Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары Жалпы ережелер Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы»



жүктеу 253.65 Kb.
Дата11.11.2018
өлшемі253.65 Kb.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы «__» ____________

№___ бұйрығына

2-қосымша



Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін және оларға жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;

2) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;

3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

5) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

6) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;

7) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

8) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

9) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

10) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

11) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

12) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

13) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

14) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;

15) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі;

16) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

17) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.



2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі

3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.

4. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын құрады, оларды құрған кезде тұрақты жұмыс орындары қолданылмайды және олар ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.

5. Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады.

6. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында:

1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;

3) мүгедектер;

4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;

7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;

8) оралмандар;

9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады.

7. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;

2) белгіленген қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды;

5) жұмыс берушілердің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг жүргізеді.

8. Тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органы:

1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

2) әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе), ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс жағдайын, төленетін еңбекақы мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін тізбені алған күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде бекітеді.

Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

9. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы шарт жасасады.

10. Жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;

2) еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың көшірмесін (бар болса);

3) білімі туралы құжаттың көшірмесін (бар болса);

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесін (әлеуметтік жұмыс орнына жолдама берілгенге дейін ұсынылады) қоса бере отырып, өтінім береді.

11. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация береді;

2) жұмыссыздардың келісімімен оларға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жолдама береді.

12. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде:

1) жұмыссыздардың денсаулық жағдайы, жас, кәсіби және басқа да жеке ерекшеліктері;

2) халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендігі;

3) жолдама беру сәтінде жіберілетін жұмыссыздар үшін лайықты жұмыстардың болмауы ескеріледі.

13. Жұмыс беруші Заңның 28-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.

14. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің хабардар етуінің негізінде жұмыссызбен және жұмыс берушімен Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасасады.

Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбекақы мөлшерін және оны төлеу шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен көздерін қамтиды.

15. Жолдама берілгенге дейін бір жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілермен еңбек қатынастарында тұрған жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.

16. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығына қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.

17. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.

18. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде ұйымдастыру шарттарын жасасуға жол берілмейді.

19. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысудың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.

Бұл ретте жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен күнтізбелік жыл ішінде бір рет жүзеге асырылады.

20. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың еңбек кітапшасына әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеген кезеңін енгізеді.

21. Бос жұмыс орны пайда болған кезде жұмыс берушінің бастамасы бойынша және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген мерзімдерде жолдайды.

22. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

23. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасына енгізеді.

24. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6475 болып тіркелген) сәйкес есептілікті жүргізеді және белгіленген мерзімдерде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:

1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің саны туралы;

2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың саны туралы;

3) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру тәртібі

25. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру арқылы республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады.

26. Салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экология бойынша үстемеақыларды есептемегенде пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

27. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шарттар және жұмыссыздармен және жұмыс берушілермен жасалған әлеуметтік келісімшарттар негізінде бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес және аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде осы мақсаттарға көзделген сомалар шегінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

28. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандардың жалақыларына субсидия сомасын жұмыс берушілердің есеп айырысу шотына аударады.

29. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді ай сайын нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай жүргізеді.

Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне байланысты жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру

қағидаларына

1-қосымша


Нысан
______________ (ауданының,

қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығына _________________________

Өтінім
______________________________________________________________ (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)

жұмыссыздар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.

Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешiм тапқан жағдайда жұмыссыздарға тiзбеге сәйкес мынадай әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылатын болады:




Р/с


Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған
саны

Жұмыстардың
жоспарлы ұзақтығы (ай)

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге























































Қосымша:

1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.

2. Ұйым жарғысының немесе құрылтай шартының көшiрмесi.
___________ ___________

Басшы                                                      Күнi

М.О. (бар болса)

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру

қағидаларына

2-қосымша


Нысан

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
№ _____ шарт

_____________ауылы (қаласы)                   20__жылғы __ _________


Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры
__________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

және _______________________________________________________ атынан

                    (жұмыс берушінің атауы)

__________________________________________________________________

(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

(бұдан әрі — Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес және


________________________ауданы (қаласы) әкімдігінің 20___ жылғы __ _________ № ___ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың мәні
1. Жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында олар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру.

2. Шарт сомасы_______________________________________________                                                   (жазбаша)

теңгені құрайды.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:

1) азаматтарды олардың келісімімен Орындаушыға ______________

___________________________________ адам жіберуге;

                   (жазбаша)

2) Жұмыс беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес Жұмыс беруші белгілеген жалақының _______ % есебімен, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен айқындалған жалақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын, нақты орындаған жұмыс уақытына, бір адамға жұмыс істеген толық айына _________________________________________________________ теңге
                          (сомасы жазбаша)

сомасында жұмыс берушінің жұмысқа қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуді жүргізуге міндеттенеді.

4. Орындаушы:

1) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға:




Р/с №

Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр

Саны

Жұмыстардың ұзақтығы, ай

Айлық еңбекақының мөлшері, теңге

Еңбекақы төлеуге арналған өтемақының мөлшері айына, теңге























































2) жұмыссыздармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасуға;

3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарынан әлеуметтік аударымдарды аударуды жүргізуге;

4) қажет болған жағдайда, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;

5) халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынуға;

6) әрбір әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;

7) қажет болған кезде әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;

8) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

9) әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

10) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;

11) халықты жұмыспен қамту орталығымен және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуға үміткерлермен әлеуметтік келісмшарт жасасуға;

12) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.

3. Еңбекақы төлеу
5. Орындаушы әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

9. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.



5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған бой бермейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.

11. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

12. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.

14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары:


Тапсырыс беруші

Жұмыс беруші

______________________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы ________________________________

_______________________________


мекенжайы: _____________________


мекенжайы: _____________________



ЖСК

ЖСК

БСК

БСК

БСН (ЖСН)

БСН (ЖСН)

Коды

Коды

___________________ __________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

__________________ __________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

М.О.

М.О. (бар болса)

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы шартқа қосымша

Нысан


___________________________________________

(жұмыс берушінің атауы)

Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы

20__ жылғы ____________



МӘЛІМЕТТЕР


Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжаттың №,

берілген күні

ЖСН

Еңбек шартының нөмірі мен күні

1

2

3

4

5

1









2









3









4











Жиыны:







кестенің жалғасы

Шарт бойыншажалақының мөлшері

Айдағы жұмыс

күндерінің саны

Нақты жұмыс

істеген

күндер

Есептелген

жалақының сомасы, теңге

Зейнетақы жарналарының сомасы

Бюджеттен өтемақы төленуге тиіс, теңге

6

7

8

9

10

11

































































Басшы_____________


Бас бухгалтер_____________
М.О. (бар болса)

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 3-қосымша


__________________ ауданының
(қаласының) Халықты жұмыспен
қамту орталығының директорына
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
Нысан
ӨТІНІШ
Мені _____________________________________ бағдарламасы бойынша

(бағдарламаның атауы)

әлеуметтік жұмыс орнына жіберуіңізді сұраймын.

Қосымша ___ парақта:


  1. жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  2. еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың көшірмесі (бар болса);

  3. білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

  4. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі (әлеуметтік жұмыс орнына жолдама берілгенге дейін ұсынылады).

Егер оң шешілген жағдайда жеке әлеуметтік келісімшартқа қол қоюға міндеттелемін.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

_________________ ___________

Күні қолы

      -------------------------------------------------------------------------------------------------


                             (кесу сызығы)

Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші


20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:


_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

_________________ ___________

Күні қолы

*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

4-қосымша

Нысан

Әлеуметтік жұмыс орнына № ______ жолдама

жұмыссыз __________________________________________________________



(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

______________ бастап ____________________дейін ______ ай мерзімге

____________________________________________________________________

(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

__________________________________________________________________



(кәсіп/мамандық атауы)

мамандығы (кәсібі) бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.


__________________________ _________________________
Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы

орталығының директоры


Берілген күні
М.О.
-----------------------------------------------------------------------------------------------

(кесу сызығы)
Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады
______ жолдамаға хабарлама

________________________________________________________________

________________________________________________________________

(жұмыс берушінің атауы)

___________________________________________ бағдарламасы шеңберінде



(бағдарламаның атауы)

20__ __ __________ жасалған еңбек шартына сәйкес ______________ ретінде



(кәсіп/мамандық атауы)

20__ жылғы __ ________ әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасты (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мерзімі 201_ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ________ дейін ___ ай.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.



Жұмыс берушінің жауапты өкілі _______________________________

(қолдың таратылып жазылуы)

М.О. (бар болса)


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет