Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»



жүктеу 0.57 Mb.
бет4/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4

Таңдау бойынша курс 3

«Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйе негіздері. Ақпараттық жүйеге сенімділік.

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау жүйелерін тәжірибеде қолдану және теориялық негіздерін меңгеру, студенттерді деректерді қорғауды жүзеге асыру құралдары, әдістері және принциптерімен жүйелі түрде таныстыру.

Курстың қысқаша мазмұны: Ақпараттық енгізу, шығару,жіберу, өңдеу және сақтауды жүзеге асыру барысында ақпаратты қорғау. Ақпараттысақтау тапсырмаларын шешу үшін қажет қорғау элементтері мен объектілерін арналған анықтамалар. Деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінде ақпаратты сақтау құралдарын талдау. Ақпаратты қорғаудың тәжірибелік әдістері. Компьютерлік желілерде ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдары. Рұқсатсыз қатынаудан ақпаратты қорғау. Ашық желілерде және БАЖ ақпараттарды қорғау. ТСР/IP протоколдары. Корпоративті желілерді қорғау. Компьютерлік вирустар. Антивирустық бағдарламалар. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары. Шифрлеу алгоритмін бағдарламалық жүзеге асыру. Компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау құралдарын ұйымдастыру. ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары.

Күтілетін нәтижелер: студенттер ақпраттық қауіпсіздік негіздерін білулері керек, бағдарламалық құралды өзіндік қорғау, ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары, компьютерлік вирустар және антивирустық бағдарламалар секілді түсініктерді түсініп, парольдер қоя білулері керек.
«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйе негіздері. Ақпараттық жүйе сенімділігі.

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау жүйелерін тәжірибеде қолдану және теориялық негіздерін меңгеру, студенттерді деректерді қорғауды жүзеге асыру құралдары, әдістері және принциптерімен жүйелі түрде таныстыру.

Курстың қысқаша мазмұны: Ақпаратты қорғау. Ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік. Қауіпсіздіктің ақаулары мен қатерлерінің көздері. Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер. АЖ бағдарламалық және аппараттық платформаларын талдау. АЖ қауіпсіздік моделдері. Жүйені қорғауды және қауіпсіздікді тәжірибеде жүзеге асыру. Парольді жүйелер құру. Криптографиялық әдістерді қолданудың ерекшеліктері. Шифрлеудің симметриялық және симметриялық емес жүйелері (ашық кілтті криптография). жалпы принциптер. Қорғалған ақпараттық жүйенің негізгі сипаттамалары. Ақпаратты қорғаудың нақты әдіснамалары. Ақпаратты қорғау шаралары. Қорғау үрдістерін тиімді басқару. Қорғау жүйесін бағалау. Желі бойынша жіберу кезіндегі қауіпсіздік. Компьютерлік вирустар және антивирустық бағдарламалар.

Күтілетін нәтижелер: студенттер тілдік жүйелердің ақпаратты-статистикалық сипаттамалары аясында білімді болулары керек, құпия жүйелердің математикалық әдістерін қолдана білу, мәтіндерді талдай білу, ақпаратты қорғау жүйелерін құру амалдарын қолдануда икемділікті қалыптастыру және дамыту.
Таңдау бойынша курс 4

«Web технологиялар»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелер негіздері. Объектіге-бағытталған бағдарламалау (Java).

Постреквизиттер: дипломдық жобаларды жазу барысында пайдаланылатын материалдар.

Мақсаты: Интернет функционалдануы мен ұйымдастыру принциптерін, технологиясын меңгеру, Интернет ортасында пайдалану үшін қосымшаларды жобалау әдістеріне үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Клиент – сервер архитектурасы. Интернетке ақпаратты жіберу. Түрлі деңгейлі желілердегі WEB - технологиялар. TCP/IP стек хаттамалары. Интернетке адрестеу. OSI моделінің қолданбалы деңгейінің хаттамалары. ТСР/IP қолданбалы деңгейіндегі хаттамалар. Telnet және NNTP хаттамалары. IP – телефония. HTML құжаттарының гипертексттік белгілеу тілі. Стильдердің каскадты кестесі (CSS). CGI технологиялар. Flash технология. Компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау.

Күтілетін нәтижелер: web-технология негіздері бойынша білімдерді игеру, web-жобалау принциптері туралы көріністерге иелену, web-бағдарламалау, web-дизайн және т.б., Web-ресурстарды құру барысында тәжірибелік дағдыларға иелену.
«Интернет технологиялар»

Пререквизиттер: Информатика. Объектіге-бағытталған бағдарламалау (Java).

Постреквизиттер: дипломдық жобаларды жазу барысында пайдаланылатын материалдар.

Мақсаты: Интернет технологиялар маңызының теориялық түсіндірмесі, Интернет технология компоненттерін игеру, Интернет-қосымшаларды жобалау әдістеріне оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Интернет – технология архитектурасы. НТМL – гипертекстті белгілеу тілі. WEB – сайтты құру. XML белгілеуінің кеңейтілген тілі. WEB – парақтардың динамикалық көрсетілімі үшін қосымшаларды құру. Порталды технологиялар. WEB – сайттарды жазу. Қосымшалар арасында ақпаратпен алмасу.

Күтілетін нәтижелер: HTML, XML, PHP технология құралдарымен web-қоысмшаларды құрудың негізгі концепцияларын түсіну.

Таңдау бойынша курс 5

«ЭАЖ жаңа технологиялар»

Пререквизиттер: АЖ деректер базалары. Экономика және кәсіпорынды ұйымдастыру. Ақпараттық жүйелер негіздері. Аналитикалық ақпарттық жүйелер. Ақпараттық менеджмент. Ақпараттық маркетинг. ERP жүйелер.

Постреквизиттер: дипломдық жобаларды жазу барысында пайдаланылатын материалдар.

Мақсаты: экономиканың әртүрлі ұйымдастыру орталарында ЭАЖ ұйымдастыру және эксплуатациялау спецификасымен ЭАЖ пайдалану сұрақтарымен студенттерді таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: банктік, бухгалтерлік, салықтық, кеңселік және т.б. ақпараттық жүйелердегі жаңа технологияларды пайдалану базасында экономикалық ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану.

Күтілетін нәтижелер: ақпараттық технологиялар негіздері білімдерімен студенттер меңгерілуі тиіс, ақпараттық жүйелер компоненттерінжәне олардың құрамын білу, нақты пәндік облыстарда ЭАЖ пайдалануды меңгеру: сауда кәсіпорындарында, фирмаларда, салықтық қызметтерде, менеджментте, маркетингте, сақтандыру компанияларында, қазынашылықта, кеден органдарында және т.б.
«Ақпараттық технологиялар»

Пререквизиттер: Информатика. 1С бағдарламалу. ERP жүйелер. Компьютерлік графика.

Постреквизиттер: дипломдық жобаларды жазу барысында пайдаланылатын материалдар.

Мақсаты: адами қызметтің барлық аспектілерінде қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану масштабының қандай болатынына байланысты мәндік дәрежесіндегі экономикалық және әлеуметтік ортадағы жоғарғы нәтижелерге Қазақстанның жетуі, сонымен қатар қоғамдық еңбекте тиімділікті жоғарлатуда осы технологиялардың қандай рольде екендігіне байланысты.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті есептеу желісі мен глобалды жүйелерді, дербес компьютерлерді пайдалануға негізделген ақпараттық технологиялар. Автоматтандырылған жұмыс орындарындағы деректер банкісін ұйымдастыру. Сараптау жүйелері негізінде шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелері. Ақпараттық жүйелер әртүрлі пәндероблысында (есепте, банкте, статистикада, менеджментте, маркетингте және т.с.с).

Күтілетін нәтижелер: ақпараттық технологиялардың мазмұны мен құралдарын білу; ақпараттық жүйелерді оңтайландыру үшін ақпараттық технологиялардың негізгі модельдері мен құралдарын қолдана білу; ақпараттық жүйелерді құру мен модернизациялау барысында интеллектуализациялаудың жүйелік тәсілдері мен принциптерін пайдалану
Таңдау бойынша курс 6

«Ақпараттық жүйелерді жобалау»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелер негіздері. Бағдарламалау технологиялары. C# негіздері. Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары. Компьютерлік жүйелер архитектурасы. Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру. Жүйелік талдау және амалдарды зерттеу.

Постреквизиттер: дипломдық жобаларды жазу барысында пайдаланылатын материалдар.

Мақсаты: экономикалық ақпараттық жүйелердің теориялық және тәжірибелік негіздерін меңгеру, сонымен қатар әртүрлі әдістер мен инструменталды құралдарды пайдаланумен ЭАЖ жобалауда дағдыларды меңгеру және үрдісті басқару

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ақпараттық жүйелер жобалау объектісі ретінде. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдістемелік принциптері. Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклінің моделі. Функцияларды, үрдістерді, компоненттерді жобалау модельдері мен әдістері. Жобаның статистикалық және динамикалық бақылауының модельдері мен әдістері. Макродеңгейдегі ақпараттық жүйелерді жобалау. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың инструменталды бағдарламалық құралдары. Жобалауды басқарудың құралдары, тәсілдері мен әдістері

Күтілетін нәтижелер: экономикалық ақпараттық жүйелер архитектурасын, АЖ жобалау әдістерін; экономикалық құжаттамалар жүйесін жобалай білу; жобалаудың әртүрлі технологиялар шегінде экономикалық ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдістері мен құралдарын меңгеру.
«..NET платформаларда жүйелерді құру технологиясы»

Пререквизиттер: Ақпараттық жүйелердегі бағдарламалық құралдар. Объектілі-бағытталған бағдарламалау (Java). C# негіздері.

Постреквизиттер: дипломдық жобаларды жазу барысында пайдаланылатын материалдар.

мақсаты: қазіргі ақпараттық технологиялар туралы теориялық мәліметтерді студенттерге беру және бағдарламалық қамтамасыздандырылуды өңдеу кезінде оларды пайдаланудың тәдірибелік дағдыларын баулу

Курстың қысқаша сипаттамасы: Microsoft.Net платформасы. Rotos және Mono архитектурасы мен мүмкіндіктеріне шолу. Phoenix. Data Mining технологиясы. Web-қосымшаларды өңдеудің қазіргі құралдары. XML Web Services. Орналастырылған операциялық жүйелер. Мобильді құрылғылар үшін қосымшаларды өңдеу. Windows Vista операциялық жүйесінің технологиясы. Win FS жаңа файлдық жүйесі. Ақпаратты қорғаудың қазіргі технологиялары. Шаблондар негізіндегі ақпараттық жүйелерді өңдеу. Тестілеудің қазіргі технологиялары

Күтілетін нәтижелер: әртүрлі қосымшаларды өңдеу кезінде пайдаланылатын қазіргі ақпараттық технологияларды, бағдарламалық құралдарды өңдеуге қазіргі тәсілдер туралы білу: қолданушының графикалық интерфейсімен Windows қосымшалар, web – қосымшалар және түрлі құрылғылар үшін қосымшалар (орнатылаын жүйелер, қалта компьютерлері және т.б.)

Таңдау бойынша курс 7

«Интеллектуальдық жүйелер»

Пререквизиты: «Информатика», «Алгоритмдеу және программалау тілдері»

Постреквизиты: «Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар», «Ақпараттық жүйелерді жобалау».

Мақсаты: Білім аумағына байланысты  теориялық және тәжірибелік есептерге талдау жасап шығара алатындай, студенттерде шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелерінде білім қорларын құрастырудың теориялық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Интеллектуалды жүйелер» интеллектуалды жүйелердің БҚ құрастыру және әрекет етуінің негіздерін қамтиды. Интеллектуалды жүйелердің БҚ негізгі түсініктерімен таныстырып, білім инженериясы әдістерін, шешімді қабылдау ережелерінің сипаттамасын қарастырады. Шешімге келу әдістерін және білім қорларын  құрастыруды үйретеді. Интеллектуалды жүйелерде білімді ұсыну дағдыларын қалыптастырады. Нейронды жүйелердің негізгі түсініктері мен оларды құрастыруды үйретеді.

Күтілетін нәтижелер: интеллектуалды жүйелер, шешімді қабылдау үрдісі, шешімді қабылдайтын адам (ШҚА) түсініктерін қалыптастыру; жүйелік талдау мен ақпараттық жүйелер синтезі негіздерін білу; математикалық немесе эвристикалық модельдерге негізделген оңтайландыру немесе интерактивті имитация жасау; оңтайлы шешім қабылдау үшін белгілі бір пәндік аумақта интеллектуалды жүйелерді жобалау дағдыларын қалыптастыру
«Ақпараттық жүйелерде білім беру»

Пререквизиттер: Экономикалық кибернетика. Компьютерді модельдеу негіздері.

Постреквизиттер: дипломдық жобаларды жазу барысында пайдаланылатын материалдар.

Мақсаты: білімді көрсетудің қазіргі модельдеріне жүйелік шолуды беру, сараптау жүйелерінің құрылу принциптерін игеру және меңгеру, жасанды интеллект пен шешімдерді қабылдау жүйесінің дамуының перспективті бағыттарын қарастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Білімді көрсетудің логикалық моделі және шығару ережесі. Білімді көрсетудің өнімдік моделі және өңдеу ережесі. Білімді көрсетудің реляциялық моделі және талқылаудың сәйкес тәсілдері. Фреймдер. Семантикалық желілер. Білімді иелену техникасы. Сараптау жүйелері – автоматтандырылған оқытылатын жүйелердің құралдары. Білімдер базасы. Ережелер, объектілер, сұранысты анықтау, редактор, процедуралық тіл, ережелер мен объектілер компиляторы. Файлдармен жұмыс құралдары. Объектілер түрлері. Процедуралық тіл операторы. Жасанды интеллект тілдері. Айқын емес көптіктер туралы түсінік. Windows ортасында сараптау жүйелерін жүзеге асыру

Күтілетін нәтижелер: Windows ортасында сараптау жүйелерін құру, білімді көрсетудің модельдер аймағындағы құзыреттілік.

Таңдау бойынша курс 8

«Компьютерлік желілер»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелер сенімділігі. Компьютерлік жүйелер архитектурасы. Телекоммуникациялық жүйелер және технологиялар.

Постреквизиттер: дипломдық жобаларды жазу барысында пайдаланылатын материалдар.

Мақсаты: желілерде дербес компьютер жұмысының ерекшеліктерін, компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және функционалдану принциптерін меңгеру, ақпаратты көрсетуге өңдеулермен, іздеуді сақтаумен, жіберу тәсілдерімен және қазіргі компьютерлік желілермен танысу, сонымен қатар жергілікті желіде жұмыстың тәжірибелік дағдыларды алу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Желілердің жіктелу. Ашық жүйелердің өзара әрекетін ұйымдастырудың базалық моделі (OSI модель). TCP/IP стек. TCP/IP хаттамалар. Компьютерлік желілердің аппараттық құралдары.. Маршрутизаторлар, шлюздар. Ethernet технологиялары. Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, Token Ring, FDDI және CDDI стандарттары. Глобалды желілердің құрылу технологиялары және функционалдануы. Телефонды желілер және деректерді жіберу үшін оларды пайдалану. Х.25 желілер. Frame Relay желілері. TDM технологиялары. ATM желілері. Internet желілерді ұйымдастыру. Желілік бағдарламалық қамтамасыздандыру.

Күтілетін нәтижелер: студенттер желідегі жұмыс негіздерімен игерілуі тиіс, ЛВС, ГВС, хаттамалар, Internet, OSI моделі сияқты түсініктерді игеру, IP-адрес анықтай және жаза білу.
«Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру»

Пререквизиттер: Информатика. Схемотехника. Микропроцессорлық жүйелер. Компьютерлік жүйелер архитектурасы.

Постреквизиттер: дипломдық жобаларды жазу барысында пайдаланылатын материалдар.

Мақсаты: ЭЕМ желілері мен жүйелерін, есептеу машиналарының ұйымдастыру ерекшеліктерін, жеке құрылғыларды құру принциптерін және олардың енгізу үрдісіндегі, өңдеудегі және ақпаратты шығарудағы өзара әрекеттестігін білу

Курстың қысқаша сипаттамасы: ЭЕМ есте сқтау құрылғылары. ЭЕМ желілерін ұйымдастыру. ЭЕМ функционалды түйіндері. ЭЕМ логикалық және есте сақтау элементтері. ЭЕМ арифметикалық негіздері. Амалды жеделдету әдістері. Булевтік алгебра негіздері. ФАЛ аналитикалық көрсетілімі. Сыртқы есте сақтау құрылғыларын ұйымдастыру. Процессорлар. Ақпаратты өңдеу үрдісінде процессор компоненттерінің өзара әрекеттестігі. Ақпаратты енгізуді және шығаруды ұйымдастыру. Ақпаратты енгізу және шығару ұүрылғыларының тізімі мен тағайындалу. Есептеу комплекстері мен желілерін ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер: ЭЕМ арифметикалық, логикалық және схематикалық негіздерін, комплекстер жүйесі мен ЭЕМ желілерін, есептеу машинасының функционалды және құрылымдық ұйымдастырылу принциптері аймағындағы біліммен игерілу.



Каталог: attachments -> article -> 4070
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5B072700 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> Рекомендации по формированию
4070 -> ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды
4070 -> 5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017
4070 -> Оқу мерзімі – 3 жыл, оқу тілі – қазақ Қарағанды – 2016-2017


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет