«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау»



жүктеу 0.8 Mb.
бет4/6
Дата26.02.2018
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5   6

2. Мемлекеттің экономикалық потенциалын пайдалану әсері.

Экономикалық әлеуеттің әсерінің мәселесі экономикалық теорияның негізгі мәселелерінің бірі. Бұл мәселенеің мәні - ресурстардың сиректік және шектік шартында халықтың шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруын қамтамасыз ететін жолдары мен тәсілдерін анықтау. Қоғамдық өндіріс әсерінің мәселесінің екі аспектісі бар:



  1. Мақсаттық;

  2. Ресурстық.

Мақсаттық әсері қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін және даму деңгейінің көзқарасынан қоғамдық өндірістің сапалы сипаттамасы болып табылады.

Ресурстық эффектілік қоғамдық өндірістің , өндірістің факторларының комбинациясы, қолдағы ресурстарды қолдануды рационалды ұйымдастыруды көрсетеді.

3.Экономикалық потенциалдың жағдайын және деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер

Ұлттық экономикалық потенциалдарды бағалау үшін әлемдік экономикалық салысытру тәжірибесінде келесі көрсеткіштер қолданылады:ВВП көрсеткіші, табиғи ресурстар көлемі, еңбек ресурстарының саны мен сапасы; базалық және инфроструктуралық салалар дамуының деңгейі, ғылыми-техникалық потенциалдың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер.

ЖІӨ.

Мысал Ресейде 90 жылдары ЖІӨ 52 %-ке қысқарды. Әлемдік ЖІӨ Ресейдің үлесі 1990 жылы - 5 %-тен болса, 1999 жылы 1,2 %-ке азайды. Ресейде ЖІӨ абсолютті мөлшерінің азаю халықтың адам санына ЖІӨ-ң өндірісінің төмендеуімен жүрді. 1999 жылы бұл көрсеткіш 3500 долларды құрады, бұл өндірісі дамыған әлемдік елдерге қарағанда 5-7 есе аз.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.Мемлекеттің экономикалық потенциалы, оның сипаттамасы және құрамы.

2. Мемлекеттің экономикалық потенциалын пайдалану әсері.

3.Экономикалық потенциалдың жағдайын және деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер.

4.Табиғи ресурстар.

5. Еңбек ресурстары.

6.Ғылыми-техникалық потенциал.

Ұсынылатын әдебиет

1. Қайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Қожагелдиев Б.Қ. Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау. Оқу құралы. Семей, 2010.

2. Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР, 1999. – с.18-36.

3. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 414-429.

4. Прогнозирование и планирование в условиях рынка.Под.ред Морозовой,М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.75-105.

5. ҚР 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациалық дамуының Стратегиясы– Үкіметтің бюллетені, № 3, 2003.- 126-132 б.



Дәріс 7. Демографиялық дамуды болжау және жоспарлау.

1. Елдің демографиялық дамуын оқудың мазмұны мен мәні.

2. Демографиялық болжауды әзірлеу, оның сатылары мен уақыттық көкжиегі.

3. Демографиялық дамудың факторлары мен көрсеткіштері.

1.Елдің демографиялық дамуын оқудың мазмұны мен мәні.

Демография – осы процестіің қоғамды-тарихи келісілуі кезінде халықтың ұдайы өндірістің заңдылығы жөніндегі ғылым.

Демографиялық болжау - фактылық құрылым және бар немесе ұсынылатын туу және әртүрлі жастағы өлім, сонымен қатар миграция тенденциясы негізінде әлемнің , аймақтың, елдің немесе оның бөлігінің халықтың күтілетін саны мен жыныс жастық құрылымының есебі.

Демографиялық болжау кезінде өмір сүрудің орташа ұзақтығы, үйлену және ажырасудың қатынасы, үйленудің орташа жасы, еңбекке қабілетті және қабілетті емес жаста болудың халықтың бөлініп орналасуы, еңбек істеуді бастаудың және зейнетке шығу уақыты белгіленеді және т.б.

Елдің әлеуметтік экономикалық дамудың базалық шартының құрамына демографиялық жағдай ерекше орын алады.

Халық санының өсуі территорияны игеру деңгейіне әсер етеді.

Әлеуметтік экономикалық дамуға халықтың сапасы да әсер етеді.


2.Демографиялық болжауды әзірлеу, оның сатылары мен уақыттық көкжиегі.

Демографиялық болжауды әзірлеу бірнеше сатылардан тұрады:

Бірінші саты – аналитикалық. Оның мазмұны- болжау периодының басына елдегі, аймақтағы демографиялық жағдайды талдау, аяқталған периодта қоғам дамуының демографиялық нәтижелерін бағалау, болжау мнді көрсеткіштерімен салыстыру, елдегі демографиялық дамуы кезінде диспропорциялар мен жағымсыз тенденцияларды анықтау.

Екінші саты – мақсатты. Демографиялық болжаудың мақсаттар құрамы анықталады. Екі мақсат тобы бар:

1 топ- аяқталған периодтағы елдің демографиялық дамуында пайда болған мәселелер шешіледі.

2топ –болжаланатын периодта демографиялық алдын ала өзгерілер шарттарын анықталған мақсаттар.

Үшінші саты – есептік.Оның мазмұны болжау көрсеткіштер жүйесіне негізделеді.

Демографиялық болжау - әртүрлі уақыт мерзіміне әзірленеді:

-қысқа мерзімді- 1-ден 10 жылға дейінгі период

-орташа мерзімді – 10-нан 20 жылға дейін

-ұзақ мерзімді – 25-тен 50 жылға дейін.

- аса ұзақ мерзімді – 50 жылдан артық.

Тиімдісі 20 жылға дейінгі уақыт.
3.Демографиялық дамудың факторлары мен көрсеткіштері.

Факторлар құрамы 2 топқа жіктеледі:

1 топ объективті факторлар құрады;

2 топты көп болса да, аз болмада әсерін басқаруға болатын факторлар құрады.

Әр фактордың әсері жекелей есептеледі, содан кейін барлық факторлардың қосынды әсері анықталады.

Болжау көрсеткіштер құрамында ең маңыздылары мыналар: болжау периодының жылдары бойынша елдің халық аны, санның өсу темпі, халық құрылымы, динамикасы, еңбек потенциалы, халықтың экономикалық потенциалы, халықтың тұтынушылық потенциалы,халықтың өмірлі қоры.

Халықтың болжау саны тууға, қайтыс болуға, халық құрылымына, жас отбасыға мемлекеттің жәрдемге байланысты.

Қайтыс болу динамикасы медициалық қызмет ету, аз қамтамасыз етілген халыққа әлеуметтік қорғау, еңбек ету интенсивтілігіне және жағдайына, экологияға байланысты.

Көшу интенсивтілігіне жұмысқа тұру мүмкіндігі, көшуге психологиялық дайындығы, адаптациялануына байланысты.

Халықтың еңбек потенциалы-экономикалық мүмкіндігін көрсететін көрсеткіш.Ол үшін еңбек ету ұзақтығын білу керек.

Ұрпақ ұзақтығы 30 жыл,әке мен бала жасының айырмасы.

Еңбек ету теориялық ұзақтығы орташа 44 жас еркекке, 39 әйелге.

Халықтың тұтынушылық потенциалы сатуға арналған және арналмаған тауар көлемін көрсетеді, болжау периодында.

Экономикалық және тұтынушылық потенциалдар айырмасы халық өмірінің экономикалық эффектілігін көрсетеді. Оның мазмұны – өмірлік еңбек ету кезінде жасалатын үстеме өнім. Халықтың өмірлік қорының көрсеткіші болжау периодында әлеуметткі-экономикалық жағдайда әртүрлі жас топтарына және барлық халыққа өмір сүруге мүмкінболатын жылдар санын анықтайды.Ол әртүрлі жас топтар халқының өмір сүрудің орташа ұзақтығын әр контингент санына көбейтіндісі арқылы есептейміз.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.Елдің демографиялық дамуын оқудың мазмұны мен мәні

2.Демографиялық болжауды әзірлеу, оның сатылары және уақыттық көкжиегі

3.Демографиялық дамудың факторлары мен көрсеткіштері



Ұсынылатын әдебиет

1. Қайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Қожагелдиев Б.Қ. Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау. Оқу құралы. Семей, 2010.

2. Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР, 1999. – с.18-36.

3. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 414-429

4. Прогнозирование и планирование в условиях рынка.Под.ред Морозовой,М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.75-105

5. ҚР 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациалық дамуының Стратегиясы– Үкіметтің бюллетені, № 3, 2003.- 126-132 б.


Дәріс 8. Ұлттық қауіпсіздікті болжау.

1. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі.

2. Елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп.

3. Ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз ету және болжау.

1. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі.

Халықтың әлеуметткі-экономикалық дамуының басты шарты- ұлттық қауіпсіздік.

ҚР үшін ұлттық қауіпсіздік деп ҚР егемендік ұстаушы және биліктің жалғыз көзі ретінде көп ұлтты халықтың қауіпсіздігі.

Ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз ету Қазақстан қызығушылығын қорғау деген сөз.

Қазақстанның ұлттық қызығушылығы деп экономикалық, ішкі саясаттық, әлеуметтік, халықаралық, ақпараттық, әскери, шекаралық, экологиялық сфераларда жеке тұлғаның , қоғамның, мемлелекеттің балансталған қызығушылығының жиынтығы.

Қызығушылықтың 3 тобы бар:


  1. жеке тұлғаның;

  2. қоғамның;

  3. мемлелекеттің.

Жеке тұлғаның қызығушылығы конституциялық құқық пен еркіндікті реализациялау,жеке қауіпсіздік беру, физикалық, рухтық, интелектуалдық дамуын, өмір сапасын, деңгейін жоғарлату.

Қоғамның қызығушылығы демократияны беріктеу, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру, қоғам келісіміне жету, ел дамуы мәселелерін шешуде азамат белсендігін жоғарлату.

Мемлелекеттің қызығушылығы мемлекет территориясын,еркіндігін, конституциялық құрылысын қорғау, саясат, экономика, әлеуметтік тұрақтылық, заңды сақтау.
2.Елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп.

Біздің елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп 90 жылдардан басталды, негізгі қауіптер:

- экономика және әлеуметтік сфераның көбісі өндіріс шаруашылық қызметінің масштабы азаюы,

-құрылымдық диспропорция көбею

-ішкі және сыртқы қарыздың өсуі

-ғылылми-техникалық және технологиялық қысқару

-Қоғамның әлеуметтік дифференциясы тереңдеуі

-өндіріс тәуелсіздік деңгейі азайды

-Аймақтың әлеуметткі-экономикалық дамудың біркелкі еместігі дамуы

-халық депопуляциясы

-экономика криминализациясы
3. Ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз ету және болжау.

Қауіпсіздігіне қауіп пайда болу себептері, факторлары аныталады, олардың мониторингісі жасалады және әсері болжаланады.

Мемлекеттік мониторинг –ел ұлттық қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер динамикасын бақылайтын ақпараттық-аналитикалық тұрақты істейтін жүйе.

Мониторинг және болжау негізінде мемлекет ұлттық қауіпсіздігін беріктеу үшін факторларға әсер ету механизмін жасайды.

Ол әлеуметт ік экономикалық процестердің көрсеткіш-индикаторларының шек мәнін белгілейтін критерий мен параметрлерді қосады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1 Ұлттық қауіпсіздік түсінігі

2.Елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп

3 Ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз ету және болжау

4Мемлекеттік мониторинг

Ұсынылатын әдебиет

1. Қайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Қожагелдиев Б.Қ. Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау. Оқу құралы. Семей, 2010.

2. ҚР 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациалық дамуының Стратегиясы– Үкіметтің бюллетені, № 3, 2003.- 126-132 б.

3. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 414-429.

4. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. Под.ред Морозовой, М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.75-105.
Дәріс 9 Экономикалық өсуді болжау.

1 Экономикалық өсу, өлшемі, факторы.

2 Әдістері мен үлгілері.

3 Экономикалық өсу, көрсеткіштерін болжау бағасы.
1 Экономикалық өсу, өлшемі, факторы.

Экономикалық өсу деп халық шаруашылығының әрекет етуі нәтижесінің сапалы және санды өзгерісі деп түсінуге болады. Ол физикалық өрнекте (физикалық өсу) де, және де құндық өрнекте де өлшенеді (құндық өсу).

Біріншісі сенімді өйткені инфляция әсерін алып тастауға болады, бірақ ол универсалды емес, әр түрлі өнім өндірісі үшін есептеу қиын.

Екіншісі жиі қолданылады, бірақ оны инфляциялық өзгерістерден тазалау қиын.

Макроэкономикалық деңгейде экономикалық өсу динамикасының басты көрсеткіші мыналар:

- жалпы ішкі өнім көлемінің өсуі (ЖІӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ);

- ЖІӨ және ҰТ өсу қарқыны халық жан санына санағанда;

- тұтастай өнеркәсіптік өндіріс өсу қарқыны, халық жанына негізгі салалар бойынша.

Экономикалық статистикада экономикалық өсу динамикасын зерттегенде өсу қарқыны мен өсу кезінде (прирост) қарқыны қолданылады.

өсу қарқыны =( ЖІӨ t / ЖІӨ t -1) 100%;

өсу кезінде (прирост қарқыны =( ЖІӨ t - ЖІӨ t -1)/( ЖІӨ t -1)100%

Экономикалық өсу факторлары.

Экономика ғылымында өндірістің 3 фактор теориясы жайылды, бастаған оны Ж.Б.Сэй.Өнім құнын жасау үшін еңбек, жер және капитал пайдалынады.

Қазір өндірістік факторларға:

- еңбек; жер; капитал; кәсіпкерлік қабілет; ғылыми техникалық прогресс.

2. Әдістері мен үлгілері.

Болжау үшін факторлық үлгілер қолданылады, онда өсу кезіндегі (прирост) өнім немесе оның абсолютті шығарылуы бір немесе бірнеше факторларға байланысты. Ең тиімді макродеңгейде Кобба-Дуглас өндіріс функциясы түріндегі екі факторлы үлгі (капитал және еңбек).

Ал толығырақ өрнектейтін экономиклық өсудің көпфакторлық үлгісі. Онда 23 фактор ескерілді: еңбекті пайдаланудың өсу кезіндегі (өсімі), өнімділіктің өсуі, ҒТП, капитал шығыны, жұмысшыларлың білімі және біліктілігі және т.б

Американ Э.Денисон есептеуінше 1929-1982 жж уақытында ЖҰӨ өсіміне нақты үлес қосқан факторлардың мынаны құрады:



  • еңбекті пайдаланудың өсу кезіндегі (приросты)-32 % ВВП

  • еңбек өнімділіктің өсуі-68 % ВВП;

соның қатарында ҒТП-28 %, капитал шығыны-19% ВВП, жұмысшыларлың білімі және квалификациясы-14%ВВП, Өндіріс масштабында экономиясы-9%, ресурсты пайдалануды жақсарту - 8% ВВП, заңдық институциондық және басқа факторлар -9% ЖІӨ.

Экономистер Р.Солоу (Нобель премиясы), ресейліктер Федоренко Н.П., Фельдман Г.А., Анчишкин А.И., Черников Д.А.



3. Экономикалық өсу, көрсеткіштерін болжау бағасы.

90 жылдары біздің елде және шетелде әлеуметткі-экономикалық даму болжауы әзірлеуге тырысты, бірақ ол тез ескіріп отырды кризиске байланысыты.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1 Экономикалық өсу, өлшемі, факторы.

2 Әдістері мен үлгілері.

3 Экономикалық өсу, көрсеткіштерін болжау бағасы.



Ұсынылатын әдебиет

1. Қайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Қожагелдиев Б.Қ. Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау. Оқу құралы. Семей, 2010.

2. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 414-429.

3. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. Под.ред Морозовой,М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.75-105.


Дәріс 10. Ғылыми-техникалық прогрессті болжау.

1. ҒТП мәні, периоды, тұжырымдамасы.

2. ҒТП болжаудың міндеті, әдісі.

3. ҒТП приоритеттік бағыты, даму, болжау бағасы.

1 ҒТП мәні, периоды, концепциясы.

ҒТП –шаруашылық өмірде жаңа білім мен жетістіктерді ашып және қолданып үздіксіз және күрделі процес.

ҒТП өз дамуында 3 кезеңнен өтті:

1 кезеңі –XVIIIғ аяғы мен –XIXғ басы бірінші өндірістік революция. Ғылыми негізде машиналық өндіріске көшу

2 кезеңі - XIXғ аяғы мен–XXғ басы екінші өндірістік революция. Машина негізінде өндіру, өндірістің энергетикалық негізі өзгерді, техника негізінде ғылымның дамуы, автоматизацияға көшу, жаңа сала құру.

3 кезеңі – үшінші өндірістік революция XXғ ортасы., ҒТР–ға дейін даму.

ҒТП үш формада жүзеге асты: эволюция, революция, құрама.



2 ҒТП болжаудың міндеті, әдісі.

ҒТП инновациялық цикл негізінде өтеді. Ол бірнеше сатылардан тұрады: фундаментальді және ізденіс зерттеуі, қолданбалы зерттеулер, технико-экономикалық әзірлемелер, тәжірибелі өндіріс, өндірісті дайындау, сериялық өндіріс, жаңа еңгізулердің пайдалануы және ескіруі.

Фундаментальді және ізденіс зерттеуі табиғаттың, қоғамның, адам ойының әлі зерттелмеген заңдылықтарын ашудан, жаратылыс ғылымы және қоғам процестерінің даму объективті құбылыстар мен тзаңдылықтарды анықтау, зерттеу, жүйелеуден тұрады.

Қолданбалы зерттеулер нақты саласында фундаментальді және ізденіс зерттеуі нәтижелерін пайдалану жолдарын, техникалық мүмкіндігін, әлеуметтік-экономикалық әсерін зерттейді.

Технико-экономикалық әзірлемелер ең болашақты конструкторлық, технологиялық, жобалық, және экономикалық әзірлемелерді таңдауды қарастырады.

Тәжірибелі өндіріс бұйымның бірінші үлгілерін немесе олардың түйіндерін әзірлеуден тұрады.

Өндірісті дайындау кәсіпорынның реконструкциялау және құрылысыының ең маңызды объектілірін таңдау және негіздеуден, еңбек және материалдық ресурстарды үлестеу, салымдармен қамтамсыз ету, кәсіпорынның қайта жөндеуін және жаңа кәсіпорынның құрылысын тез құру жолдарын анықтау.

Сериялық өндіріс жаңа техника, технология, материалдар енгізу, өндіріс эффектілігін жоғарлату, шығарылатын өнім сапасын жоғарлатудан тұрады.

Эксплутация сатысында жаңа техника өндірістік немесе жеке қолдануға түседі.Өнім моральдік және физикалық ескіруден кейін сериялық өндіруден және эксплутациядан алынады, сөйтіп жаңа енгізудің өмірлік циклі аяқталады.

Фундаментальді және қолданбалы зерттеулерді болжау жүйелік анализ және синтез ді, сарапшы бағалау әдісін, сценарий жазу, «мақсаттар бәйтерегін» салу жолымен жүзеге асырылады.

Техника-экономикалық әзірлемелер сатысында болжау кезінде салааралық баланс, «шығын-шығыс» және т.б әдістері қолданылады.

Тәжірибелі өндіріс, өндірісті дайындау, сериялық өндіріс, жаңа еңгізулердің пайдалануы және ескіруі сатысында болжау кезінде сарапшы бағалау әдісін, факторлық талдау, имитациялық әдіс қолданылады.



3 ҒТП приоритеттік бағыты, даму болжау бағасы.

ҚР Үкіметімен келесі ғылым мен техника дамуының приоритеттік бағыттары бекітілді:



  • Фундаментальді зерттеулер

  • Ақпараттық технология және электроника

  • өндіріс технологиясы

  • жаңа материалдар және химия өнімдері

  • тірі жүйе технологиялары

  • көлік жасау

  • жаңармай және энергетика

  • экология және табиғатты қолдану.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1 ҒТП мәні, периоды, концепциясы

2 ҒТП болжаудың міндеті, әдісі

3 ҒТПприоритеттік бағыты, даму болжау бағасы



Ұсынылатын әдебиет

1. Қайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Қожагелдиев Б.Қ. Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау. Оқу құралы. Семей, 2010.

2. Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР, 1999. – с.18-36.

3. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 414-429.

4. Прогнозирование и планирование в условиях рынка.Под.ред Морозовой,М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.75-105.

5. ҚР 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациалық дамуының Стратегиясы– Үкіметтің бюллетені, № 3, 2003.- 126-132 б.



Дәріс 11. Қоғам өндірісінің құрылымының дамуын болжау, жоспарлау.

1 Қоғам өндірісінің құрылымы, құрамы, факторы,элеметтері.

2 Қоғам өндірісінің құрылымы болжау.

3 өндіріс құрылымының сатылары ,көрсеткіштері, әдістері.

1 Қоғам өндірісінің құрылымы, құрамы, факторы,элеметтері.

Ел экономикасы көптеген макроэкономикалық элементтерден тұратын және бір бірімен тығыз байланыты күрделі жүйе. Сол элементтердің өзара қатынасы экономикалық құрылым болып табылады. Сонымен қатар барлық халық шаруашылық пропорциялар өрнегі, немесе өнідірістік сфера қамтыған бөліктің.

Қоғам өндірісінің құрылымы келесі топтар пропорциялары түрінде көрсетілуі мүмкін:

-ұдайы өндіріс пропорциясы

-сала аралық пропорциялар

-сала ішілік пропорциялар

-территориялық пропорциялар

-сыртқы экономика пропорциясы

-материалд-заттық пропорциясы

-құндық пропорциялар.
2. Қоғам өндірісінің құрылымы болжау.

Құрылымдық саясат – қоғам өндірісінің немесе оның жеке звеноларын дамуының приоритетті бағыттарын негіздеу, таңдау, реализациялау, және олардың қатынасы.

Өз кезегінде болжау нәтижелерін шығару кезінде келесілерді қамтамасыз ету керек:

-соңғы өнім құрылымы мен динамикада қоғам қажеттіліктерісәйкес болуы;

-қоғам өндірісінің әсерін жоғарылатуды қамтамасыз ету, құрылымды, техникалық деңгейді және өнім номенклатурасын өзгерту арқылы;

-ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру;

-салалық комплекстерді және құрылымын дамутуда прогрессивті пропорциялары сақтау;

-еңбекті, мамандандыру және кооперациалауды дұрыс жасау.



3. Өндіріс құрылымының кезеңдері, көрсеткіштері, әдістері.

1 кезең – болжау периодының басында құрылған құрылымға, оның әрбір түріне, әр пропорцияға талдау жасау, құрылым деформациясын анықтау, пайда болу себептерін анықтау.

2 кезеңде құрылымдық өзгеру бағытын, құрылым деформациясын болдырмауды анықтайды.

3 кезеңде әр пропорцияға әсер ететін факторлар жиынтығы анықталады, әр қайсысының әсер ету дәрежесі, пропорция сипаттамасына факторлардың қосынды әсері есептеледі.

4 кезең құрылымдық болжау көрсеткіштеріне түзетулер жасалады.

Болжау кезінде келісілген көрсеткіштер жүйесі қолданылады: жеке, кешенді және құрама.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1 Қоғам өндірісінің құрылымы, құрамы, факторы, элеметтері.

2 Қоғам өндірісінің құрылымын болжау.

3 Өндіріс құрылымының кезеңдері, көрсеткіштері, әдістері.



Ұсынылатын әдебиет

1. Қайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Қожагелдиев Б.Қ. Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау. Оқу құралы. Семей, 2010.

2. Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР, 1999. – с.131-147.

3. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 96-116.

4. Прогнозирование и планирование в условиях рынка.Под.ред Морозовой,М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.75-105.

5. ҚР 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациалық дамуының Стратегиясы– Үкіметтің бюллетені, № 3, 2003.- 126-132 б.


Дәріс 12 Әлеуметтік даму мен өмір деңгейін болжау және жоспарлау.

  1. Көрсеткіштер және болжау жүйесі әлеуметтік даму және өмір деңгейін болжау, жоспарлау.

  2. Әдістер мен үлгілер әлеуметтік даму және өмір деңгейін болжау, жоспарлау.

  3. Жағдайы және болжау бағасы әлеуметтік даму және өмір деңгейі болжау және жоспарлау.


1Көрсеткіштер және болжау жүйесі әлеуметтік даму және өмір деңгейі болжау және жоспарлау.

Халық тұрмысын сипаттайтын әлеуметткі-экономикалық маңызды категориясы - өмір сүру деңгейі.

Әлеуметтік даму және өмір сүру деңгейін болжаудың жалпы кезектілігі:

І Өмір сүру деңгейін жоғарылатуды құру гипотезасы

ІІ Жеткен өмір сүру деңгейін талдау

Негізгі көрсеткіштер:

- әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер

- еңбек жағдайы

- халық табысының жалпы құндық көрсеткіштер

- денсаулық жағдайы

- тағамдық өнім мен тауар халықтың қолдану көрсеткіштер

- үй жағдайы

- білім көрсеткіштер

- мәдениет көрсеткіштер

- қоршаған орта жағдайы

- халықтың жинағаны.

ІІІ Болжау әзірлеу

2.Әдістер мен үлгілер. Әлеуметтік даму мен өмір деңгейін болжау және жоспарлау.

Әдістер: сарапшылар бағалау әдісі, экономикалық талдау әдісі, нормативтік әдіс, баланстық әдіс, экстополяция әдісі, экономика-математикалық үлгілеу әдісі, корреляционды-регрессиалық талдау әдісі, экспоненциалды тегістеу әдісі және т.б.

Негізгі үлгілер:

- минималды-рационалды қолдану құрылымы;

- тұтыну үшін ресурстардың макроструктура мен көлем динамикасы;

- жеке және индивидуалды қолдану көлем динамикасы;

- үй құрылысының өсу динамикасы;

- халықтың табысы және шығысы дифференциалдық балансы.



3. Жағдайы және болжау бағасы әлеуметтік даму және өмір деңгейі болжау және жоспарлау.

Өмір сүру деңгейінің көрсеткіші – халық табысы. Оның негізгі құраушы бөліктері еңбекақы, жекеменшік және кәсіпкерлік табысы, әлеуметтік төлемдер.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Көрсеткіштер және болжау жүйесі әлеуметтік даму және өмір деңгейін болжау және жоспарлау.

  2. Әдістер мен үлгілер. Әлеуметтік даму мен өмір деңгейін болжау және жоспарлау.

  3. Жағдайы және болжау бағасы. Әлеуметтік даму мен өмір деңгейін болжау және жоспарлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет