«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың айқын артықшылықтары Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»



жүктеу 28.24 Kb.
Дата26.06.2018
өлшемі28.24 Kb.

«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың айқын артықшылықтары
Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жасаған жолдауында азаматтардың хал-ахуалын көтеру мен экономиканы нығайтудың басты бағыттарын анықтай келе, Президент, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсартуды «Электронды үкімет» арқылы дамытудың артықшылықтарын атап көрсеткен. Аталған көріністің дамуы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет факторларын болдырмау және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметтеріне деген сенімдерін арттырудың маңызды екендігін көрсетеді.

Атап айтқанда «Электронды үкімет» арқылы әлеуметтік жаңарту мен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және өмір сүру стандартарын әрі қарай дамыту жорамалданған.

Құжаттарды қабылдау, төлемдерді тағайындау, уақыт кезектілігі және т.с.с. регламенттік тәртіптер қатаң сақталған мемлекеттік көрсетілетін қызметттер стандарттары қабылданғанына қарамастан, халыққа қызмет көрсету рәсімдерін үнемі жақсарту мақсатында шаралар қолданылады.

Әлеуметтік төлемдерді «Электронды үкімет» арқылы тағайындау, Президенттің Жолдауындағы әкімшіліктік рәсімдерді азайтуды оңтайландырудың нақты мысалы болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бір нұсқасы болып - «Электронды үкімет» арқылы әлеуметтік төлем тағайындау болып саналады, бұл «Республикалық бюджеттен бала туғанда берілетін біржолғы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақы тағайындау» стандартына қатысты.

Аталған мемлекеттік қызметті енгізу, азаматтарға әлеуметтік төлемдерді «үйден шықпай» алуларына мүмкіндік тудырады, тек қана ғаламтор мен электронды-сандық қол (ЭСҚ) қою мүмкіндігі болу қажет.

Бұл рәсім өте жеңіл және қолайлы.

Порталға өтініш білдіріп, қажет қызмет түрін таңдаған кезде, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жәрдемақы тағайындау үшін қажетті мәліметтер сұранысын орындау автоматты түрде жүзеге асырылады.

Өтініш берушінің жеке басын анықтайтын құжат пен тұрғылықты мекенжайы туралы мәліметтерді Әділет Министрлігінің жеке тұлғалардың мәліметтері Мемлекеттік қорынан, өтініш берушінің бала тууы туралы фактілері – АХАЖ ақпараттар жүйесінен, өтініш берушінің банктік реквизиттері (банктің атауы, шот нөмері, ЖСК және банктің БСК) – екінші деңгейлі банктердің ақпараттар жүйесінен алынады.

Барлық талап етілетін құжаттар алынғаннан кейін, электронды өтініш өтініш берушімен қаралып, өз ЭСҚ қояды және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (ҚР ДСжӘДМ) зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталығының автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне жолданады.

Жәрдемақы тағайындалғаннан кейін, өтініш берушінің екінші деңгейлі банктегі шотына төлем жүргізіледі.

Сондай-ақ, өтініш беруші өз бетінше берген өтініштің қаралу барысын бақылауға, өз өтінішінің өңделу мәртебесін қарауға мүмкіндігі бар.

Аталған механизм өтініш беруші үшін айқын ыңғайлығынан (кезектіліктің жоқтығы, орындаушымен тікелей байланыс жасауда сыбайлас-жемқорлық деңгейін азайту, ыңғайлы мерзімде өтініш беру т.с.с.) басқа, әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімін азайту және процесстің толық автоматтандырылуын қамтамасыз етеді.

Сіздер қажетті кеңес немесе түсініктерді білікті мамандардан 1411 бірыңғай нөміріне ҚР ДСжӘДМ Байланыс орталығының бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығына тегін қоңырау шалу арқылы уақытында жауап ала аласыздар.


ЗТМО Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет