«Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, it-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы. Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы



жүктеу 399 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі399 Kb.
түріБағдарламасы

     Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында: « Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы.
Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде» делінген. Ендеше ҚР жалпы орта білім берудің басты мақсаты: сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру болып табылады. Қуатты экономиканы құратындар-озық білімді, іскер, жаһандану заманында бәсекеге қабілетті жандар екені белгілі. Бұл жөнінде Елбасымыз өзінің биылғы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жан-жақты тоқталып, адами капиталдың сапалы дамуын маңызды басымдық деп жариялаған болатын. «Ел экономикасының өзегі-озық білім. Сапалы білім беру-Қазақстанның инновациялық дамуының негізі» - деп атап көрсетіп, нақты міндеттер жүктеген болатын. Осы міндетті жүзеге асыруда аудандық білім бөлімі 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай біршама жұмыстар атқарды.

I ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Бүгінде аудан бойынша 10 орта мектеп және 1 негізгі орта мектеп жұмыс жасайды. 2017-2018 оқу жылында осы білім беру мекемелерінде 2551 оқушы оқып білім алды. Оларға 450 мұғалім ұстаздық етті. Ұстаздардың жоғары білімдісі-399(88,7%)

арнаулы білімдісі-51(11,3%),

жоғары санаттысы-78 (17,3%)

бірінші санаттағы-148(32,9%)

екінші санаттысы-112 (24,9%)

санатсызы-112(24,9%)

      Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға биылғы жаңа оқу жылында 3,6,8 сыныптар көшетін болады, жаңартылған мазмұнға көшу 2021 жылы аяқталатын болады.

Аудан бойынша 13 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. 5 балабақша (1 балабақша жекеменшік) және 8 шағын орталық. 2017-2018 оқу жылында 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 848 бала толықтай қамтылды. Бастауыш мектепте сабақ берген 64 мұғалімнің барлығы да жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстардан өтті. Биылғы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 269 бала қабылдау жоспарлануда. Оқу жылында 2 қосымша білім беру мекемесі жұмыс жасады. Саз және көркемсурет мектептері. Бұларда жыл ішінде 607 оқушы қосымша білім алды.

Ауданда психикалық дамуы тежелген 53 бала жыл сайын арнайы тексеруден өтіп тұрады. Мүмкіндігі шектеулі 31 бала мектеп қабырғасында инклюзивті білім алып отыр. Үйден оқитын бала саны- 14. Жыл сайын бұл балаларға мектеп қорынан киім-кешек, оқу құралдары беріліп отырады. «Қамқорлық» акциясынан түскен қаржыға техникалық құрал-жабдықтар беріледі (ноутбук, құлақ естірту аппараты т.б) .

2017-2018 оқу жылында 15 жас маман мектептерге жұмысқа қабылданса, биылғы жаңа оқу жылына __8_жас маман «Дипломмен ауылға» жолдамасы бойынша жұмысқа қабылданбақ.

II МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗА ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Білім сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі-білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен қаржыландыру болып табылады. Бұл орайда ауданның білім беру жүйесіне мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі де жыл сайын өсуде.

2017 жылы қаржыландыру1 млрд.522 млн.196 мың теңге болса,

2018 жылы қаржыландыру 1 млрд. 704 млн. 195 мың теңгені құрады.

Ш.Әбенов орта мектебінің шатырын жөндеуге 7млн. 230,0 мың теңге бөлінсе, мердігердің баға ұсынысымен 5млн 994,2 мың теңгеге келісім шарт жасалды. Үнемдеген қаржыға Көкбай орта мектебінің шатыры (2млн 899,3 мың) ағымдағы жөндеуден өтті. Сондай- ак, жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жиыны 5млн 915,2 мың теңгеге екі мектептің (Әбенов, Әуезов) жылу қазандықтары ауыстырылды. Облыстық бюджет есебінен, сметалық жобасының құны 95млн.898 мың теңгені құрайтын Қарауыл гимназиясына 69 млн 046,4 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр.

Жаңа оқу жылына оқулықтар алуға жергілікті бюджеттен 25 млн.622 мың теңге қаржы бөлінді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс әкімі Д.Ахметовтың бастамасымен «Менің мектебім» жобасы қабылданып, толық комплектілі Қарауыл гимназиясы, Тоқжігітов, Әбенов, Әуезов, Көкбай орта мектептерінен 5 робототехника кабинеттері ашылды. Сонымен қатар, лицей, Әбенов , Көкбай мектептерінен 2 химия,1 биология кабинеттері алынып, жергілікті бюджет есебінен 4 мектеп мультимедиялық кабинетпен жабдықталды.

Оқу кабинеттерінің жылдан-жылға материалдық базасы нығайып келеді. Бүгінде мектептердің жаңамодификациялы оқу кабинеттерімен қамтылуы мынадай:

Физика кабинеті-10(90,9%)

Биология кабинеті-11(100%)

Химия кабинеті-10(90,9%)

Лингофонды-мультимедиялық кабинеттер-11(100%) болып отыр.
Мектептердің барлығы да компьютермен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда аудан мектептерінде 409 компьютер жұмыс жасап тұр.1 компьютерге-7 баладан келеді. Кең жолақты интернет Абай мектеп-лицейі, Қарауыл гимназиясы, Әуезов, Шәкәрім орта мектептерінде қосылған. ОТАУ ТВ барлық мектептер мен балабақшаларға орнатылған. Барлық білім беру мекемелері күзетпен, өрт дабылымен және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бүгінде барлығы 209 камера жұмыс жасап тұр, оның 156-сы ғимарат ішінде, 53-і сыртында орнатылған. Барлық мектептерде жылыжайлар мен этноауылдар жұмыс жасайды.
III ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУ

Аудан бойынша 11 мектеп асханаларының жағдайы бірқалыпты, жетпеген жабдықтарды және безендіру жұмыстарын асхананы жалға алушылар толықтырып отырады. Асханаларда екі апталық астың мәзірі жасалынған. Барлық оқушылар ыстық тамақпен қамтылған. Аудан бойынша 2551 оқушының, 946-сы тегін ыстық тамақ ішеді. Күнделікті тамақтың бағасы 180 теңге көлемінде беріліп отыр. 2018 жылға аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасы оқушыларын тегін тамақтандыруға 27млн 585 мың теңге қаралған. Мектеп асханасын жалға алушылардың есебінен 86 оқушы тегін тамақтанады. Cүт және сүт өнімдері аптасына 3 реттен беріліп келсе, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 5 күнге ақша қаралып отыр. 2018 жылға 1-4 сынып оқушыларына сүт және сүт өнімдерін беруге, яғни 162 күнге 8432 мың теңге қаралған, оған 33728 литр сүт берілуі тиіс. Бала басына шаққанда 1 оқушыға жылына 32,4 литр сүт беріліп отыр.

Барлық мектептер сүт және сүт өнімдерін алуға «Эмиль» ЖШС-мен келісім шарттарын ұзартып, жаңадан конкурсты ұтып алған адамдар тиісті жерге барып келісім шартқа отыруда.

Аталған мекемедегі тәрбиеленушілер толық ыстық тамақпен және сүт өнімдерімен қамтылып отыр.



IV ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

Абай ауданының білім бөлімінің жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық органында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 17 бала тіркелген. Оның ішінде 3-уі жетім, 14-і ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. 15 балаға қамқоршы-қорғаншы, 2 балаға патронат тәрбиеші тағайындалған. Жетім балалардың атына «Тұрғын үй жинақ банкісінде» арнайы есепшот ашылған. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайларына тексеру жүргізу мерзімі, сондай-ақ олардың орналасуын қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы жүргізіледі. Қамқоршылық және қорғаншылық органының есебінде тұрған балалар үшін мектептерде тегін ыстық тамақ пен киім-кешек және оқу құралдарын беру ұйымдастырылған. Қамқоршылық және қорғаншылық органы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау бойынша нақты жұмыстар атқарады. Білім беру, денсаулық сақтау және аудандық ішкі істер бөлімімен тығыз жұмыс жасалады.



V КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ
Еліміздің білім беру саласы әлемдік білім беру стандартына сай –жаңартылған білім беру жағдайына көшуіне және үштілділікті дамыту бағдарламасының қабылдануына байланысты мұғалімдерді қайта даярлау, кәсіби біліктілігін арттыру бүгінде басты міндеттердің бірі болып отыр. ХХ ғасырдың басында ұлт зиялыларының бірі Ж. Аймауытов айтқандай: «Табысты оқушыны тек табысты мұғалім ғана тәрбиелей алады. Мұғалімдердің теориялық және әдістемелік дайындығынсыз барлық мақсаттарға жету мүмкін емес ». Заманауи білім беру мақсаттары оқушыны «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді. Мүлдем жаңа сапа – метабілімділік, метақұзыреттілік қажет. Ал оны жүзеге асыратын – ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалімдер. Қоғам өзгерген сайын мұғалімдерді қайта даярлау мазмұны да тереңдей бермек. Білім сапасының мазмұны мұғалімнің біліктілігі мен кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты екені баршаға аян. Бүгінде білім саласының алдында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту, отaндық, шeтeлдік тәжіpибeлepді шығapмaшылықпeн қолдaнa білeтін заманауи мұғaлімдep қaтapын көбeйту міндеті тұр.

Бұл бағытта аудандық білім бөлімі тарапынан озық жаһаншыл технологияларға негізделген оқыту үрдісін жетілдіруге, білім мен тәрбие берудің тиімді инфрақұрылымын жасауға басты назар аударылды. Мұғалімдердің педагогтық потенциалын нығайтуға тиісті талаптар қойылып, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу жүйелі жүргізілуде.

2017-2018 оқу жылында жалпы білім жетілдіру курстарынан 237 педагог өтті. Оның 15-і білім беру саласындағы жетекші мамандар мен мектеп басшылары. Бұл барлық мұғалімдердің 53 пайызын құрап отыр. Тренерлік курстан 36 мұғалім өтті. 2019 жылы 114 мұғалімнің жаңартылған білім беру бойынша курстан өткізілуі жоспарланып отыр. Педагогтарды аттестаттаудың жаңа ережесі бойынша 90 мұғалім аттестациядан өтті.

Ағылшын тілі бойынша информатика, физика, химия, биология пәндерінің 16 мұғалімі білімін жетілдіріп келсе, 14 мұғалім бүгінгі күні курстан өтуде. 2018-2019 оқу жылынан бастап 16 мұғалім аталған 4 пәнді 8-сыныптарда ағылшынша оқыта бастайды.



VI БІЛІМ САПАСЫ

Білім беру саласындағы ең басты көрсеткіш-білім сапасының жоғарылауы екені белгілі. Оқушылар білімінің сапалық көрсеткіші 2017-2018 оқу жылында 65 пайызды құрап отыр.

Оқу жылындағы басты жетістіктер жөнінде мына көрсеткіштерді айтып өтуге болады:

- Негізгі мектеп бітірген 38 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанса, орта мектепті 11 оқушы «Үздік аттестатқа» тәмамдап, 35 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.

- Республикалық ғылыми жобалар сайысында Рымханов Расул ( Абай атындағы кешенді мектеп-лицей) жүлдегер атанды (мұғалімі Тлебалдина Назигүл ).

- Республикалық «Ақберен» олимпиадасында Оразова Толқын (Абай мектеп - лицейі) І орынды жеңіп алып, А.Яссауи атындағы қазақ – түрік халықаралық университетінің тегін оқу грантына ие болды (мұғалімі Нұрғалиева Әлия )

- Халықаралық «Үркер» сайысында Әнуарова Ақбата (Қарауыл гимназиясы) бас жүлдені иеленсе (мұғалімі Абенова Динар),

- Республикалық Мағжан оқуларына Бекенова Диана (Көкбай о/м) қатысып , жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды ( мұғалімі Қадырова Айтбүбі).



- 2017-2018 оқу жылында аудандық олимпиадаға аудан мектептерінен 202 оқушы қатысып, оның 76-сы жүлдегер атанса, ал облыстық пән олимпиадасына 36 оқушы қатысып, оның 13-і жүлделі орындарды еншілеп қайтты. Жыл ішінде халықаралық, республикалық, облыстық зияткерлік олимпиадаларға жиыны 1525 оқушы қатысып, 728-і жеңімпаз атанды.


Оқу жылы

Аудандық олимпиадаға қатысқандар

Облыстық олимпиадаға қатысқандар

Жүлдегерлер

Республикалық олимпиадаға қатысқандар

Жүлдегерлер

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

2015-16

189

20

2




3

2







1

2016-17

141

26

1

3

8

1










2017-18

202

36

5

2

6

0












Бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасында аудан оқушылары үнемі жүлделі орындардан көрініп келеді. Облыстық олимпиадаға 16 оқушы қатысып, 5-уі жүлделі орындарды иеленді.



Оқу жылы

Аудандық олимпиадаға қатысқандар

Облыстық олимпиадаға қатысқандар

Жүлдегерлер

Жиыны

І

ІІ

ІІІ

2015-16

42

17

2

2

6

10

2016-17

45

12

1

2

3

5

2017-18

45

16

1

1

3

5

Облыстық «Жас физик. Жас математик» олимпиадасына 12 оқушы қатысып, 5-уі жеңімпаз атанды.




Оқу жылы

Аудандық олимпиада

Жүлдегерлер

Облыстық олимпиада

Жүлдегерлер

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

2015-16

49

6

6

12

6

1

2

1

2016-17

52

6

6

12

6

1

2

2

2017-18

56

6

12

12

12




1

4

Оқушылардың тіл байлығын, дарындылығын дамыту, әдебиет пен поэзияға деген, ұлы тұлғалардың рухани мұрасын игеруге деген құштарлығын, ынтасын дамыту бағытында түрлі тіл сайыстарын, Абай, Шәкәрім оқуларымен бірге Яссауи, Махамбет, Мұқағали, Мағжан, Шәкір, Көкбай оқуларын, «Ақберен» және «Жарқын болашақ» сайыстарын өткізу дәстүрге айналып келеді. Бұл салада жетістіктеріміз де аз емес.



Оқу жылы

Аудандық

(қатысқаны/жеңімпаз)



Облыстық

(қатысқаны/жеңімпаз)



Республика лық (қатысқаны/ жеңімпаз)

Республикалық Абай оқуларының жүлдегерлері

Бас жүлде

І

ІІ

ІІІ

2015-16

102/36

18/11

10/6




1




1

2016-17

118/41

21/15

12/7




1

1

1

2017-18

125/52

23/19

15/7







2

1



VII МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ТУРАЛЫ

Аудандағы 8 мектепте шағын орталық топтары жұмыс жасайды. Қамтылған бала саны – 283. 5 балабақшалардағы қамтылған бала саны–565. 2017-2018 оқу жылында жиыны 848 бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қамтылды.

Педагогтар саны – 90.

Жоғары білімді – 46 (51,1%)

Арнаулы орта – 44 (48,8%)

Жоғары санатты – 4 (4,4%)

Бірінші санатты – 14 (15,5%)

Екінші санатты – 32 (32,5%)

Санатсызы – 44 (44,4%)

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізілетін болады.

Аудан бойынша жыл сайын шағын орталық топтарының ашылуы, балаларды балабақшамен қамту мәселесі біршама жақсара түсті. Бейімделген ғимараттар қазіргі заман талаптарына сай жабдықталуда. Балалар ойнайтын аулалар жаңартылуда. Мектепалды дайындық сыныптарында 269 бала тәрбиеленіп, 1-сыныпқа қабылданғалы отыр.

Аудан бойынша

1-6 жастағы балалар – 90,6%,

3-6 жастағы балалар – 100 % мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қамтылып отыр.

Былтырғы жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымға балаларды қамту – 93,9 пайызды құрайды.

Бастауыш білім беру саласы бойынша ауданда жалпы 64 мұғалім бар.

Жоғары білімді – 50 (78,1%)

Арнаулы орта – 14 (21,8%)

Жоғары санатты – 13 (20,3%)

Бірінші санатты – 25 (39,1%)

Екінші санатты – 19 (29,6%)

Санатсыз – 7 (11%)

Бастауыш сынып мұғалімдерінің барлығы 100% білім беру мазмұнының жаңаруы аясында курстан өтті. Аудандық бастауыш сынып олимпиадасына 117 оқушы қатысып, 16 оқушы облыстық олимпиадаға жолдама алып, олардың 5-уі жүлделі орындарға ие болды.


Рр/с

Жүлдегерлер

мектебі

Ссыныбы

пәні

Мұғалімнің

аты-жөні

оорны

11

Амангелдина Таңшолпан

Абай атындағы мектеп-лицейі

3

қазақ тілі мен әдебиеті

(оқу тілі орысша)



Саятбек М.

І

22

Тиыштыбаева Сәнім

М.Әуезов атындағы о/м

4

ағылшын тілі

Құсайынова Гүлжан

ІІ

33

Серикова Дина

М.Әуезов атындағы о/м

3

қазақ тілі мен әдебиеті

Карменова Самал

ІІ

44

Мархабатова Инабат

Абай атындағы мектеп-лицейі

4

қазақ тілі мен әдебиеті (оқу тілі орысша)

Серғалиева Дана

ІІІ

55

Бекқали Данара

Ж.Молдағалиев атындағы о/м

4

математика

Тлеубаева Аяулым

ІІІ

«Зияткер» мектепалды дайындық сынып оқушылары арасында өткен облыстық «Тілашар» олимпиадасына 8 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлдегер атанып, арнайы сыйлықтарға ие болды.



Рр/с

Жүлдегерлер

Пәні

Мұғалімнің аты-жөні

оорны

1

Дүйсембаева Кәусар

Көркем еңбек

Смайлова Т

І

2

Жұманбаева Аруай

Тілашар

Габдуллина Т

І

3

Тоқтарбеков Батыр

Легошығармашылық

Габдуллина Т

І

4

Сайлаубекова Аяжан

Қазақ тілі

Айтуған Т

ІІ

«Сабақта және сабақтан тыс қызмет құралдары арқылы инженерлік ойлауды дамыту мен білім берудегі жаңа тәсілдер: тәжірибе, мәселелер, болашақ» атты ІІ облыстық ғылыми-практикалық конференцияға «Зияткер» сыныптарға жетекшілік етіп жүрген 2 мұғалім облыс көлемінде шеберлік-класын көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыстары облыс көлемінде тарайтын жинаққа жарияланды, Ахметжанова Лаззат – І дәрежелі, Джолумбетова Жанар ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатындағы өткен аудандық семинарында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттар қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет түрлері бойынша баяндама жасалып, сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар ағымдағы жұмыстар атқарылып, облыстық білім басқармасынан, мекемелерден келген қатынастар негізінде тиісті орындарға уақытымен жауап беріліп, айлық қорытынды есептер беріліп отырды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзе­ге асыруда 4 бағыттың ішінде білім беру саласында, мемлекет­тік ор­­ган­дар жұмысының сапасын арттыру, жұмыстар жүргізу мақсатында балабақшаларға балаларды қабылдауды, 1-сыныпқа оқушыларды қабылдауды автоматтандыру, IT-компанияларымен келісімге отырып, мамандарды даярлау, курстан өткізу қолға алынуда.

VIII 2018 ЖЫЛҒЫ ҰБТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2017-2018 оқу жылында 10 мектепте 208 түлек оқуын тәмамдады. ҰБТ сынағына қатысқаны-139.

ҰБТ бойынша ауданның білім сапасы орташа көрсеткіш бойынша 97,8 балды құрайды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда ( 2016-2017 ож - 82,4 балл ) +15,9 балға білім сапасының артуы байқалады.

35 «Алтын белгі» иегерлерінің орта балы-120 балл

100-ден жоғары балл алғандардың саны-78.

Жоғарғы оқу орындарына грантқа түскендер саны-82.

3 оқушы облыс әкімінің грантына ие болды.

IX ТӘРБИЕ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

2017-2018 оқу жылында Абай ауданының білім саласы бойынша 14-18 жас аралығындағы 541 оқушы білім алды.

Оқушылардың бос уақытын қамту мақсатында мектептерде спорт секциялары, үйірмелер тұрақты жұмыс жасады. Атап айтсақ: 1123 оқушы спорттық секцияларға , 543 оқушы мектеп жанындағы ақысыз үйірмелерге, қосымша білім беру ұйымдарында (Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі, Балалар көркемсурет мектебі) 607 оқушы білім алды. Қазіргі кезде мектепке қамтылмай, оқуға тартылмай қалған оқушы жоқ.

Білім саласы бойынша оқушылар арасында өтіп жатқан дәстүрлі аудандық мәдени шаралар «Айгөлек» ән-би байқауы, «Білгенге маржан» тілдер байқауы, «Ш.Абенов атындағы мүшәйра, термешілер» байқауы, «Абай, Шәкерім оқулары», «Көкбай оқулары», «Махамбет оқулары» оқушыларды сахна мәдениетіне, өнерге, білімге құштарлығын дамыту мақсатында, тарихи тұлғалардың рухани мұрасын оқып үйренуге, игеруге тәрбиелеу, дарындылығын дамытуға бағытталған. Мектептерде тарихи атаулы күндерге байланысты іс-шаралар жоспары жоспарлы түрде өтіп тұрады.

Ерекше назардағы оқушылармен, олардың ата-аналарымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу және оқушылардың бос уақытында қабілеті мен жас ерекшілігіне қарай үйірме жұмыстарына тарту мақсатында тәлімгер, педагог-психолог, үйірме жетекшілері тәрбиелік шаралар өткізіп отырады.

Мектептер бойынша 8-11 сынып оқушыларымен «Қылмыстың, суицидтің және зорлық-зомбылықтың, терроризмнің алдын алу» тақырыбында 2017 жылдың 14-17 наурыз аралығында аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, білім бөлімі қызметкерлерімен кездесулер өткізілді және де барлық мектептің 5-11 сынып оқушыларынан «Жасырын әлеуметтік сұрау» құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу негізінде сауалнамалар алынды.

Абай ауданы бойынша мектептерде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу негізінде жоспар бойынша жұмыстар үзбей жүргізіледі. Абай ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмаған ісінің учаскелік полиция инспекторына екі оқушы есепке алынған.

X ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Оқушылардың жазғы еңбек демалысын ұйымдастыру, сауықтыру шараларын жүргізу - білім саласындағы маңызды мәселелердің бірі. ШҚО әкімдігінің 2016 жылдың 15 шілде күнгі № 220 қаулысына сәйкес облыстық білім басқармасының 2017 жылдың 17 мамыр күнгі № 217 бұйрығын орындау негізінде Абай ауданы бойынша жазғы демалыс кезінде 1-10 сыныптар бойынша бітірген 2343 оқушының барлығы дерлік жазғы орналастырылуға тартылды (100%).

Атап айтсақ, 2017-2018 оқу жылында 11 мектеп пен көркемөнер және саз мектептері жанынан спорт, компьютерлік, өлкетану, шығармашылық, мәдени бағыттары бойынша жазғы демалыс алаңдары ашылып онда 930 оқушы 1 маусымнан 31шілде аралығында демалды.

2018 жылдың 11 маусым - 15 тамыз аралығында Көкбай ауылындағы «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ жанындағы интернат базасында «Атамакен» аудандық жазғы демалыс лагері ашылып, 3 кезең бойы 80 оқушы демалып келді. Казіргі уақытта 4-ші кезеңде 20 оқушы демалып жатыр. Оған жылдағыдай жалпыға бірдей білім беру қорынан 5 кезеңге 1 млн. 500 мың теңге аударылып, аз қамтылған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларынан және жетім балалар, дарынды оқушылардан, жиыны 150 оқушының тегін демалуы ұйымдастырылды.

18.07-2.08 аралығында Италияның Чезенатико қаласындағы жазғы сауықтыру лагеріне 1 оқушы демалып келді, 20 күндік тегін Шучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқыту - сауықтыру демалыс лагеріне – 18 оқушы, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» оқыту-сауықтыру демалыс лагеріне - 47 оқушы, 21 күндік тегін Алматы қаласындағы «Бөбек» оқыту- сауықтыру демалыс лагеріне - 20 оқушы , Астана, Өскемен, Семей қалаларына 2 күндік саяхатқа 20 оқушы жіберілді. Сондай-ақ, орыс тілді Зырян ауданындағы Жаңа Бухтырма кентіндегі «Жігер» жазғы демалыс лагеріне -20 оқушы, Алакөл жағалауында орналасқан қосымша ағылшын тілін оқытатын «Үржарайым» сауықтыру демалыс лагеріне - 8 оқушы, орыс тілді «Алые паруса» ақылы лагерге 16 оқушы, «Дарын» ШҚӨ ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған ақылы «Таулы Үлбі» лагерінде- 29 оқушы барып демалып келді.

Қосымша білім беру мекемелері Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі мен Балалар көркемсурет мектептері жанынан жазғы демалыс кезінде 180 бала демалыс алаңына қамтылды.

Сондай-ақ, мектептің ішкі жөндеу жұмысы кезіңде көмекке 10 мектепте 10- сынып оқушыларынан 194 оқушыны пайдалы еңбекке баулыса, мектеп маңына ағаш, гүлдер отырғызу- суару, жылыжайға қарауға 11 мектепте 1232 оқушы тартылды.


«Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейіне маусым айында Түркістан облысынан 50 оқушы мен Шығыс Қазақстан облысынан «Дарын» орталығынан дарынды 70 оқушы саяхатқа келді. Шілде айында Алматы облысынан 50 оқушы 2 күндік саяхатқа келіп қайтты.



XI Үштілділікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар
«Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда әр сабақта жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жаңа идеяларды жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Бұл орайда Елбасы өз Жолдауларында: «Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды»- деген болатын. ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2016 жылғы 10 ақпанындағы № 136 бұйрығы негізінде қабылданған «Көптілділікті дамыту жөнінде 2016 – 2019 жылдарға арналған бағдарламаны» жүзеге асыруда Абай ауданының білім бөлімі мақсатты жұмыстар атқаруда. Аудан бойынша жаппай қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдері үштілділікке байланысты біліктілігін арттыру және жаңартылған білім бағдарламалары бойынша курстардан өтті. 2016 жылдың және 2017 жылдың желтоқсан айларында барлық ағылшын тілі мұғалімдері халықаралық деңгейдегі ТКТ емтиханын тапсырды. Бұл үрдіс 2018 жылы жалғасын тауып, тамыз – желтоқсан айларында тіл мұғалімдері біліктілікті дамыту курстарынан өтіп, емтихан тапсырмақ. Бүгінде мектептерде 28 орыс тілі мұғалімі, 24 ағылшын тілі мұғалімі және орыс сыныбына сабақ беретін 3 қазақ тілі мұғалімі еңбек етуде. Осы мерзім ішінде үштілділікке байланысты 4 рет аудандық семинар өткізілді. Үштілділікті дамыту жөнінде Абай ауданының білім бөлімі мен Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университеті арасында өзара ынтымақтастық байланыс орнатылған. Жыл ішінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың инновациялық технологияларын тіл сабақтарында үштілді қолдану» тақырыбында Тоқжігітов орта мектебінде ағылшын, орыс, қазақ тілі мұғалімдерінің аудандық семинары өткізілді.

Өткен оқу жылында оқушыларымыз Республикалық Абай, Шәкәрім, Махамбет, Ілияс, Ахмет, Мағжан оқуларына белсене қатысып, бірқатар үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, республикалық «Ақберен» олимпиадасы облыстық кезеңіне 5 оқушы қатысып, 1 оқушы республикалық олимпиадада І орынды жеңіп алып, оқу грантына ие болды. ХҮІІІ Республикалық Абай оқуларына 8 оқушы қатысып, оның 4 –уі жүлдегер атанды. Биылғы XIX Абай оқуларына Абай ауданынан бір команда және М.Әуезов орта мектебінен бір команда жиыны 8 оқушы қатысып, аудан намысын қорғамақ.

Республикалық Мағжан оқуларына 1 оқушы Бекенова Диана (Көкбай о/м) қатысып , жүлделі ІІІ орынды жеңіп алса( мұғалімі Қадырова Айтбүбі), Махамбет оқуларының облыстық кезеңіне 3 оқушы қатысып, үшеуі де жүлдегер атанды (2-уі І орын, 1-уі ІІ орын). Жеңімпаз 2 оқушы (Тоқжігітов о/м) күзде Атырау қаласында өтетін Республикалық сайысқа жолдама алды.

Әуезов орта мектебінің оқушысы Айтмұхамбет Әділет облыстық Яссауи, Ілияс Жансүгіров оқуларында жүлделі ІІ орынға ие болды (мұғалімі Қонақаева Жібек), «Алаш сенген жастар» республикалық конкурста Қарауыл гимназиясы оқушысы Төлепбекова Еңлік 1 орын жүлдегері атанды (Мұғалімі Т. Жанғалиев). Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңіне 5 номинация бойынша 7 оқушы қатысып, жетеуі де жүлделі орын алып қайтты (4 бала -1орын, 3 бала-3орын). Облыстық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Әдеби шығыс» конкурсына ауданымыздан 22 оқушы жүлделі орындарға ие болып, жаз айларында Семей қаласының тарихи-мәдени орындарын аралап және жазғы демалыс сауықтыру орындарына демалып қайтты.



XII СПОРТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Аудан бойынша барлық 11 мектеп талапқа сай спорт залдармен жабдықталған. 49 дене тәрбиесі пәні мұғалімі жұмыс атқарады. Оның жоғары санатты 4, бірінші санатты 20, екінші санатты 18, санатсызы 7. Аудан бойынша 10 жасанды футбол алаңы және 9 хоккей корты жасалған. Абай мектеп лицейінің базасында футболдан арнайы спорт сыныбы ашылып жұмыс атқарып жатыр. Барлық мектептерде сыныптан тыс спорттық үйірмелер жоспарға сай жұмыс жасайды. Атап айтсақ, қазақ күресі, дзюдо, бокс, тоғызқұмалақ, волейбол, футбол, теннис, хоккей, шанғы, жеңіл атлетика, т.б. Аудан бойынша 1450 оқушы спортпен айналысады. Бұл барлық оқушылардың 56,8 пайызын құрайды.

Барлық мектептерде аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің филиалдары жұмыс жасайды. Қысқы спортты дамыту бағытында оқушылар арасында Қарауыл және Көкбай ауылдарында допты хоккейден аудандық жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаз болған Көкбай атындағы орта мектебінің командасы облыстық «Жұлдызша» шайбалы хоккей жарысына қатысып жүлделі 3 орын алып қайтты, жаттықтырушысы Көкбай орта мектебінің мұғалімі Әділханов Берік. Сәуір айында Өскемен қаласында өткен «Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2018» облыстық байқауына Ш.Тоқжігітов орта мектебінің мұғалімі Роллан Елубаев қатысып жүлделі 2 орынды жеңіп алды. Аудан бойынша волейбол, футболдан оқушыларымыз облыстық біріншіліктерге қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебінің оқушысы Қапан Есбол ШҚО құрама командасына қабылданып Түркістан қаласында волейболдан өткен Республикалық біріншілікке қатысып жүлделі 3 орын иеленді. Наурыз айында футболдан өткен облыстық біріншілікке оқушыларымыз қатысып жүлделі 3 орын жеңіп алды. Тоғызқұмалақтан да оқушыларымыз облыстық, Республикалық жарыстарды жоғары нәтиже көрсетіп жүр, атап айтсақ Н.Назымқызы, Ә.Әлемқызы т.б

Қазақ күресі мен дзюдодан оқушыларымыз облыстық, Республикалық жарыстарда жүлделі орынға ие болып жүр атап айтсақ Кәкітаев А, Құмаров Б, Мәденов Б, Баймусин Б, Қайыржанұлы С, Асланұлы И т.б. Сол сияқты бокстан да оқушыларымыз облыстық, Республикалық жарыстардан жүлдегер атанып жүр. Сайлаубеков А, Шәйкенов Е. Сәуір айында Абай мектеп лицейінің базасында ардагар ұстаз Рысбек Сүлейменовты еске алуға арналған мұғалімдер арасында волейболдан аудандық жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 2018 жылдың мамыр айында Көкбай орта мектебінің базасында 10 сынып оқушылары арасында 5 күндік «Әскери спорттық сауықтыру лагері» жоспарға сай өткізілді.



XIII ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2017-2018 оқу жылында екі қосымша білім беру мекемесі жұмыс істеді. Ж.Карменов атындағы саз мектебі мен Балалар көркем сурет мектебі.

Ж.Карменов атындағы саз мектебінде, 5 филиалын қоса алғанда, жиыны 473 бала білім алды. Саз мектебінде-237, Саржал саз филиалында-86, Қасқабұлақ саз филиалында-71, Құндызды саз филиалында-46, Кенгірбай би саз филиалында-20, Көкбай саз филиалында-13. Оларға 49 мұғалім білім берді. Саз мектебі мен оның филиалдарында оқушылар қазақтын ұлттық аспабы домбыра, қыл қобыз, прима қобыз, шертер, баян, скрипка, виоленьчел, фортепиано, дәстүрлі ән, эстрадалық ән, би сыныптары бойынша өнер түрлерін меңгеруде. Бұл салада халықаралық, республикалық сайыстарда жүлдегер шәкірттер тәрбиелеген Сыздықов Ораз, Қайралапов Асқарбек, Абылқасимов Нұрлан, Кәріпжанова Зайра, Мұратова Дәмегүл, Сахариева Фариза, Ыскакова Жумагайша, Советханұлы Елдос, Исабаева Альмира, Жарылқасым Толғанай, Искакова Молдир, Мұратова Дәмегүл, Қабланов Қанатқан, Шайхынабиев Оралхан, Берікқанқызы Іңкәр, Камбарова Айнур, Қайралапова Жаңыл, Орынжанова Гүлмира, Камбарова Айнур, Қайралапова Жаңыл, Орынжанова Гүлмира, Амиргазин Ернар сынды ұстаздарымыздың ерен еңбектерін атап өтуге болады.
«Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі» КМҚК 2017-2018 оқу жылындағы оқушылар жетістіктері




Аты жөні

Халықаралық

Республикалық

Облыстық

Жетекшісі

1

«Ғазиза» би тобы

Бас жүлде



«Мәңгі ел, Қазақстаным» өнер фестивалі







Мұратова Дәмегүл

2

Ережепбаева Айым

3 орын вокал номинациясы бойынша






«Алматым жүрегімде» ІІІ Республикалық ән- би байқауы




Сахариева Фариза

3

Мұратханова Зере би номинациясы бойынша Бас жүлде

«Астана өнерпаздар әлемі»







Кәріпжанова Зайра

4

Манарбекова Айым вокал номинациясы бойынша ІІ орын




«Менің Отаным – Қазақстан»




Сахариева Фариза

5

Жеңісқазықызы Баян аспаптау ойнау номинациясы бойынша ІІІ орын




«Сырым бар жүрегімде» көркем сөз, ән-би байқауы




Ыскакова Жумагайша

6

Қанатұлы Бейбарыс

ІІІ орын





«Өнерімді Отаныма арнаймын!» атты республикалық байқау




Сыздықов Ораз Жұмабекұлы

7

Ахметқалиева Назым

ІІІ орын








«Сиқырлы лира» Аймақтық фестиваль-байқауы

Ратаева Ақмарал

Асхатқызы



8

Қайсаханова Мадина ІІІ орын







«Сиқырлы лира» Аймақтық фестиваль-байқауы

Ермұқашева Рыскүл Секенқызы

9

Қабдығали Айбын Бас жүлде

«MEGA TALANTS COMPETITION» конкурс-фестиваль







Советханұлы Елдос

10

Жарылқасынова Дина Бас жүлде

«MEGA TALANTS COMPETITION» конкурс-фестиваль







Исабаева Альмира

11

Нұрланқызы Ақмарал 2 орын

«MEGA TALANTS COMPETITION» конкурс-фестиваль







Исабаева Альмира

12

Еребек Бексұлтан 2 орын

«MEGA TALANTS COMPETITION» конкурс-фестиваль







Советханұлы Елдос

13

Қабдығали Айбике 2 орын

«MEGA TALANTS COMPETITION» конкурс-фестиваль







Жарылқасым Толғанай

14

Саматқызы Жадыра 2 орын

«MEGA TALANTS COMPETITION» конкурс-фестиваль







Жарылқасым Толғанай

15

Әділғазина Әсем 3 орын

«MEGA TALANTS COMPETITION» конкурс-фестиваль







Жарылқасым Толғанай

16

«Қызғалдақ» би тобы І орын




«Тарихи Ұлы Жеңіс» балалар байқауы




Искакова Молдир

17

Жұмағазина Сабина ІІ орын




«Тарихи Ұлы Жеңіс» балалар байқауы




Искакова Молдир

18

«Ғазиза» би тобы ІІ орын




«Тарихи Ұлы Жеңіс» балалар байқауы




Мұратова Дәмегүл

19

Жеңісқан Диана І орын




«Жұлдыз болғың келсе» балалар байқауы




Қабланов Қанатқан

20

Орынбекова Ғайша І орын




«Жұлдыз болғың келсе» балалар байқауы




Қабланов Қанатқан

21

Әділбекова Жанерке І орын

Х-шы «Ғұмырдария – 2018» ән-би байқауы







Шайхынабиев Оралхан

22

Советханұлы Елдос І орын







«Қосымша білім берудің үздік педагогы 2018»

Советханұлы Елдос

23

«Өрнек» би тобы Бас жүлде

«Бақытым, Халқым менің!»







Карипжанова Зайра

24

Нұрболатова Зухра ІІ орын

«Бақытым, Халқым менің!»







Берікқанқызы Іңкәр

25

Жолдыбаева Аружан І орын

«Бақытым, Халқым менің!»







Камбарова Айнур

26

Оразқызы Толқын Алтын Жүлде

Ұлы Дала Дарыны







Қайралапов Асқарбек

27

Тұрсынғазина Тоғжан Күміс жүлде

Ұлы Дала Дарыны







Қайралапова Жаңыл

28

Арқаш Жігер ІІ орын

«Күй – Құдірет»

атты жас домбырашылар байқауы









Орынжанова Гүлмира

29

Жұмаханова Дарина ІІ орын

«Күй – Құдірет»

атты жас домбырашылар байқауы









Орынжанова Гүлмира

30

Дүйсенов Төлеутай ІІ орын

«Күй – Құдірет»

атты жас домбырашылар байқауы









Амиргазин Ернар

«Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі» КМҚК

2017-2018 оқу жылы

мұғалімдердің жетістіктері





Аты жөні

Халықаралық

Республикалық

Облыстық

Жетекшісі

1

Абылкасимов Нұрлан медаль «Өнерге үлес қосқаны үшін»




«Мәңгілік елім – Қазақстаным!»




Абылкасимов Нұрлан

2

Советханұлы Елдос І орын







«Қосымша білім берудің үздік педагогы 2018»

Советханұлы Елдос

«Балалар көркем сурет мектебі» бойынша атқарылған жұмыстар

Өткен оқу жылы көркемсурет мектебі үшін айтулы даталы жылдардың бірі болды. Атап айтқанда мектеп өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой аясында 2017 жылдың қараша айында салтанатты шаралар ұйымдастырылды. 25 жылдыққа байланысты аудан мектеп оқушылары арасында сырттай сурет конкурсы өткізіліп, одан жеңімпаз аталғандар арасында әрбір мектептен жекелеме оқушылардың қатысуымен ашық сурет салу байқауы өткізіліп үздіктер марапатталды. Салтанат кезінде мектепте ұзақ жылдар басшылық жасаған Саржан Нұрғалиев атындағы көрме залы ашылып, оған шығармашыл ұстаз, марқұм Съезханов Сәтбектің жеке көрмесі мен мектеп мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Оқушылар шығармашылығында нәтижелі жетістіктерге қол жеткізе білді. Атап айтқанда Көкбай филиалының ұстазы Жұматай Айбынның ізденімді еңбегінің нәтижесінде Астана қаласында ұйымдастырылған «Күз бояуы» атты сырттай байқауда бас жүлдені Тұрғазина Ақтоты жеңіп алса, «Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат» атты Ақтөбе қаласында өткізілген республикалық қолөнер көрмесінде Сағымбеков Сұлтан І орын, Астана қаласында өткен «Сиқырлы қалам» байқауында Тұрғазина Ақтоты І орын және «Жас дарын» байқауында Серікқызы Ақниет пен Қалиева Құралай І орын алып, марапатқа ие болды. Ал жас ұстаздар Жақыжанов Ержанның оқушылары Мұратқызы Нұрай мен Еркінғалиұлы Бейбарыс Астана қаласында өткен «Менің – Тәуелсіз Қазақстаным» атты байқаудың 2-ші дәрежелі жүлдегерлері атанса, Жетпісбаев Әлидің шәкірттері Астана қаласында өткен «Күз бояуы» атты интернет байқауда Мұрат Балжан 1-дәрежелі, ал Мейрамғалиева Аққу мен Тұрсынахунова Раушан 2-дәрежелі дипломдармен марапатталды.

XIV ОҚУЛЫҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2018-2019 оқу жылына жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты 3,6,8 сынып оқулықтарына тапсырыс беріліп, келісім шарт жасалды.



3 сыныпқа 6 баспаға тапсырыс берілді 7766 дана, 8 232004 т, 6 сынып 5 баспаға тапсырыс берілді 3415 дана 5 360735т, 8 сыныпқа 5 баспамен 4480 дана 6 735883т.

1.Атамұра баспасына 11456 дана 10752056 т,

2.Мектеп баспасына 3025дана 4992064,

3.Бөбек баспасына 814 дана 653378 т,

4.Алматыкітап баспасына 2377 дана 3318420т.

5.НИШ баспасына 2353 дана 1607990т

6.Келешек баспасына 104 дана 241860т

7.Арман ПВ баспасына 323 дана 327400т

8.Көкжиек баспасы 132 дана 126600т

9.Кембридж баспасы 1834 дана 3602040т

Абай ауданының білім бөліміне жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының көлемі 2018-2019 жылға мектеп оқулықтарына жиыны 25 622 000 теңге жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Биылғы оқу жылында 9 баспаға (издателствоға) тапсырыс беріліп, келісім шарт жасалып, 30% қаражат баспаларға аударылды.

Қорыта келе 2017-2018 оқу жылында аудандық білім саласы бойынша жоспарланған мақсатты жұмыстар жүйелі атқарылды. Бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Десек те заманауи білім сапасын жақсарту бағытында атқарылған шаралар әлі де жеткіліксіз. Нақты себептеріне тоқталсақ, мектеп басшылығы тарапынан талап пен сұраныстың салғырттығынан мектеп мұғалімдерінің шығарамашылық еңбектері жеткіліксіз; түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстарға қатысуы сирек, ізденімпаздық қыры дамымай келеді. Мұғалімдердің кәсіптік міндеттерін өз мәнінде жеткілікті атқармауы; оқытудың озық заманауи технологиялары мен әдіс-тәсілдерін меңгеруде толық бетбұрыстың жасалмауы, оқыту үрдісіне ғылыми-шығармашылық әрекеттің енгізілуінің қарқынсыздығы; Тәрбие саласындағы жұмыстар тың ізденісті, тәрбиелеу тәсілдерінің заманауи тың формаларын ендіруді қажет етеді; Ұл бала мен қыз бала тәрбиесі, мектеп пен отбасы, қоғам байланысын жандандыру қажет. Сондай-ақ, мектептердің орындаушылық тәртібінің төмендігін баса айтқым келіп отыр. Бөлім тарапынан берілген тапсырмалар уақытында оындалмай немесе сапасыз жауап беріледі. Алдағы уақытта бұл мәселелердің білім бөлімі тарапынан қатаң бақылауға алынып, жүйелі жұмыстар атқару жоспарлануда.

Атқарылған жұмыстарға талдама жасай келе, 2018-2019 жаңа оқу жылында атқарылуға тиіс жаңа міндеттерді жүктеймін:

1. ҚР «Білім туралы» Заңының, ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, ҚР Президенті, Білім және ғылым министрлігінің нұсқау, бұйрықтары және қаулыларының талаптарына сәйкес білім мекемелерінде сапалы деңгейде іс-шараларды ұйымдастыру;

2. Жаңартылған білім беру жағдайында заманауи озық инновациялық технологиялық негізінде ауданымызда білім берудің инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа сатылық мазмұнын жақсартуда білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

3. Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік стандартқа сай жаңғыртудың заманауи кезеңінде сапалы білім мен тәрбие алуға оқушылардың жаңа кәсіби дағдыларын жетілдіруге және ғылыми- шығармашылық әлеуетін дамытуға нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау;

4. Жаңартылған білім беру жағдайында педагогтарды 100 пайыз кәсіби біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткізуді қамтамасыз ету;

5. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогикалық кадрлардың сапалық құрамын жақсарту мақсатында педагогтардың кәсіби, әдістемелік құзырлылығын арттыру;

6. Білім беруді дамыту бағдарламасы аясында педагог кадрлардың интерактивті ресурстарды, ақпараттық технологияларды қолдану есебінен мектептердің жұмыс тиімділігін арттыру;

7. Мектептердің интернет желісіне толық қосылуына, мектептерді телефондандыру және оларға спутниктік телеқондырғыларды орнату мәселелерінің толық шешілуіне қол жеткізу.

8. ОЖСБ, ҰБТ нәтижелерін талдау есебінен білім жүйесі қызметінің және оның барлық компоненттерінің тиімділігін арттыру, білім беру технологияларын және оқыту әдістемелерін арттыру;

9. Білім берудегі инновациялық, педагогикалық тәжірибені анықтау, меңгеру мен бағалау нәтижелерін таратуда мұғалімдердің шығармашылық бастамалары мен кәсіби өсуін ынталандыруда қолдау көрсету;

10. Оқушыларды оқулықтармен дер кезінде толық қамтамасыз ету, кітапхана қорын толықтыру, мектеп медиатекасын жандандыру;

11. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту, жоғары санатты тәрбиешілердің үлесін арттыру және мектепке дейінгі тәрбие беру нысандарын жетілдіріп, материалдық базасын нығайту.

12. Оқушыларды әлеуметтендіру бағытындағы жұмыстарды: ыстық тамақпен толық қамтамасыз етуді, дәрігерлік бақылауды, жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен жүйелі қамтамасыз етуді және қамқоршылық-қорғаншылық жұмыстарын жетілдіру.

13. Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек, қолдау жұмыстарын жетілдіру, инклюзивті оқыту жүйесін дамыту.

14. Оқушылар контигентін сақтау, ауылды жерлерге педкадрларды тұрақтандыру және жас мамандарға қолдау, көмек жасау жұмыстарын жетілдіру.

15. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбие саласында отансүйгіштік, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті дамыту бағытындағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру.

16. ІТ сыныптар желісін ұлғайту, «ІТ технологиялар бағдарламасы» бойынша инновациялық технологияларды меңгеру бағытында маман – кадрлар дайындау, біліктілік курстарына үздіксіз жіберілуін қамтамасыз ету;

17. Үштілділікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, жаратылыстану-математика цикліндегі орта мектептегі оқушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар мен міндетті минимумының мазмұнын жүзеге асыру;

18. Жаңа технологиялар мен ғылыми әдістемелер негізінде білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу, педкадрлардың біліктілік санаттарын көтеруді жүйелі ұйымдастыру;

20. Мектеп мұражайларының жұмысын жандандыру. Барлық мектептерде тарихи – өлкетану мұражайлары болуына қол жеткізу;



21. Мектептер жанындағы жылыжайлардың қысы – жазы қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет