Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»



жүктеу 0.57 Mb.
бет3/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4

Таңдау бойынша курс 12

«Ақпараттық жүйелер сенімділігі»

Пререквизиттер: Информатика. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Ақпараттық жүйелер негіздері

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау

Мақсаты: ақпараттық жүйелердегі аппараттық және бағдарламалық құралдардың сенімділігін қамтамасыздандыру мен есептеу әдістері туралы білімді қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипатталуы: Негізгі түсініктер және сенімділікті анықтау. Қалыпқа келмейтін жүйелердің сенімділігінің негізгі көрсеткіштері. Сенімділікті жоғарлату тәсілі ретінде резервтеу. Автоматты бақылау және коммутациямен резервтелген жүйенің сенімділігі. Логико-ықтималдық әдістерімен ақпараттық жүйелердегі сенімділік көрсеткіштерін есептеу. Логика алгебрасының кейбір теоремалары. Сенімділіктің құрылымдық сызбасы. Сенімділік көрсеткішінің есебінің әдістері. Бас тарту ағашы бойынша сенімділік функциясын анықтау. Сенімділік көрсеткіштерінің шектеулі бағалары. Бас тартулар туралы статистикалық деректердің жоқ болуы кезіндегі жүйелердің сенімділігін бағалау. Құрылымдық-күрделі жүйелердің элементтерінің критикалық бас тартуын талдау.

Күтілетін нәтижелер: ақпараттық жүйелердегі сенімділікті бағалау үшін зерттеудің қазіргі әдістері мен инструменталды құралдарын игеру.
«Микропроцессорлық жүйелер»

Пререквизиттер: Информатика. Электр тізбектерінің теорясы

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру. Компьютерлік желілер

Мақсаты: микропроцессорлар мен микроконтроллерді бағдарламалау, оперативті және тұрақты есте сақтау құрылғылары сияқты микропроцессорлық жүйелер элементтерінің микропроцессорлық жұмыстың архитектурасы мен принципі, енгізу-шығару интерфейстері және т.б. туралы білімдерді студенттермен иемдену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе және жалпы жағдай. Жадының ішкі жүйесінің, командалар жүйесінің, микропроцессордың архитектурасы. Микропроцессор жұмысының тізбектілігі, микропроцессорлық техникада енгізу-шығару ішкі-жүйесі. Микропроцессорлық жүйелердің тізбектік интерфейсы, орнатылатын жүйелер процессоры, микропроцессорлық жүйелердің даму перспективасы. Микропроцессорларды, микроконтроллерді және енгізу-шығару құрылғыларын бағдарламалау.

Күтілетін нәтижелер: микропроцессорлық жүйелердің ұйымдастырылу принциптерін, олардың жұмыс істеу және өзара әрекетінің микропроцессорлық жүйелері мен принциптерінің негізгі элементтерін, микропроцессорлық жүйе жадысының ішкі жүйесін және енгізу-шығару құрылғысын ұйымдастыра білу, бағдарламаның жұмыс істеуі мен отладкасы үшін микроконтроллерді және құралдарды бағдарламалау негіздерімен, АСУ БТ микропроцессорлық жүйесінің техникалық құралдарын өңдейудің әдістері мен технологияларын
Таңдау бойынша курс 13

«1С бағдарламалау»

Пререквизиттер: Информатика. Бухгалтерлік есеп және аудит

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық технологиялар

Мақсат: 1С енгізілген тілінде бағдарламалаудың негіздерін игеру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Өңдеудің басы. Константалар, клиент-серверлік бағдарламалау негіздері, жалпы реквизиттер. Анықтамалықтарды жобалау және формаларды өңдеу. Қарапайым есеп беру элементтерін құру. Құжаттар, жинақталу регистрлері. СКД. Шығын құжаттарын жүргізудің алгоритмдері. Құжаттар журналы. Айналым регистрлерінің жинақтары, тізбектілік, нумераторлар, мәліметтер регистрі.

Күтілетін нәтижелер: ішкі жүйелер, константалар, анықтамалықтар, құжаттар, тізімдер, тізбектіліктер, нумераторлар, жинақталу регистрлері, мәліметтер регистрлері сияқты объектілермен жұмыс істеу аймағындағы құзыреттілік.
«ERP-жүйелер»

Пререквизиттер: Ақпараттық жүйелер негіздері

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық технологиялар. Корпоративті ақпараттық жүйелер

Мақсаты: ERP-жүйесі туралы толық көрініс беру және оны қолдану жағдайында кәіпорындар алдында қандай потенциалды мүмкіндіктер ашылатынына түсінік беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ақпараттық басқарушылық жүйелер. ERP тарихына қысқаша экскурсия. ERP-жүйе дегеніміз не? ERP-жүйесінің ролі. Кәсіпорын масштабында ресурстарды жоспарлау жүйесінің концепциясы. ERP II жаңа заман жүйесінің концепциясы. ERP-жүйесі не істеуге мүмкіндіктер береді? ERP-жүйелерінің функциялары. ERP-жүйесінің негізгі тағайындалулары. ERP-жүйесінің қолдану ортасы. ERP-жүйелерінің сипаттамасы. ERP-жүйесінің таңдауы. ERP архитектурасы. ERP-жүйелерінің жіктелуі. ERP-жүйелерінің нарығын талдау. Енгізу. Жаңа түсінік: ERP-жүйесін жалға беру.

Күтілетін нәтижелер: ERP-жүйелерінің функцияларымен, сонымен қатар таңдау критериі мен жүйені енгізу кезеңдерімен иемдену.
Таңдау бойынша курс 14

«Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары»

Пререквизиттер: Информатика. Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау. Бағдарламалау технологиясы. АЖ деректер базасы

Постреквизиттер: Сараптау жүйелері. Ақпараттық жүйелерді жобалау. ЭАЖ жаңа технологиялар. .NET платформасында өңдеу жүйелерінің технологиясы

Мақсаты: Visual Studio 2010 визуалды бағдарламалаудың интегралданған ортасында бағдарламалық қосымшаларды өңдеудің тәжірибелік дағдыларына иемдену және бағдарламалық құралдар аймағында теориялық білімді меңгеру.

Курстың қысқаша сипатталуы: Оъектіге-бағытталған бағдарламалау негіздері. Visual Studio 2010 өңдеу ортасына шолу. Windows Formsқосымшаларын құру. С# деректер типі. Мағыналар, нұсқаулар және бөлгіштер. Бағдарламалардың бұтақталуы. Циклдық операторлар. Массивтер. Жолдармен жұмыс. Класстар. Файлдармен жұмыс. Деректер базаларымен жұмыс. Графикамен жұмыс.

Күтілетін нәтижелер: C# тілінде бағдарламалауды Visual Studio 2010 ортасында бағдарламалық қосымшаларды өңдеудің тәжірибелік дағдыларымен студенттер иемденуі тиіс.
«Бағдарламалық құралдарды жобалау»

Пререквизиттер: Бағдарламалау технологиясы. ERP – жүйелері. АЖ деректер базалары. Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау.Эконометрика

Постреквизиттер: Сараптау жүйелері. Ақпараттық жүйелерді жобалау. ЭАЖ жаңа технологиялар. .NET платформасында өңдеу жүйелерінің технологиясы.

Мақсаты: бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру технологияларының әдістемелік негіздерін игеру, осы технологияларды белгілі функционалды аймақта АЖ БҚ жобалау барысында пайдалану.

Курстың қысқаша сипатталуы: БҚ жобалаудың өмірлік циклы. RUP/ моделі. Объектіге-бағытталған бағдарламалау. БҚ жобалауға объектілі тәсіл. Құрылымдық модельдеу. Тәртіпті модельдеу. Архитектуралық тәртіп. Құрылымдық-функционалды модельдеу стандарттарында базаланатын жобалау технологиясы: БҚ жобалауға құрылымдық тәсіл. Функционалды модельдеу. Имитациялық модельдеу. БҚ реинжениринг және рефокторинг.

Күтілетін нәтижелер: UML объектіге-бағытталған модельдеу тілін пайдаланумен және мақсатқа бағытталған тәсілмен сәйкестікте бағдарламалық қамтамасыздандыруды өңдеу аймағында құзыреттілікке иелену моделирования UML.
Таңдау бойынша курс 15

«Объектіге-бағытталған бағдарламалау (Java)»

Пререквизиттер: Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау

Постреквизиттер: WEB-технологиялар. .NET платформаларда жүйелерді құру технологиясы

Мақсаты: объектілі технология негізінді бағдарламалық жүйелерді өңдеу инженериясын игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Объектіге-бағытталған бағдарламалауға кіріспе. Java тілінде бағдарламалау негіздері. Java тілінің синтаксисі. Қолданушының графикалық интерфейсі. Апплеттер. Сервлеттер. Java Server Pages (JSP) технологиясы. Желілік мүмкіндіктер. Деректер базаларына қолжетімділік. JavaBeans технологиясы. Java тілінің берілу технологияларына шолу.

Күтілетін нәтижелер: Java объектіге-бағытталған бағдарламалау тілінің біреуінде бағдарламалық қосымшаларды өңдеудегі тәжірибелік дағдыларға иелену
«Бағдарламалық инженерия негіздері»

Пререквизиттер: Бағдарламлау технологиясы

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. .NET платформаларда жүйелерді құру технологиясы.

Мақсаты: концепция үрдісіне, БҚ өңдеудің әртүрлі әдістемесіне, қызмет үрдісінің әртүрлі түрлерінде – архитектураны өңдеуге, конфигурациялық басқаруға, талаптармен жұмысқа, тестілеуге бағытталып, толық мазмұн түріндегі бағдарламалық инженерияны елестету

Курстың қысқаша сипаттамасы: Оқыту пәні туралы. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды өңдеудің үрдістеру. Жұмыс өнімі, міндеттер пәні, жоба. БҚ архитектурасы. Талаптарды басқару. Конфигурациялық басқару. Тестілеу. Білімдермен жұмыстағы диаграммалық техника. MSF. CMMI. Өңдеудің "иілгіш" (agile) әдістері. Microsoft Visual Studio Team System (VSTS) технологиясына шолу. VSTS: жұмыс элементтерін басқару (Work Items). VSTS: конфигурациялық басқару. VSTS: тестілеу. VSTS: үрдістің түрлі модельдерін қолдау

Күтілетін нәтижелер: материалды оқу мен дайында барысындағы ақпаратты-іздеушілік қызметті жүзеге асыру, тәжірибелік тапсырманы орындау барысында талдау дағдыларымен иемдену, VSTS технологиясын тестілеуді, бағдарламалық қамтамасыздандыру архитектурасын білу.
Таңдау бойынша курс 16

«Электронды бизнес»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелердің негіздері

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық технологиялар

Мақсаты: студенттерде электронды бизнес және коммерцияның базалық технологиялары бойынша машықтарды және дағдыларды қалыптастыру

Курстың қысқаша мазмұны: Электронды бизнес және компания стратегиясы. Электронды нарықтың сегменттері. Бизнес жоспарын құрастыру. Электронды коммерцияда табыс алу модельдері. Электронды маркетинг кешені. Өнім мен нарыққа талдау жасау. Ақпаратты сақтау мен өңдеу технологиясы. Электронды коммерция жүйесінің экономикалық тиімділігін анықтау әдістері. Бизнес-қатынастарын жүзеге асыру құралы ретінде CRM-жүйелерін қолдану. Электронды бизнестегі төлем жүйелері. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар және жүйелер. Электронды бизнестің этикалық және құқықтық аспектілері.

Күтілетін нәтижелер: басқарудағы ақпараттық жүйелерді құрастыру, қолодану, жобалау бойынша білімдерді теория мен тәжірибеде қолдана алу.
«Корпоративті ақпараттық жүйелер»

Пререквизиттер: Ақпараттық жүйелер негіздері. Таратылған деректер базасы және деректерді сақтау қоры

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. ЭАЖ жаңа технологиялар.

Мақсаты: ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдістерінің халықаралық стандарттарға негізделген және күрделі жүйелерді талдаудың ақпараттық технологияларымен студенттерді таныстыру, экономикалық ақпараттық жүйелерді жобалауды қолдаудың инструменталды құралдарын қолдануды, алынған нәтижелерге талдау жүргізуді, жүйелердің функционалды және ақпараттық моделін құру принциптеріне студенттерді оқыту

Курстың қысқаша сипаттамасы: Компьютерлік ақпараттық жүйелердің архитектурасы, құру принциптері, компьютерлік ақпараттық жүйелердің ақпараттық зерттелуі. Жүйенің аппараттық-бағдарламалық орындалуын таңдау. Құжат айналымын автоматтандыру жүйесі. Құжаттарды басқарудың бағдарламалық құралдары. Қолданбалы бағдарламалық құралдардың мамандандырылуын таңдау. Шешімді қабылдауды қолдау жүйелерінің арнайы қосымша класы. Қаржылық есептер мен қаржыландыру жүйесін автоматтандыру. ERP-жүйелері АЖ салыстырылуы.

Күтілетін нәтижелер: корпоративтік ақпараттық жүйелердің жобау саласында компетенцияларды иемдену.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР





Пән циклы

Пән коды

Пәннің атауы

Дәріскердің аты-жөні

Кред. саны

Семестр







3 курс
















Таңдау бойынша курс 1










ПП

BMA 3214

Компьютерлік модельдеу негіздері

проф., т.ғ.д., Тен Т.Л.,

аға-оқыт., Ибрагимова М.С.



2

5




KMN

3214


Басқарудың модельдері және әдістері

э.ғ.к., доц. Дрозд В.Г., аға-оқыт., Ибрагимова М.С.

2







Таңдау бойынша курс 2













KG

3217


Компьютерлік графика

э.ғ.к, доц. Тажбаев Н.М., аға-оқыт. Дюсекеев К.А.

2

5




KD

3217


Компьютерлік дизайн

э.ғ.к, доц. Тажбаев Н.М., э.ғ.к, доц. Аяжанов К.С.

2







Таңдау бойынша курс 3













AKAK

3311


Ақпараттық қауіпсіздік және ақпратты қорғау

аға оқыт. Есмагамбетов Т.У., э.ғ.к.., доц. Аяжанов К.С.

3

5





AKN

3311


Ақпараттық қауіпсіздік негіздері

аға оқыт. Есмагамбетов Т.У., э.ғ.к., доц. Аяжанов К.С.

3







Таңдау бойынша курс 4













WT

3306


Web технологиялар

доц., э.ғ.к.. Тажбаев Н.М., доц., э.ғ.к.. Аяжанов К.С.

3

5




IT

3306


Интернет технологиялары

доц., э.ғ.к.. Тажбаев Н.М., доц., э.ғ.к.. Аяжанов К.С.

3







Таңдау бойынша курс 5













EAZh-ZhT 3308

ЭАЖ жаңа технологиялар


э.ғ.к.., проф.Омарова Ш.Е. аға оқыт. Молдабекова Б.К.

3

5 (к/п)




АT

3308


Ақпараттық технологиялар

э.ғ.к.., проф.Омарова Ш.Е. аға оқыт. Молдабекова Б.К.

3







Таңдау бойынша курс 6













AZhZh

3309


Ақпараттық жүйелерді жобалау

проф., т.ғ.д., Тен Т.Л., аға оқыт., Дюсекеев К.А.

3

5




NPZhKT 3309

.NET платформаларда жүйелерді құру технологиясы

проф., т.ғ.д., Тен Т.Л., аға оқыт. Ибрагимова М.С.


3







Таңдау бойынша курс 7













SZh

3310


Интеллектуалдық жүйелер

т.ғ.д., проф. Тен Т.Л.

э.ғ.к.., проф. Аяжанов С.С.



3

5




AZhBB

3310


Ақпараттық жүйелерде білім беру

проф., т.ғ.д. Тен Т.Л.,

э.ғ.к.., проф. Аяжанов С.С.



3







Таңдау бойынша курс 8













KS

3307


Компьютерлік желілер

аға оқыт.Есмагамбетов Т.У.,

э.ғ.к.., доц. Аяжанов К.С.



3

5




OVSS 3307

Есептік жүйелер мен желілерді ұйымдастыру

аға оқыт.Есмагамбетов Т.У.,

э.ғ.к.., доц. Аяжанов К.С.



3


Таңдау бойынша курс 1

«Компьютерлік модельдеу негіздері»

Пререквизиттер: Ақпараттық жүйелердегі деректерді талдау. Жүйелік талдау және амалдарды талдау. Математикалық талдау.

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық жүйелерді жобалау

Мақсаты: зерттеулер барысында компьютерлік модельдеу әдісі мен технологиясын, теориясын игеру, ақпараттық жүйелерді жобалау және қолдану.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Компьютерлік модельдеу негіздері» пәніне кіріспе. Монте-Карло әдісі. Кездейсоқ оқиғаларды модельдеу. Үздіксіз кездейсоқ шамаларды модельдеу. Дискретті кездейсоқ шамаларды модельдеу. Көпөлшемді кездейсоқ шамаларды модельдеу. Кездейсоқ үрдістерді жобалау. Ағындар оқиғаларын модельдеу. Кездейсоқ заңдылықтар идентификациясы. Компьютерлік модельдеуді ұйымдастыру. Массалық қызмет көрсету жүйелерін модельдеу. Экономико-ұйымдастырушылық жүйелерін компьютерлік модельдеу.

Күтілетін нәтижелер: студенттер компьютерлік модельдеу негіздері аймағындағы білімдерді игеруі тиіс, типтік кластар моделі мен күрделі жүйелерді модельдеу әдістерін білу және ақпараттық жүйелерді эксплуатациялау және жобалау, зерттеу кезінде жүйелік тәсілді қолдана білу, модельдеуші алгоритмдерді өңдеу және оларды алгоритмдік тілдерді пайдаланумен іске асыру.
«Басқару модельдері мен әдістері»

Пререквизиттер: Ақпараттық жүйелердегі деректерді талдау. Жүйелік талдау және амалдарды талдау. Математикалық талдау.

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық жүйелерді жобалау

Мақсат: ақпараттық жүйелерді қолдану және жобалау, зерттеу кезінде компьютерлік модельдеу әдістері мен технологияларын, теорияларын игеру

Курсты қысқаша сипаттау: «Басқару модельдері мен әдістері» пәніне кіріспе. Экономикалық құбылыстарды игеруге жүйелік тәсіл. Математикалық әдіс және оңтайландыру тапсырмасының негізгі кластары. Сызықтық және бүтін сандық бағдарламалау. Сызықтық емес бағдарламалау. Шешімдерді түсіндірмелерінің ойындық әдісі. Желілік жоспарлау мен басқарудың негіздері. Массалық қызмет көрсету жүйелерін моделдеу.

Күтілетін нәтижелер: студенттер басқарудың модельдері мен әдістері аймағындағы білімдерді игеруі тиіс, күрделі жүйелердің функционалдану үрдістері моделін құру ұстанымдарын, күрделі жүйелерді модельдеудің модельдері мен әдістерінің типтік кластарын білу және экономиканың түрлі қызметінде және кәсіпорынды басқару модельдері мен әдістерін қолдана білу.
Таңдау бойынша курс 2

«Компьютерлік графика»

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық технологиялар

Мақсаты: объектілер арасында ақпараттық байланыс, деректерді өңдеу көрсетілетін үрдістерді толығымен қабылдау, көрнекілікке жету үшін графикалық әдістерді қолдануға студенттерді үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Компьютерлік графика түрлері, түсініктері. Растрлық графика. Векторлық графика. Фрактальды графика. Үш өлшемді графиканың негізгі түсініктері. Графикалық деректердің көрсетілімдері: форматтар, түсті сипаттау тәсілдері, түстік палитра, түсті басқару жүйелері. Растрлық графикамен жұмыс істеу үшін арналған құралдар. Векторлық графикамен жұмыс істеу үшін арналған құралдар. Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Corel Draw, 3D MAX графикалық редакторлары.

Күілетін нәтижелер: объектілер арасында ақпараттық байланыс, деректерді өңдеу көрсетілетін үрдістерді толығымен қабылдау, көрнекілікке жету үшін графикалық әдістерді қолдануға студенттерді үйрету.
«Компьютерлік дизайн»

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар

Мақсаты: объектілер арасында ақпараттық байланыс, деректерді өңдеу көрсетілетін үрдістерді толығымен қабылдау, көрнекілікке жету үшін графикалық әдістерді қолдануға студенттерді үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Компьютерлік графикаға кіріспе. Flesh анимация. Бейне және дыбысты өңдеу бағдарламалары. Adobe Photoshop графикалық редакторы. Adobe Photoshop сурет салу техникасы. Corel Draw.3D STUDIO MAX. 3D STUDIO MAX интерфейсі элементтеріне шолу. 3D STUDIO MAX өлшем бірліктерімен, байланыстары мен басқада сурет салу көмекші құралдарымен жұмыс. 3D STUDIO MAX объектілерді ерекшелеу әдістері. 3D STUDIO MAX диспетчер ресурстарын және модуль кеңейтілімін пайдалану. 3D STUDIO MAX объектілерді модельдеудің концептуалды негіздері.

Күтілетін нәтижелер: объектілер арасында ақпараттық байланыс, деректерді өңдеу көрсетілетін үрдістерді толығымен қабылдау, көрнекілікке жету үшін графикалық әдістерді қолдануға студенттерді үйрету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет