайтын ортада өзімді қалай ұстау керек екенін білмеймін

0 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100


5

Егер мен бір адамның өтінішін орындамасам, мен өзімді кінәлі сезінемін

0 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100





Ұпай саны






2. Бейне

«Сіздің идеалыңыз» техника

Мақсаты: Өз-өзіне сенімділікті арттыру.

Жүргізуші: «Сіз өзіңіз таң қалатын (қызығатын) адамды елестетіңіз, сол адаммын деп рөлге кіріңіз. Әдеби кейіпкерлерді де ойлауға болады. Өз идеалыңыздың бейнесіне еніңіз, соның мінезі мен әдеттерін көрсете біліңіз. Түнде ұйықтап, таңертең тұрып сол адаммын деп елестетіңіз, өз-өзіне 100 % сенімді адаммын деп елестетіңіз.

Сосын өз еркімен қатысушылар келесі сұрақтарға жауап береді.



  • Сіздің танысыңыз сізді бір жерге шақырады, бірақ сізге ол адаммен жүру қызықсыз. Сіз оған не дейсіз?

  • Сіздің досыңыз сізден ноутбугыңызды сұрайды, ал сіз оны ноутбукты дұрыс қолдана алмайды деп ойлайсыз, сіз оған не дейсіз?

Рефлексия

  1. Қайсысы қолыңыздан келді, қайсы келмеді?

  2. Осы техника сізге өмірде керек деп ойлайсыз ба?


«Сенімді, сенімсіз агрессивті тәртіп» жаттығуы

Жүргізуші: «Әр қайсыларыңа сенімді, сенімсіз реакция, агрессивті реакцияны көрсетуді ұсынамын. Мысалы: Сіздің досыңыз қарызға сізден ақша алып, бірақ қайтармады. Бұл жағдайдағы агрессивті реакция былай болуы мүмкін. «Мен білгем саған сенбеу керектігін. Қане қазір маған ақшамды қайтарып бер». Сенімсіз реакция былай болуы мүмкін: «Кешір маған ақшамды қайтарып бермейсің бе, ренжімесең?». Сенімді реакция «Екеуіміз келістік қой, сен маған бүгін ақшамды қайтарып берсең, ризашылығымды білдірер едім».

Әр оқушы жағдаяттарды шешу керек. Барлығы бейнелеуін қадағалау керек.



  • Сіз бір жерге асығып бара жатырсыз, ал сіздің танысыңыз өз әңгімесін айтып қалмайды. Сіз ...

  • Сіз мейрамханадан бифштекс алдыңыз, ал ол күіп кеткен. Сіз аспазшыға не айтасыз?

  • Жатаханадағы көрщіңіз сізбен ақылдаспай бөлмеге бейтаныс адамды шақырып қойды. Сіз оған не дейсіз?

  • Сіз кинотеатрда отырсыз, ал артқы қатарда бір адамдар қатты сөйлеп отыр, сіз оған бұрылып не дейсіз?

  • Сіз мейрамханаға келдіңіз, бірақ сізге ұсынған орын ұнамайды. Сіз администраторға не дейсіз?



Рефлексия

Әр қатысушы тренингте оған не ұнады, не ұнаған жоқ өз пікірлірімен бөліседі.


2. сабақ. « Ашуды қалай жеңуге болады?»

Агрессивтілікті түзету

Мақсаты:

  • Агрессиядан арылу

  • Ашуды жеңу техникаларымен таныстыру

Материалдар: Ұсыныс жазылған қағаздар, таза А4 қағазы, әр түрлі түсті қарындаштар немесе фломастерлер.

1.Сергіту

«Біз ұқсаймыз?..» жаттығуы

Мақсаты: топтың ұжымшылдығын арттыру, жеке тұлағалық қарым-қатынас кезінде бір-біріне ұқсастықтарын танып білу.

Жүргізуші қоршаған адамдарына екі сөйлем айтып бөлменің ішінде жүруді ұсынады: «Сен маған ... ұқсайсың» және «Мен сенен ... ерекшеленемін».


2.Негізгі бөлім

«Тыныштандыру ойы» техникасы

Мақсаты: Агрессиядан арылу, тыныштандыру ойына үйрету.

Жүргізуші: «Ашу – бұл эмоция барлық адамның басынан өткізетін. Адам өмірінде қуаныш, бақытты, жылауды өткізетіні сияқты ашу да болып тұрады. Ашуды басынан өткізудің ешқандай әбестігі жоқ. Тек адам ашуланғанда қатты ашуланып, ашудан жарылып кетпей өз-өзін ұстай білу керек.



Ашумен күресудің екі жолы бар:

  1. Ашуды ішіне жасыру.

  2. Ашуды сыртқа төгу.

Бірінші жағдайда адам ішіне ашуды жинап-жинап бір күні жарылады немесе ауырып қалады. Екінші жағдайда ашуын сыртқы қоршаған адамдарға көрсете берсе оны дұрыс адам деп санамайды.

Бірақ үшінші жол бар, ол мүлде ашуланбау. Міне біз осыдан бастағанымыз жөн. Әр адам оны өзімшіл, ақымақтар ашуландырады деп есептейді.

Сіздер «Сен менің ашуыма тиіп отырсың, сен менің жүйке жүйеммен ойнап отырсың» деген сөздерді жиі айтасыздар. Бірақ бұл өз-өзін алдау болып саналады, бөтен адамдар ешкімді ашуландыра алмайды.

Сіздерді ешқашан ешкім ренжітпейді. Ең ащы шандық бұл сіздер өз-өздеріңізді ренжітесіздер.

Көз алдыңызға жаңбыр астында тұрған екі адамды елестетіңізші. Өзіңіз көріп тұрғандай жаңбыр ол екі кісіге екі түрлі эмоциялық жағдай туғызады. Олардың біреуінде бақыт сезімі, ал екіншісінің көңілі түсіп қалды.

Екеуі де малмандай су болды. Бірақ олардың беттеріне қараңызшы. Олар екі түрлі эмоция көрсетеді. Неге?

Бірақ айырмашылық бар, ол екі адамның жаңбыр туралы екі түрлі ойлауы.

Сіздер қалай ойлайсыздар, егер екінші адам өз ойын өзгертсе, оның сезімі өзгере ме?

Енді біз түсінеміз біз қалай ойласақ сезіміміз де солай өзгереді. Егер біз жағымсыз эмоциядан арыламыз десек, онда біз ойымызға дұрыс көңіл бөлуіміз керек.




Ашуға әкелетін ой

Тыныштандыратын ой

Адам жағдайды реттей алмайды дейтін ой: Мысалы: «Менің төзімім таусылды. Олар мені мәжбүрлейді...»

Жағдайды реттей алатын қабілетті көрсететін ой: «Мен жағдайды қадағалап отырмын. Ешкім мені мәжбүрлей алмайды. Мен бұл жағдайда не істеу керектігін білемін»

Өзі қалай ойласа, солай болу керек деп ойлайтын ойлар: «Ол (олар) мен ойлаған сияқты істемейді...» «Мен болжаған сияқты жүрмейді».

Қоршаған адамдар саған не істесін деп ойдайды деген ойлар: «Ол (олар) олай істеуге міндетті емес, мен оларға үстемдік жүргізе алмаймын».

Жағымсыз ойлар: басқа адамды ойша ренжітіп, оңай ренжуге болады.

Басқа адамдардың қызығушылықтары мен сезімдерін түсінетін ойлар: «Ол қазір не сезініп отыр екен».

Басқаларды айыптаушы ойлар: «Біз кешігіп қалғанымызға олар кінәлі».

Басқа адамдар туралы жақсы ойлау: «Негізі ол жаман адам емес, әр адам қателеседі».

Басқа адамға зәбір немесе агрессияны ойша бейнелеу

Сүйіспеншілік және тыныштандыратын ойлар: Адамдарға зәбір көрсетпеу керек, одан да өмірше пайдалы жұмыстармен айналысқан жөн. «Егер мен қазір бұл адамды ұрсам, ертең қайда боламын. Бұл үшін милицияға немесе абақтыға түскім келмейді».

Агрессиялық тәртіп тудыратын ойлар: Мысалы: «Мен енді шыдай алмаймын», «Тағы қайталанса мен сені ұрып жіберемін»

Позитивті іс-әрекет тудырушы ойлар: Әр түрлі әрекеттер позитивті эмоция тудырады. Мысалы: басқа адамға махаббатыңызды білдіру.

Осы ойлардың барлығы ашу тудыратын ойлар. Егер бір адамды кінәлі санаса ол ойлар ашу туғызуы мүмкін.

Ашуға бой бермеу үшін жоғарыда тыныштандыратын ойларды ойлау керек.

Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе ашу – ол адамның өзіне, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін ең күшті сезім. Әр адамның мақсаты – өзін-өзі баылап отыру және өзінің ашуын реттеп отыруы қажет.


«Тыныштандыру ойы» жаттығуы

Әр қатысушы кестенің оң жақ бағанын толтыру керек (3 қосымша, №3 бет), жазып болғаннан кейін тыныштандыру туралы өз пікірлерін оқиды.



Ашуға әкелетін ойлар

Тыныштандыратын ойлар

Маған күлсе, мен шыдап тұра алмаймын!

Қабілетті ойға түсіруші ойлар...

Бұл менің қолымнан келмейді!

Жағдайды бақылау...

Егер ол дос болса, онда ол әрқашан өз уәдесінде тұру керек!

Басқа адамдар өздері туралы не ойлайды соны істеу керек: ...

Мен ештеңе істеген жоқпын! Ал ана ақымақ мұғалім маған ұрысады!

Басқа адамдардың сезімі мен қызығушылығын түсінетін ойлар: ...

Менің жазып алған конспектім жоқ, мен енді ешқашан оған дәптерімді бермеймін. Өйткені мен конспектісіз сабақта жауап бере алмаймын!

Басқа адамдар туралы жақсы ойлар ойлау керек:

Мен неге артынан дастарханды жинауым керек? Мен шаршаған шығармын, бірақ маған ешкім көмектеспейді!

Объективті ойлар:

Егер ол тағы кекетсе, мен оны ұрамын!

Позитивті іс-әрекетке әкелетін ойлар: ...

Бұл жағдаяттар ашу тудырады.

Тыныштандырушы ойлар.


Рефлексия

  1. Қайсысы қолдарыңнан келді, ал қайсысы қиын болды?

  2. Бейнелеу


«Вулкан» медитациялық техникасы

Мақсаты: Ашу кезінде өз-өзін ұстау және оқушыларға ашулануды реттеуге көмектесу.

Шешілетін мәселелер:

  • Ашу, ыза

  • Эмоционалды ұстау

Оқушылар көздерін жұмып, денелерін бос ұстап отырады. Жүргізуші: «Сендердің денелерің вулканға ұқсайды, вулканға әр уақытта қозғалып тұру керек. Адамдарғада анда-санда «бу шығарып» отыру керек.

Егер сіздер үнемі ашуды шығармай баса бермесеңіздер, бір күні вулкан сияқты атыласыздар (жарыласыздар), ал ол сіздің қарым-қатынасыңызға кедергі тудырады.

Сондықтан осы медитация арқылы іштеріңіздегі ашу мен күйзелісті шығарып алыңыз.


  • Ішіңіздегі ашуды тауып алыңыз.

  • Ашу сіздің денеңіздегі әр клеткадан шығып жатқанын сезініңіз.

  • Өзіңізді беті жабулы вулкан деп елестетіңіз, ал айналаңызды періштелер қоршап тұр деп елестетіңіз.

  • Осы вулканда сіздің ашуыңыз тұрақтайды.

  • Періштерге вулканның қақпағын аш деп бұйрық беріңіз.

  • Періштелер сіздің ашуыңызды таратып жатыр деп елестетіңіз.

  • Жеңілдікті сезініңіз.

  • Терең дем алаңыз.

  • Періштелеріңізге рахмет айтыңыз.

  • Тыныштықты сезініңіз.


Рефлексия

  1. Қайсысын елестете алдың, қайсысы дұрыс болмады?

  2. Бұл техника сіздерге өмірде керек пе?




  1. Әрекет

Техника «Ашуыңды қағазға көшір»

Мақсаты: Оқушыларға сурет салу арқылы жағымсыз эмоциядан арылуға көмектесу.

Оқушыларға таза қағаз, түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер дайындайды.

Жүргізуші нұсқауы: «Өмірде болған жағдайды ойыңызға түсіріңіз, өзіңіздің ашуланған, ызаланған кезіңізді ойыңызға түсіріңіз. Өзіңіздің ашуыңызды салыңыз сызықша түрінде болсын, дақ түрінде болсын өзіңіз қалай елестетесіз солай. Өзіңіздің сол кездегі көңіл-күйіңізді қандай түспен бейнелейсіз солай салыңыз. Сіз өзіңіздің ашуыңызды қағазға көшіріп жатырмын деп елестетіңіз.

Уақытты ойламай қанша уақыт салғыңыз келсе сонша салыңыз. Сосын қағазды аударып, өзіңіздің көңіл-күйіңіз туралы бірнеше сөйлем жазыңыз.

Сурет салып, сөздеріңізді жазып болған соң қағазды жыртып тастаңыз, сосын оны қоқыс жәшігіне лақтырыңыз. Сіздің ашуыңыз қағазға көшіп, ал сіз қағазды жыртып ашудан арылдым деңіз.

Сабақтың рефлексиясы


  1. Әр оқушы тренинг ұнады ма, жоқ па пікірлерін айтады.

  2. Жүргізуші топтан олар қандай ашуды жеңудің әдістерін біледі екенін сұрайды.

3 Сабақ. Тақырыбы: «Өз жұлдызыңды тап»



Мақсаты: өзіне сенімділікті сезінуге және босаңсуға мүмкіндік жасау.

Уақыты: 20 минут.

Нұсқау: шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет демалып, үш рет дем шығарыңыз... (музыка ойнап тұрады).

Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар ал басқаларға – сан жетпейтін біресе жақындап біресе алыстайтын жарық нүктелер.

Сол жұлдыздарға қарап өзіңе ең көріктісін таңдап ал. Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты балалық шағыңызды есіңізге түсірді ме? Тағы да жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз міндетті түрде оны аласыз. Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, жақсылап қарап, оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.

Ал енді алақандарыңызбен тізілеріңізді ұстап, төмен қарай аяқтарыңызды сипап, керіліп көздеріңізді ашуға болады. Қолыңызға түрлі-түсті қарындаштар, қағаз алып, жұлдызыңыздың суретін салыңыз. Қиып алып біздің жұлдызды аспанымызға жабыстырып қойыңыз.

Енді бізге жұлдыздарымыз әр тренингте өзінің шуағын шашып, достарымызды нығайтып отырады. Соңғы сабақта сіздер оны өздеріңмен алып кетесіздер. Олар сіздерге білім жолында, барлық емтихандарда және өмір бойы көмектеседі. Жұлдызларға мұқият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздермен біздер сияқты, бір-біріне ұқсамайды.
«Бір күннің қорытындысы» жаттығу.

Мақсаты: өткен күннің тренингі жөнінде топ мүшелерінен керісінше байланысын алу.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Жайланып отырыңыз. Біз қазір бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты береміз, өзіміздің өткен тренингтен алған әсерімізді айта отырып, бір-бірімізге тілек тілейміз. Бір кісі сөйлеп отырғанда, басқаларынан мұқият тыңдау, сөзді бөлмеу, сыныптастарыңды құрметтеуді сұраймын.

Талдау. Өткен тренинг сізге не өзгеріс алып келді?

Бүгінгі жаттығудан қандай әсер алдыңыз?

Өзіңізге қандай жаңалық аштыңыз?

Келекшекте қолдануға өзіңізбен нені алып кетесіз?

4 Сабақ.Тақырыбы: Әй жарайсың!



Мақсаты: стресс кезінде сенімді қылықты қалыптастыру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: сіздер ішкі және сыртқы жағынан тұрып 2-і топқа бөлінесіздер. Ал қазір мен сіздерге не істейтіндеріңізді айтамын. Екі шеңбер жасаңыздар: бір ішкі, ал біреуін сыртқы шеңбердің қатысушылары өздеріне ішкі шеңберден серік тауып қарама-қарсы тұрып, менің дабылым бойынша бір –біріңе өздеріңнің жетістіктерін туралы айтасындар. Мұнда тұрған кісі саусақтарын бүгіп тұрып серіктерінің айтқан жетістігіне «Әй жарайсың» бір деп айтады. «Әй жарайсың» екі деп ары қарай жетістіктерін санап жалғастырады. Егер сіз өзініз туралы жаман ойласаңыздар қайраттанып жақсылықты айта беріңіз.

Егер біреулеріңіз ұялып немесе сенімсіздік сезінсеніз іштеріңізден «Мен өзімді сүйемін!», «Мен дарамын!», «Мен өзімді сүйемін, мен дарамын!» деп айтыңыз. Әр қашан ойыңызға өзініз туралы жаман бағалау келгенде, есеңізге түсіріңіз, сізге әлі де даму және даму қажет.

Менің дабылым бойынша ішкі шеңбер орнында қалады. Ал сыртқы шеңбердегі қатысушылар сол жаққа бір қадам жасап серіктестерін ауыстырады. Ойын жалғасады.

Талдау. Өзіңіз туралы көп жақсылықты есіңізге түсіріңіз бе?

Өзіңізге кейде «Бұл менде өте жақсы орыңдалады» деп айтасыз ба?

Егер қателік жасасаңыз, өзіңізге не айтасыз?

«Менің қандай жетістікке жеткім келеді» жаттығу.



Мақсаты: актерлік таланты дамыту, жетістікке жетуге бағыттау.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: біраз уақыт тыңыштықта отырып, өзіңіздің қандай жетістікке жетіңіз келетіні туралы ойланыңыз. Нені үйренгіңіз келеді. Осы ойларыңызды топқа сөзсіз ымдап және қандай қимыл арқылы айтатыңызды ойлаңыз. Ал басқаларының міндеті – сіздің ойыңызды табу.

Талдау: негізгі мақсатты таңдау қиын болдыма?

Мақсатыңыз туралы ымдам айтқанда өзіңізді қалай сезіндіңізші?

Осы мақсатқа жететіңізге сенесіз бе?

Жаттығу; Эксперимент.

Мақсаты: стресс жағдайда өзің-өзі ұстауды үйрету.

Уақыты: 10 минут.

Өтккізу техникасы: әр бір қатысушыға карточкалар беріледі, осы карточкаларда әріптер ретсіз жазылған берілген мәтінді оқу керек.

Нұсқау: сіз 30 секунт ішінде 3 жалғанбалы үзінділерді оқып шығуыңыз керек.

ШАРЛЬЛЮСИДЫАРҚАСЫНАКӨТЕРІПАИТТЫНМЕНІҢМОИЫНЫМНАНҰСТАДаБІРАҚҚорқыпТұрҒанбаЛАНықалаЙҚАУІПсізЖЕРгеапарУҒАБОЛАДы:

БІРУАқыттаж ҮГІРІПКЕТіпбараЖАТҚанаяҚТАРДЫндыбыСЫеСТІЛді

Талдау: сіз тапсырманы лезде орыңдадыңыз ба?

«Бір күннің қорытындысы» жаттығу

Мақсаты: Өткен тренинг бойынша топ мүшелерінен керісінше байланысын алу.

Уақыт: 10 минут

Нұсқау: Жайланып отырыңыздар.Біз қазір бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты береміз, өзіміздің өтен тренингтен алған әсерімізбен бөлісеміз, бір-бірімізге тілек тілейміз.Бір кісі сөйлегенде барлығымыз мұқият тыңдау керекпіз.

Талдау: Өткен тренинг сізге не өзгеріс алып келді?

Бүгін жаттығудан қандай әсер алдыңыз?

Өзіңізден қандай жаңалық аштыңыз?

5 Сабақ. Психикалық жүйке күйзелісін төмендету әдістері

Қажетті материал: Магнитафон, ватман, әртүрлі бейнелеу құрал-жабдықтар, А4,әдістемелер, тесттер өткізуге қажетті бланктар,қарандаш, жұмсақ ойыншықтар, «Күннің көзі»

«Сәлемдесу және сыйлыққа қошемет алу» жаттығуы

Мақсаты: Топтық бірлікті, серіктестікті, қарым-қатынас іскерлігін, қиялдау қабілетін дамыту.

Уақыты: 15 минут

Нұсқау: Музыка басталған кезде аудиторияда еркін жүріп, бір біріңізге жақындап, көзқараспен қатынасқа кіріп, амандасып, қошеметті қағазға кімге екенін жазып сыйлайсыздар.Жаттығуды орындағаннан кейін әркім өзіне сыйлаған қошеметтерді оқыйды.

Талдау:

-Қошемет сыйлау қиын болды ма? сіздің көңіл күйіңіз қандай?



«Суретті жалғастырып әрі қарай жібер» жаттығуы

Мақсаты: Психофизикалық күйзелісті төмендету, топты біріктіру.

Уақыты : 10 минут

Нұсқау: Ақ қағаз бен ең жағымды түсті карандаш алыңыз. Менің шапалақ соққанда сіздің ойыңызға келген суретті салыңыз. Келесі шапалақтан кейін сіз қарандашпен суретті жаныңыздағы көршіңізге беріңіз, ол суретті жалғастырады. Солай әр шапалақ естілген сайын сурет көршілерге жылжи береді.Сурет өзіңізге қайтып келгенде оны толықтырып немесе аяқтауға болады.



Талдау:

  • Сізге қайтып келген сурет ұнады ма?

  • Өзіңіздің көңіл күйіңізбен бөлісіңіз?

6 Сабақ. «Менің ішкі жан дүнием»

Мақсаты: Тұрақты тұлғаның қасиеттер рефлекциясы

Міндеттері:

  1. Өзін-өзі қабылдауға диагностикалау

  2. Мінез бітістерінің қалыптасуы

«Аракул айнасы» жаттығуы



Жүргізілу жолы: Ерте-ерте ердеде ғажайып бір елде аракул айнасы болыпты.Ол ғажайып елдегі кейіпкерлер өздерінің жолында бұл айнаны кездестіріпті, бірақ бұл айнаға сұрақ қойып одан жауап алаьын адам өзінің жолын ары қарай жалғастырады, бұл сиқырлы айна.

Бұл айнадан өзіңіздің шынайы кім екендігіңізді, өзіңізді, айналадағы адамдардың сізді қалай көретіндігін және өз-өзін қалай түсінетінін байқауға болады.

Қазір сол айнаға қарауға мүмкіндігіміз бар.Бірақ ол айнаға жай қарамаймыз, одан өзіміз туралы бірнеше сұрақтарға жауап аламыз.


  1. Мен кіммін?

  2. Мен нені жақсы көремін?

  3. Мен нені жек көремін?

  4. Мені не қорқытады?

  5. Мен үшін үлкен мәнді нәрсе не?

  6. Мен нені керек етемін?

Балаларға шеңберге шақырып, сұрақтарға жауап береді.

Пікірлесу. Рефлексия

  1. Қандай сұрақтар сізге қиын болды?

  2. «Аракул» айнасы сізге не деп жауап берді.

  3. Қай жауап ұнады?


Сергіту

Міндеті: Көңіл-күйді жоғарылату, ақыл –ой процестері мен зейіділікті қалыптастыру.

Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрады.

Нұсқау: Кім бүгін көк көйлек киген? Деген сияқты сұрақтар қойылады, ал оқушылар орын ауыстырып отырады.

7 Сабақ. «Бет перде айнасы (Маска)»



Мақсаты: Сырттан қарағанда өзінік тұлғалық ерекшеліктеріне сындық баға беру.Жағымды қасиеттерді атап беру.

Міндеттері: Ішкі сапалық ерекшеліктерді аңғару

«Түрлі-түсті гүлдер» жаттығу

Мақсаты: Жағымды атмасфера орнату, жүргізілген тренингке бағдар беру.

Жүргізілу жолы: Әрбір қатысушы сиқырлы әртүрлі гүлдер түстерін таңдап алып , бір жағына тренингтен күтетін жайларын жазса, екінші жағына тілектерін жазады.

Рефлексия:

  1. Тренингтен не күтесіңдер және тілектеріңді ортаға салыңдар.

Негізгі тапсырма: Бет перде жасау.

Жүргізілу барысы: Бет перде жасау ұсынылады.Әрбір жағдайда ішкі бейнесін бейнелеуі керек. Жұмыс алдында қатысушылармен бет перде туралы шағын әңгіме жүргізіледі.

1.Бет пердені қай кезде қолданамыз?

2. Әртүрлі мәдениеттегі бет перде туралы пікірлер

Қағазға баланың бетін салады, көзін, ауызын белгілейді. Бет перде жасалады.


Көрнекі құралдар: Краска, қарандаштар, журналдың қиықтары
Одан кейін қатысушылар жасаған бет перделерін киіп бет перденің атынан сөйлейді

Балаға мынандай сұрақ қоюға болады:



  1. Бет перденің иесі не айтар еді?


«Күшті жақтар» жаттығуы

Міндеті: Сабақ аяғында жағымды жағдай жасау, қарым-қатынас байланыстарын орнату жолы.

Балалар бір біріне доп лақтырып сол адамның күшті жақтарын айту керек.




Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология – /Алматы; Білім, 1996

  2. Козлов Н.И. /лучшие психологические игры и упражнения. – Екатеринбург; АРДЛТД, 1997.

  3. Мектеп психологиясы // №23, 2007, №1,2, 2009, №15,2011.

  4. А.И. Доровской / Дидактические основы развитие одаренности учащихся, учебное пособие, Москва, 1998.

  5. Фопель К. Создание команды./ Психологические игры и упражнения. Генезис, 2003.

  6. Анн Л.Ф. /Психологический тренинг Санкт-Петербург, 2003.

  7. Грецова А.Г. /Тренинг общения для подростков. Москва, 2007.

  8. Айзенк Г.Д. /Узнай свой собственный коэффицент. Москва, 1996.

  9. Бейсенбекова Г.Б./ Оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы. Алматы, 2004.

  10. И.В. Вочков /Основы технологии групп тренинг, 2005.

  11. И.В. Шевцова /Тренинг личностного роста.

  12. Н.Стебенова /Программы психолгии-педагогических мероприятии для выпускников.

  13. Д. Холт /Причины детских неудач, сп. 1996 .

  14. В.Харькин; Тройсман А./ Психологическая травма, Москва 1995.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет