Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»



жүктеу 0.6 Mb.
бет1/4
Дата13.09.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

Мамандық 5В070400

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

Қарағанды 2016-2017 жж.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған элективті пәндер каталогы № _5__ хаттама «_31__»___03___2016 ж. Қарағанды, ҚКЭУ.

Каталог өзіне элективті пәндер тізімін (таңдау бойынша компонент), сонымен қатар мамандық бойынша олардың бағдарламаларының қысқа курсын қосады. ҚКЭУ оқытушылары мен студенттеріне арналған.



АҚПАРАТТЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
МАМАНДЫҚ: 5В070400 – ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМААСЫЗДАНДЫРУ
Академиялық дәрежесі – техника және технология бакалавры
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР


Пән циклы

Пән коды

Пән атауы

Дәріскердің аты-жөні

Кред.саны

Семестр

1 курс




Таңдау бойынша курс 1










ОҚТ
















Din 1401

Дінтану

э.ғ.к., проф. Клишина М.В., маг. оқыт. Тутинова Н.К.

2

2

KKTT 1401

Кооперативті қозғалыс тарихы мен теориясы

аға-оқыт. Адамбекова С.М., проф., д.и.н. Абилов К.Ж.

2


Таңдау бойынша курс 1

«Дінтану»

Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы» мектеп бағдарламасы көлемінде

Постреквизиттер: Ақпараттық технологиялар. ЭАЖ жаңа технологиялар.

Мақсаты: негізгі діни бағыттағы білімді қалыптастыру, сонымен қатар аралықконфессиалды қарым-қатынас мәдениетін және діни экстремизм профилактикасын қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Дінтану пәні. Мемлекет және дін. Діннің ерте формалары.Конфуцианттық. Даосизм .Индуизм. Иудаизм. Буддизм. Ерте христиандық. Православие. Католицизм. Протестантизм. Ислам. Дәстүрлі емес діни бағыттар. Діни экстремизм профилактикасының әдістері.

Күтілетін нәтижелер: діннің әлеуметтік мәдени арнайы ерекшеліктері туралы елестетушілік; түсініктерді еркін түсіну; дін тарихын білу, дін дамуының маңызын, оның динамикасын түсіну; діндегі жалпы теориялық сұрақтарды ажырату; діннің философиялық талдауының дағдылары мен тәсілдерін игеру.
«Кооперативті қозғалыс тарихы мен теориясы»

Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы» мектеп бағдарламасы көлемінде

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар.

Мақсаты: кооперативті қозғалыс теориясы мен тарихы негіздері бойынша білімді қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кооперативті қозғалыстың туындауы. Әлеуметтік-экономикалық маңыз және кооперация табиғаты. Кооперативті идеология. Капитализм шарттарындағы кооперативті қозғалыс. Әкімшілік-басқарушылық экономикалық жүйелер шарттарындағы кооперативті қозғалыс. Нарықтық экономикаға өту шарттарындағы кооперативті қозғалыс. Қазақстан Республикасындағы кооперативті қозғалыс. Қазіргі халықаралық кооперативті қозғалыс.

Күтілетін нәтижелер: экономикалық қатынастар тарихын толығымен қабылдау құзыреттілігі, кооперативті қозғалыс ролін түсіну, қазіргі шарттардағы кооперацияның жағдайы мен дамуын білу.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР




Пән циклы

Пән коды

Пән атауы

Дәріскердің аты-жөні

Кред.саны

Семестр

2 курс







Таңдау бойынша курс 1










БП



















BEA

2208


Бухгалтерлік есеп және аудит

аға-оқыт. Мусипова Л.К., оқыт., маг. Фурманова М.А.

3

4




Kar

2208


Қаржы

э.ғ.к., доц.Улаков Н.С.,

маг. оқыт. Мукашева К.А.



3







Таңдау бойынша курс 2










ОҚТ

ZhKAN 2402

Жемқорлыққа қарсы әрекет негіздері

аға-оқыт. Искалиева М.С.

2

4




ZhKAKEA 2402

Жемқорлыққа қарсы әрекет: құқықтық және экономикалық аспектілері

аға-оқыт. Искалиева М.С.

2







Таңдау бойынша курс 3













Mik

2209


Микроэлектроника

доц., к.э.н. Дрозд В.Г.

доц., к.э.н. Аяжанов К.С.



2

4




ETT

2209


Электрлік тізбек теориясы

аға-оқыт. Кутумова Ж.Б., к.ф.-м.н., доц. Карагаева М.Б.

2







Таңдау бойынша курс 4













TK

2210


Техникалық кибернетика

аға-оқыт., Есмагамбетов Т.У.,

аға-оқыт. Дюсекеев К.А.



3

4




EK

2210


Экономикалық кибернетика

т.ғ.д, проф. Тен Т.Л.

аға-оқыт. Ибрагимова М.С.



3







Таңдау бойынша курс 5













BT

2211


Бағдарламалау технологиясы

доц., э.ғ.к. Дрозд В.Г. аға-оқыт. Ибрагимова М.С.

3

3





CN

2211


C# негіздері

аға-оқыт. Муканова Ж.А., аға-оқыт. Ибрагимова М.С.

3







Таңдау бойынша курс 6













ZhTAZ 2212

Жүйелік талдау және амалдарды зерттеу

э.ғ.к., проф. Аяжанов С.С., аға-оқыт. Муканова Ж.А.

3

3





Eko

2212


Эконометрика

аға-оқыт. Аширбекова Б.Н., аға-оқыт. Шахшина С.А.

3







Таңдау бойынша курс 7













АT

2213


Ақпарат теориясы

проф. т.ғ.д. Тен Т.Л.

доц., э.ғ.к. Аяжанов К.С.



3

4





AUZhT 2213

Ақпараттық үрдістер мен жүйелер теориясы

проф. т.ғ.д. Тен Т.Л.

доц., э.ғ.к. Аяжанов К.С.



3







Таңдау бойынша курс 8













OZh 2215

Операциялық жүйелер

э.ғ.к, доц. Дрозд В.Г., аға-оқыт. Молдабекова Б.К.

2

4





ZhBK 2215

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру

э.ғ.к, доц. Дрозд В.Г., аға-оқыт. Молдабекова Б.К.

2







Таңдау бойынша курс 9













EZhZhU 2218

Есептік желілер мен жүйелерді ұйымдастыру

аға-оқыт. Есмагамбетов Т.У.,

аға-оқыт. Дюсекеев К.А.



3

4





KZhA 2218

Компьютерлік жүйелер архитектурасы

доц., э.ғ.к Дрозд В.Г.,

аға-оқыт. Дюсекеев К.А.



3



Таңдау бойынша курс 1

«Бухгалтерлік есеп және аудит»

Пререквизиттер: Математикалық талдау

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар

Мақсаты: кәсіпорынды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп және аудит ролін меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бухгалтерлік есептің концепциялары, стандарттары мен ұстанымдары. Екіжақтылық ұстанымы және тепе-теңдік теңсіздігі. Шот жүйесі және екілік жазу. Кәсіпорынның есептік саясаты. Ақша құралдары мен олардың эквиваленттерінің есебі. Қор мен дайын өнім есебі. Дебиторлық қарыз есебі. Негізгі құралдар есебі. Материалды емес активтер мен олардың амортизациясының есебі. Инвестициялар есебі. Капитал есебі. Міндеттер есебі. Кірістер мен шығындарды мойындау және қаржылық нәтижелер есебі. Қаржылық есептілік көрсетілімі. Аудиттің концептуалды негіздері. Кәсіпорындағы аудитты ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер: бухгалтерлік есептің негізгі концепцияларын, ұстанымдары мен стандарттарын меңгеру; бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұнын, шот жүйесі мен екілік жазбаны игеру; кәсіпорынның кірістері мен шығындарын, капиталын, міндеттерін, дебиторлық қарызын, ағымдағы активтер бағасы мен есебі; кәсіпорынға шығындар есебін ұйымдастыруды және өнімнің өзіндік құнының есептемесін меңгеру; аудиттің теориялық негіздерін игеру.

«Қаржы»

Пререквизиттер: Математикалық талдау

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. ЭАЖ жаңа технологиялар.

Мақсаты: қаржы диалектикасын игеру, қаржы туралы ғылымды түсіну, онсыз нарықтық қатынасқа қатысушылар қаржы механизмін аша алмайды, қаржы саясатының маңызы, қоғамда қаржыны басқару.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қоғамдық өндірістегі қаржының маңызы, функциясы мен ролі. Қаржылық жүйені ұйымдастыру. Қаржылық саясат және қаржылық механизм. Шаруашылық субъектілерінің қаржылары. Мемлекеттік қаржының жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік кірістер мен шығыстар. Салықтық жүйенің салықтары мен ұйымдастырылуы. Мемелекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз. Үй шаруашылық қаржылары. Сақтандыру.Экономиканың мемлекеттік қаржылық түзетілімі. Қаржылық нарық. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар. Қаржы және инфляция.

Күтілетін нәтижелер: қаржыны басқару аймағындағы білімді алу.
Таңдау бойынша курс 2

«Жемқорлыққа қарсы әрекет негіздері»

Пререквизиттер: Құқық негіздері

Постреквизиты: ЭАЖ жаңа технологиялар

Мақсаты:Студенттер қазіргі заманғы қоғамда жемқорлықтың эволюциясы жөнінде, қоғамдық қатынастардың әрбір саласына әсер ететін құбылыс ретінде сипаттамасын, жемқорлықтың ҚР ұлттық қауіпсіздігіне төндіретін қаупі жөнінде, шетелдік инвестициялар көлеміне ықпалы жөнінде, кеден органдарының қызметшілерінде білімдерді қалыптастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жемқорлық ұғымы және жемқорлықтың криминологиялық сипаттамасы. Жемқорлықтың этикалық пен типологиялық белгілері және оның таралу салалары. Жемқорлық ұлттық қауіпсіздік қатері ретінде. Сот жүйесінің жемқорлықты жоюдағы ролі. Жемқорлық пен кедейшілік. Жемқорлықтың шетелдік тура инвестициялар көлеміне ықпалы. Жемқорлықпен күресудегі азаматтық қоғамның ролі. Жергілікті билік органдары қызметінің айқындығын қамтамасыз ету мәселелері. Саяси партиялар органдары қызметінің айқындығын қамтамасыз ету. ҚР корпоративті басқару принциптерінің дамуы. Жемқорлықпен күресудегі БАҚ ролі.

Күтілетін нәтижелер: Жемқорлық ұғымы және жемқорлықтың криминологиялық сипаттамалары саласында, сонымен қатар экономикалық қылмыстарды жіктеу мәселелері жөнінде білімді игеру; теориялық ойлау және талдау негізінде сәйкес қызмет ету саласында нормативті-құқықтық нормаларды қолдана алу; пәндік есептерді шешу барысында талдау-синтетикалық және логикалық әрекеттің әдістерін қолдану; алған білімдерді жүйеге келтіре білу, ғылыми критикалық талдау негізінде оқиғаларды талдау және интерпретациялау;

сәйкес құрылым бойынша нормативті реттеудің мәселелік аспектілері бойынша хабарлама мен баяндамалар түрінде ақпаратты ұсыну; өздігінен жұмыс жасау дағдыларын арттыру.


«Жемқорлықтың қарсы әрекеті: құқықтық және экономикалық аспектілері»

Пререквезиттер: Құқық негіздері. Экономикалық теория негіздері.

Постреквезиттер: ЭАЖ-дағы жаңа технологиялар

Мақсаты: Бейімділік құзыретін меңгеру. Бұл дегеніміз құқықтық және негізгі ұйымдастырудың алдын алу шараларын білу, қарсы әрекет және пайда болған күреспен және қылмыстық бағытталған жемқорлықтың қажетті шартын арылту және жаңалау мемлекеттік жүйесін және жергілікті жүйені басқару. Бұл әлеуметтік экономикалық тиімділікте атаулы қызмет істеу жүйесінде болу керек.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жемқорлықтың түрлері мен формалары. Жемқорлық үдерістерін талдаудың әдіс тәсілдері және математикалы-статистикалық аппараттың жемқорлықтық айналымының есебінің қолданылуы және компьютерлік технология желісі. Жемқорлыққа қарсы әрекеттің өзара орындаушылықтың басқарушы өлшем жүйесінде (Халықаралық жоспарда, жолдауда, мемлекеттік программада) алатын функционалды және өзара әрекет орны.

Күтілетін нәтижелер:жемқорлықтық әрекетке қарсы бағытталған жүйенің мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру жемқорлық қылмыстарға жауап беру. жемқорлық қылмыстарға қарсы азаматтық позиция ұстану; жемқорлықпен күресуге қолданылатын заңнамаларды білу; жемқорлыққа қарсы қызмет атқаратын құқық қорғау мекемелерін білу жасалған жемқорлық әрекеттеріне және нәтижелеріне баға беру, жемқорлыққа қарсы әрекет етуші мемлекеттік және муниципальды мекемелердің әрекет ету тиімділігін бағалау.

Таңдау бойынша курс 3

«Микроэлектроника»

Пререквизиттер: Физика

Постреквизиттер: Компьютерлік желілер

Мақсаты: жартылай өткізгішті құралдардың қызмет ету принциптерін, параметрлерін және сипаттамаларын зерттеу, студенттерді осы сұрақтар және басқа да электронды құрылғылардың схемаларын тұрғызуда практикалық пайдалануға баулу

Курстың қысқаша сипаттамасы: Интегралдық сызбалардың p-n алмасуларын зерттеу. Биполярлы транзисторлардың электрлік сипаттамаларын зерттеу. Желілік транзистордың статистикалық сипаттамаларын зерттеу. Электронды-тесіктік өтуді зерттеу. Жұқа пленкалы микроқұрауыты конструкциялау. Жұқа пленкалы резисторлардың жұмысына технологиялық факторлардың әсерін зерттеу. Интегралдық схемалардың температуралық тәуекелділігін зерттеу.

Күтілетін нәтижелер: студенттер диодтардың, биполярлық және желілік транзисторлардың математикалық модельдері мен қосылу сызбаларын, қызмет ету принциптері, жұмыс режимдері, негізгі сипаттамалары мен параметрлері, және т.б. туралы білімдер, биполярлы және желілік транзисторларда күшейткіш құрылғылардың сызбасын құру мүмкіндіктеріне ие болу қажет.
«Электр тізбектер теориясы»

Пререквизиттер: Физика

Постреквизиттер: Компьютерлік желілер

Мақсаты: студентерде электрлік және магниттік тізбектер және олардың құрылымдық элементтері, осы тізбектердің динамикалық және статистикалық жұмыс режимдерінде есептеу және талдау

Курстың қысқаша мазмұны: сызықты электр тізбектерінің қасиеттері және негізгі түсініктері. Тұрақты Ом заңдары. Кирхгоф заңдары және олардың қолданылуы. Электр тізбегінің жұмыс режимдері және есептеу әдістері. Гармоникалық әсер режиміндегі сызықтық электр тізбектері. Резистивті, индуктивті және иілгіш элементтері бар тізбектердегі гармоникалық тербелістер. Үшфазалы электр тізбектері. Үшфазалы қабылдағыштардың жұлдызша және үшбұрыш тәрізді байланысуы.

Күтілетін нәтижелер: студенттердің электр тізбектер теориясының негізін түсінулері керек, сызықты және сызықты емес тізбектерде орналасқан үрдістерді есептеу және талдау әдістерін игеру, көрсетілген тізбектегі өтпелі үрдістерді есептеу және талдау әдістерін, олардың тәжірибеде қолданылуын білу керек.

Таңдау бойынша курс 4

«Техникалық кибернетика»

Пререквизиттер: Физика

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау

Мақсаты: автоматтандырылған басқару теориясының негіздерін зерттеу, автоматтандырылған басқару жүйелерінің классификацияларын қарастыру (АБЖ). Белгілердің типтелуі және сол белгілердің негізгі сипаттамаларын түсіндіру. АБЖ негізгі элементтерінің: датчиктер, күшейткіштер, орындаушы құралдар жұмыстарының сипаттамаларын беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Автоматтандырылған басқару жүйелерінің (АБЖ) құрылу принциптері. АБЖ типтік белгілері. Автоматтандырылған басқару жүйелерінің нақты элементтерінің негізгі сипаттамалары. Сызықтық импульстік жүйелер. АБЖ көрсеткіштері. Автоматтандырылған басқарудың сызықтық емес жүйелері. Параметрлік жүйелер. Автоматтандырылған басқару жүйелердегі кездейсоқ процесстер.

Күтілетін нәтижелер: Автоматтандырылған басқару жүйелері аймағында білімдер жинау
«Экономикалық кибернетика»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелер негіздері

Постреквизиттер: Компьютерлік модельдеу негіздері

Мақсаты: басқару үрдістері мен олармен байланысқан жүйелер мен жекеліктерде, экономикалық жүйелердегі ақпаратты жіберу мен өңдеу үрдістерін игеру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикадағы басқарушылық шешімдерінің модельдеу негіздері; экономикалық динамиканың оңтайландырылған модельдері. Экономико-кибернетикалық модельдердің жүйелік блоктары. Бірөнімдік макромодельдің шегіндегі экономиканың оңтайлы дамуы; магистралды шешім. Динамикалық бағдарламалау әдісімен кәсіпорындар арасындағы капиталдық салымдарды реттеудің оңтайлылығы

Күтілетін нәтижелер: студенттер берілген курс бойынша негізгі түсініңтерді, анықтамаларды және терминдерді игеруі керек.
Каталог: attachments -> article -> 4070
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5B072700 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> Рекомендации по формированию
4070 -> ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> 5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017
4070 -> Оқу мерзімі – 3 жыл, оқу тілі – қазақ Қарағанды – 2016-2017


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет