Электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймаларына баға белгілеу



жүктеу 137.44 Kb.
Дата21.11.2017
өлшемі137.44 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

20____жылғы «___»______ №___

қаулысымен бекітілген

Электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген

титан құймаларына баға белгілеу

ережесі (әдістемесі)

 

  1. Жалпы ережесі


Бұл Ережелер (әдістеме) төменде көрсетілген шикізаттың бірін пайдалана отырып электрондық-сәулелік балқыту әдісі арқылы өндірілетін титан құймаларына сатып алу-сату бойынша экспорттық (өткізу) мәміле жасау барыстында баға мәмілелерін анықтау (есептеу) тәртібін белгілейді:

  • кеуекті титан;

  • титан сынықтары;

  • кеуеті титан жіне титан сынықтары.




  1. Осы Ережелерде қолданылатын терминдер мен анықтамалар


Бұл Ережелерде келесідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:

  1. электрондық-сәулелік балқыту – электрондық сәуле энергиясын пайдалану жолы арқылы титанды балқыту әдісі

  2. дифференциал – трансферттік баға белгілеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және осы Қағидалардың 5-тарауының қағидаларын ескере келе анықталатын мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаның салыстырмалы экономикалық жағдайға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері;

  3. ұзақ мерзімді келісім-шарт бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге жасалған титан құймаларын сатып алу-сату келісім-шарты (шарт);

  4. сатып алушының сипаттамасы титаннан және оның қорытпаларынан жасалатын бұйымдарды өндіруге арналған өнімдерді пайдаланатын тұтынушылармен бекітілетін титан құймаларының беріктілігіне және химиялық құрамына талаптары бар құжат;

  5. Стандарт B 348 - барлық салалар жүйелері мен қызметтерге материалдар, өнімдер, жүйелер үшін стандарттар даярлап, жариялайтын «ASTM International» американдық ерікті ұйымының халықаралық стандарты (материалдар мен оларды сынау бойынша америкалық қоғам);

  6. Кеуекті титан – вакуум-термиялық тазартумен магнийтермиялық әдіс арқылы алынған, сондай-ақ құрамында 95,0 мас.% кем емес титаны бар титаннан және оның балқымаларынан алынған жартылай фабрикаттар өндірісіне арналған бастапқы материалдар болып табылатын биологиялық және экологиялық зиянсыз материал ;

  7. Титан құймалары – титан негізіндегі немесе алюминий, ванадий, темір және басқа да қоспалар қосындыларымен макроскопиялық біртекті қоспа, сондай-ақ, пластикалық деформациялау (илемдеу, соғу, престеу), қайта қорыту немесе электролиз жолымен одан әрі қайта өңдеуге арналған құйылған металл дайындамалары түріндегі титан сынықтарының қосындылары;

  8. тауар – тұтынушыға алдағы уақытта өткізу үшін электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген титан құймалары;

  9. титан сынықтары – титан жоңқасының сынықтары немесе кесек титан сынықтары түріндегі титан құймалары өндірісінің қалдықтары.

  10. трейдер – дербес және (немесе) мәмілеге қатысушының тапсырмасы бойынша электрондық-сәулелік балқыту әдісімен шығарылатын титан құймаларын сатып алу-сату кезіндегі делдалдық функцияларды жүзеге асыратын тұлға;

  11. ақпарат көздерінің бағасы - «Metal Prices.Com» компаниясымен «Metal Prices» (АҚШ) журналында және «Мегасофт» ЖШҚ «Металлургический бюллетень» журналында (Ресей) АҚШ долларында жарияланатын баға, сайт www.metaltorg.ru;

  12. мәміле бағасы - осы Ереженің қағидаларына сәйкес есептелген электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген кәсіпорынның титан құймаларына қойған өткізу бағасы;

  13. баға дәлізі – ақпарат көздерінен алынған бағалардың минималды және максималды мәні негізіндегі ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу кезіндегі мәміле қатысушыларымен белгіленетін бағалардың жоғарғы және төменгі шектері: титан құймалары үшін - «Metal Prices» журналы, сайт www.metalprices.com (АҚШ), «Metal Prices» ақпарат көзінің жарияланаымы болмаған жағдайда – баға мәні «Металлургический бюллетень» көзінен алынады сайт www.metaltorg.ru.


  

  1. Ұзақ мерзімді келісім-шарттар үшін мәміле бағасын анықтау кезіндегі баға дәлізін қолдану


Электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілетін титан құймаларын сатып алу-сату ұзақ мерзімді келісім-шарттары үшін мәмілеге қатысушылар келісім-шарттың бар әрекет ету мерзімі ішінде қолданылатын баға дәлізін белгілейді.

Баға дәлізінің жоғарғы және төменгі шектері, ұзақ мерзімді келісім-шарт жасалатын алдағы айдың екі күнтізбелік айдың әрбір бірінші күніне тиісті ақпарат көздерінде жарияланған бағалардың минималды және максималды мәндері, және ұзақ мерзімді келісім-шарт жасалатын айдың бірінші күніне жарияланған ақпарат көздерінің бағасы негізінде анықталады.

Ұзақ мерзімді келісім-шартты жасасу кезінде мәміле қатысуышларымен белгілеген баға дәлізі электрондық-сәулелік әдіспен өндірілетін титан құймаларына меншік құқығының ауысуы күніне мәміле бағасын анықтау үшін қолданылады.

Ақпарат көздерінен алынған бағаның белгіленген баға дәлізінің жоғарғы шегінен орташа арифметикалық мәнінің жоғары қарай (көтерілу) ауытқуы кезінде электрондық-сәулелік балқыту әдісі арқылы өндірілген титан құймаларына меншік құқының ауысу күніне мәміле бағасы белгіленген баға дәлізінің жоғарғы шегі негізінде есептеледі.

Ақпарат көздерінен алынған бағаның белгіленген баға дәлізінің жоғарғы шегінен орташа арифметикалық мәнінің төмен қарай (төмендеу) ауытқуы кезінде электрондық-сәулелік балқыту әдісі арқылы өндірілген титан құймаларына меншік құқының ауысу күніне мәміле бағасы белгіленген баға дәлізінің төменгі шегі негізінде есептеледі.

  

  1. Кеуекті титанды немесе титан сынықтарын немесе кеуекті титан мен титан сынықтарын пайдаланып, электронды-сәулелендіру әдісімен балқыту нәтижесінде өндірілген, титан құймаларына арналған мәміле (сату) бағасын анықтау тәртібі


Кеуекті титанды, кеуекті титан мен титан сынықтарын немесе титан сынықтарын пайдаланып, электронды-сәулелендіру әдісімен балқыту нәтижесінде өндірілген, титан құймаларына арналған ұзақ мерзімді сатып алу - сату шартының мәмілесінің (сатудың) бағасы келесі формула бойынша есептеледі:


МБIngot > АКБIngot х КIngot х КScrap - Δ , мұндағы



МБIngot - электронды-сәулелендіру әдісімен өндірілген титан құймаларының меншік құқығының сатып алушыға өткен күндегі, мәмілелік бағасы (сату);

АКБIngot - меншік құқығының сатып алушыға өткен күндегі максималды және минималды бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде анықталатын, «Metal Prices» журналында жарияланған титан құймаларына қатысты ақпарт көздеріндегі баға, келесі формула бойынша есептеледі:

АКБМР min + АКБМР max


АКБIngot = ------------------------------------ , мұндағы
2

АКБMP min. - меншік құқығының сатып алушыға өткен күндегі «Metal Prices» журналында жарияланған титан құймаларына қатысты ақпарт көздеріндегі бағаның минималды мәні;

АКБMP max. - меншік құқығының сатып алушыға өткен күндегі «Metal Prices» журналында жарияланған титан құймаларына қатысты ақпарт көздеріндегі бағаның максималды мәні;

Бұл кезде АКБIngot нағыз Ережелердің 3 тармағының ережелері мен баға дәлізінің шектерін есепке ала отырып, қолданылады;

КIngot - электронды-сәулелендіру әдісімен өндірілген титан құймаларының мәмілелерінің (сату) бағасын негізгі қоспалардың В 348 стандартымен анықталған, титан құймаларының сапасына әсер ететін (темір (Fe), оттек (О), азот (N), сутек (H), көміртек (С), ванадий (V), алюминий (Al), иттрий (Y), кремний (Si), бор (B), мыс (Cu), рутений (Ru), палладий (Pd)), максималды рұқсат етілген шектерінің есебінен, сатып алушының сипаттамасына сәйкес анықтау үшін қолданылатын, төмендетуші коэффициент, келесі формула бойынша есептеледі:
1
КIngot = --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------, мұндағы
 (1+(Fex - FeIngot)) х (1+(Оx - OIngot)) х (1+(Nx - NIngot)) х (1+(Hx - HIngot)) х

х (1+(Cx- CIngot)) х (1+(Vx - VIngot)) х (1+(Alx - AlIngot)) х (1+(Yx - YIngot)) х (1+(Six - SiIngot)) х



х (1+(Bx - BIngot)) х (1+(Cux - CuIngot)) х (1+(Rux - RuIngot)) х (1+(Pdx - PdIngot))


Fex - темір

электронды-сәулелендіру әдісімен өндірілген титан құймаларындағы қоспалардың сатып алушылардың сипаттамаларына сәйкес, максималды рұқсат етілген мазмұны (пайызда);  

Оx - оттек

Nx - азот

Hx - сутек

Сx - углерод

Vx - ванадий

Alx - алюминий

Yx - иттрий

Six - кремний

Bx - бор

Cux - мыс

Rux - рутений

Pdx - палладий

FeIngot - темір

B 348 стандартқа сәйкес титан құймаларындағы қоспалардың максималды рұқсат етілген мазмұны (пайызда).

OIngot - оттек

NIngot - азот

HIngot - сутек

CIngot - көміртек

VIngot - ванадий

AlIngot - алюминий

YIngot - иттрий

SiIngot - кремний

BIngot - бор

CuIngot - мыс

RuIngot - рутений

PdIngot - палладий


Титан құймаларындағы жоғарыда көрсетілген қоспалардың максималды рұқсат етілген мазмұны В 348 стандартпен анықталған титан құймаларындағы қоспалардың сатыпу алушылар сипаттамалары бойынша максималды рұқсат етілген мазмұнынан төмен  болған жағдайда, электронды-сәулелендіру әдісімен өндірілген титан құймаларының мәмілесінің бағасы (сату) төмендетуші коэффициент есебінсіз анықталады.

КScrap - электронды-сәулелендіру әдісімен өндірілген титан құймаларының мәміле (сату) бағасына анықтау үшін қолданылатын төмендетуші коэффициент, бастапқы шикізат құрамындағы метариалдардың бағаларының айырмашылықтарының есебінен анықталады (кеуекті титан; титан сынығы немесе кеуекті титан және титан сынығы)

КScrap келесі формула бойынша реттеледі:
TG x АКБTG) + (ҮTurning x АКБTurning) + (ҮSolids x АКБSolids)
КScrap = ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------, мұндағы
АКБTG
ҮTG - бастапқы шикізаттағы пайыздармен есептелетін кеуекті титанның үлесі;

ҮTurning - бастапқы шикізаттағы пайыздармен есептелетін титан жаңқаларының сынықтарының үлесі;



ҮSolids - бастапқы шикізаттағы пайыздармен есептелетін кесек титанның сынықтарының үлесі;

АКБTG - тауарға жекеменшік құқықтың сатып алушыға өту күніндегі максималды және минималды бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде анықталатын, www.metaltorg.ru сайтындағы «Металлургиялық бюллетень» журналында шығарылған, кеуекті титанға арналған ақпарат көзінің бағасы келесі формула бойынша есептеледі:

АКБМТ min + АКБМТ max
АКБTG = ------------------------------------ , мұндағы
2

АКБMТ min. - тауарға жекеменшік құқықтың сатып алушыға өту күніндегі www.metaltorg.ru сайтындағы "Металлургиялық бюллетень" көзіндегі бағаның минималды мәні;

АКБMТ max. - тауарға жекеменшік құқықтың сатып алушыға өту күніндегі www.metaltorg.ru сайтындағы "Металлургиялық бюллетень" көзіндегі бағаның максималды мәні;
АКБTurning - тауарға жекеменшік құқықтың сатып алушыға өту күніндегі минималды және максималды бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде анықталатын, «Metal Prices» журналына шығарылған, титан жаңқасының сынықтарына арналған көздегі баға келесі формула бойынша есептеледі:

АКБМР min + АКБМР max
АКБTurning = ------------------------------------ , мұндағы
2

АКБMР min. - тауарға жекеменшік құқықтың сатып алушыға өту күніндегі «Metal Prices» журналына шығарылған титан құймаларына арналған көздегі бағаның минималды мәні;

АКБMР max. - тауарға жекеменшік құқықтың сатып алушыға өту күніндегі «Metal Prices» журналына шығарылған титан құймаларына арналған көздегі бағаның максималды мәні;

АКБSolids - тауарға жекеменшік құқықтың сатып алушыға өту күніндегі минималды және максималды бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде анықталатын, «Metal Prices» журналына шығарылған, титан кесегінің сынықтарына арналған ақпарат көзіндегі баға келесі формула бойынша есептеледі:

АКБМР min + АКБМР max
АКБSolids = ------------------------------------ , мұндағы
2

АКБMР min. - тауарға жекеменшік құқықтың сатып алушыға өту күніндегі «Metal Prices» журналына шығарылған, титан құймаларына арналған ақпарат көздеріндегі бағаның минималды мәні;

ЦИИMР max. - тауарға жекеменшік құқықтың сатып алушыға өту күніндегі «Metal Prices» журналына шығарылған, титан құймаларына арналған ақпарат көздеріндегі бағаның максималды мәні;

Δ - электронды-сәулелендіру әдісімен өндірілген, ұзақ мерзімді шартта анықталған, титан құймаларын жеткізу шартына байланысты есептелетін, дифференциал.

    


  1. Дифференциалды анықтау


Дифференциалда, электронды-сәулелендіру әдісімен өндірілген титан құймаларын жеткізу шарттарына байланысты, көздегі ақпаратқа сәйкес келетін экономикалық жағдайларға келтіру мақсатында, тауардың тағайындалу және оны сату нарығына (жеткізілу) дейінгі сатып алушының ақпарат көздерімен және (немесе) құжат арқылы расталған және негізделген шығындары қосылады:

1) тауарды қоймаларда сақтау шығындары;

2) тауарды тасымалдауға кеткен шығындар;

3) тауарды тасымалдауды сақтандыру шығындары;

4) тауарға арналған кедендік баж (төлем) салықтарын төлеу бойынша шығындар;



5) трейдер (сатып алушы) тауарды алу, қаржыландыру, жеткізу және сату бойынша ұшыраған шығындардың жалпы көлемінің 3 % аспайтын мөлшердегі комиссиялық сыйақы;

6) тауарды алу, жеткізу және сатуға арналған коммерциялық банктердің сатып алушыға ұсынған LIBOR +4% аспайтын мөлшердегі несиелері (қарыздары) бойынша сыйақылар төлеу бойынша сатып алуының шығындарын қосқан кездегі қаржыландыру бойынша шығындар, сонымен қатар несиелерді (қарыз) тарту және олар бойынша қызмет көрсету кезіндегі сатып алушының өзін төлейтін банк комиссиясы бойынша шығындар. Несиелер (қарыздар) бойынша сыйақылар LIBOR+4% он екі айлық мөлшерлемесінің орташа арифметикалық мәні. Он екі айлық LIBOR мөлшерлемесі www.bbalibor.com интернет - сайтының деректерінің негізінде анықталады.

Дифференциалдың құрамдастары құжат арқылы, сонымен қатар ұзақ мерзімді шарттармен, сатып алушының шығындарын баптар бойынша бөлшектеу арқылы сату шығындары бойынша қызметтерді өткізу-қабылдау актілерімен, тауарды оның тағайындалу (жеткізу) және сатудың сәйкесінше нарығына дейін жеткізумен және 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңының 18 бабымен анықталған кезектегі ақпарат көздеріне байланысты бекітіледі.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет