«Әлеуметтік пәндер»



жүктеу 103.92 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі103.92 Kb.
түріСабақ

«Әлеуметтік пәндер» «Бекітемін»

Бірлестігінде қаралды Директордың оқу-ісі

Хаттама №___ «___» « _____»2016ж жөніндегі орынбасары

Бірлестік жетекшісі ________Жиенқожаев М.С

Сражов Б.Б 14.01.2016




Панорамалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Обьектілерді қоршау және постыларды жабдықтау

Оқытушы: Хамитов К.Б

Ақтөбе, 2016ж
Сабақтың мақсаты: 

1. Білімділік:Обьектілерді қоршау және постылардың жабдықталуымен таныстыру.

2. Дамытушылық:Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының ережелерімен, жауынгерлік тапсырманы орындау талаптарымен таныстыруды жетілдіру, дамыту. 

3. Тәрбиелік:Оқушыларды патриотизм мен интернационализм идеяларымен қаруландыру. Жауынгерлік міндет пен әскери антқа адал болуға, Отансүйгіштікке баулу. Сабақтың түрі: панорамалық сабақ. Көрнекіліктер:Интерактивті тақта, компьютер,слайдтар, тест парақшалары автомат макеті.  Пәнаралық байланыс: Физика, орыс тілі, тарих, қазақ тілі, химия, математика. Сабақ уақыты: 90 минут  


І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Взвод командирінен сабаққа дайындық туралы докладын қабылдау және взводпен сәлемдесу.
2. Сабаққа даярлықты тексеру.
3. Сабаққа оқушылардың назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Сұрақ - жауап жұмысын жүргізу.
ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Бекіту


Ү. Қорытынды бөлім.

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ тақырыбын және сабақ мақсаттарын айтамын.



Негізгі бөлім.

Түсіндіремін. Слайдтан көрсете түсіндіремін.



Объектілерді тікелей күзету және қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді.
Сақшы дегеніміз — өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған қарауыл.
Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе учаске пост деп аталады.
Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілері мен жергілікті жер учаскілері де жатады.
Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізіледі.
Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау .Күзетілетін объектілер орналасқан аумақтың сым қоршауларының арасы: төменгі бөлігі 5 см-ден, жоғаргы бөлігі 15 см-ден аспайтын арақашықтықтағы биіктігі екі метрден кем емес ішкі және сыртқы қоршаулары болуы керек. Сыртқы және ішкі қоршаулардың арақашықтыгы жергілікті жағдайга қарай 10 м және одан да көп болуы мүмкін. Қоршаулар арасынан сақшылардың жүруіне арналған сүрлеу (жол) және ені 5 метрден кем емес, қоршаудың сыртқы жағынан өтетін бақылау-қадағалау жолы жабдықталады.
Күзетілетін объектілерге кіре берісті бақылауға ыңғайлы болу үшін қоршаулардың арасына (сыртқы қоршауда) оқ өткізбейтін қоршауы бар, байланыс, дабыл жүйесі құралдарымен, қуатты жарықтандырғыш құралдармен және найзағайдан сақтану күрылгыларымен жабдықталған бақылау мұнаралары (1-сурет) орналастырылады.
Аса маңызды объектілерде қару-жарақ пен бақылау аспаптары койылған арнайы инжәнерлік ғимараттар, сондай-ақ инжәнерлік бөгеттер (ОБК, "сүріндірме", бағаналар, орлар), оқ өткізбейтін қоршауы және гранатқа қарсы торлары бар бақылау мұнаралары орналастырылуы мүмкін (немесе броньді объектілер қойылады).
Күзетілетін объектілері бар аумаққа кіре берісте түнде және күндіз жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады: мысалы: "Жүруге (өтуге) тыйым салынады (жол жоқ)". Айналып жүру (айналып өту) көрсеткіштер арқылы көрсетіледі. Бұл көрсеткіштер тәуліктің белгілі бір уақытына ғана койылуы мүмкін.
Жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару орган-дарының келісімімен, заңдарга сәйкес әскери бөлімнің аумағынан тыс орналасқан объектілер айналасына тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекаралары тұрған жерінде жақсы көрінетін қазақ және орыс тілдерінде жазуы бар көрсеткіштермен "Тыйым салынган аймақ (аудан), жүруге (өтуге) тыйым салынады (жол жоқ)" деп көрсетілуі керек. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекарасын белгілеу туралы гарнизон бастығы (әскери бөлім командирі, күзетілетін объектілердің бастығы) жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдары арқылы жақын орналасқан елді мекеннің халқын дер кезінде құлақтандыруы тиіс. Тыйым салынған аймақ (аудан) шекарасына ортақ пайдаланып жүрген жолдар, тұрғын жай және қызметтік құрылыстар, өңделетін алқаптар және т.б. кірмеуі керек.
Пост аумағында сақшыға жергілікті жердің жағдайына қарай 50 метрден кем емес жерді қарауға және атуға жағдай жасалуға тиіс, сондықтан пост айналасы бұталардан тазартылған, ағаштары кесілген, төменгі бұтақтары 2,5 м биіктікте қырқылған, шөптері шабылған, артық заттары жиналған болуы тиіс. Постыға бөтен адамдардың жақындауынан тыйым салынатын қашықтықты белгілейтін тыйым салынған шекара сақшыға күндіз, түнде және нашар көрінетін жағдайда көрсеткіштермен көрсетіледі. Бірнеше постылары бар объектілер аумағындағы әрбір постының шеқарасы жергілікті жерде көрсеткіштермен керсетіледі, мысалы: "N2 постының шеқарасы".
Әскери қалашықтан тыс орналасқан аса маңызды объектілерді және қарауыл үй-жайын қорғау үшін оқпаналар олардан пост (қарауыл үй-жайына) кіре берісін ата алатындай және мүмкіндігінше көршілес постылармен байланысты қамтамасыз ететіндей есеппен қазылады және жабдықталады. Оқпана қарауыл үй-жайымен байланысатын байланыс (дабыл жүйесі) құралдарымен жабдықталады.
Түнгі уақыттарда постыға және қарауыл үй-жайына кіре беріс маңы жарықтандырылуы керек. Жарықтандыру сақттты постыда тұрғанда немесе пост аумағында жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуі тиіс.
Пост сақшысының қарауыл бастығын, оның көмекшісін немесе жұмысқа таратушысын дереу (ең кемі екі нүктеден, ал объектілерді патруль әдісімен күзету кезінде — әрбір 250 м жүргеннен кейін) шақыра алатын байланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс. Ішкі, әсіресе жауынгерлік ту жанындағы постының биіктігі 0,7—1 м қоршауы және жарықтандырылған болуы керек.
Постыдағы сақшының қаруын ұстау ережесі:
а)— тұрып атуға дайындалған кездегі сақшының автоматты ұстау күйі;

ә) - белдікті қолданып тұрып атуға дайындалған кездегі сақшының автоматты ұстау күйі


Бақылау-өткізу пунктінде сақшыны күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз ететін қоршау болуы қажет.
Әрбір сыртқы (қажетті жағдайларда ішкі) постыларда, күзетілетін қоймаларда, сақтау орындарында және т.б. тікелей өздерінде өрт сендіру құралдары; өрт сөндіргіштер, құм салынган жәшіктер, су кұйылған бөшкелер, шелектер мен керек-жарақтар (күректер, балталар, сүймендер, ілгекті бакандар) болуы тиіс.
Сыртқы постыларда сырт киімдерін сақтауға арнайы жабдықталған пост "саңырауқұлагы" (2-сурет), ал ішкі постыларда шинель ілу үшін шкаф немесе киім ілгіш болуы қажет.
Пост "саңыраукұлагы" күзетілетін объектілермен немесе айналадағы жергілікті жермен түстес етіп боялады.
Постыдағы сақшының бекітілген суңгісі бар қаруы (жиналмалы дүмді сүңгі-пышақсыз автоматы) болуы керек; белдікке ілінетін қынаптағы сүңгі-пышақ: түнгі уақытта — тұрып атуға оңтайлы жағдайда (3-сурет); күндізгі уақытта — "белдікке" немесе тұрып атуға оңтайлы жағдайларда; ішкі постыларда және жауынгерлік ту жанындағы постыда — ағаш дүмді автоматтар — "белдікке" күйінде, жиналмалы дүмді автоматтар — "кеудеге", карабин — аяқта болуы керек; жабдықталған окжатарлар салынған сөмкелердің аузы жабық болуы тиіс.
Өрт сөндіру немесе табигат апаттарының зардаптарын жою кезінде сақшыға қаруын "арқаға" күйінде ұстауына рұқсат етіледі.

    Күзетілетін обьектілер орналасқан аумақтың сым қоршауларының арасы: төменгі бөлігі 5 см-ден, 15 см-ден аспайтын арақашықтығы биіктігі 2 м-ден кем емес ішкі және сыртқы қоршаулары болуы керек. Сыртқы және ішкі қоршаулардың арақашықтығы жергілікті жағдайға қарай 10 м және одан да көп болуы мүмкін. Қоршаулар арасынан сақшылардың жүруіне арналған сүрлеу (жол) және ені 5 метрден кем емес, қоршаудың сыртқы жағынан өтетін бақылау-қадағалау  жолы жабдықталады. 

    Күзетілетін обьектілерге кіреберісте бақылауға ыңғайлы болу үшін қоршаулардың арасына(сыртқы қоршауда) оқ өткізбейтін қоршауы бар байланыс, дабыл жүйесі құралдарымен, қуатты жарықтандырғыш құралдарымен және найзағайдан сақтану құрылғыларымен жабдықталған бақылау мұнаралары орналастырылады.

   Аса маңызды обьектілерде қару-жарақ пен бақылау аспаптары қойылған арнайы инженерлік ғимараттар, сондай-ақ инженерлік бөгеттер(ОБК, «сүріндірме», бағаналар, орлар), оқ өткізбейтін қоршауы және гранатаға қарсы торлары бар бақылау мұнаралары орналастырылуы мүмкін (немесе броньді обьектілер қойылады).

    Күзетілетін обьектілері бар аумаққа кіреберісте түнде жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады: Мысалы: «Жүруге (өтуге) тиым салынады,(жол жоқ)». Айналып жүру (айналып өту) көрсеткішкіштер арқылы көрсетіледі.

   Жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдарының келісімімен, заңдарға сәйкес әскери бөлімнің аумағынан тыс орналасқан обьектілер айналасына тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекаралары тұрған жерінде жақсы көрінетін қазақ және орыс тілдерінде жазуы бар көрсеткіштермен «Тыйым салынған аймақ(аудан), жүруге(өтуге) тыйым салынады(жол жоқ)» деп көрсетілуі керек. Тыйым салынған аймақтың(ауданның) шекарасын белгілеу туралы гарнизон бастығы(әскери бөлім командирі, күзетілетін обьектілердің бастығы) жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдары арқылы жақын орналасқан елді мекеннің халқын дер кезінде құлақтандыруы тиіс. Тыйым салынған аймақ(аудан) шекарасына ортақ пайдаланып жүрген жолдар, тұрғын үйлер және қызметтік құрлыстар, өңделетін алқаптар және т.б. кірмеуі керек.

    Пост аумағанда сақшының жергілікті жердің жағдайына қарай 50 метрден кем емес жерді қарауға және атуға жағдай жасалуға тиіс. Сондықтан пост айналасы бұталардан тазартылған, ағаштары кесілген, төменгі бұтақтары 2,5м биіктікке қырқылған, шөптері шабылған, артық заттары жиналған болуы тиіс. Постыға бөтен адамдардыңжақындауынатйым салынатын қашықтықты белгілейтін тйым салынған шекара сақшыға күндіз, түнде және нашар көрінетін жағдайғда көрсеткіштермен көрсетіледі. Бірнеше постылары бар обьектілер аумағандағы әрбір постының шекарасы жергілікті жерде көксеткіштермен көрсетіледі. Мысалы: «№2 постының шекарасы».

   Түнгі уақыттарда постыға және қарауыл үй-жайына кіреберіс маңы жарықтандырылуы керек. Жарықтандыру сақшы постыда тұрғанда немесе пост аумағында жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуі керек.

Ішкі, әсіресе Жауынгерлік ту жанындағы ростының биіктігі 0,7-1 м қоршауы және жарықтандырылған орны болуы керек.

   Бақылау-өткізу пунктінде сақшыны күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз ететін қоршау болу қажет.

   Әрбір сыртқы (қажет болған жағдайларда ішкі) постыларда, күзетілетін қоймаларда,  сақтау орындарында және т.б. жерлерде тікелеә өздерінің өртсөндіру құралдары: өртсөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер мен керек- жарақтар (күректер, балталар, сүймендер, ілгекті бақандар)болуы тиіс.

   Сыртқы постыларда сырт киімдерін сақтауға арнайы жабдықталған пост «саңырауқұлағы», ал ішкі постыларда киімді ілу үшін шкаф немесе киімілгіш болуы қажет. 

Постыдағы сақшының бекітілген сүңгісі бар қаруы болуы керек; белдікке ілінетін қынаптағы сүңгі пышақ: түнгі уақытта-тұрып атуға оңтайлы жағдайда күндізгі уақытта-«белдікке» немесе тұрып атуға оңтайлы жағдайларда; ішкі постыларда және Жауынгерлік ту жанындағы постыда-ағаш дүмді автоматтар – «белдікке» күйінде, жиналмалы дүмді автоматтар – «кеудеге», карабин – «аяқта» болуы керек; жабдықталған оқжатарлар салынған сөмкелердің аузы жабық болуы тиіс.

   Өрт сөндіру немесе табиғат апаттарының зардаптарын жою кезінде сақшыға қаруын «арқаға» күйінде ұстауына рұхсат етіледі.


ІҮ. Жаңа оқу материалдарын бекіту мақсатында бірнеше сұрақтар беремін.

1. Күзетілетін обьектілерді қоршауға қандай талаптар қойылады?

2. Аса маңызды обьектілерде қандай арнайы құрылыстар салынады?

3. Постыдағы сақшының қаруы қандай жағдайда болуы керек?

4. Қарауылдық қызметтің міндеттері мен тағайындалуы жайлы айтып беріңдер.
5. Қарауылдық қызметті атқару неге жауынгерлік тапсырманы орындау болып есептеледі?
6. Қарауыл құрамына кімдер кіреді?
7. Сақшының міндеттері туралы айтыңдар.

Ү. Қорытынды бөлім

Сабаққа қорытынды жасаймын.  Сабақ тақырыбын және сабақ мақсатын тағы бір рет айтып өтемін. Белсенді қатысқан оқушыларды атап өтемін.

Үйге тапсырма беремін.



 Взвод кезекшісі: Взвод! «Түрегел», «Тіктел». 

Сабақтың аяқталғанын хабарлау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет