Элективті пәндер каталогы студенттің өздігінен оқу траекториясын анықтауға таңдау компонентіне кіретін пәндер тізімін құрайды



жүктеу 0.65 Mb.
бет1/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4


Ф.7.02-07

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Информатика және математика» кафедрасы


Бекітемін

Оқу –әдістемелік жұмыстар

жөніндегі проректор

_______ т.ғ.к. Ажидинов А.С.

«____ » ______ 2016 ж.


ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
5B060200-Информатика

Шымкент, 2016

Оқу курстары каталогының формасы
Элективті пәндер каталогы - студенттің өздігінен оқу траекториясын анықтауға таңдау компонентіне кіретін пәндер тізімін құрайды. Элективті пәндер каталогында 5В060200-Информатика мамандықтарына тиісті пәндердің қысқаша мазмұны берілген.

ОҚПУ студенттеріне және оқытушыларына арналған.


Құрастырғандар: тех.ғ.к.Жидебаева А.Н.

магистр,аға оқытушы Тастыбаева А.Т., п.ғ.к., аға оқытушы Төребай Н.Д., магистр, аға оқытушы Нахипова В.И., магистр, аға оқытушы Ендібаева С.А.

Кафедра мәжілісінде қарастырылып, талқыланған (хаттама № 1, “26” 08. 2016 ж.)


Кафедра меңгерушісі:___________тех.ғ.к.Жидебаева А.Н.

Элективті пәндер каталогы жұмыс берушілермен келісілген:


«FABSOFT» жеке кәсіпкерлігінің директоры: Анарметов А._____________

Факультеттің әдістемелік комиссиясының мәжілісінде мақұлданған (хаттама № 1, “27” 08. 2016 ж.)

Әдістемелік комиссия төрайымы:__________Длимбетова Б.С.

Элективті пәндер каталогы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген

(хаттама № 1, “29” 08. 2016 ж.)

СТУДЕНТ ЖАДНАМАСЫ
Құрметті Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті!
Сізге Элективті пәндер каталогы ұсынылады. Бұл элективті оқу пәндерінің жүйелі аннотациялық тізімі. Ол оқудың жеке траекторияларын өз бетінше, жедел және жан-жақты құрастыру мақсатында жасалған. Ол сіздің жеке оқу жоспарыңызды құрастырудағы көмекшіңіз.

Оқытудың кредиттік технологиясында барлық оқу пәндері 3 циклге жіктелген - Жалпы білім беру пәндері (ЖБП), Базалық (БП) және Кәсіби (КП). Бұл цикілдердің әр бірінің ішінде оқу пәндері 2 түрге бөлінеді- міндетті компонент және таңдау бойынша компонент (элективті, яғни таңдалған оқу пәндері).

Міндетті компанентті пәндер мамандық бойынша мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарымен тағайындалған және осы мамандық студенттеріне бірдей оқытылады.


Элективті оқу пәндері кафедраларға ұсынылады. Элективті оқу пәндерінің барлық тізімінен өзіңізге қызықты пәндерді таңдай аласыз. Осылай сіздің жеке оқу жоспарыңыз оқу пәндерінің әрбір циклі бойынша өзіне 2 бөлімді қосады: міндетті компонент және таңдау бойынша компонент (элективті оқу пәндері).

Элективті пәндер каталогы көмегімен сіздің жеке оқу жоспарыңызды қалай таңдауға болады?

  1. Тізімнен оқу семестріңіздің кестесін табыңыз.

  2. Элективті оқу пәндерінде бір үлгідегі оқу жоспармен барлығы неше кредит берілгенін анықтаңыз.

  3. Элективті оқу пәндері тізімімен танысыңыз. Оқу пәндері таңдау бойынша курстарға сәйкес нөмірмен біріктірілгеніне назар аударыңыз. Элективті пәндердің әрбір топтарынан тек бір ғана элективті оқу пәндерін таңдауға болады.

  4. Өзіңізді қызықтырған Элективті оқу пәндерінің сипаттамасын оқыңыз және өз таңдауыңызды жасаңыз.

  5. Сіз таңдаған кредиттердің саны Типтік оқу жоспарында талап етілген кредиттік санға сәйкес келуін тексеріңіз.

  6. Элективті оқу пәндерін таңдауда өзіңіздің эдвайзеріңіз көмектеседі.







Пәннің коды

Пән атауы

ҚР бойынша кредит саны

ECTS бойынша кредит саны

семестрі

Пререквизиті/ постреквизиті

Пәннің мақсаты мен қысқаша мазмұны

Дублин дескрипторларының негізіндегі оқытудың нәтижелері

Құзыреттері




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




1

TKN/

OBZh 1104

a)Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

2

3

1

Пререквизиттері: -Постреквизиттері: -

Мақсаты:

Студенттерді тіршілік кауіпсіздігі негіздерімен таныстыру.



Мазмұны:

Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етідегі рөлі. Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу. Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің ұйымдастыру-практикалық шаралары



1. Төтенше жағдайларда олардың салдары бойынша шараларды білу;

2. Табиғат, техногенді және әлеуметтік сипаттағы құбылыстағы сараптама жасау технологияларын қолдана білу; 3. ТЖ-да жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру;

4. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыру;

5. Жеке адамды қорғау құралдарын қолдануға өздігінен қабілетті болу.



-Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктей білуі;

-Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алуы;

- Қауіпті және зиянды факторларды жіктей алуы;

-Жоспарлау және құтқару жұмыстын жүргізе алуы;

-Қауіпсіздікті ұйымдастыру-практикалық шараларын жүргізе алуы.








ETD/

EUR 1104

б)Экология және тұрақты даму










Пререквизиттері: -
Постреквизиттері: -

Мақсаты: 

Табиғат пен қоғамның тұрақты дамудың негізгі заңды-лықтары туралы тұтас ұғым қалыптастыру.



Мазмұны:

Тұрақты дамудың концепция-лары мен принциптері. ТД түрлі деңгейдегі стратегиялары мен саясаты: ғаламдық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейде. ҚР тұрақты даму перспективалары.



1.Тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын білу;

2.Табиғи және антропогендік экологиялық процесстерді анализдеуді жүзеге асыра білу;

3.Социумды апаттық кризистарсыз дамыту;

4. Тұрақты дамудың заңды-лықтарын қалыптастыра білу;

5. Алынған білімдерін экологиялық тапсырмаларды шешуде өздігінен қолдануға қабілетті болу.


 - Экологиялық процесстерді анализдей алуы;

- Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамудың айқын нақты тапсырмаларын қоя білуі;

- Тұрақты даму идеяларын жүзеге асыра алуы;

- Биосфераның даму заңдылықтарын сақтай білуі;

- Тұрақтылығын сақтау жағдайларын білуі.





2

ITNT/

TOII 1202

а) Информатиканың теориялық негіздері және тарихы

3

5

1

Пререквизиттері: -

Постреквизиттері: Алгоритмдер және берілгендер құрылымы, Операциялық жүйелер, Программалау тілдері, Үшөлшемді анимациялық модельдеу, Үшөлшемді модельдеу әдістері.

Мақсаты:

Ақпарат, ақпараттық үрдістер, ақпараттық технологиялар, алгоритмдер теориясы, логика алгебрасы жайлы ұғым қалыптастыру. Мазмұны:

Информатика ғылым және оқу пәні ретінде. Ақпарат ұғымы. Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты өрнектеу формалары. Ақпаратты өлшеу. Ақпараттық үдеріс ұғымы. Ақпараттық үдерісті жүзеге асырудың мүмкіндіктері. Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру әдістері.



1.Ақпарат, ақпараттық үдерістер туралы білім беру;

2.Цифрлық автоматтар және олардың жұмыс жасау принциптерімен таныстыру;

3.Алгоритмдер теориясы, модельдеу жайлы ұғым қалыптастыру;

4.Интернет желісі арқылы қажетті ақпараттарды іздеп таба білуге машықтандыру;

5.Білім алушылардың өздігінен ізденіп, қосымша материалдарды игеруге қабілетті болуын жүзеге асыру


-Информатиканың теориялық негіздерінің тарауларын білу;

-Алгоритмдерді құра алу;

-Логика алгебрасы ұғымдарын білу;

-Модель және модельдеу ұғымдарын білу;

-Цифрлық автоматтардың жұмыс жасау принциптерін білу.








DMML / DMML 1202

б)Дискретті математика және математикалық логика










Пререквизиті: - Постреквизиті: Алгоритмдер және берілгендер құрылымы, Операциялық жүйелер.

Мақсаты:

Бұл пәнді үйрену барысында студенттер әр түрлі формадағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарда жиындарды комбинаторикаға келтіре білуі, модулярлы арифметиканың кейбір мәліметтерін қарастыра білуі керек.


Мазмұны:

Дискретті математикаға кіріспе. Комбинаторика. Бүтін сандар және бөлінгіштік. Пікірлер логикасы. Предикаттар логикасы. Алгоритм теориясының элементтері. Конъюкция. Дизъюнкция. Ақиқат, жалған пікірлер.





1. Предикаттар логикасының тілін меңгерту; 2. Математикалық логиканың алғашқы ұғымдарымен таныстыру; 3. Пікірлерге қолданылатын логикалық амалдарды меңгеру.

4.Интернет желісі арқылы қажетті ақпараттарды іздеп таба білуге машықтандыру;

5.Білім алушылардың өздігінен ізденіп, қосымша материалдарды игеруге қабілетті болуын жүзеге асыру.


- Комбинаторика элементтерін білуі;

-Пікірлер логикасы. Предикаттар логикасы жайлы білуі;

- Алгоритм теориясының элементтерін қолдана алуы;

- Конъюкция. Дизъюнкция. Ақиқат, жалған пікірлер ұғымын білуі.






3

EN/OE 1106

a)Экономика негіздері

2

3

2

Пререквизиттері: -
Постреквизиттері: -

Мақсаты:

Қоғамдық өндірістің, таратушылық пен айырбастың, тұтынушылық туралы білім негіздерін оқып үйрену.



Мазмұны:

Әлемдік шаруашылық – халықаралық еңбек бөлінісі мен ұлттық экономикалардың ынтымақтастығы нәтижесинде пайда болған экономикалық қатынастар жүйесі.

1. Экономикалық қызметтің принциптері мен заңдылық-тарын оқып – үйрену;

2. Білімін экономикалық тәртіпке бейімделген тұлға қалыптастыруда, өзінің жеке әлеуетін жоғарылатуда қолдана білу;

3. Заманауи экономикалық білімінің негізін қалыптастыру;

4. Қоғамда өз орындарын табу мақсатында үнемі жаңа білімге ұмтылу қабілеттілігінің болуы;

5. Ашық экономикада айырбастың өзара тиімділігін өздігінен қалып-тастыруға қабілетті болу.


- Қызықтыру арқылы білімін тереңдете алуы;

-Нарықтық экономикада логикалық сауаттылығын дамыта білуі;

-Өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасай алуы;

- Үнемі жаңа білімге ұмтыла алуы;

- Тұтынушылық туралы білім негіздерін білуі.







KN/OP 1106

б)Құқық негіздері










Пререквизиті: -

Постреквизиті: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

Мақсаты:

Студенттерді қазіргі кездегі ҚР Заңдары мен басқа да мемлекеттік актілері, Министрлер кабинетінің, кәсіподақтардың орталық адамның құқықтары мен бостандықтары және оны қамтамасыз ету мен қорғаудағы заңның орны жайлы үйрету.


Мазмұны:

Мемлекет және құқық теориясы Мемлекет туралы негізгі ұғымдар. Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.



1.Адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi обьективтiк заңдылықтарын білу;
2.Жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіну және қолдана білу;

3.Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін талдау әдістемесін игеру;


4.Өз мүмкіндіктерін пайдаланып, алған түсініктерін өмірде қажетті жағына сәйкес пайдалана білуге қабілетті болу;
5.Құқықтық нормаларды, олардың үстемдігін өздігінен түсінуге қабілетті болу.

-Мемлекет және құқық теориясы туралы негізгі ұғымдарды меңгере алуы;
-Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін талдау әдістемесін білуі;

- Адамның құқықтары мен бостандықтары және оны қамтамасыз ету заңдылықтарын меңгере алуы;

- Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды қалыптастыра алуы;

- Азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіре білуі.






4

EB/EP 1205


a) Электрондық басқарма


2

3

2

Пререквизиттері:
Информатика теория негіздері және тарихы.

Постреквизиттері:

Компьютерлік графика.

Объектіге бағытталған программалау.


Мақсаты: Техникалық тапсырмаларды жасау принциптерін және «E-Learning» электронды оқыту негізін түсіндіру.

Мазмұны:

Электронды оқыту әдістері . «E-Learning» ортасының негізгі компоненттері. Білімді бағалау әдістемесі.

«E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологиялары.


1.Электронды оқыту әдістерін игеру;

2. «E-Learning» ортасының негізгі компоненттерін білу;

3. Білімді бағалау әдістемесі.

«E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологиялары ұғымын қалыптастыру.

4.Интернет желісі арқылы қажетті ақпараттарды іздеп таба білуге машықтандыру;

5.Білім алушылардың өздігінен ізденіп, қосымша материалдарды игеруге қабілетті болуын жүзеге асыру.




- Электронды оқыту әдістерін білуі

- «E-Learning» ортасының негізгі компоненттерін білуі.

- Білімді бағалау әдістемесін білуі.

-«E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологияларын білуі.

- Электрондық басқару жолдарын маман ретінде басқа мамандарға үйрете алуы.








EK/OT 1205

б)Еңбекті қорғау


3

5

2

Курс пререквизиті: -

Постреквизиті:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері.



Мақсаты:

Студенттерді қазіргі кездегі ҚР Заңдары мен басқа да мемлекеттік актілері, Министрлер кабинетінің, кәсіподақтардың орталық адамның құқықтары мен бостандықтары және оны қамтамасыз ету мен қорғаудағы заңның орны жайлы үйрету болып табылады.



Мазмұны:

Еңбекті қорғаудың фундаменталды –құқықтық нормалары. Еңбекті қорғау еңбекті қорғаудың заңдылықтары. Өндірістік санитария. Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі.

1. Еңбекті қорғаудың негізгі заңдылық актілерін оқып үйрену;

2. Өндірістік тазалықтың негіздері мен өрт қауіпсіздігін білу;

3.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды ҚР Үкіметі, уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асыру;

4.Өз мүмкіндіктерін пайдаланып, алған түсініктерін өмірде қажетті жағына сәйкес пайдалана білуге және кеңейтуге талпыну;

5.Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі ережелерімен және оның құжаттарын жүргізу жолдарын білу.


- Еңбекті қорғаудың негізгі заңдылық актілерін білуі;

- Өндірістік тазалықтың негіздері мен өрт қауіпсіздігін білуі;

- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды білуі;

-Өз мүмкіндіктерін пайдаланып, алған түсініктерін өмірде қажетті жағына сәйкес пайдалана білуі;

-Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі ережелерімен және оның құжаттарын жүргізу жолдарын білу.





5

MD/KR 2209

a)Мәдениет және дін

3

5

3

Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Постреквизиттер: Әлеуметтану.

Мақсаты:

Жоғары кәсіби білім беруге байланысты қазіргі таңғы әлемдік және отандық мәдениет дамуында бүгінгі күнгі қалыптасқан күрделі мәселелер мен оны шешудің жолдарымен, ҚР және әлемдегі діни ахуал, оның негізгі проблемаларымен таныстыра отырып жастардың бойына мәдениет пен діни толеранттылықты қалыптастыру, ҚР заңдарына қайшы келетін өзге діни ағымдарға бой алдырмауды насихаттау. Мазмұны:

Мәдениет және дін – пәнаралық жиынтық білім саласы болып саналады. Мәдениет және дін философиялық ілімінің құрамдас бөлігі .


1.Діннің басқа мәдениет пен қоғамдық ортамен өзара байланысын білу. 2. Түпдеректермен жұмыс істеуді дамыта отырып, өз бетінше арнаулы және қосалқы оқулықтарды пайдалана білу.
3.Өзінің дүниетанымдық көзқарастарын шынықтырып, қорғай білуді жүзеге асыру. 4.Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу.
5. Философиялық ой мәдениеті мен дүниетанымдық пікір алмасу өнерін үйрену.

- Әлемдік мәдениет және діндер туралы ғылыми білімді және оны қоғам өмірінің әр саласында өз өмірлерінде тиімді пайдалана алуы;

-Мәдениет және дін туралы қалыптасқан білімінің негіздерін үйрете алуы;

-Ұлттық және де басқа да мәдениеттерді түсіндіре алуы;

- Дінді сараптауда дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра білуі;

-Қоғам ішіндегі діни теріс ойдың қалыптаспауын болдырмау үшін ынталандыра алуы.








AZhAZhN/

AOISD 2209


б) Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер











Пререквизиттері: -

Постреквизиттері: -

Мақсаты: Адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттеу.

Мазмұны:

Акмеологияның жекелеген мәселелері. Жеке адам индивидуалдылығы. «Мен»-дік қасиеті, мінез және оның бітістері. Қабілет даралығын, қоршаған ортаны, адамның әлеуметтік шындықпен байланысын ғылыми тұрғыда тану.



1.Жеке адамның шыңдалуына әсер ететін қасиеттер, өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік; 2. Кәсіби шыңға жетуге қажет жеке тұлға сапалары және әлеуметтік құндылықтарын қолдана білу;
3.Әлеуметтік, этикалық пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;

4.Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды маман еместерге де жеткізе білу.


5. Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру.

- Қазіргі кезеңде еліміздегі және шет елдердегі жеке адамның тәжірибелерінен жетістіктерін қолдана алуы;

-Кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолдана білуі;


-Қоғамдық пікірге, нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білуі;

-Заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы;


- Экономикалық білім негіздерін түсіндіре алуы .




6

AG/ AG 2210

a)Аналитикалық геометрия

3

5

3

Пререквизиттері:

Математикалық талдау.


Постреквизиттері:

Сандық әдістер.



Мақсаты:

Түзудегі, жазықтықтағы және кеңістіктегі координаталар әдісін қолдану.



Мазмұны:

Нақты сандар. Комплекс сандар. Функция. Сандық функциялар. Теңдеулер мен теңсіздіктер. Геометриялық бағыт. Планиметрия. Стереометрия. Комбинаторика.



1.Нақты сандар. Комплекс сандар ұғымын қалыптастыру;

2. Функция. Сандық функциялар жайлы түсіндіру.

3. Теңдеулер мен теңсіздіктер. Геометриялық бағыт. Планиметрия. Стереометрия. Комбинаторика жайлы ой қорыта алу;

4.Интернет желісі арқылы қажетті ақпараттарды іздеп таба білуге машықтандыру;

5.Білім алушылардың өздігінен ізденіп, қосымша материалдарды игеруге қабілетті болуын жүзеге асыру.



-Стандартты және стандартты емес есептерді шешу техникасында практикалық дағды алуы; -Стандартты емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді түсіндіре алуы; -Планиметрияның негізгі аксиомалары мен түсініктерін жеткізе алуы; -Зерттеушілік қызметін табысты іске асыра алуы; -Математикалық ойлауды, анализ жасауды дамыта білуі.







SA/LA2210

б) Сызықтық алгебра










Пререквизиттері:

Математикалық талдау.


Постреквизиттері:

Интегралдық теңдеулер.



Мақсаты: Біртекті және біртекті емес жүйелердің шешімдерінің байланысын қарастыру, матрицалардың характеристикалық сандары мен меншікті векторларын түрлендіру. Мазмұны: Анықтауыштар және сызықты теңдеулер жүйесі. Матрицалар және квадраттық формалар, шешімдердің фундаментальды жүйесі. Матрицаның жордан формасы. Ортоганаль және унитар матрицалар. Бисызықты формалар.

1. Математиканың қарапайым есептерін зерттеуде аппаратты және әдісті дұрыс таңдай білу; 2.Матрицалар және квадраттық формаларды таба білу;

3.Шешімдердің фунда-ментальды жүйесін білу; 4.Матрицалардың характеристикалық сандары мен меншікті векторлары туралы түсінігі болуы; 5.Ортоганаль және унитар матрицалар, бисызықты формалар ұғымдарын практикада пайдалануға өздігінен қабілетті болу.



-Студенттердің кәсіпке сай негізгі математикалық білімдерін қалыптастыра алуы; -Логикалық және алгоритмдік ойлауды жетілдіре білуі; -Нақтылы шындықты математикалық әдістерді меңгере білуі; -Математиканың неігзі сандық әдістерін және осы әдістердің жүзеге асырылуын қалыптастыра алуы; -Математикалық есептерді шешу мен зерттеудің негізгі әдістерін меңгеру білуі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет