Әлеуметтік ғылымдар факультеті



жүктеу 45.52 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі45.52 Kb.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

Әлеуметтану кафедрасы

6М050100-«Әлеуметтану» мамандығы бойынша

ТҮСУ ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


  1. Әлеуметтанудың теориялық алғышарттары.

  2. Заманауи Қазақстандағы әлеуметтік құрылым және стратификация.

  3. Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері. Эмпириялық және қолданбалы зерттеу.

  4. Әлеуметтанулық білімнің дамуындағы негізгі кезеңдер.

  5. Қазақстандағы урбанизация: процестер мен нәтижелер.

  6. Әлеуметтанулық зерттеулердің әдіснамасы, әдістемесі және техникасы.

  7. Әлеуметтанулық теорияның негізгі парадигмалары.

  8. Қазіргі әлемдегі көші-қон процестерінің негізгі бағыттары. Қазіргі Қазақстандағы көші қон.

  9. Қолданбалы зерттеулердегі теорияның рөлі.

  10. Классикалық әлеуметтанудың негізгі концепциялары.

  11. Заманауи Қазақстандағы әлеуметтік мобильділіктің арналары.

  12. Іріктеу әдісі: іріктеу әдісінің негізгі ұғымдары. Таңдаудың бірліктері мен кезеңдері.

  13. Әлеуметтік әрекеттің әлеуметтанулық концепциялары.

  14. Әлеуметтанудағы «маргинал» және «маргиналдық» түсініктері. Қазақстандағы маргинализация процестері.

  15. Іріктеудің негізі: түрлері, құрастыру әдістері. Мүмкіндікті іріктеу типтері және оларды құрастыру рәсімі (процедурасы). Іріктеуді жоспарлаудың мысалдары.

  16. Әлеуметтік стратификацияның классикалық және заманауи теориялары.

  17. Қазақстандағы этностардың өзара әрекеті.

  18. Әлеуметтанудағы бұқаралық сұрау салу. Сұрау салудың пайда болуы, анықтамасы және түрлері.

  19. Әлеуметтанудағы девианттық мінез-құлық теориялары.

  20. Қазіргі қоғамдағы білім институты.

  21. Сұрақ парағын құрастырудағы негізгі ережелер. Сұрақтарды дайындауға қойылатын талаптар.

  22. Э.Дюркгеймнің социологизмі: әлеуметтік фактлер, әлеуметтік ынтымықтастық концепттері.

  23. Қазіргі Қазақстандағы этнодемографиялық процестердің ерекшеліктері.

  24. Бұқаралық сауалнамадағы «сензитивті» (сезімтал) сұрақтар: жанама және жобалық.

  25. Әлеуметтанудағы органицизм: Г.Спенсердің эволюциялық теориясы.

  26. Заманауи Қазақстандағы жастар субмәдениеттері.

  27. Әлеуметтанулық зерттеудің логикасы.

  28. К.Маркстің әлеуметтанулық идеялары.

  29. Қазіргі Қазақстандағы байлық пен кедейлік.

  30. Өлшеудің сапасы (өлшеудің сенімділігі мен валидтілігі).

  31. М.Вебердің ұғыну әлеуметтануы.

  32. Қазақстандағы орта тап. Функциялық және дескриптивті әдістер.

  33. Әлеуметтанудағы зерттеу дизайны.

  34. Т. Парсонстің құрылымдық функционализмі.

  35. Дін әлеуметтануы: Қазақстандағы діни мәселелерді зерттеудегі теориялар мен зерттеу әдістер.

  36. Әлеуметтанулық зерттеудегі болжамдар: болжамдардың түрі, негізгі талаптар.

  37. Әлеуметтанудағы символдық интеракционизм.

  38. Діншілдік - әлеуметтанулық зерттеудің пәні.

  39. Қатысты бақылау әдісі: мүмкіндіктері мен шектеулері.

  40. Әлеуметтанудағы айырбас теориялары.

  41. Ұлт және ұлтжандылық концепциялары.

  42. Әлеуметтік ғылымдардағы эксперимент. Эксперимент түрлері. Әлеуметтік ғылымдардағы экспериментті ұйымдастырудың негізгі қағидалары.

  43. Шиеленіс теориялары (Л.Козер, Р.Дарендорф).

  44. Қазақстандағы әлеуметтану: зерттеулердің негізгі бағыттары.

  45. Әлеуметтік зерттеудегі эксперттік бағалау.

  46. Құндылықтар және нормалар, олардың әлеуметтанулық интерпретациясы.

  47. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар.

  48. Құжаттарды талдау - әлеуметтанулық зерттеудің әдісі.

  49. Жаһанданудың заманауи териялары (И. Уоллерстайн, М. Кастельс, т.б.).

  50. Мультикультурализм - заманауи этноәлеуметтанудағы негізгі концептілердің бірі.

  51. Әлеуметтанулық зерттеудегі сұрау салу, оның түрлері және мүмкіндіктері мен шектеулері.

  52. М. Арчердің морфогенез теориясы.

  53. Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік және этнодемографиялық құрылымы.

  54. Бақылау - әлеуметтанулық зерттеудің әдісі.

  55. Э. Гидденстің құрылымдық теориясы.

  56. Қазақстандағы этникалық және сәйкестілік: қазақстандық және шетелдік зерттеулер.

  57. Фокус–топтар - әлеуметтанулық зерттеудің әдісі.

  58. А. Шюцтің әлеуметтік феноменологиясы.

  59. Қазақстандағы саяси әлеуметтанудағы негізгі мәселелер.

  60. Әлеуметтанулық зерттеудің мәліметтерін өңдеу, талдау және пайдалану.

  61. Әлеуметтанудағы институттық бағыт.

  62. Қазақстандағы электоралды зерттеулердің түрлері.

  63. Әлеуметтанулық зерттеудегі сандық әдістер.

  64. Петра Штомпканың сенім теориясы.

  65. Қазақстандық әлеуметтанудағы еңбек нарығына қатысты зерттеулер.

  66. Сұхбат және этикалық мәселелер.

  67. Жаһандануды талдаудағы И.Уоллерстайнның «әлем-жүйе» теориясының эвристикалық мүмкіндіктері.

  68. Әлеуметтанулық дәстүрдегі мәдениет.

  69. Әлеуметтанудағы визуалды әдістер.

  70. Заманауилық - әлеуметтанудың зерттеу объектісі.

  71. БАҚ әлеуметтануының негізгі проблематикасы.

  72. Сапалық сұхбаттағы мәліметтерді фиксациялау.

  73. Пьер Бурдьенің символдық кеңістік теориясының эвристикалық мүмкіндіктері.

  74. Заманауи Қазақстандағы қоғамдық пікірді зерттеу.

  75. Контент-талдау: мүмкіндіктері мен техникасы.

  76. Әлеуметтанулық зерттеудегі теорияның рөлі.

  77. Қазақстандағы басқару әлеуметтануының негізгі проблематикасы.

  78. Кейс-стади - зерттеу стратегиясы.

  79. Теориялық әлеуметтану және әлеуметтанулық қиял.

  80. Гендер әлеуметтануы: тарихы және әдіснамасы.

  81. Әлеуметтанудағы сандық және сапалық әдіснаманың ерекшеліктері.

  82. Әлеуметтанудағы модернизация және постмоденрнизация теориялары.

  83. Заманауи Қазақстандағы отбасы институтының трансформациясы.

  84. Сапалық мәліметтерді талдау және интерпретациялау.

  85. Әлеуметтанушының кәсіби этикасы.

  86. Заманауи қазақстандық әлеуметтанушылардың зерттеулеріндегі жастар проблематикасы.

  87. Әлеуметтанудағы сапалық әдіснаманың теориялық негіздері.

  88. Зерттеушінің тәуелсіздігі және ғылыми құндылықтардан еркін болу.

  89. Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар.

  90. Әлеуметтанудағы сандық және сапалық әдістердің үйлесімі.

6М050100-«Әлеуметтану» мамандығы бойынша түсу емтихан сұрақтары кафедра мәжілісінде қарастырылып, «05» сәуір 2018 ж. №9 хаттамамен бекітілді.





Каталог: downloads -> materials
materials -> Бағдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»
materials -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
materials -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
materials -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
materials -> Iii халықаралық Ғылыми форум «ххі ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы»
materials -> 6D020500 – Филология
materials -> Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға әдебиеттану, тілтану саласының кәсіби мамандары, мектеп мұғалімдері, магистрант-ізденушілер шақырылады. Конференция барысында талдау нысаны болар мәселелер
materials -> Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет