Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»



жүктеу 0.57 Mb.
бет2/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4

Таңдау бойынша курс 2

«Схемотехника»

Пререквизиттер: Информатика. Физика

Постреквизиттер: Компьюетрлік жүйелердің архитектурасы. Ақпараттық жүйелер сенімділігі. Микроүдерістік жүйелер

Мақсаты: сандық эхлектронды құралдар схемотехниканың негіздерін және оларды талдаудың әдістерін, сонымен қатар таңдау дағдылары мен сандық электронды құралдардың түйіндерін құра білуді «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттерінде қалыптастыру .

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жартылай өткізгіш диодтар және транзисторлар. Транзисторлы-транзисторлық логикалық (ТТЛ) және эмиттерлі-байланысқан логикалық (ЭБЛ) элементтер. Тригерлік сызбалар. Регистрлер. Тізбектік (жылжитын), параллельді, параллельді-тізбектік ж»не реверсивті регистрлер. Дешифраторлар, шифраторлар. Мультиплексорлар және демультиплексорлар, сандық компараторлар, сумматорлар. Сандық счетчик. Жартылай өткізгішді есте сақтау құрылғылары. Динамикалық есте сақтау құрылғыылары. Тұрақты есте сақтау құрылғысы. Операциялық күшейткіштер. Аналогты-сандық және сандық-аналогты өзгерткіштер. Қоректендіру блогының схемотехникасы. Үзілістерді басқару, plug and play типтерін басқару.

Күтілетін нәтижелер: студенттер схемотехника негіздері бойынша білімдерді игеруі тиіс, тізбектер, триггерлік сызбалар және т.б. құру ұстанымдары туралы көрінісі болу, микросызбаларды құруда тәжірибелік дағдыларды иелену.
«Электр тізбектерінің теориясы»

Пререквизиттер: Физика

Постреквизиттер: Компьютерлік жүйелер архитектурасы

Мақсаты: электрлік және магниттік тізбектер туралы жеткілікті түрде толық көрінісін және олардың математикалық сипаттамаларымен құрамдық элементтерін, жұмыстың статикалық және динамикалық режимінде осы тізбектерді талдаудың негізгі әдістерін және есептемелерін, яғни әртүрлі арнайы электротехникалық пәндерді келесіде оқыту үшін ғылыми базаны құруды студенттерде қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сызықтық электр тізбегінің негізгі түсініктері мен қасиеттері. Тұрақты токтағы сызықтық электр тізбегінің негізгі заңдары мен талдау әдістері. Ом заңы. Кирхгоф заңы және оларды қолдану. Есептеме әдісі және электр тізбектері жұмысының режимдері. Гармоникалық қозғалыс режиміндегі сызықтық электр тізбектері. Резистивті, индуктивті және сыйымдылық элементтері тізбегіндегі гармоникалық тербелістер. Үшфазалы электр тізбектері. Үш фазалы қабылдағыштарды жұлдызша және үшбұрышпен байланыстыру.

Күтілетін нәтижелер: студенттер электр тізбектері теориясының негіздерін игеруі тиіс, көзделген параметрлермен сызықтық және сызықтық емес тізбектерде орнатылған үрдістерді есептеу және талдаудың негізгі әдістерін меңгеру, көрсетілген тізбектегі өткізгіш үрдістердің есептемесі және талдаудың негізгі әдістерін және оларды тәжірибеде қолдана білу.

Таңдау бойынша курс 3

«Бағдарламалау технологиясы»

Пререквизиттер: Информатика. Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Ақпараттық жүйелердегі бағдарламалық құралдар.

Мақсаты: бағдарламалау тілінің жіктелуін, объектіге бағытталған бағдарламалау негіздерін, С++ тілінде бағдарламалау ерекшеліктерін игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Дербес компьютердің бағдарламалық құралдары. Бағдарламалау әдістемесі. Алгоритмдердің құрылымдық сызбаларын өңдеу. Баңдарламалық қамтамасыздандыруды жобалау әдістері. СИ тілінің операторлары. Деректер құрылымы.Функциялар. Объектлер және класстар. Массивтер және жолдар. Амалдарды қайта жүктеу. Мұрагерлік. Нұсқаулар. Виртуалды функциялар. Ағындар және файлдар.

Күтілетін нәтижелер: студенттер түрлі алгоритмдердің құрылымдық сызбаларын өңдеу аймағындағы білімдермен игерілуі тиіс, сапалы бағдарламалық құжаттамаларды құру және бағдарламаларды сынау мен мінетуді білу және дағдыларды алу.
«C# негіздері»

Пререквизиттер: Информатика. Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Ақпараттық жүйелердегі бағдарламалық құралдар

Мақсаты: бағдарламалау тілінің жіктелуін, объектіге бағытталған бағдарламалау негіздерін, С++ тілінде бағдарламалау ерекшеліктерін игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: NET. платформасымен танысу. C# тіліне шолу. Типтер-мәндер және сілтемелер типтері. Операторлар және ерекшеліктер. Массивтер. Әдістер. Параметрлерді жіберу тәсілдері. Объектіге-бағытталған бағдарламалау негіздері. Сілтемелік типтермен жұмыстың негізгі қабылдаулары. Объектілерді құру және жою. Қоқысты автоматты жинаушы. Мұрагерлік. Интерфейстер. Аттар кеңістігі және компоненттер. Операторлар және оқиғалар. Қасиеттер және индексаторлар. Қасиеттер және атрибуттар.

Күтілетін нәтижелер: басқару элементтерін өңдеу кезінде С# тілінде бағдарламалаудың тәжірибелік дағдыларын игеру, клиенттік және серверлік қосымшаларды құру.

Таңдау бойынша курс 4

«Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру»



Пререквизиттер: Информатика. Бағдарламалау технологиялары.

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық жүйелерді жобалау. Ақпараттық жүйелерді жобалау

Мақсаты: тәжірибелік маңызды жүйелік тапсырмалар үшін қажетті бағдарламалық және технологиялық шешімдерін табу, жүзеге асыру құралдарын өз бетінше таңдай алатындай дәрежедегі қазіргі операциялық жүйелердегі жүйелік бағдарламалық компоненттерді өңдеу және түзету, конфигурациялау, жүйелік талдау аймағында студенттерді теориялық және тәжірибелік дайындау

Курстың қысқаша сипатталуы: Ресурс, үрдіс, модульділік ұстанымы, ұқсастықтар түсінігі. ОЖ UNIX негізгі жүйелік шақыртулары. Операциялық жүйелермен үзілістерді өңдеу. Басқару үрдістері мен ағындары(жіптер). Жадыны басқару үшін жүйелік құралдар. Тапсырмаларды жүргізу және құру құралдары. ОЖ түрлері. ОЖ Linux драйверін жүзеге асыру және жобалау. Көп танапты бағдарламалау. Желілердегі үрдістердің коммуникациясы.Үдерістердің жойылған шақыртулары. Visual C++ MFC Windows ортасында жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыруды жүзеге асыру құралы ретінде.

Күтілетін нәтижелер: операциялық жүйелердің классикалық негіздерін, олардың архитектурасын, оларды өңдеу кезінде қолданылатын алгоритмдер мен әдістерін білу; қазіргі ОЖ меңгеру.

«Операциялық жүйелер»

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: Есептік жүйелер мен желілерді ұйымдастыру. Компьютерные желілер

Мақсаты: қолданылатын операциялық жүйенің жұмысындағы ақауларды

баптауды, әкімшілендіруді, модернизация жасауды, орнатуды жоғары кәсіби деңгейде жасай алатындай етіп студенттерді үйрету. Бұл пән бойынша студенттер үнемі өз біліктілігін, заманауи ақпараттық технологиялардың даму тенденциялары мен бағыттарын білу.



Курстың қысқаша мазмұны: Опреациялық жүйелердің жіктелуі. Қолданушылары быр ОЖ интерфейсі. Бағдарламаның жүктелуі. Үрдістердің ұйымдастырылуы. Үрдістерді басқару. Енгізу-шығаруды басқару. Файлдық жүйе. Жадты басқару. Сегментті және парақтық виртуалды жад. Бағдарламаларды басқару. ОЖ сүйемелдеу. Телекоммуникациялық қатынауды басқару. Қеталіктерді өңдеу және болдырмау. Қауіпсіздік.

Күтілетін нәтижелер: пәнді оқыту барысында операциялық жүйелер жөніндегі білімдерді игеру, опреациялық жүйелердің тағайындалуын, құрастыру, қолдану принциптерін меңгереді. Тәжірибе жүзінде қойылған есептерді шешуге арналған опреациялық жүйелерді жоғары кәсибе деңгейде қолдану.

Таңдау бойынша курс 5

«Жүйелік талдау және амалдарды зерттеу»

Пререквизиттер: Математикалық талдау

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Корпоративті ақпараттық жүйелер. Компьбтерлік модельдеу негіздері

Мақсаты: жүйелік талдау және амалдарды зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздерін игеру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жүйелік талдаудың негізгі түсініктері мен кезеңдері, оқытылып жатқан үрдіс пен құбылыстың қалыптасуы. Математикалық модельдердің жіктелуі. Модельдер параметрін бағалау әдістері. Сызықтық және сызықтық емес бағдарламалаудың тапсырмалары.Ойындар теориясының элементтері. Сызықтық және сызықтық емес модельдер. Желілік модельдер. Модельдердің ықтималдықтары. Жалпы қызмет көрсету теориясының модельдері. Сараптамалар және шешімдерді қабылдаудың формальды емес үдерістері. Оңтайлы басқару теориясының тапсырмалары мен әдістері

Күтілетін нәтижелер: студенттер тәжірибеде математикалық әдістерді қолданудың тәжірибелік дағдыларымен игерілуі тиіс.
«Эконометрика»

Пререквизиттер: Математикалық талдау. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика.

Постреквизиты: Компьютерлік модельдеу негіздері.

Мақсаты: ЭЕМ және математикалық статистика аппаратын пайдаланумен экономикалық құбылыстарды зерттеудің әдісі ретіндегі эконометриканы меңгеру.

Курстың қысқаша сиаптталуы: ЭЕМ және математикалық статистика аппаратын пайдаланумен экономикалық құбылыстарды зерттеудің әдісі ретіндегі эконометрика. Өндірістік функциялар, олардың параметрлерді бағалау әдістері. Бір уақыттық эконометрикалық теңдеулер жүйесі. Ең кіші квадраттардың қосымша, екі және үш қадамды әдістерінің көмегімен теңдеулер жүйесінің параметрлерін бағалау. Эконометрикалық теңдеулер мен модельдердегі гипотезаларды тексеру. Экономикалық модельдер және өндірістік функциялар негізінде болжау.

Күтілетін нәтижелер: эконометриканың көмегімен экономикалық зерттеулер саласында компетенцияға ие болу

Таңдау бойынша курс 6

«Экономикалық кибернетика»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелер негіздері

Постреквизиттер: Компьюетрлік модельдеу негіздері

Мақсаты: басқару үрдістері мен олармен байланысқан жүйелер мен жекеліктерде, экономикалық жүйелердегі ақпаратты жіберу мен өңдеу үрдістерін игеру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикадағы басқарушылық шешімдерінің модельдеу негіздері; экономикалық динамиканың оңтайландырылған модельдері. Экономико-кибернетикалық модельдердің жүйелік блоктары. Бірөнімдік макромодельдің шегіндегі экономиканың оңтайлы дамуы; магистралды шешім. Динамикалық бағдарламалау әдісімен кәсіпорындар арасындағы капиталдық салымдарды реттеудің оңтайлылығы

Күтілетін нәтижелер: студенттер берілген курс бойынша негізгі түсініңтерді, анықтамаларды және терминдерді игеруі керек.

«Кәсіпорындағы бизнес-үрдістерді талдау және модельдеу»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелер негіздері.

Постреквизиттеры: Ақпараттық жүйелерді жобалау. ЭАЖ жаңа технологиялар

Мақсат: студенттерді кәсіпорын қызметіндегі бизнес-үрдістерді талдау мен модельдеу технологиясының мәселелерімен және қолдану аймағымен таныстыру және қазіргі ақпараттық жүйелер негізінде бизнес-үрдістерді басқару, бизнес-үрдістерді басқару модельдеуі мен реинжинирингісі бойынша жұмыстарды жүргізудің ұйымдастырушылық-әдістемелік сұрақтары мен бизнес-үрдістерді модельдеу мен басқарудың теориялық негіздерімен қалыптастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: BPwin көмегімен бизнес-үрдістердің талдануы, модельденуц және реинжинирингісі(стандарт IDEF0, IDEF3, DFD). Бизнес-үрдістерді модельдеу әдістемесін таңдау. Кәсіпорын бизнес-үрдісінің модельденуі мен талдануының әдісі мен тәжірибелік тәжірибесі. Кәсіпорынды басқарудың үрдістік жүйесін енгізу. Бизнес-үрдістерді модельдеудің инструменталды құралдары

Күтілетін нәтижелер: IDEF0 әдістемесінің көмегімен деректердің үрдістері мен ағымдарын модельдеудегі құрылымдық тәсілді игеру. BPwin құралдарын пайдаланумен IDEF0 модельдерінің өңделуін меңгеру. Деректер құрылымының модельдерімен үрдістер моделінің байланысын білу, бизнес-үрдістерді құруда тиімді құрал ретінде үрдістер моделін пайдалану (Business Process Reengineering).

Таңдау бойынша курс 7

«Экономика және өндірісті ұйымдастыру»

Пререквизиттер: Экономикалық теория негіздері

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық технологиялар

Мақсаты: Қазақстанның шарттарындағы динамиканың есебімен басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін өндірісті ұйымдастыру мен кәсіпорындарды функционалдаудың теориялық және тәжірибелік сұрақтарды игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Курстың пәні мен тапсырмасы. Нарықтың құрылуының теориялық негіздері, маңызы мен принциптері. Кәсіпорынның негізгі қорлары. Кәсіпорынның айналым құралдары. Өндірістің ұстаалары, өнімнің өзіндік құны. Кәсіпорынның өнімінің бағасын қалыптастыру. Өндірістің түсімі, пайдасы мен рентабельділігі. Кәсіпорынның қаржылық қызметі. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуындағы инвестицияның ролі. Ақпаратты өңдеудің бағдарламалық құралдарын басқарудың компьютерлік жүйелердің экономикалық тиімділігін бағалау. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі.

Күтілетін нәтижелер: кәсіпорын функционалдануының экономикалық механизмі аймағындағы қазіргі экономика мен тәжірибелік дағдылардың функционалдануы аймағындағы теориялық білімдер комплексін студенттерде қалыптастыру.
«Кәсіпорын экономикасы»

Пререквизиттер: Экономикалық теория негіздері

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар

Мақсаты: ойлаудың экономикалық шолуын қалыптастыру, экономиканың кез келген саласындағы талдаудың құралдары мен әдістерін, тәсілдерін өз беті қолдану ұшін экономикалық үдерістерді оқу әдістемелерін студенттермен иемдену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын – экономиканың негізгі звеносы. Кәсіпорын формалары. Кәсіпорын қызметін регламенттейтін нормативті құқықтық актілер. Кәсіпорынның функциалдану ортасы: ішкі және сыртқы. Кәсіпорынның өнімі, оныңбәсекеге қабілеттілігі. Негізгі құралдар және оларды қолданудың көрсеткіштері. Материалды құралдар және оны қолдану көрсеткіштері. Кәсіпорындағы еңбек ресурстары және оларды қолдану көрсеткіштері. Кәсіпорынды ұйымдастыру формалары. Өндірістік үрдіс және оны ұйымдастыру принциптері.

Күтілетін нәтижелер: кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін есептей білу; участок, цехтың өндірісті-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін есептеу; ұйымдастырушылық-техникалық іс шараларды енгізуден экономикалық тиімділікті анықтау.
Таңдау бойынша курс 8

«Ақпараттық менеджмент»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелер негіздері.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. ЭАЖ жаңа технологиялары.

Мақсаты: ақпараттық жүйелерде қойылған тапсырмаларды шешу үшін менеджменттің қазіргі құралдарын қолданудың дағдыларын, ақпараттық технологияларды ұйымдастыруды, ақпараттық менеджмент негіздері түсінігі үшін қажетті білімді студенттерге беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ақпарат ұйым жетекшісінің концептуалды ресурсы ретінде. Ақпараттық менеджменттің ақпараттық әдістемесі. Менеджменттің ақпараттық жүйесін талдау. Ашық жүйелер және АМ. АМ үшін ақпараттық жүйелердің профильдері. Консалтинг және ақпараттық менеджмент. Корпоративті ақпараттық жүйелер. КАЖ қамтамасыздандыру бөліктері. Ақпараттық менеджмент технологиясы. «Галактика» корпоративті ақпараттық жүйесінің құрылымы. Корпоративті ақпараттық жүйелерін жаңа жүйелік жобалау.

Күтілетін нәтижелер: студенттер ақпараттық менеджменттің негіздері білімдерін иеленуі тиіс, жүйелік тәсіл, өмірлік цикл, консалтинг, корпоративті ақпараттық жүйелер сияқты түсініктерді меңгеру және олардың көмегімен ұйымдағы нақты жағдайды талдай білу.
«Ақпараттық маркетинг»

Пререквизиттер: Информатика. Экономикалық теория негіздері

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық технологиялар.

Мақсаты: ақпараттық нарықтың қалыптасуы, ақпараттық жүйеде маркетингтік шешімдерді қабылдаудыұйымдастырушылық-экономикалық және ақпаратты-техникалық қамтамасыздандыруды,қоғамды ақпараттандыру негіздерін игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Ақпарат – экономиканың стратегиялық ресурсы. Маркетинг субъектілерінің тиімді функционалдануының қамтамасыздандыратын ақпараттық өнімді жүзеге асыру мен өнім ерекшеліктері. Ақпараттық маркетингтің маңызы. Ақпараттық өнім мен қызметтер нарығын қалыптастыру. Ақпараттық өнім мен қызметтердің меншіктігін күзету және баға құрылуының мәселелері.

Күтілетін нәтижелер: ақпараттық маркетингтің функционалдануы мен құрылу негіздерін білу; ақпараттық маркетингтің құрылымы мен құрамын, ақпараттық маркетингтің тапсырмаларын, мақсаттарын анықтай білу; ақпараттық маркетингтің әдістемелері мен принциптерән қолдану; оларды нарықты оқуда тиімді пайдалану.
Таңдау бойынша курс 9

«Аналитикалық ақпараттық жүйелер»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелер негіздері. АЖ деректер базалары.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Сараптау жүйелері. Ақпараттық технологиялар.

Мақсаты: экономика саласында аналитикалық есептерді шешу барысында стестуденттерді ақпараттық жүйелерді қолдануға үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Аналитикалық ақпараттық жүйелерге кіріспе. Ақпараттық кеңістік талдау ортасы ретінде. Экономикалық көрсеткіштердің мәні мен жүйесі. Автоматтандыру объектісі ретінде кәспорын (қызметінің) бизнес-үрдістерін жобалау және талдау. Автоматтандыру объектісі ретінде қаржылыө талдау. Деректер қоймалары. Деректерді жедел талдау. Деректер қоймалары және деректерді талдау технологиялары – ақпараттық-талдау жүйесінің негізі.

Деректерді сақтауды ұйымдастыру концепциясы. Интеллектуалды деректерді талдау. Аналитикалық қосымшалар. Ақпараттық технологиялардың құралдарымен талдау жасау қағидалары. (it-талдау). Аналитикалық қызмет және жоспарлаудың инструментальды құралдары. Аналитикалық АЖ бағдарламалық инструменталды құралдары. Аналитикалық АЖ басқару және жоспарлау.



Күтілетін нәтижелер:экономикалық көрсеткіштерді автоматты түрде талдаудың даму тенденцияларын көрсететін теориялық және тәжірибелік мәліметтерді білу; OLAP –жүйелерін құрастыру бойынша білімдерді қолдану; ақпараттық қойману жобалау; автоматтандыру объектісі ретінде кәсіпорынның бизнес-үрдістерін жоспралау және талдау жасау; АЖ құралдарының бизнес-үрдістерін өздігінен басқару мүмкіндігіне ие болу.
«Объектіге бағытталған өңдеу және UML»

Пререквизиттер: Информатика. Бағдарламалау технологиясы

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық жүйелерді жобалау

Мақсаты: UML унифицирленген модельдеу тілі мен объектіге бағытталған тәсілді пайдалануға негізделген бағдарламалық қамтамасыздандыруды жобалау мен талдау құралдарын және қазіргі әдістерді игеру.

Курстың қосымша сипаттамасы: Ақпараттық жүйелерді жобалау мен объектіге бағытталған талдаудың қазіргі технологиялары. Объектіге бағытталған өңдеулердің кезеңдері. UML. UML негізгі диаграммалары. Қосымшалардың объектілі моделін жобалау. Жобалау шаблондары. Соңғы жоба.

Күтілетін нәтижелер:UML тілінің графикалық құралдарын пайдалану негізінде жобаларды өз бетінше өңдей білу.

Таңдау бойынша курс 10

«Объектнілі – реляциялық ДББЖ»



Пререквизиттер: Ақпараттық жүйелердегі деректер базалары. Информатика. Бағдарламалау технологиясы.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау.

Мақсаты: Oracle ДББЖ құрастыру концепциясы мен мүмкіндіктерін оқып білу. Берілген ДББЖ негізінде ақпараттық қосымшаларды құрастыру. Осы кезде Oracle ДББЖ таралған көпқолданушылық деректерді өңдеу жүйесінің ядросы ретінде қарастырылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Деректер базаларын ұйымдастырудың реляциялық тұрғысы. Деректер базаларын жобалау сатылары. ДББЖ. Oracle ДББЖ. SQL. SQL деректерге манипуляция жасау тілінің командалары. SQL деректерді басқару тілінің командалары. Индекстер және ұсынымдар. Транзакцияларды басқару. PL/SQL тілі. Бағдарламалық конструкциялардың орындалуы. Курсорлар. Oracle деректер базаларының объектілері. Oracle ДББЖ архитектурасы мен әкімшілендіру. ДББЖ құрастырудағы замануи деректер модельдері, зерттеулердегі тенденциялар және бағыттар.

Күтілетін нәтижелер: Деректер базасын басқару облысында түсініктер мен білімдерді көрсету, заманауи ДББЖ ерекшеліктерін, оның түрлерін, ақпараттық жүйе тарапынан сақталатын деректерге қойылатын негізгі талаптар және шарттары; түсінік пен білімділікті кәсіби деңгейде қолдану: заманауи ДББЖ-ның деректер базасын өңдеу үшін, de facto стандарты болып табылатын SQL тілінде тәжірбие алу, SQL-PL/SQL тілінің құрылымы мен конструкцияларын білу.
«Реттелген деректер базалары және деректер қоймасы»

Пререквизиттер: Информатика. АЖ деректер базалары.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Корпоративті ақпараттық жүйелер.

Мақсаты: реттелген деректер базаларын құрумен таныстыру, реттелген ДББЖ жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын иелену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Реттелген тәсілдің архитектурасы мен принципы. Деректердің көпөлшемді көрсетілімі. РДБ физикалық моделі. РДБ логикалық моделі. Реттелген жүйелердің базалық объектілі архитектурасы. Реттелген ДББЖ. Транзакцияларды басқару. Деректердің репликациясы. Сақталатын үдерісте мен триггерлері. Сұраныстарды орындаудың оңтайлылығы.

Күтілетін нәтижелер: нақты ДББЖ кәсіби деңгейде реттелген деректер базаларын жобалай білу, РДБ қатынастардың нормасын жүзеге асыру, деректердің толықтығын қамтамасыздандыру.
Таңдау бойынша курс 11

«Компьютерлік жүйелер архитектурасы»

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру. Компьютерлік желілер

Мақсаты: есептеу жүйелері архитектурасын меңгеру, есептеу жүйелерін зерттеу әдістері туралы, оларды жобалау негіздері туралы, әртүрлі тағайындаудағы есептеу жүйелері жұмысының құрылымы мен принциптері туралы жүйелендірілген білім беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Компьютерлік жүйелер элементтерінің құрамы мен тағайындалуы. ЭЕМ-де ақпаратты көрсету. ЭЕМ функционалды түйіндері. ЭЕМ есте сақтау құрылғыларының негізгі сипаттамалары мен жіктелуі. Оперативті жады түрлері. Тұрақты есте сақтау құрылғылары. Үдерістік құрылғылар. Микроүдерістің өңделуші бөлікерін ұйымдастыру. Басқарудың орталық құрылғылары. Процессордың микробағдарламалық жұмысының құралдары. Енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Ақпаратпен алмасу тәсілдері. Деректерді өңдеудің реттелген жүйелері. Дербес компьтер архитектурасының негіздері. Архитектуралық есептеу жүйесінің дамуының негізгі тенденциялары.

Күтілетін нәтижелер: студенттер компьютерлік жүйелер архитектурасы білімімен, оларды қазіргі ЭЕМ құру мен эксплуатациясы барысында пайдаланудың дағдылары мен істей білуіне иемденуі
«Телекоммуникациялық жүйелер мен технологиялар»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелер негіздері

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Компьютерлік желілер

Мақсаты: есептеу жүйелері архитектурасын меңгеру, есептеу жүйелерін зерттеу әдістері туралы, оларды жобалау негіздері туралы, әртүрлі тағайындаудағы есептеу жүйелері жұмысының құрылымы мен принциптері туралы жүйелендірілген білім беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Деректердің суреті, музыкалық, сөздік сигналдар. Аналогты-сандық және сандық-аналогты түрлендіру. Бейнетекс. Бейнедеректерді қысу. Модемдер. Факсимильді байланыста деректерді қысу. Телефонды байланыс және құрылғылар. Телексті байланыс. Радиобайланыс: радиорелейлі байланыс сызықтары, ұялы желілер, спутниктік байланыс. Оптикалық байланыс. Модуляция типтері. Деректерді жіберудің жоғарғы жылдамдықтағы жүйелер. Коммутирленетін желілер. Сигнализация. Сигнализация жүйелері. Коммутирленбейтін желілер. Жергілікті есептеу желілері. Жаһандық есептеу желілері. Мультиплексирлеу. Ұйымдастырулар және стандарттар.

Күтілетін нәтижелер: арналарды жиілікті және уақытша бөлінумен жіберілетін жүйелерді құру негіздерін, импульсивті-кодты модуляция негізінде арналарды уақытша бөлінумен берілудің сандық жүйелерін, берілу жүйелерінің иерархиялық құрылу принциптерін, радиобайланыс жүйелері мен берілудің сандық талшықты-оптикалық жүйелерінің құрылу негіздерін
Каталог: attachments -> article -> 4070
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5B072700 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> Рекомендации по формированию
4070 -> ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды
4070 -> 5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017
4070 -> Оқу мерзімі – 3 жыл, оқу тілі – қазақ Қарағанды – 2016-2017


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет