Электрконвекторлары



жүктеу 103.81 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі103.81 Kb.



КЕЛЕТ ЭВУБ(Э)-0,5/220; КЕЛЕТ ЭВУБ(Э)-1,0/220;

КЕЛЕТ ЭВУБ(Э)-1,5/220; КЕЛЕТ ЭВУБ(Э)-2,0/220

ЭЛЕКТРКОНВЕКТОРЛАРЫ.


Паспорт, пайдалану жөніндегі нұсқаулық


Алматы қ.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұйымды пайдалануды бастар алдында осы пайдалану жөніндегі нұсқаулық мазмұнымен мұқият танысып шығыңыз. Конструкциясы мен өндірісін жүйелі түрде жетілдіріп отыруға байланысты пайдалану жөніндегі нұсқаулық пен жеткізілетін бйыұм арасында пайдалану шарттарына әсер етпейтін айырмашылықтар болулары мүмкін.

1. БҰЙЫМ АРНАУЫ

КЕЛЕТ-ЭВУБ(Э) электрконвекторы, (бұдан былай электрконвектор) тұрғын және қызметтік жайларды табиғи конвекция жолымен жылытуға арналған КЕЛЕТ-ЭВУБ(Э) электрконвекторы түрлі типтегі жайларды (қалалық пәтерден немесе офистен бастап, сауда павильоны немесе саяжай үйшігіне дейін) жылдам әрі тиімді жылыту мақсаттарында кеңінен қолданылады.

Электрконвектор осы нұсқаулықта мазмұндалған монтаждау және пайдалану ережелерін орындау шартымен қадағалаусыз ұзағынан жұмыс істеуге арналған.



КЕЛЕТ электрконвекторы — мүлдем шуылсыз және үнемді термостаты бар электрконвектор болып табылады. Аспапта жаңа буынды жылыту элементі орнатылған. Ол оттегіні өртемейді және ауаны құрғатпайды, жоғары ПӘК (90% астам) есебінен электр қуатын үнемдеу мүмкіндігін береді. Алюминийден жасалған жылыту элементі тұтас құрылымы барынша жақсы жылу беруді қамтамасыз етеді.
2. ЭЛЕКТРКОНВЕКТОР АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

2.1 Жылыту элементінде:

    • 90% астам ПӘК

    • Тұтас құрылым

    • Жылу жоғалтудың болмауы

    • Мүлдем шуылсыз жұмыс

    • Оттегіні өртемейді, ауаны құрғатпайды

2.2 Қорғаныс жүйесі

Электрконвектор қызып кетуден қорғаныспен жабдықталған. Кірістірілген «қызып кетуге қарсы термостат» аспапты апатты жағдайларда өшіреді.



2.3 Әмбебап монтаж

Электрконвектордың әмбебап монтажы қабырғаға да, еденге де орнату мүмкіндігін көздейді.

2.4 Дизайны

Заманауи дизайны мен ықшам өлшемдерінің арқасында электрконвектор кез келген интерьермен тамаша үйлеседі.



3. ЭЛЕКТРКОНВЕКТОРДЫ ТАҢБАЛАУ ҮЛГІС

КЕЛЕТ ЭВУБ(Э)-1,0/220



Электрконвектор маркасы (үнемді)

Қуаты, кВт

Кернеуі, В

4. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Параметрлер / Модельдер

ЭВУБ(Э)-0,5/220


ЭВУБ(Э)-1,0/220

ЭВУБ(Э)-1,5/220

ЭВУБ(Э)-2,0/220

Тұтынатын қуаты, кВт

0,5

0,5/1.0

0,75/1,5

1,0/2,0

Желі кернеуі, В

220

Номиналды тоқ, А

2,2

4,3

6,5

8,7

Температураны реттеу

Бар, механикалық термостат

Қуатты сатылы реттеу

Жоқ

Бар

Қорғаныс деңгейі

IP24

Электр тоғы соғудан электр тоғы соғудан қорғаныс класы

I класс

Пайдалану шарттары

Теңіз деңгейінен 1000 м аспайтын биіктікте орналасқан құрғақ жайлар

Габариттік өлшемдері, мм

460х400х105

460х400x105

595х400х105

830х400х105

Қаптама өлшемдері, мм

540х450х125

540х450х125

675х450х125

915х450х125

Таза салмағы, кг

3,5

3,5

4,3

5,9

Брутто салмағы, кг

4,8

4,8

5,6

7,0

Электрконвектордың қызмет мерзімі осы нұсқаулық талаптарын орындау шартымен пайдалануға енгізу мезетінен бастап 5 жылды құрайды.

5. ЖЕТКІЗУ ЖИНАҒЫ

Электрконвектор 1 дана

Аяқтары 2 дана

Қабырғада бекіту кронштейндері 2 дана

Қаптама 1 дана

Паспорт, пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 дана





6. КОНВЕКТОР ҚҰРЫЛЫСЫ

1. Басқару батырмалары (1-суретті қараңыз)

2. Ауа қармағыш торы.

3. Конвекциялық камера.

4. Пластик аяқтары.

5. Ауа қармағыш торы.

6. Ашалы электр сымы.

Сурет 1

Электрконвектордың бүйірлік панелінде

(2-суретті қараңыз) орналасқан:

1 – термостатты реттеу тұтқасы және өздерінің көмегімен жылыту қуатын: толық қуаттың 50 % немесе толық қуатты таңдау жүзеге асырылатын аспапты қосу/өшіру жүзеге асырылатын батырмалар

2 – жылытқышты толық қуаттың 50 % қосу.

2 және 3 - жылытқышты толық қуатқа қосу.
Сурет 2

7. ЭЛЕКТРКОНВЕКТОРДЫ МОНТАЖДАУ


  1. Қабырғаға орнату нұсқасы

Қабырғаға орнату монтаждау кронштейндерінің және бекіту элементтерінің көмегімен жүзеге асырылады, 3- суретті қараңыз (жинаққа кіреді). Бұл жағдайда ауа айналымына қажетті бос кеңістікті қамтамасыз ету қажет аспаптың оң жағынан, сол жағынан, үстінен және астынан кем дегенде 100 мм).




Сурет 3 Сурет 4
2. Еденге орнату

Еденге орнату конвектордың астыңғы панеліне бекіту элементтерімен бірге жинаққа кіретін арнайы пластик аяқтарын бекіту жолымен жүзеге асырылады (1- суретті, 4- суретті қараңыз).
8. ЭЛЕКТРКОНВЕКТОРДЫ БАСҚАРУ
8.1 Электрконвекторды қосу

Ашасын розеткаға жалғаңыз. Аспаптың бүйіріндегі қосу/өшірудің 2-батырмасын (толық қуаттың 50 % ) (2-суретті қараңыз) немесе 2 және 3-батырмаларын басыңыз – қыздырудың толық қуатын қосу, аспап жұмыс істей бастауы үшін бүйірлік панельдегі термостаттың реттеу тұтқасын оңға қарай «max» күйіне бұрыңыз.

8.2 Температураны орнату

Қажетті қыздыру температурасын орнату және оны тұрақты ұстап тұру үшін термостаттың реттеу тұтқасын «max» күйіне бұрып, аспапты толық қуатына қосыңыз. Жай ішіндегі температура сізге жайлы деңгейге жеткенде, термостаттың реттеу тұтқасын солға қарай сыртыл естілгенше баяу бұрыңыз. Осылайша аспап сіз үшін жайлы температураны есте сақтап, автоматты түрде қосылып және өшіріліп, оны ұстап тұратын болады.

8.3 Аспапты өшіру.

Аспаптың бүйіріндегі қосу/өшірудің екі батырмасын «0» күйіне ауыстырып, ашасын розеткадан ажыратыңыз.

8.4 Қызып кетуден қорғау функциясы.

Электрконвектор қызып кетуден қорғаныспен жабдықталған. Кірістірілген термостат аспап қызып кеткен жағдайда оны өшіреді.


9. КҮТІМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Аспапты үздіксіз пайдалану жағдайындағы кезеңді тазарту.



  • Тазарту алдында электрконвекторды қорек желісінен ажыратыңыз.

  • Тазарту алдында электрконвектордың толық суығандығына көз жеткізіңіз.

  • Электрконвектордың сыртқы бөліктеріндегі шаң мен ласты сүрту үшін дымқыл (су емес) шүперекті пайдаланыңыз.

  • Тарату торындағы шаң мен түкті жинау үшін шаңсорғышты пайдаланыңыз.

  • Электрконвекторды желіге жалғар алдында толық кепкендігіне көз жеткізіңіз.


10. САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Электрконвектор жабық жайларда, күн сәулелерінің, ылғалдың, температуралардың күрт ауытқуларының ықтималды әсерлерін болдырмайтын шарттарда сақталуы тиіс. Электрконвекторды сақтау барысындағы қоршаған ауа температурасы 1ºС бастап, 40ºС дейін және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 25ºС температурасында 80% көп емес.

Зауыттық қаптамадағы электрконвекторды кез келген көлік түрімен кез келген қашықтықтарға тасымалдауға рұқсат етіледі. Тасымалдау шарттары климаттық факторлардың әсері бөлігінде ГОСТ 15150-69 стандартының 4(Ж2) сақтау шарттары тобы бойынша, тасымалдау шарттары механикалық факторлардың әсері бөлігінде ГОСТ 23216-78 стандартының “С” тасымалдау шарттары тобы бойынша.
11. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

• Жылытқышты қабырғаға сенімді бекітіңіз немесе оны дұрыс күйде орнатыңыз.

• Жылытқышты электр қорегі розеткасының астына орнатуға болмайды.

• Жылытқышты еденге орнатқан жағдайда оны ваннаның, душтың немесе жүзу бассейінінің қасына орналастырмаңыз.

• электр қорегі сымы зақымданған жағдайда білікті электрик немесе сервистік қызмет қызметкерінің көмегіне жүгініңіз.

• Жұмыс істеп тұрған жылытқыштың үстін ЖАППАҢЫЗ.

• Жылытқышты ұзақ уақыт пайдаланбаған жағдайда оны тазартып, сақтауға алып қою ұсынылады (ең дұрысы, зауыттық қаптамада).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Электр аспапты пайдалану барысында негізгі қауіпсіздік шараларын орындау қажет.

Өрт туындау, электр тоғы соғу, жазатайым оқиға немесе мүліктік шығындар тәуекелін азайту үшін:

• Электрконвекторды пайдалану алдында нұсқаулықты оқып шығып, оны қол жетімді жерде сақтаңыз.

• Электрконвекторды тек желінің 220В, 50Гц кернеуінде ғана пайдаланыңыз.

• Қызып кетуді болдырмау үшін кіріс және шығыс торлары арқылы өтетін ауа ағынын шектемеңіз.

• Электрконвекторды қандай да бір беттерге тақап орнатпаңыз, ол торлардың жабылып қалып, ауаның келуіне немесе кетуіне кедергі жасауы мүмкін.

• Электрконвекторды жылыту құралдарының жанынан орналастырмаңыз.

Электрконвекторды отын, бояу немесе жанғыш сұйықтықтар сақталатын жерлерде пайдаланбаңыз.

• Пайдалану барысында бұл аспап қызады. Күйіп қалмас .үшін ыстық беттерге тимеңіз. Орнын ауыстырмас бұрын аспапты өшіріп, суығанын күтіңіз.

• Жылытқышты киім кептіру үшін пайдаланбаңыз.

• Кіріс және шығыс саңылауларына бөгде металл заттарды салмаңыз және ішіне түсіп кетпеуін қадағалап жүріңіз, ол электр тоғы соғуына, өрт туындауына немесе аспаптың зақымдануына әкеп соғуы мүмкін.

• Аспапты сұйықтықтарға батырмаңыз, сұйықтықтардың аспаптың ішіне кетпеуі қадағалап жүріңіз, ол электр тоғы соғуына әкеп соғуы мүмкін.

• Сымы, ашасы зақымданған, ақаулықтардың болуы, құлауы немесе кез келген өзге зақымдануы бар жылытқышты киім кептіру үшін пайдаланбаңыз. Жылытқышты тексеру, электр немесе механикалық реттеу, сервистік қызмет көрсету немесе жөндеу үшін білікті электрик көмегіне жүгініңіз.

• Жұмыс істеп тұрған жылытқышты су қолмен ұстамаңыз.

• Қызып кетудің ең жиі кездесетін себебі болып жылытқыштың ішіне шаңның жиналып қалуы табылады. Жиналып қалған шаңды үнемі тазартып отырыңыз. Ол үшін аспапты желіден ажыратып, желдету саңылаулары мен торлардағы шаңды сорып алыңыз.

• Аспапты тазарту барысында қайрағыш тазарту құралдарын пайдаланбаңыз. Оны ыстық сабынды суға салынған ылғалды (су емес) шүберекпен сүртіңіз. Аспапты тазарту алдында әрдайым желіден ажыратып отырыңыз.

• Аспап тігінен пайдаланылуы тиіс.

• Сымы бұралып қалған аспапты пайдаланбаңыз, ол қызып кетуге және жазатайым оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін.

• Ұзартқыш сымды пайдаланбау ұсынылады.

• Штепсельді ашаны розеткадан ажыратқанда сымнан тартпаңыз – ашаның өзін ұстаңыз.

• Аспап пайдаланылмайтын кездерде оны желіден ажыратыңыз.

• Бұл аспап түгі ұзын кілемдердің үстінде орналастыруға арналмаған.

• Пайдалану барысында сымның қызып тұрған бетке тимеуін қадағалап жүріңіз.

• Сымды кілемді жабын астына жасырмаңыз, үстіне кілемше, алаша және тағы басқа төсемеңіз. Сымды шалынып қалмайтындай орналастырыңыз.

• Аспапты ашық ауада пайдаланбаңыз және оны ылғалды еден үстіне қоймаңыз.

• Аспапты бабалар мен мүгедектер бар жайларда назардан тыс қалдырмаңыз.

• Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.

• Осы аспапты тек тікелей арнауы бойынша, осы нұсқаулыққа сәйкес қана пайдаланыңыз.
12. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

Кепілді пайдалану мерзімі осы нұсқаулыққа сәйкес пайдалану шартымен сату күнінен бастап 12 ай.


КЕПІЛДІ СЕРВИС ОРТАЛЫҚТАРЫ:

1. АЛМАТЫ, Бөкейханов көшесі, 233, тел.: 8 (727) 258-45-61

2. АСТАНА, Әуезов көшесі, 39-үй, тел.: 8 (7172) 55-93-94, 55-93-96

3. ҚАРАҒАНДЫ, Пичугин көшесі, 249, 19, 20-пәтерлер, тел.: 8 (7212) 47 76 35

4. Ақтөбе, Жүргенов көшесі, 177А, бутик №723, тел.: +7 (7132) 70-46-90, 70-46-92


13. ҚАБЫЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ КУӘЛІК.


ҚХР, «КЕЛЕТ» АҚ тапсырысы бойынша жасалған.
Қазақстан Республикасының аумағында сапасына қатысты шағымдарды «КЕЛЕТ» АҚ қабылдайды.
50014, АЛМАТЫ, Бөкейханов көшесі, «КЕЛЕТ» АҚ тел/факс (727) 298-95-74, т.298-88-69


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет