Астанада тұрғын үйлердің бірінде ер адам үш балаға шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде ер адамның бір баланы бетінен тартып қалып, екіншісін теуіп, үшіншісін тұншықтырып жатқан сәті бейнеленген видео тарады. 

Оқиға "Эдем палас 2" тұрғын үй кешенінде болғаны  айтылған. 

Балалардың ата-анасы полицияға арыз жазды. 

"Байқоңыр аудандық полиция басқармасы сол үйдің 30 жастағы тұрғынын ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", — деді Астана қаласының полиция департаменті. 

Бұған дейін Атырауда инклюзивті балабақша тәрбиешісі баланы ұрып жіберген. Оқытудың педагогикаға қайшы әдістері желіге таралып кетті. 

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.