«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау»



жүктеу 0.8 Mb.
бет5/6
Дата26.02.2018
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5   6

Ұсынылатын әдебиет

1. Қайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Қожагелдиев Б.Қ. Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау. Оқу құралы. Семей, 2010.

2. Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР, 1999. – с.147-169.

3. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 76-134.

4. Прогнозирование и планирование в условиях рынка.Под.ред Морозовой,М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.75-105.

5. ҚР 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациалық дамуының Стратегиясы– Үкіметтің бюллетені, № 3, 2003.- 126-132 б.


Дәріс 13 Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуын болжау және жоспарлау.

1. Аймақтық шаруашылық және аймақтық экономика.

2. Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуының болжау әдістемесі.

3. Аймақтық дамуының үлгілері.

1. Аймақтық шаруашылық және аймақтық экономика.

Аймақтық шаруашылық республика, аймақ, облыс аумақтарында орналасқан кәсіпорын, ұйым, орын ведомстволық бағынышқа және сала құрамына тәуелсіз құрылатын барлық шаруашылық, экономикалық, өндірістік жәнемәлеуметтік кешен болып табылады.

Аймақтық деңгейде реттеу объектілері болып: мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесі; кәсіпорынды және халыққа салық салу; жергілікті бюджет құру; халықты әлеуметтік қорғау.

Соңғы жылдары мемлекеттік аймақтық саясат құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аймақтық саясаттың негізгі мақсаттары:

1. ҚР экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және ұйымдастыру негіздерін қамтамасыз ету;

2. бірдей минималды әлеуметтік стандарттар және халықтың тең әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

3. аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму шарттарын теңестіру;

4. қоршаған ортаның ластануын тоқтату, ластанудан кейінгі болған нәтижелерді жою, аймақтың кешенді экологиялық қорғау

5. стратегиялық маңызы бар аймақтарды приоритеттік дамуы;

6. аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктерін максималды қолдану;

7. жергілікті басқарудың құрылуы және кепілдігін қамтамасыз ету.

2. Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуының болжау әдістемесі.

Соңғы жылдары аймақ деңгейінде қысқа мерзімді және орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамудың болжау құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай болжаудың методологиялық предпосылкалары болып келесі жағдайлар табылады:

1. аймақ қоғамдық өндіріс жалпы жүйесінің тұтас жүйе асты болып табылады, ол белгілі бір халық шаруашылық функцияны атқарады.

2. аймақтың экономикалық қызмет көрсеткіштерінің төмендеуі барлық жалпы қоғамдық өндіріс жүйе функциясына немесе қоғамдық әлеуметтік-экономикалық жүйесіне жағымсыз әсер етеді

3. аймақтық дамудың инерционды тенденциялары құруылуына байланысты аймақтың экономикалық жүйе қызметінің қажет нәтижелер деңгейі берілген уақыт моментіне қамтамасыз етілмейді

4. аймақтың экономикалық жүйе қызметінің режимін түрлендіру аумақтық басқару жүйесінің шегінде және берілген ресустар кезінде берілген уақыт мезгіліне қамтамасыз етілмейді

Осы жағдайларға сүйене аймақтың экономикалық даму болжауын негізгі сатылары мен әзірлеу сызбалары, оның мазмұны анықталады. Болжауды әзірлеу процесі үш блоктан тұрады: талдаушылық, концептуалды және болжамды.

Талдаушылық блок шегінде берілген территорияның ішкі байланысын зерттеу, маңызды құрылымдық байланыстарын, аймақтық жүйе және өндірістің экономикалық ядросын анықтау керек. Бұл негізгі функцияны атқаратын үзбелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Концепцуалды блок шегіндегі зерттеулердің негізгі мазмұны аймақ алдында тұрған әлеуметтік және экономикалық мақсаттарды ескере отырып аймақтың экономикалық жүйесінің дамуының тұжырымдамаларын әзірлеу болып табылады.

Оның екі кезеңі бар:

1 кезең - мақсаттар құру және сәйкес шешімдерді шешуге бағыталған белгілі міндеттерді нақтылау.

2 кезең - әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттер приориттерін анықтау және аймақтың даму стратегияын әзірлеу.

Болжау блогінің шегіндегі негізгі міндеттер болашақтағы аймақтың экономикалық жүйе дамуының сандық параметрлері мен көрсеткіштерін анықтау болып табылады.

Болжаудың үш тұрпаты қолданылады:

1-тұтас аймақтың экономикалық жүйе дамуының жалпы экономикалық болжау;



  1. -аймақтық шаруашылық тың жеке салалар мен өндірістің даму болжауы;

3.аймақтың жеке әкімшілік-аумақтық бірліктер дамуының болжауы.

3. Аймақтық дамуының үлгілері.

Аймақтың әлеуметткі-экономикалық дамуын болжау кезінде бір қатар үлгілер қолданылады, соның үш тұрпатын қарастырамыз:

1 экономикалық база үлгісі (ЭБҮ);

2 «шығын-шығару» үлгісі (ШШҮ);

3экономикалық үлгілер (ЭҮ).

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Аймақтық шаруашылық және аймақтық экономика.

2. Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуының болжау әдістемесі.

3. Аймақтық дамуының үлгілері.



Ұсынылатын әдебиет

1. Қайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Қожагелдиев Б.Қ. Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау. Оқу құралы. Семей, 2010.

2. Султанов Ө.С. Аймақтық экономика. Оқу құралы. Семей. 2013.

3. Ихданов Ж.О. және басқ. Планово-финансовые механизмы ГРЭ.-Алматы: Экономика,1998. –с. 12.


Дәріс14. Әлеуметтік және экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау.

  1. Жоспардың стратегиялық жоспарлау белгілері.

  2. Стратегиялық басқару процесінің үлгілері мен фазалары.

  3. Стратегиялық жоспарлау процедурасы, кезеңдері.

1.Жоспардың стратегиялық жоспарлау белгілері

Стратегиялық жоспарлаудың негізгі белгілері:

1. Стратегиялық жоспарлау мақсаттары – ұйымның қызметін нәтижелерін ұзақ мерзімге қамтамасыз еткен.

2. Жоспарлау идеясын ұстаушылар-басқару жоғары деңгейлері.

3. Стратегиялық жоспарлау мәселелері-сенімділіктің және нақты құрылымның жоқтығы.

4. Жоспарлау горизонты – ұзақмерзмді жоспарлау.

5. Жоспарлау интенсивтілігі- глобальді жоспарлау.

6. Қамтылған облыс –альтернативалардың кең спектрі.

7. Жоспарлау принципі – айнала жағдайды өлшеу.

8. Жоспарлау мазмұны – жаңа мүмкіндіктерді іздеу.

Жоспардың құрамы:

1. Мақсаттар: новаторлық, мәселе, өзін жетілдіру, жай жұмысшылар міндеттерін шешу мақсаттары.

2. Бағдарламалар – келешек жағдайларды және іс кезектілігін жоспарлау.

3. Нормативтер.

4. Басқару аппаратын және бағынушылар қызмет жалпы шегін анықтайтын ережелер.

5. Процедуралар –қатаң бекітілген істің кезектілігі.

6. Әдістер – процедура құрамындағы қызмет немесе операция.

7. Сметалар – қаржыны пайдалану бойынша жоспарлар.

2. Стратегиялық басқару процесінің үлгілері мен фазалары.

Стратегиялық басқару процесінің негізгі фазалары:



  1. Стратегиялық жоспарлау

  2. Стратегиялық ұйымдастыру

  3. Стратегиялық бақылау және реттеу.

Көрсеткіштер – қоғамда әлеуметтік жағдайлар мен процестердің сандық-сапалық сипаттамасы.

Көрсеткіштер жүйелері:

-тұтас жоспарлау көрсеткіштерінің жүйесі;

-әлеуметтік-экономикалық реттеу болжауларын мемлекет билігінің органдарымен әзірлеу үшін жоспарлау көрсеткіштерінің жүйесі;

-аймақ дамуының жоспарлау көрсеткіштерінің жүйесі;

-жеке салалар дамуының жоспарлау көрсеткіштерінің жүйесі;

-кәсіпорындар дамуының жоспарлау көрсеткіштерінің жүйесі.

3. Стратегиялық жоспарлау процедурасы, сатылары.

Стратегиялық жоспарлау процедуралары:



  1. Стратегиялық жоспарлау объектісінің перспективаларын талдау қадамы;

  2. Стратегиялық жоспарлау объектісінің позициясын талдау;

  3. Стратегияны таңдау.

4. Диверсификация жолдарын талдау:

4.1 қысқа мерзімді міндеттер подстановкасы

4.2 Стр міндеттерін подстановкасы

Талдаудың негізгі әдістері:

1. жүйелі

2. мақсатты

3. жағдайлық

4. SWOT-талдау әдісі

SWOT- талдау ұйым және оның ортасын оперативті-диогностикалық талдау

S – күш W - әлсіздік O - мүмкіндіктер T - қауіп

Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері:

1. ұйымның ішкі және сыртқы ортасын зерттеу

2. фирманың негізгі бағыттарын анықтау

3. Стратегиялық талдау

4. Жеке стратегиясын құру және бір нұсқасын таңдау

5. Соңғы стратегиялық жоспарлауын дайындау

6. Орта мерзімді жоспарлау

7. Жылдық жедел жоспарлау

1.Ұйымның ішкі және сыртқы ортасын зерттеу

Ұйымның ішкі ортасының сипаттамасы



  • Өндіріс

  • Қаржылық қамтамасыз ету

  • Басқару

  • Кадрлік потенциал

  • Ұйымның құрылымы

Ұйымның сыртқы ортасының сипаттамасы:

  • Экологиялық жағдайлар

  • Техникалық

  • Саяси

  • әлеуметтік

2.Фирманың негізгі бағытын анықтау: ойлар мен мақсаттар анықталады.

Фирманың идеалына кіріспе жатады.

Миссия кіріспеден қарағанда нақты ориентир.

Миссия мазмұны - өнім немесе қызмет көрсетудің сипаттамасы.

Мақсаттар тұрпаттары: экономикалық және экономикалық емес.

Уақыт бойынша: қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді, өте ұзақ мерзімді.

Ең маңызды мақсаттар:

1. нарықтағы жағдайы

2. инновация

3. өнімділік

4. ресурстар

5. басқару аспектілері

7. персонал

8. әлеуметтік жауапкершілік

3.Стратегиялық талдау

Стратегиялық талдаудың негізгі түрлері:

- айырма талдау

- шығын динамикасының талдау және тәжірибе қисығы

- нарық динамикасының талдау және ЖЦТ үлгілері

- «Өнім-Нарық» үлгісі (1975ж, Джон Стейнер)

- Стратегиялық талдаудың портфельді үлгісі

- «Мак-Кинси 7С» үлгісі

-Портер бойынша бәсекелес талдау

4. Нұсқалардың ішінде біреуін таңдау және өзінің стратегиясын құру

Келесі қадамдарды қосқанда стратегия құру процесі:

1. жалпы немесе портфельді стратегия құру

2. бәсекелестік стратегиясын құру

3. функционалды стратегия құру

5.Соңғы стратегиялық жоспарлауды дайындау: фирма саясатты таңдайды, ол стратегияны фирма қызметінің негізгі бағыттарын ашық және толық декларация етеді. Содан кейін қызметтің ережелері мен процедуралары әзірленеді.

Соңғы стратегиялық жоспарлауда мыналар болады:

- кіріспе

- миссия


- жалпы мақсаттар

Орташа мерзімді жоспарлау (саясаты фирманың)

Жылдық оперативті жоспарлау

ҚР СП 2010 жылға дейін ҚР үкіметімен бекітілген.

Жоспар мазмұны:

Кіріспе


І 2010 жылға дейін Қазақстан дамуының үлгісі

ІІ Әлеуметтік саясат

ІІІ Өндірістік-техологиялық саясат

IV Агроиндустриялды саясат

V Көліктік инфрақұрылым

VІ Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау

VІІ Қаржы-несиелік саясат

VІІІ Салық-бюджеттік саясат

ІХ Инвестициондық саясат

Х Мемлекеттік активтерді басқару

ХІ Саяси жүйелер реформасы

ХІІ Әкімшілік реформа

ХІІІ Мемлекеттік функцияларды орталықтандыру

ХІV Күтілетін нәтижелер

Қосымша

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.ЖоспардыңСП белгілері

2.СУ процесінің модельдері мен фазалары

3.СП процедура,сатылары

4.СПРК 2010 ж дейін

5. ҚР 2015 жылға дейін индустриялды-инновациялық саясат



Ұсынылатын әдебиет

1. Қайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Қожагелдиев Б.Қ. Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау. Оқу құралы. Семей, 2010.

2. ҚР 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациалық дамуының Стратегиясы– Үкіметтің бюллетені, № 3, 2003.- 126-132 б.

3. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 76-134.


Дәріс 15. Салым салу қызметінің және күрделі құрылысының деңгейін болжау, жоспарлау.

  1. Қазіргі кездегі мемлекеттің салым салу саясаты.

  2. Елдегі құрылыстар кешенінің мүмкіндігі, оны сақтау, дамыту жолдары.

  3. ҚР күрделі құрылысты жоспарлау.

  1. Қазіргі кездегі мемлекеттің салым салу саясаты.

Салым саясаты дегеніміз –салымның көзін, мөлшерін, құрылымын, экономикалық дамудағы негізгі бағытын, маңызды бөліктерге жинақталуын,оның тиімді пайдалануын анықтайтын шаруашылық шешімдердің жиынтығы. Өндірістің туындауы және ғылыми – техникалық дамуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының біртұтас салаларына салым саясатын пайдаланады. Салым салу саясатының объектісі халық шаруашылық салаларының барлық кешені болып табылады, олар қайта өндіріс процесін және ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік салым саясаты – белгілі бір мезгілге есептелген, ғылыми негізделген мақсатқа жетуге бағытталған басшы құрылымның әрекет түрі.

Мақсаттардың құралуы саясат сілтеуімен, ал олардың жүзеге асуы әдіс-айлары пайдаланып жүргізіледі. Демек салым саясатына оның негізгі бірі болып байланысқан бөліктерінен тұратын бағдары мен әдістері жатады. Салым саясатына арнаулы бағыттағы оның жұмсалған қаражаты пайдаланып шешілетін маңызды мәселелер ман мақсаттар жатады. Салым саясатының жобалы мақсаты елдегі жалпы экономикалық жағдайлардың талдауынан туындайды. Экономиканың бөліктері арасында мемлекеттің салым қорын бөлуі арқылы салым саясатының мақсаты жүзеге асырылады.

Қазіргі кездегі экономикалық ерекшелігіне сәйкес келетін салым саясатын жасаудың бірнеше қағидаларын бөлуге болады:

1. Мемлекеттің салым саясат мен аймақтық салым жоспарының қатынасын күшейту.

2. Орталықтандырылған салыммен кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау.

3. Ірі мүмкіндіктерді тартуға ынталандыру механизмін құру.

4. Мемлекеттік қаржыландырылатын салымдарды аймақтардың бағытталған бағдарларына сәйкес орналастыру.

5. Салым саясатында мемлекттің ерекше орынын анықтау.

6. Экономикаға салым салғанда жеке меншік үлесін көбейту арқылы орталықтандыруды бәсеңдету.

7. Бағдарламаларда мелекеттік пен бизнес бірігіп қаржыландыруын кеңейту.

8. Орталықтандырылған қарыздық қаражаттың бөлігін өте тиімді және тез шығын қайырымын беретін салым жоспарларын пйдалану.

9. Құқықтық және нормативтік базаларды жетілдіру.




  1. Елдегі құрылыстар кешенінің мүмкіндігі, оны сақтау, дамыту жолдары.

Құрылыс кешені құрылыс салуға байланысты соған қатысатындардың бәрін топтастырады. Ол халық шаруашылығының саласынан бастап, салуға тапсырыс алатын кәсіпорындар, техника, шикізат, қаржы-қаражат, қаржы беру жүйесі, ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдары және тұрғындарды қамтиды. Тұтынушылар сұранысын қажетті құрылыс өнімдері мен сапалы және көрсеткен мерзімде қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтайтын көрсеткіштердің жиынтығын құрылыс салу мүмкіндігі дейді. Сол көрсеткіштердің ішінде келесілерді көрсетуге болады:

1. Кадрлардың барлығы;

2. Құрылыс монтаждық ұйымдардың материалды-техникалық қамтамасыз етілу көрсеткіштері;

3. Қаражат, экономикалық, ғылыми-техникалық өзіндік даму көрсеткіштері;

4. Ұйымдастыру-басқару көрсеткіштері;

5. Құрылыс саладағы болашақ даму деңгейінің көрсеткіштері;

6. Ақпарат жүйелерінің көрсеткіштері.

Сонымен құрылыс кешенінің мүмкіндігі салымның аздығынан ғана емес, басқа жағдайларға байланысты кемиді. Оның орнына кейінгі кезде шет елдердің құрылыспен шұғылданатын ұйымдары кеңінен етек жайып келеді. Оның келеңсіз жағдайлары да баршылық.


3.ҚР күрделі құрылысты жоспарлау.

Біздің еліміз соңғы жылдары құрылыс салудан ірі жетістіктерге жетуде.

Құрылыс кешенінің құлдырауын тоқтата алатын және қажетті деңгейге дейін мобилді дайындығын көтере алатын әдістер кешенін қабылдау керек.

Соның ішінде мына әдістер:

1. Барлық салымдық кешен дамуының тұтас тұжырымдамасын дайындау;

2. Шектеулі орталықтанған күрделі кірістерді қолданып ең нәтижелі бағыттарды негіздеу;

3. Нарық механизмін, инфрақұрылымдық құрамдарын, институциалдық қаржылық құрылымдарын құру.

4. Салым саласында бұрын қабылданған, бірақ жұмыс істемейтін заңдар мен бұйрықтарды қарастыру,салымдық қызметті ынталандыру;

5. ҚР субъектілерінің шаруашылық және қаржылық жаңа мүмкіндіктерін, инвестициялық қызметтің белсендендіру бағытында бос экономикалық аймақтары артықшылықтарын қолдану;

6. Құрылыс өндірісінде ҒТП қарқындарын жеделдету, болашағы бар зерттеулер мен әзірлемелер көлемін арттыру, құрылыс машиналар паркін жаңарту және қайта қаруландыру , лизингтік операцияларды кең қолдану.

Кешенді өндіріс орнын сала отырып технологиялық тізбекті пайдалану керек.

Құрылыс материалдары өндірісін дамыту үш кезеңнен тұрады:

1-кезең: шикізат базасын дамыту бағыттары;

2-кезең – бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды ретке келтіру;

3-кезең – өнім өндіруді ұлғайтып оларды экспортқа шығару жолдарын қарастыру.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Қазіргі заманда мемлекеттің инвестициялық саясаты.

  2. Елдің құрылысы кешенінің потенциалы, сақтау жолдары және дамыту.

Ұсынылатын әдебиет

1. Қайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Қожагелдиев Б.Қ. Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау. Оқу құралы. Семей, 2010.

2. ҚР 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациалық дамуының Стратегиясы– Үкіметтің бюллетені, № 3, 2003.- 126-132 б.

3.Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР, 1999. – с.111-131.



Лабораториялық_сабақтар._Лабораториялық'>3. Лабораториялық сабақтар.
Лабораториялық сабақ 1. Нарықтық жағдайда әлеуметтік–экономикалық жоспарлаудың(СЭП) ролі. Жоспарлауды ұйымдастыруға мемлекеттік тәсілдеме.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:

1.Нарықтық жағдайда әлеуметтік –экономикалық жоспарлаудың(СЭП) ролі.

2. Әлеуметтік–экономикалық дамуды мемлекттік жоспарлаудың қажеттілігі.

3.Жалпы мемлекеттік жоспарлаудың негізгі формалары: директивті, индикативті және стратегиялық жоспарлау.


Сабақтың мақсаты: Студенттер «Әлеуметтік –экономикалық жоспарлау» курсының негізгі түсініктерін ұғу керек, сонымен қатар болжау және жоспарлауды ұйымдастырудың негізгі тәсілдемелерін түсіну керек.
Бақылау сұрақтары:

Басқару процесінде СЭП ролі.

Жоспарлау жүйесі. Жалпы мемлекеттік жоспарлаудың формалары.

ҚР-да бағдарламалық құжаттарының иерариясы.


Методикалық нұсқау:

-Практикалық сабаққа дайындық кезінде сабақтың жоспарын қарап, дәріс конспектілерін оқып, ұсынылатын әдебиеттерді оқу керек;

-Ұсынылатын әдебиеттерді қарастыру кезінде студент мазмұндалғанның негізгі ойын конспектілеу керек, бастысын анықтау керек.


Ұсынылатын әдебиет

1.Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР, 1999. – с.5-18

2. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 6-35

3. Прогнозирование и планирование в условиях рынка.Под.ред Морозовой,М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.8-28


Лабораториялық сабақ 2. Әлеуметтік –экономикалық жоспарлау жоспарлаудың бастапқы сатысы ретінде.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:

  1. Экономикалық болжау жүйесі. Болжаудың негізгі топтары.

  2. ЭП негізгі принциптері.

  3. ЭП негізгі функциялары. Экономикалық болжаудың мәні, оның заты, объекті және алдын ала көрудің (предвидиние)негізгі формалары.

  4. Болжаудың жалпы және спецификалық әдістері.

  5. Болжаудың типологиясы.


Сабақ мақсаты: Студенттер экономикалық болжаудың жүйесін және принциптерін, экономикалық жоспарлаудың нарықтық жағдайда ерекшелігін білу керек.
Бақылау сұрақтары:

1.Экономикалық жоспарлаудың жүйесі.

2.Экономикалық жоспарлаудың жүйесінде болжау топтары, олардың сипаттамасы.

3. Экономикалық жоспарлаудың принциптері.

4. Экономикалық жоспарлаудың функциясы.

5. Ретроспекция, диагноз, проспекция

6. Экономикалық жоспарлауға ізденіс және нормативті тәсілдеме.

7. Экономикалық жоспарлаудың мәні.

8. Экономикалық жоспарлаудың аспектілері.

9. Болжау - алдын ала болжап айту – гипотеза.

10. Экономикалық жоспарлаудың жалпы ғылыми және спецификалық әдістері.

11. Экономикалық жоспарлаудың типологиясының критериилері мен белгілері.

12. Жеке болжау түрлерінің сипаттамасы.
Методикалық нұсқау:

-Практикалық сабаққа дайындық кезінде сабақтың жоспарын қарап, дәріс конспектілерін оқып, ұсынылатын әдебиеттерді оқу керек;

-Ұсынылатын әдебиеттерді қарастыру кезінде студент мазмұндалғанның негізгі ойын конспектілеу керек, бастысын анықтау керек.

-Болжау топтарының сұлбасын өзі құрастырған пайдалы
Ұсынылатын әдебиет

1.Егоров Ю.Н., Варакута С.А.Планирование на предприятий. –Инфра-М, 2001.- с.37-49.

2. Экономика предприятия. Под.ред.Ф.К.Беа, Э. Дихтла и др.- М.:Инфра - М,1999.-с.549-561.

3. Стратегическое планирование. Под.ред.Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.-с.407-429.


Лабораториялық сабақ 3. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың жүйесі мен принциптері.

Лабораториялық сабақтың мазмұны:

1. Экономикалық болжаудың әдістер мәні және олардың классификациясы.

2. Болжау әдісінің сипаттамасы.

3. АҚШ мысалында экономикалық жоспарлаудың тәжірибесі.
Сабақтың мақсаты:Шетел тәжірибесін ескеріп болжаудың негізгі әдістерін оқу

Бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық жоспарлаудың негізгі процедуралары.

2. Болжау экстрополяциясының артықшылығы мен кемшілігі.

3. Экономикалық жоспарлаудың әдісінің классификациясы.

4. Фактографикалық әдістер классификациясы.

5. Сарапшылар бағалау әдісі.

6. Болжау экстрополяция әдістері.

7. АҚШ-тағы экономикалық жоспарлау.
Методикалық нұсқау:

-Практикалық сабаққа дайындық кезінде сабақтың жоспарын қарап, дәріс конспектілерін оқып, ұсынылатын әдебиеттерді оқу керек.

-Болжау методикасын практикалық мысалда үйрену.

-Ұсынылатын әдебиеттерді қарастыру кезінде студент мазмұндалғанның негізгі ойын конспектілеу керек, бастысын анықтау керек.
Ұсынылатын әдебиет

1.Егоров Ю.Н., Варакута С.А.Планирование на предприятий. –Инфра-М, 2001.- с.37-49.

2. Экономика предприятия. Под.ред.Ф.К.Беа, Э. Дихтла и др.- М.:Инфра - М,1999.-с.549-561.

3. Стратегическое планирование. Под.ред.Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.-с.407-429.


Лабораториялық сабақ 4. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың арнайы әдістері және олардың классификациясы (жіктелуі).
Лабораториялық сабақтың мазмұны

1. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың спецификалық әдістері және олардың классификациясы.

2. Болжаудың интуитивті әдістері.

3. Болжаудың формализденген әдістері.

4. Экономикалық болжаудың үлгілері.
Сабақтың мақсаты: Студенттер әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың (ӘЭЖ) әдістері мен үлгілерін, олардың мәнін және қажеттілігін түсіну керек, оларды практикада қолдана білу керек.
Бақылау сұрақтары:


  1. Болжау процесі дегеніміз не?

  2. Болжау процесі қалай реттеліп тұрады (выстраивается)

  3. Болжау әдістерін сипаттамасы және олардың нарықтық экономика жағдайында мәні

  4. Экономикалық болжау үлгілері

  5. Динамикалық сала аралық баланс үлгісі

  6. Болжауда макроэкономикалық үлгілер

  7. Болжауда экономика-математикалық үлгілер


Методикалық нұсқау:

-Практикалық сабаққа дайындық кезінде сабақтың жоспарын қарап, дәріс конспектілерін оқып, ұсынылатын әдебиеттерді оқу керек.

-Ұсынылатын әдебиеттерді қарастыру кезінде студент мазмұндалғанның негізгі ойын конспектілеу керек, бастысын анықтау керек.


Ұсынылатын әдебиет:

1.Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР, 1999. – с.18-36.

2. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 407-434

3. Прогнозирование и планирование в условиях рынка.Под.ред Морозовой,М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.40-75

4. ҚР 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациалық дамуының Стратегиясы– Үкіметтің бюллетені, № 3, 2003.- 126-132 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет