Әлеуметтік экономикалық жоспарлау


Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістері



жүктеу 1.02 Mb.
бет3/6
Дата29.08.2018
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5   6

4 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістері
Система методов прогнозирования и планирования

Экономиканы болжау және жоспарлау өте күрделі көп сатылы және қайталамалы үрдіс, оның жүзеге асырылу барысында көптеген әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық мәселелердің кең шеңбері қарастырылады, сонымен қоса көптеген әр қилы әдістердің жиынтығы пайдаланады. Соңғы жылдардағы жоспарлау қызметінің теориясы мен тәжірибесінде болжау мен жоспарлауды жасаудың әр түрлі әдістерінің маңызды түбегейлі жиыны жиналған. Ғалымдардың айтуы бойынша, болжамның 150-ден аса әр түрлі әдістері бар, ал тәжірибеде тек негізгісі болып 15–20 ғана пайдаланылады. Ақпараттандыру мен есептеуіш техникасының құрылғыларының дамуы пайдаланып жүрген болжам мен жоспарлаудың әдістерін кең ауқымын құруға мүмкіндік береді.

Қалыптасу деңгейі бойынша экономикалық болжау әдістерін интуитивтік және қалыптасқан деп екіге бөліп қарастыруға болады.

Интуитивтік әдіс интуитивтік-логикалық ойлауға сүйенеді. Оларды мынадай жағдайларда қолданады: болжау объектісінің аса күрделілігіне байланысты көптеген факторлардың әсерін ескеру мүмкін емес болғанда немесе объект тым қарапайым болып, үлкен есептерді қажет етпеген жағдайларда. Мұндай әдістерді болжамдардың нақтылығын жоғарылату үшін қалыптасқан әдістермен бірге басқа да жағдайларда да пайдалану мақсатты болады.

Интуитивтік әдістердің ішінде эксперттік баға беру әдісі кең таралымға ие болды. Олар тек біздің елде ғана емес, шет елдерде де өндірістің дамуына болжамдық баға беру барысында, ғылыми-техникалық үрдісте, ресурстарды пайдалану әсерлілігінде және тағы да басқа жағдайларда кенінен қолданылады.

Сонымен қоса тарихи аналогия әдісі мен үлгі бойынша болжау әдістері де кең көлемде қолданады. Бұл жерде өзіндік бір экстраполяция байқалады. Болжау техникасы жоғары дамыған жүйенің )мемлекет, аймақ, сала) бір және соған жақын деңгейдің , ал ол болса осындай жүйенің шамалы дамыған деңгейінде болады, осы айтылып отырған үрдістің даму тарихына сүйенетін болсақ, жоғары дамыған жүйеде шамалы дамығандары үшін болжам жасалынады. Тәдірибе көрсеткендей, осындай аналогияны жаңа саланың және жаңа техниканың (ЭВМ жасау, телевизорлар және т.б.) даму жолдарын, өндіріс құрылымдарын, тұтынушылықтарды және тағы басқаларды анықтауда пайдалануға болады. Әрине осындай жолмен алынған «үлгі» – ол тек болжамның алғашқы сатысы. Ал шешуші қорытындыға жету үшін ішкі шарттарды және даму заңдылықтарын анықтау барысында ғана келуге болады.

Қалыптасқан әдістерге экстрапо­ляция әдісі мен моделдеу әдістері жатады. Олар математикалық теорияға негізделеді.

Экстраполяция әдістеріңің арасында ең кіші квадраттар әдісінде (ККӘ) негізделетін қызметтерді тандау әдісі кең таралымға ие болды. Қазіргі замандық жағдайларда ККӘ модификациясына мән бере бастады.

Моделдеу әдістері математикалық тәуелділік және қарым-қатынастар түріндегі зерттелетін экономикалық үрдістің қалыптасқан сипатын көрсететін әр түрлі экономикалық-математикалық моделдерді болжау үрдісінде (объектісінде) пайдалануға болады.

Моделдердің келесі түрлері бар: матрицалық, опти­мальды жоспарлау, экономикалық-статистикалық (трендтік, факторлық, эконометрикалық), имитациялық, шешімдерді қабылдау.

Экономикалық-математикалық моделдерді қолдану үшін экономикалық-математикалық әдістерді пайдаланады.

Болжау және жоспарлау тәжірибесінде сонымен қоса экономикалық (жүйелік) әдісі, нормативтік және баланстық әдістер пайдаланылады. Ал мақсатталған кешенді бағдарламаларды жасау үшін басқа да әдістермен байланысқан бағдарламалы-мақсатты әдістер (БМӘ) қолданылады.

Берілген әдістер және олардың топтары жеткілікті болып табылмайтындығын атап өту керек. Әлемдік тәжірибеде кең таралған әдістерді қарастырайық.

Эксперттік бағалаудың әдістері

Эксперттік бағалаулардың негізіндегі басты идеясы бағалаудың сандық әдістері және алынған жетістіктердің қайта жасалынуына сүйенетін адамның интуициялық-логикалық ойлауының тиімді процедурасын құрумен сипатталады.



Эксперттік бағалау әдістерінің мағынасы арнайы мамандандырылған, ғылыми және практикалық тәжірибеге негізделген белгілі бір маманның немесе мамандар ұжымының болжамына сүйенеді. Эксперттік бағалаудың жекеленген және ұжымдасқан түрлерін ажыратуға болады.

Жекеленген эксперттік бағалаулар осы профиль бойынша қызмет ететін эксперт-маманның ойын пайдалануға бағынышты болады. Жекеленген эксперттік бағаланулардың ішінде кең таралғандары – «сұқбат», аналитикалық, сценарийдың жазылуы сияқты тәсілдер.

"Сұқбат" әдісінде «сұрақ-жауап» кестесі бойынша жүретін болжаушы мен эксперттің арасындағы тілдесуді көрсетеді, сол тілдесу барысында болжаушы алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша экспертке болжанып отырған объектінің даму перспективаларына қатысты сұрақтар қояды. Осындай бағалаудың жетістігі, маңызды бір деңгейде эксперттің әр қилы сұрақтарға қорытынды жауапты бірден беруіне де байланысты болады.

Аналитикалық әдіс болса, эксперттің болжанатын объектінің даму жолдары мен жағдайына баға беруде, тенденцияларға талдау жасауында, тереңдетілген өзіндік жұмысты талап етеді. Эксперт болжам объектісі жайындағы барлық қажетті ақпаратты қолдана алады. Өзінің қорытындыларын баяндама түрінде рәсімдейді. Осы әдістің негізгі ерекшелігі – эксперттің жеке қабілеттіліктерін максимальды түрде пайдаланудың мүмкіндіктерінде. Алайда ол аса күрделі жүйелерді болжауда көп қажет емес, және әр түрлі аймақтар бойынша эксперт-маманның білімінің жан-жақтылығының жеткіліксіз болмағаннан кейін даму стратегиясы да аса байқалмайды.

Сценарий жазу әдісін экспертік бағалаудың жекеленген және ұжымдық түрлеріне де жатқызуға болады. Оның негізгі сипаттамалары төменде толығымен ашылатын болады.

Нақты түрлерінің бірі болып ұжымдық эксперттік бағалау саналады.



Ұжымдық эксперттік бағалау әдісі жекеленген мамандармен құралған болжам объектісінің дамуының перспективтік бағыттары бойынша эксперттердің ойларының келісілген дәрежесін анықтауды талап етеді.

Қазіргі заман шарттарында эксперттердің жұмыстарын қорытындылауда математикалық-статистикалық ережелер қолданылады. Мысалы, эксперттердің ойларының келісілген дәрежесін анықтау үшін сол немесе басқа зерттелетін мәселені шешу бойынша есептеліп шығарылатындар: бағалар дисперсиясы, орташа квадратты бағалардың ауытқуы, және осы негізде бағаның вариациялы коэффиценті, осы коэффицент аз болған жағдайда эксперттіердің ойларының сәйкестігі жоғары болады.

Эксперттік бағалауларды жүргізу ұйымдастыру үшін жұмыс топтары құрылады. Олардың басты қызметтері: сауалнама жүргізу, материалдарды қарастыру, кешенді эксперттік бағалаулардың қорытындыларын талдау. Жұмыс тобы берілген объектіні даму перспективаларына қатысты қойылған мәселелерге жауап бере алатын эксперттерді тағайындайды. Болжамды жасауға еліктіретін эксперттердің саны объектінің күрделілігіне байланысты 10 адамнан 150 адамның аралығында ауытқып отырады. Болжамның мақсаты аықталып, эксперттерге қойылатын мәселелер де жасалынады. Сауалнама жүргізу барысында жекеленген мәселелерді түсінудің бірегейлігін және эксперттердің ойларының тәуелсіздігін қамтамасыз ету керек. Сауалнамадан кейін ұжымдық эксперттік бағалаудың қорытындысында алынған материалдарды өндеу жүзеге асырылады. Қорытынды баға орташа талқылау немесе барлық эксперттердің бағаларының орташа арифметикалық мағыналарын анықтауға болады.

Эксперттік бағалаудың басқа да әдістері қолдануы мүмкін. Материалдарды статистикалық әдістемемен қайта өндеуде ғылыми-техникалық болжамдарды жасау барысында эксперттер жасаған ғылыми зерттеулердің бағаланған бағыттарының әр қайсысына қатысты маңыздылықтың бағалау жиынтығын қолданады. Маңызды бағалану балмен бағаланады, және келесідей мағынада болады, яғни 0-ден 1-ге дейін, 0-ден 10-ға дейін, 0-ден 100-ге дейін және т.б.

Әлемдік тәжірибеде ұжымдық эксперттік бағалаудың келесідей әдістері, яғни ұжымдық идеялардың генерациясы әдісі, «635» әдісі, «Дельфи» әдісі «комиссия» әдісі, сценарий жасау әдісі кең қолданады. Келтірілген әдістерін механизмдерін толығымен ашып көрейік.



Ұжымдық идеялар генерация әдісінің мәні (ой шабуылы) мәселелік жағдайды «ой шабуылы» арқылы мамандардың шығармашылық потенциалын пайдалануды қажет етіп, алғашында идеялардың генерациясын жасап, кейіннен соңғы ағырға идеяларды және келісілген көз қарастарды (бұзу, критикалау) жоққа шығарады. Бұл әдіс 30-шы жылдардың соңында американдық ғалым А.Осборнмен жасалынды, ол аяқ асты пайда болған идеялар арқылы мәселелерді шешуді ұсынған. Осыған ұқсас әдістерді осыдан 400 жыл бұрын «Хинду» үндіс шеберлері қолданған болатын: дискуссия мен критикаға тыйым салынып, әркім өз идеясын еркін жеткізіп, оларға баға кейіннен берілген.

Ұжымдық идеялардың генерациясының әдісі келесі кезеңдерді іске асырумен сипатталады. Бірінші кезең белгілі бір мәселені шешу бойынша «ой шабуылына» қатысушылардан топ құрумен байланысты. Топтың ең жақсы жағдайлар жиынтығының саны эмпириялық түрде болады. 10–15 адамдардан тұратын топтар аса өнімді болады. Екінші кезеңде талдау тобы мәселелі хат құрастырады, онда мәселелі жағдайды қарастырылады және мәселелік жағдай мен әдістің мағынасы келтіріледі. Үшінші кезең – идеялар генерациясының кезеңі. Әр қатысушы бірнеше рет сөз сөйлеуге құқылы. Алдындағы айтылғандарға сын жасалынбайды, скептикалық ескертулерге жол берілмейді. Жүргізуші үрдісті реттеп, жаңартылған немесе идеялардың комбинациясының қолдап, көмек көрсетіп, қатысушыларды жасқаншақтықтан босатады. «ой шабуылының» ұзақтығы қатысушылардың белсенділігіне байланысты 20 минуттан аз болмай, 1 сағаттан аспауы керек. Төртінші кезең генерация кезеңінде айтылған идеялардың жүйелілігмен байланысты. Идеялардың тізбегі жасалынып, белгілері анықталады, олардың көмегімен идеяларды біріктіруге болады, кейіннен оларды анықталған белгілері бойынша топтарға біріктіреді. Бесінші кезеңде жүйелендірілген идеялардың (бұзылуы) диструктациясы іске асырылады. Әр идея жоғары білікті мамандар тарапынан жан-жақты критикаға ұшырайды. Осындай топтар 20–25 адамнан тұрады. Ал алтыншы деңгейде критикалық ескертулерге баға беріліп, практикалық түрде іске асырылатын идеялардың тізімі жасалынады. Бұл әдіс болжау объектісінің дамуына бағалау нұсқаларын тез және сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.



"635" әдісі «ой шабуылының» көп түрлерінің бірі. 6, 3, 5 сандарының мағынасы, 6 қатысушы, олардың әрқайсысы 5 минуттың ішінде 3 идеядан жазу керек екендігін білдіреді. Осы идея жазылған парақ айналымда жүреді. Сол себепті әр қайсысы жарты сағаттың ішінде өз активіне 18 идеяны жазады, ал барлығын бірге санағанда 180 болады. Идеялардың құрылымы нақты анықталған. Әдістің түрлендірілуі де болуы мүмкін. Анықталған мәселелерді шешу бойынша көптеген идеялардың ішінен ерекшелері мен прогрессивтілерін тандау үшін осы әдіс шет елдерде (әсіресе, Жапонияда) кеңінен қолданады.

"Дельфи" әдісі эксперттік болжамды жасаудың негізделген және қатаң процедураларын жасау амалдарының бірден бір түрі, бұл әдісті АҚШ корпорацияларының бірінде қызмет ететін қызметкерлер Т. Гордон мен О. Хелмер екеуі ашқан, 1964 жылы, олар бірнеше ғылымдар түрі бойынша даму перспективаларына қатысты мамандардың ортақтандырылған және статистикалық ойларының жинағын жарыққа шығарған болатын. Оны ғылым мен техниканың даму болжамдары барысында және инвестициялар мен басқа аспектілерді болжауда пайдаланады.

"Дельфи" тәсілінің мағынасы – көптеген еңбектік жекеленген сауалнамалардың бағдарламаларын жасау. Эксперттердің жекеленген сауалнамасы анкета-сұрақ түрінде жүргізіледі. Кейіннен статистикалық қорытындылар ЭЕМ-де жасалынады, топтың ұжымдық ойы қалыптасады, әр түрлі пікірлерге байланысты аргументтер анықталып ортақтандырылады. ЭВМ-дегі қарастырылған ақпарат эксперттерге хабарланады, олар берілген бағаларды түзете алады, және де ұжымдық пікірлермен келіспегенддері болса, түсіндіруге болады. Бұл процедура 3–4 рет қайталануы мүмкін. Соның салдарынан бағалардың диапазонының азайғаны байқалады, объектінің даму перспективаларына қатысты келісілген пікір қалыптасады.

"Дельфи" тәсілінің ерекшеліктері:

а) эксперттердің анонимдігі. Эксперттік топтың қатысушылары бір біріне белгісіз. Анкеталарды толтыру барысында топ мүшелерінің араласуы мүмкін емес;

б) сауалнаманың алдыңғы өткен турларының қорытындыларын пайдалану мүмкіндігі;

в) топтық пікірдің статистикалық сипаты.

Бұл әдіс ұзақ мерзімді сипатқа ие болған мәселелік жағдайларын дамытуды алдын-ала анықтайды. Ғылыми – техникалық болжау аймағында жұмыс істейтін біздің мамандар эксперттік бағаны қайта жасау әдістерін жасайды. Оларды эвристикалық деп атайды.

"Комиссия" тәсілі – эксперттік бағалаудың әдістерінің бір түрі, арнайы комиссияның жұмысына негізделген. Эксперттер тобы «дөңгелек стол» басында ортақ ойлар мен көз қарастарды келісу мақсатында, сол немесе басқа мәселелерді талқылайды. Бұл тәсілдің жеткіліксіздігінің дәлелі - эксперттік топтардың өз пікірлерінде негізгі компромистік логикаға сүйенетіндігі болып табылады.

Сценарии жазу тәсілі үрдістің логикасын анықтауға немесе әр түрлі шарттардағы уақыт аралық құбылыстарға негізделеді. Ол құбылыстардың ретімен жүруін бекітуді, яғни объектінің қазіргі жағдайының болашақ жағдайына көшудегі дамитындарын айтады. Өзіндік сценарии болып мемлекеттердің шаруашылығының халықаралық интеграция шарттары мен рет ретімен жазылуы мүмкін болады, ол келесідей мәселелерге ұштасады: осы үрдіс қандай қарапайым үлгілерден күрделілеріне өтуі керек туралы; ол қалайша ұлттық шаруашылыққа және мемлекеттердің экономикалық байланыстарына әсер етеді; шаруашылықтың көпұлттылыққа өту барысында қандай қаржылық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және заңдық мәселелер туындауы мүмкін деген сияқты сауалдар туындауы мүмкін.

Болжамдық сценарий болжанатын объектінің даму стратегиясын анықтайды. Ол объектінің дамуының генеральдық мақсатын, «мақсаттар ағашының» жоғары деңгейлерін бағалау критерийларын, мәселелер приоритеті мен негізгі мақсаттарға жетуге қажетті ресурстарды анықтау керек. Сценариида мәселені ретімен шешу жолдары мен мүмкін болатын кедергілер анық көрсетіледі. Сол кезекте болжау объектісінң дамуына қажетті материалдар пайдаланылады.

Сценарий болжанатын кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық амалдардың негізінде жүргізілетін жұмыстың басты мақсаты белгілі, түсінікті болатындай етіп жазылуы керек. Ол әдетте көп үлгілі сипатқа ие болып, үш бағытта жүргізіледі: оптимистикалық – жақсы қолайлы жағдайда жүйенің дамуы; пессимистік – орташа қолайлы жағдайда жүйенің дамуы; жұмыстық – қарсы факторлардың кері әсерінің есебімен жүйенің дамуы, олардың пайда болуы ,әдетте, сондай маңызды емес. Болжамдық сценарий шегіндеаяқ астынан пайда болатын жағдайларға резервтік стратегияны жасап қою мақсатты болады.

Сценарий дайын күйінде талдауға ұшырауы тиіс. Алдағы болжамға қажетті деп жарияланған ақпаратқа талдау негізінде мақсаттар құрылады, критерийлер анықталады, альтернативтік шешімдер қарастырылады.

Жүйелерді болжауда және талдауда болжамдық граф және «мақсаттар ағашы» кең қолданылады. Граф дегеніміз кесінді-қабырғалармен қосылған нүктелі-шындардан тұратын фигураны айтады. "Мақсаттар ағашы" бұл граф-ағаш, деңгейлі шындар мен мақсатқа дету мәселелері арасындағы қатынасты көрсетеді. Әр шын өзінен шығатын барлық тармақтарына қатысты мақсат қояды.

"Мақсаттар ағашы" бірнеше құрылымдық немесе иерархиялық деңгейлердің анықталуын бөліп қарайды. Жоғары деңгейдің әр бір мақсаты келесі деңгейлердің мақсат асты түрінде болу керек, үйткені мақсат асты түсінігінң бірлестігі шығатын мақсат түсінігін толығымен анықтауы заңды болады.

«Мақсаттар ағашын» құру көптеген болжамдық амалдарды шешуді талап етеді: объектінің жалпы толығымен даму болжамынболжанған мақсаттың, деңгейдің және «мақсат ағашының» шындарының сценариын құрастыру; критерийлар мен олардың шындарының тарату. Бұл амалдар қажетті жағдайларда эксперттік бағалау әдісімен шешіледі. Болжам объектісі ретінде осы мақсат көптеген әр түрлі сценарииларға сәйкес келу керек екенін атап өту керек.



Морфологиялық талдау тәсілі мүмкін болатын мәселелердің ішінен қолайлы шешімдерді тандауды көрсетеді. Оны ірге тасы қаланған зерттеулерді болжау барысында қолдану мақсатты болады. Морфологиялық талдау тәсілі объект сипаттарының жүйелі түрде қаралуын көрсететін амалдар қатарын байқатады. Оны зерттеу «морфологиялық қорап» тәсілі бойынша жүргізіледі, ол мақсаттар ағашы немесе матрица түрінде жасалынады, оның әр торына сәйкес параметрлер жазылады. Кезектелген бірінші деңгейдегі параметрлердің келесі деңгейлердегілердің кез-келген бір параметрімен қосылуы мәселенің мүмкін болатын шешімін көрсетеді. Мүмкін болатын шешімдердің ортақ саны жол бойынша алынған, «қораптарда» келтірілген барлық параметрлердің санына сай келеді. Оларды алмастыру және әр түрде келістіру жолымен объектілердің мүмкін боларлық сипаттарын алуға болады.

Баланстық әдіс

Баланстық әдістің көмегімен тепе-теңдік және пропорционалдық қағидалары жүзеге асады. Оны болжамдарды, жоспарларды және бағдарламаларды жасау барысында қолданады.

Оның маңыздылығы мемлекеттің өнімнің , материалдардың, еңбек және қаржы ресурстарының қажеттілігі мен ресурс көздерінің және өнімді өндірушілердің мүмкіндіктерімен байланыста болуымен сипатталады. Баланстық әдіс өзара көрсеткіштер жүйесін құрайтын баланстар жинағынан тұрады, онда ресурстардың түсуі көздері бойынша сипаттайтын бір бөлігі олардың шығындарының барлық бағыттарын (пайдалану) бөлетін екінші бөлігіне тең болады.

Макродеңгейде жасалынатын болжамдық баланстардың ролі қазіргі нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде күшейе түспек, яғни нақтырақ айтсақ, есептік баланс, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансы, тұрғындардың ақша кірістері мен шығындары, еңбек ресурстарының жиынтықтық балансы, сұраныс және ұсыныс балансы. Баланстық есептеулердің қорытындылары құрылымдық, әлеуметтік, қаржылық-бюджеттік және несие-ақшалық саясаттың қалыптасуына, сонымен қатар жұмыспен қамтылу және сыртқы экономикалық саясатқа негіз болады. . Ба­ланстарды диспропорцияларды ағымдағы кезеңде анықтау үшін, пайдаланбаған резервтерді ашу үшін, жаңа пропорцияларды негіздеу үшін қолданады.

Болжау мен жоспарлауда қолданатын баланстар жүйесіне бөлінеді: материалдық, еңбектік және қаржылық. Айтылған тооптардың әр қайсысына баланстардың бірнеше қатары кіреді.



Болжамдық және жоспарлық баланстар жүйесінде ортанғы орындардың бірін алатыны – материалдық баланстар. Олардың көмегімен өндірістің және өнімнің нақты түрлерінің тұтынуы бекітіліп, кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы негізделеді. Олар сала аралық пропорцияларды бекіту үшін кең қолданылады. Бұл амал алдында қарастырылған моделдер мен әдістердің негізінде сала аралық баланстарды жасау жолымен шешіледі.

Материальдық баланстар сәйкестірілген түрмен қатар шартты-табиғи өлшем бірліктер түрінде де немесе ақшалай түрде жасалынуы мүмкін. Мысалы, жанармайдың құрама балансы, таз күйінде және шартты жанармай түрінде жасалынады (шарттық жанармай тоннасы - шжт).

Барлық материальдық баланстар, әдетте, екі бөлімнен тұрады: ресурстар мен оларды бөлуден. Ресурстық бөлімде негізгі түсетін көздер байқалады, ал оларды бөлу бөлігінде – тұтынудың негізгі бағыттары көрсетіледі. Олар, әдетте нақты кесте-схемалар бойынша құрылады. Материальдық баланстың методикасының (үрдісінің) жасалуын өндіріс заттарының балансының мысалында қарастырып өтейік, оның схемасы 1- кестесінде анық көрсетілген.
1-кесте – Өндірістік өнімнің материальдық балансының схемасы


Ресурстар

Бөлінуі

1. өндіріс

2. импорт

3. басқа түсілімдер

4.болжанатын (жоспарланатын) кезеңнің басындағы қалдықтар



1.өндірісті-эксплуатациялық қажеттіліктер

2. капитальдық құрылыс

3. экспорт

4. нарықтық қор

5. басқа шығындар (мемлекеттік резервтердің толтырылуы және т.б.)

6. болжанатын (жоспарланатын) кезеңнің соңына қалған қалдықтар



Барлығы:

Барлығы:

Баланстың жасалынуы өндірістік-эксплуатациялық қажеттіліктерге және капитальды құрылысқа қажетті ресурсқа деген сұраныстан басталады, ол үшін тәсілдердің бірнеше түрі жүргізілуі мүмкін. Ең көп таралған түрінің бірі- нормативтік тәсіл: оның, яғни нормалар, нормативтер және өндіріс өнімінің (жұмыстың) көлемінің көмегімен нақты бір ресурс түріне деген қажеттілік анықталады, мысалы қара металлдарды жалға алуда. Болжамдық баланстарды жасауда іріленген (топтасқан) нормалар қолданылады. Әдетте, макро деңгейде өнімнің 1 млн. теңгеге шаққандағы ресурс шығынының іріленген нормативтері немесе құрылыс-жөндеу жұмыстарына 1 млн.млрд. теңгелік іріленген нормативтер қолданылады.



Нормативтік тәсіл

Нормативтік тәсіл болжам мен жоспарлаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта оған аса үлкен көңіл бөлінуде, оның себебі әр түрлі нормалар мен нормативтерді экономиканың реттеуіштері ретінде пайдалануда. Нормативтік тәсілдің маңызы нормалар мен нормативтарды пайдаланып, болжамдардың, жоспарлардың, бағдарламалардың техникалық-экономикалық негізделуінде. Соңғысы ресурстарға деген қажеттілікті есептеуде және көрсеткіштерді пайдалануда қолданылады. Нормалар мен нормативтердің көмегімен маңызды теңсіздіктер негізделіп, заттық өнеркәсіптің дамуы және өндірістік емес орталардың дамуы, сонымен қоса экономиканың реттеуі іске асырылады.

Норма ресурстың өнім (жұмыс) бірлігіне деген шығын өлшемінің ғылыми негізін белгілі өлшем бірліктерінде көрсетеді, мысалы, ұнның бекітілген рецептураға сай 1 тонна нан тоқаш өнімдеріне кететін шығыны сияқтылар. Тағамданудың ғылыми негізделген рәсіміне байланысты кез-келген өнімді тұтыну норма түрінде болады. Мысалы, жылына ет тағамдарына пайдаланатын ет адам басына шаққана жылына – 82 кг құрайды. Өндірістік емес орталарда ортақ және тұрғын аймақтардың 1 адамға шаққандағы қажетті мөлшерін сипаттайды, мысалы, сүды пайдалану- 1 адамға қатысты есептелінеді және т.с.с.

Нормативтер, әдетте, қатысты түрде жасалынады. Олар ресурстарды пайдалану деңгейін сипаттайды (мысалы, металл-завалкалардан бір жылдық шығатын қалдықтардың пайызы), өнімнің 1 млн. т. Ресурс шығыны, несиеге кететін төлем мөлшері және т.б. (пайыздық ставкалар).

Болжам және жоспарлау тәжірибесінде нормалар мен нормативтер жүйесі қолданады. Оларға шикізат және жанармай-энергетикалық ресурстарға шығындалатын нормалар, еңбек шығындарының нормасы, негізгі өндірістік қорларды пайдалану нормалары мен норматьивтары, капиталдық салымдар мен капиталдық құрылыстың нормативтері, қоғамдықұ өндірістің әсерлелігін сипаттайтын нормалар мен нормативтер, қаржылық нормалар (амортизация нормалары, тиімділік нормалары, салық ставкалары және т.б.), әлеуметтік нормалар (минималды тұтынушылық бюджет, минималды жалақы, адам басына шаққандағы өндірістік немесе өндірістік емес тауарларды тұтыну нормалары, қалалық және ауылдық аймақтардағы тұрғын аудандар нормалары), экологиялық нормалар (зиянды қалдықтарды қоршаған ортаға тастау нормалары, суда зиянды заттардың болуының нормативтері және т.б.) нормалар мен нормативтер жатады. Қаржылық, әлеуметтік және экоогиялық нормалар мен нормативтер экономиканың маңызды реттеуіштері болып табылады.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Саяси партиялар және партиялық жүйелер
transactions -> С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім
transactions -> Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
transactions -> География және туризм кафедрасы геология 5В060900 «География» мамандығы студенттеріне арналған зертханалық практикум Павлодар Кереку 2012
transactions -> Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі
transactions -> Павлодар облысыныѕ ірі ґндіріс ќалаларындаєы аєаш-бўта ґсімдіктерініѕ ауру ќоздырєыш саѕырауќўлаќтары
transactions -> Буынаяќтылар типініѕ негізгі кластары
transactions -> Д. З. Айгужинова- э.ғ. к., С. Торайгыров атындағы пму доценті
transactions -> МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет